Байланысты: Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)
МАРГИНАЛДЫҚ (лат. Margіnalіs – шет, жиектегі, шекарадағы) – қоғамдағы әртүрлі процестердің нәтижесінде (көші-қон, этномәдени әрекеттестіктер, қоғамдық жүйелердің модернизациялануы және басқа) пайда болатын, өзге мәдениет. М. дәстүрлер мен нанымдарды иеленуші бола тұра бөтен мәдени құндылықтар мен әлеуметтік рөлдерді меңгеруге мәжбүр аралық, шекаралық әлеуметтік топтардың мәдени құндылықтары, дәстүрлері, нанымдары, бағдарлары және тұрмыс саясатының басқа да элементтерінің конгломераты. «М-ды тұлға» ұғымын 1920 жылдары өздері үшін жаңа урбанистік тұрмыс қалпына бейімдеуге мәжбүр жағдайға тап болған иммигранттардың мәдени статусы мен сана-сезімін белгілеу үшін Р. Парк ұсынды. Қоғамдық, ресми мойындалған стандарттардан өзгеше нормалары мен бағдарлары оның көрінетін М-ды субмәдениеттердің ерекше спецификасы бар, мойындалған стандарттан белгілі бір деңгейде бас тарту-басымдық танытып отырған мәдениет өкілдерінің қабылдамауын, өздеріне күштеп тартуын туғызады (мыс., этникалық азшылықтардың жағдайы). Бұл мәселе 1930 жылдары Э. Стоунквисттің зерттелулерінде қарастырылып-зерттелді. М-қа тән, тұлғаның мәдени «екіұдайлануы», оның бағдарларының «мәдениаралық» болуы мәдени тұрғыдан өз-өзіне пара-пар болу процесін күрделендіре түседі. Бұл деперсонализацияға, сананың бөлшектенуі, мәдени потенциалдың фрагментарлығына бастауы мүмкін. Зерттеушілер сонымен қатар М-дықтың жекелеген жағдайларында тұлғаның мәдени байи түсуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.
МАРКУЗЕ Герберт (1898 – 1979) – нем.-амер. философы, мәдениеттанушы. Франфурт мектебінің негізін салушылардың бірі, М. Хайдеггердің шәкірті. М-ге Гегель, Маркс, Ницше, Фрейд идеялары үлкен әсер етті. 30 жылдардан бастап жеке адамның бостандығына қатер әкелетін индустриалды қоғам мәдениетіне қарсы бағытталған «сыни теорияны» жасауға қатысты. Ол «бір өлшемді қоғам» және «бір өлшемді адам» ұғымдарын енгізді. Бір өлшемді қоғам дегеніңіз – бұрынғы адамгершілік құндылықтарының бәрінен айырылған, басты құндылығы индустриалды даму болып табылатын тотальді жүйе; бұл қоғам жүйенің өз ішіндегі қандай да бір еркіндікке шек қоя отырып «сыртқы еркіндік» үшін күреседі. Бірақ күрес қанша нақты жүргізілгенімен адамға еркіндік берілмейді. Бір өлшемді қалып-күйден шығу-арылу үшін мәдени құндылықтардың өзгеруі және «ішкі еркіндікті» таба алу қажет. Бір өлшемді қоғам саяси және рухани теңгермешілдік қатерлі тенденциясын тудырды және бұған «бір өлшемді» адамның қалыптасуына кінәлі құқық пен бостандықтың мән-мағынасына деген парықсыздығымен ғылыми, оқу-ағарту, білім мүмкіндік тудырды. Бір өлшемді қоғам, бір есептен, конструктивті жақтығынан қалыптасты, ал «иенің сол ауруына», оппозицияның болмауына әкеп соқтырды. Бір өлшемді қоғамның қауіптілігі – ол ерекше «адам типін», ештеңе айта алмайтын және айтқысы келмейтін, мемлекеттік құрылымдарға толық тәуелді адамды тудырады. Жалпылық қоғамда сананы баспасөз, теледидар, радио, жарнама, сән және т.б. арқылы қалыптастыру әдістері қоғам мүшелерінің пікірлері мен қажеттіліктерін ғана емес, ішкі сезімдері мен ақылдан тыс реакцияларын да манипуляциялайды. Ол қоғам мұндай жағдайда кез-келген идеологияға толық сенімсіздік танытатын, басты мақсаты – жеке адамның беделі болып табылатын шағын топтардың әрекеті құтқарады деп біледі. Олардың қарсы күші – психикалық құрылымдарды бұзу, ол бұғаудан «қуаныш принципі» мен рахаттану сезімі негізінде азат болу. «Тарихи материализм феноменологиясы» еңбегінде М. Марксті Хайдеггермен толықтыруға, яғни Х-дің қоғамды логикалық тұрғыдан талдау беймүмкіндігін, өйткені ол жеке-дара адамдардан тұратыны туралы ойымен толықтыруға ұмтылады. Қарсылық адамның өз табиғатына тән. Оның «негативті диалектикасының» маңызы теріске шығарудың шексіздігінде.