Қр мемлекет және қҰҚЫҚ тарихы кредит саны 3 «Жария құқық» кафедрасының аға оқытушы Шокенова Аяулым Нурсериковна


Елдің тәуелсіздігі мен дербестігін сақтап қалу



бет15/16
Дата16.02.2023
өлшемі3 Mb.
#68321
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Елдің тәуелсіздігі мен дербестігін сақтап қалу. Ол үшін талас-тартысты тоқтатып, әскердің басын құрып жауға қарсы ұйымдасқан күш болып шығу. Бастыпқыда бұл жол үміт күттірер бағыт саналды. 1727 ж. қазақтардың біріккен қолы Бұланты өзенінің бойында жоңғарларды оңдырмай жеңді, ал 1729 ж. Балхаш көлінің жанындағы Аңырақай деп аталған жерде болған ұрыста жоңғарлар олар үшін өте ауыр жеңіліске ұшырады. Нәтижесінде қазақтардың негізгі жерлері жаудан босатылды. Алайда Аңырақай шайқасынан кейін біріккен әскер хандар мен сұлтандардың билікке таласы нәтижесінде және билердің сепаратизмінің арқасында тарап кетті. Жоғарғы хан болып сайлануды армандағын Әбілхайыр хан арманы орындалмаған соң, бірінші болып Кіші жүздің қолын бөліп алып кетті. Осыдан тығырықтан шығудың бірінші жолының сәтсіздікке ұшырағандығын көреміз.
Қытай императорынан көмек сұрау. Алайда бұл жол қазақ елі қазақ халқы үшін ең қатерлі еді. Сол кездің өзінде 300 млн. халқы бар Қытай империясының ассимиляциялау қауіпі айдан анық еді. Соған қоса бұл уақытта Қытай жоңғарлармен келісім-шартқа отырып қойған.
Ресей империясының бодандығын сұрау және оның көмегімен жоңғарларды талқандау. Әрине, үшінші жол да елдің дербестігі мен тәуелсіздігін жоятын бағыт болды. Алайда қазақтардың халық болып сақталып қалуы осы жолды таңдауға мәжбүр етті.Оған бірнеше алғышарт әсер етті.
1785 ж. Орынбор генерал-губернаторы барон фон Игельстром Кіші жүзді басқарудың жобасын Императрицаға ұсынды, жоба 1786 ж. бекітілді. Оған әйкес Кіші жүз үшке бөлінді: Әлімұлы, Байұлы және Жетіқара бөліктері.
Әрбір бөлік расправамен басқарылды. Оның құрамына беделді старшындардан сайланған төраға мен екі орынбасары және тілмаш кірді. Расправалар Шекаралық сотқа бағынды. Ал орыс офицерлерінің қатарынан тағайындалған төрағадан, бес орыс
шенеулігінен және сайланған алты
қазақ старшынна тұрған. Бұл
реформаларға сәйкеес Кіші жүздегі
хан билігі жойылды.
Игельстром Кіші жүзді төраға-сұлтаннан және алты старшыннан тұратын Хан кеңесі арқылы басқаруды ұсынды. 1797 ж. тамыз айында бұл орган жұмысын Айшуақ сұлтанның басшылығымен бастады. Бас старшындар болып Сырым Датұлы мен тархан Қаракөбек сайланды.
Сұлтандар тобы Хан кеңесінің жұмысына наразылығын білдіріп хан етіп Қаратайды сайлауды ұсынды, аталмыш органның жұмысына көңілі тоймаған Сырым Датұлы да Сырдарияға ауа көшті.Нәтижесінде 1797 ж. қазан айында Айшуақ хан болып бекітілді.
1803 ж. орыс әкімшілігінің үмітін ақтамаған Айшуах хан тағынан тайдырылып, оның орнына хан болып халық арасында да, сұлтандар мен старшында арасында да беделі жоқ Жантөре тағайындалды.
Халық өз алдына хан етіп азаттық қозғалысының көсемі Қаратай сұлтанды хан көтерді. Оның жақтастары 1809 ж. Жантөрені өлтірді.
Бөкей хандығының құрылуына Сырым Датұлының басшылығымен болған ұлт-азаттық көтерілістен кейін Кіші жүзде қалыптасқан әлеуметтік-жағдайлар себеп болды.
Сұлтан Бөкей Нұралыұлы қалмақтарың қашуынан кейін босап қалған Еділ мен Жайық арасындағы жерге өзіне тәуелді рулармен көшуге рұқсат сұрап Астрахань генерал-губернаторының атына хат жолдады.
Әскери губернатор Кнорринг хатты
патшаға жіберді. 1801 ж. 11 наурызда
император Павел I Бөекей хандығын
құру туралы жарлық шығарды.
1812 ж. Бөкей сұлтанға хан атағы берілді.
Ресей әкімшілігі осы арқылы келесі мақсаттарды көздеді:
Көтерілістен кейін Кіші жүзде орын алған жағдайды жақсарту;
Жазалау акцияларына кейін халықтың сенімін жоғалтып алған патша әкімшілігінің беделін қалпына келтіру;
Кіші жүзді отырлауды жеңілдету үшін, оны иеліктерге бөлшектеу;
Патша әкімшілігіне сенімді әрі адал сұлтандарды, старшындарды қолдау;
Жаңа құрылған әкімшілік бөліністің экономикалық поттенциалын қолдану.
1836-1838 жж. болған Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі ханға, сұлтандар мен билерге қарсы және отарлау саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық күреске айналды.
XIX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ МЕН XX ҒАСЫРДЬҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІ
Сібірдің генерал-губернаторы Сперанскийдің басшылығымен Азия департаменті мен Азия комитеті қазақ жүздерінде қалыптасқан жағдайды зерттеп келесі қорытындыларға келді:
Қазақ хандары мен сұлтандары өзара талас-тартыс нәтижесінде халық арасында беделінен айырылды. Олар қазіргі кезде ыдырап кеткен рулар мен тайпаларды біріктіру мүмкіндігінен ада;
Қазақ хандарында елді тиімді басқару үшін қажет тұрақты аппарат пен тұрақты әскері жоқ;
Хандардың билігін қорғайтын ортақ
юрисдикция мен қатаң құқыққорғау жүйесі
қалыптаспаған, олардың билігі тек
дәстүрге негізделген.
1822 ж. М.М.Сперанский «Сібір қырғыздары туралы жарғыны» дайындап шығарды.
Оған сәйкес Орта жүз аумағы Батыс Сібір генерал-губернаторлығының құрамына кіргізілді, әкімшілік-аумақтық бөліністің жаңа жүйесі енгізілді.
«Сібір қазақтарының облысы» ішкі және сыртқы округтарға бөлінді. Әрбір округ 15-20 болыстан тұрды, әрбір болыс 10-12 ауылдан құралды. Ал әрбір ауылдың құрамында 50-70 шаруашылық бар деп саналды. Басқарудың аталмыш жүйесі рулық және аумақтық белгілердің үйлесуі арқылы құрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет