Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет169/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   180
еңбек мағынасында еңбек, бейнет, қызмет сөздері жарыса 
қолданылған және керісінше, бір сөз арқылы бірнеше мағынаны 
білдіру де орын алады. Мысалы, Абай тілінде ғылыми сөзі осы 
күнгі мағынасымен қатар, «білім, оқу» семантикасын да қамти 
қолданылған. Өз тұсындағы қазақ қоғамының экономикалық 
күй-қалпына, сауда-саттыққа қатысты лексика тобын өзінің
кең тақырыпты шығармаларында молынан пайдаланып,
мұнда да өмір суретін беретін сөздік қазынасын жасайды. Жал-
пы әдеби тілде, оның ішінде Абай тілінде базар, сауда, мәліш 
сауда, саудагер, бұл (пұл), өсім, өсімқор, табыс, пайда табу, 
зиян шегу, несие, қарыз, борыш сөздерінің көпшілігі қазақ да-
ласына келген жаңа ұғымдардың атаулары ретінде тұрақтала 
бастайды.
Абай шығармалары тақырыптарының бірі оқу-ағарту, 
білім-ғылым, мораль жайы болғандықтан, осы салаға қатысты 
лексика тобы ақын тілінде молынан кездеседі. Бұл реттегі 
Абай тілінің ерекшелігі, біріншіден, ол бірқатар сөздерді өте 
жиі қолданып, олардан туынды тұлғалар жасап, белсенді 
қорға айналдырған. Мысалы, білім сөзін 30-дан аса рет 
қолданып, одан білімді, білімсіз, білімділік, білімсіздік деген 
туынды сөздер мен білім-ғылым, ғылым-білім деген қос сөз 
тұлғаларын жасаған. Ал ғылым сөзін Абай 100-ден аса рет 
пайдаланып, оны осы күнгі орысша «наука» деген ұғымнан 
гөрі білім, оқу сөздерінің баламасы ретінде алған. Мысалы, 
«Хатта қыздарды да ең болмаса мұсылман ғылымына жіберіп, 
жақсы дін танырлық қылып үйретсе» дегендегі мұсылман – 


361
мұсылманша оқу, «Балаңа орыстың ғылымын үйрет» дегендегі 
Абайдың айтпағы – орысша оқыту. Сондықтан Абай тілінде 
ғана колданылған ғылым табу, ғылым оқу, ғылым іздеу 
тіркестері білім алу деген мағынада келеді. Сөйтіп, Абай лек-
сикасы XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ әдеби тілінің 
тақырыптық серияларға қатысты саласының байлығы мен ба-
рын, өзгөрісі мен жаңалығын танытатын айнасы іспетті бол-
ды. Абай шығармашылығының дені поэзия болғанымен, оның 
жырлаған тақырыптарына орай және ақын жаңашылдығы мен 
шеберлігіне қарай өлеңдер тілінің өзінде де әлеуметтік терми-
нология мен экономика, саясат, оқу-ағарту, мәдениет салала-
рына қатысты сөздер кең орыналған. Лексиканың бұл топта-
рын мол қамтуына Абайдың проза жанрына баруы да септігін 
тигізген.
Абай тілі лексикасының келесі қабаттары – араб жене 
парсы сөздері. Бұрыннан қазақтың жалпыхалықтық тілінде 
қалыптасқан шығыс сөздерін Абай жатсынбай, еркін қол- 
данады. Олар дінге, оқу-ағартуға, өнер-білімге, әкімшілікке, 
сауда-саттыққа қатысты болып келеді. Араб-парсы сөздерінің 
басым көпшілігін, жалпыхалықтық тілдегі сияқты, Абайда да 
дерексіз ұғым атаулары құрайды (ар, абырой, мейір, нала, парыз, 
каһар, қиял,құдірет, дәурен т.б.). Абай тілі лексикасының бір 
ерекшелігі – мұнда қазақ тіліне енбеген араб-парсы сөздерінің 
де қолданылғандығы. Олар, негізінен, Абайдың қара сөзде- 
рінде, онда да барлығында емес, тақырыбына қарай белгілі 
біреулерінде ғана шоғырланған. Ол шығармалар – «Жүрегінің 
қуаты перзенттеріне» арналған атақты 38-сөзі мен қазақ 
оқырмандарына иман деген – Алла табарақа уатағаланың... 
жарлығына... мойын сұнып, инанмақ» екенін баяндаған 13-сөзі. 
Бұларда философия мен моральға қатысты ой-пікірін айтуда 
автор осы салалардағы ұғымдардың араб тілінде қалыптасқан 
атауларын қазақшаламай, сол күйінде пайдаланды. Мыса-
лы, саниғ (өндіруші, жасаушы), салахият (жарамдылық), 
сәмиғ (тыңдаушы), тахмин (болжау, бағалау), хасил (нәтиже) 
т.б. Тіпті кейде арабша тұтас тіркестерді қолданады (иман 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет