Байланысты: Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)
МАХМҰТ ҚАШҚАРИ (Қашқари Махмудибн Хусейн ибн Мухамед – Қашқар, 1029 ж ) – көрнекті философ, энциклопедист-ғалым. Бұқара мен Самарқанда оқыды. Араб және парсы тілдерін жете білді. Өз еңбектеріне материал жинап, Мавреан, Хорезм және Ферғанадан Бұхараға дейін аралады. «Дивани лұғат әт-түрік» –Ортағасырдағы түркі мәдениетінің аса бағалы ескерткіші. М.Қ-дің екінші бір үлкен еңбегі «Китаб джавахир ан нахв луғати әт-түрік» (Түрік тілдері синтаксисінің маржандары туралы кітап) кейінгі ұрпаққа жеткен жоқ. М.Қ. әл-Фарабидің «Диван әл-араб фи байан луғати әл-араб» еңбегінен (әдеби шығармалардың араб тілінде жазылған жинағы) үлгі алды. М.Қ-дың «Диванының» танымдық мәні зөр еңбек. Шығармада тайпалар тілдерінің лексикалық ерекшеліктері, түркі тайпалары, түркі тілдерінің классификациясы, тариха фонатикасы, грамматикасы жайлы құнды мәліметтер, тарих, неогр, этногр, поэзия және фольклор төңірегіндегі деректер, дүниежүзінің түркілер жасаған көне картасы бар. М.Қ-дің «Дивані» түріктердің энциклопедиясы болып табылады. Онда көптеген тарихи, мәд. Лингвистикалық, этногр. материалдар жинақталып талданған. Бұл еңбек көп жылдық сахаттың, зерттеудің жемісі болды. Жетісудың, Ферғананың және Қашқарияның қала халқының этникалық құрамы, оғұздардың рулық тайпалық құрылымы, түркі тайпаларының жазба мәдениеті хақында «Диванида» келтірілген мәліметтердің аса үлкен мәні бар. Өрісі тар практикалық мақсаттардың ғана көздеген бұрынғы филол. Еңбектерге қарағанда М.Қ. еңбектерінде туыстас тілдерді салыстырып-саралау тәсілі тарихта алғаш рет ғыл. принцип ретінде қолданылды. Оның тілдерді зерттеуге қолданған тарихи және салыстыру тәсілдерін зерттеудегі жаңалық және тіл туралы ғылымға қосқан баға жетпес үлес болды. «Дивани» тек тарихи, филол. қана еңбек емес сондай-ақ Х-ХІ ғғ. тұсындағы түрік халықтарының этикалық, эстетикалық талғам таразысынан, дүниетанымдық ой-толғауларының деңгейінен терең мәлімет беретін бағалы мәд. Және әдеби ескерткіш. «Диванида» келтірілген өлең түрлері мен поэзия үлгілері гуманистік сипатта. Еңбекте түркі халықтарының филос. Ой толғамдары, әлеуметтік және эстетикалық мұраттары айқын көрінеді. М.Қ-дің еңбектерінен сол дәуірде алдыңғы қатарлы ғалымдар мен ақындардың өмір сүргендігі аңғарылады, бұл түркілердің жазба әдебиеті ХІ ғасырдан әлде қайда, бұрын, VІ-VІІ ғасырларда-ақ пайда болған деп тұжырымдауға мүмкіндік береді. «Дивани» түрік тектес және басқа да халықтардың тарихи географиясы жөніндегі жазба ескерткіші. М.Қ.-дің картасы бойынша сол кездегі түрікі тайпаларының мекендерін дәл көрсетуге болады, ал оның орталығына Қашқар және Баласағұн қалалары орналасқан. Орта Азия мен Қазақстан ғалымдары Бируни, Баласағұни мен М.Қ. арасында болған идеялар сабақтастығын және шығармашылық жақындықты атап көрсету қажет. М.Қ. мен оған жол ашар болған Бирунидің шығырмашылық жақындығының айғағы – Бируни өзінің «Китаб ас-сайданасын» жазған кезде «Диванды» зерттеген. М.Қ-дің көптеген пікірлері мен тұжырымдары өзінің ғылыми құндылығын бүгінге дейін жоғалтқан жоқ.
МӘДЕНИЕТ (араб тілінде «маданият» – қала деген мағынаны білдіреді) – адамдардың әлеуметтік болмысты сактау мен жаңарту жөніндегі кызметі және осы кызметтің жемістері мен нәтижелері. Әлеум. болмыс адамсыз тірлік етпейді, оның табиғаттан айырмашылығы да осында. Ежелгі гректер күтімді, қолмен өңделген М. әлемін күтімсіз, өндеусіз, жабайы әлемнен айырған да осы туралы ойлаған еді. Осы айырмашылық жасанды, өнерлі мен табиғи, өнерсіз нәрселердің қарама-қарсылығынан да байқалады. Философия тұрғысынан мәселе М-тің анықтамасында емес, адамзаттың әлеум. болмысын сактау ісіндегі жетілу нұсқаларын анықтауда. Мұндағы ең басты нәрсе жаңарудың нақты кескіндерін суреттеуде, олардын өзара байланысын табуда. Мәдениеттану жағынан келсек, әрбір нақты М. әлеум. болмыстың жандануы мен жаңаруының белгілі баспалдақтары ретінде көрінеді. Бұл тұрғыда М-тің ең басты мәселесі адамзат болмысының жандану мен өзгеріске түсуінің, немесе жаңару нұсқаларының арақатынасы. Бұл мәселенін жалпыға бірдей әмбебап шешімі жоқ. Егер адамзаттың ертедегі қауымдастыктарына басты қалып ретінде әлеуметтік ұйымның өзгерместігін қамсыздандыратын дәстүр көрінсе, одан кейінгі кездері жаңарудьң маңызы артады, ал соңғы онжылдыктарда әр түрлі дәстүр мен түрлі жаңашылдыктың өзара кірігуі басты бағытқа айналғандай. М. – халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығарм-ғы, онда қауым мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтын даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталады. Адамзаттың рухы мен келбеті, оның ерік бостандығы мен тарихи зейіні, филос. жүйелері мен рәміз таңбалык өсиеттері, орын толмайтын шығындары мен өмірлік сабақтары, діні мен тілі, мұраты – осының бәрі М-пен біте қайнасқан. М-ке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (баламалык) деп атауға болады. Адамдық арақатынастың бәрі белгілі бір мәдени деңгейде басталады, ал осы сыртқы ортаны өзгертуге бағытталған мақсатқа сәйкес әрекеттің нәтижелері адамдық мәндік күштердің заттандырылған көріністері болып табылатын М. туындыларында (материалдык немесе рухани) жүзеге асады, басқаша сөзбен айтқанда, М. дегеніміз – адамның өзін, қоғамдық, әлеум. қатынастарды жасау процесі. Материалдық М-ке адамның заттық пішінге түскен руханилығы, табиғи объект мен оның материалы заттарға, касиеттер мен сапаларға айналған және мұның бәрі адам арқылы ғана болатын, демек, мәдени мақсатка сәйкес міндеті және өркениеттік рөлі бар шығарм. қызметтін нәтижелері жатады. Рухани М-ке қарағанда материалдық М. табиғи объектілердін сапалары мен белгілеріне, адам материалдык заттарды, жейтін тамақ және өмір сүру үшін қажет басқа да жабдықтарды жасағанда негізгі материал немесе шикізат ретінде пайдаланылатын заттар түрлері, энергия және ақпаратка тікелей тәуелді.