Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов


Ойталқы Феодалдар мен шаруалар құқықтарының ерекшелігі неде? ?



Pdf көрінісі
бет22/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   105
Ойталқы
Феодалдар мен шаруалар құқықтарының ерекшелігі неде?
?
?!
1. Орта ғасырлардағы феодалдық қоғам туралы не айта аламыз?
2. Шаруалар қандай мiндеткерлiктер атқарды?
1. Феодалдық сатының баспалдақтарында тұрғандардың бәрі өздерін төмен-
нен жоғары қарай корольге бағыныштымыз деп есептеген ел
а) Франция 
в) Германия
ә) Англия 
г) Италия
б) Польша
2. Әскери іспен айналысатын феодалдар
а) герцог 
в) виконт
ә) граф
г) рыцарь
б) барон
3. Франциядағы басыбайлы шаруалар
а) феодалдар
в) вилландар
ә) сервтер 
г) барондар
б) виконттар
4. Англиядағы жекебасы ерікті шаруалар 
а) вилландар
в) виконттар
ә) феодалдар 
г) барондар
б) сервтер
5. Феодалдық сатыны жоғарыдан төмен қарай ретімен қойыңдар.
1.
Барондар
2.
Рыцарьлар
3.
Герцогтер
4.
Король
6. Әскери іспен айналысатын феодалдардың қай елге қатысты екенін 
анықтаңдар.
І. Рыцарьлар 
ІІ. Самурайлар
ІІІ. Сипахилер
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


33
Жапония
Осман империясы
Батыс Еуропа
а)
ә)
б)
§7. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАР МЕН ӨНЕР
ДАМУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Негізгі ұғымдар:
қолөнердің ауылшаруашы-
лығынан бөлінуі, универ-
ситеттер, жылнамалар.
Бүгінгі сабағымызда ортағасырлық қоғамдағы қолөнер мен сауданың 
рөлін анықтаймыз. Ортағасырлық қалалардың, өнердің (сәулет, сурет 
өнері) даму ерекшеліктерін сипаттаймыз.
ХІ ғасырға қарай ауылшаруашылығында 
еңбек өнімділігі артты. Мұның өзі қолөнердің 
ауылшаруашылығынан бөлінуіне әкелді. Осы 
ғасырда қолөнер мен сауданың орталығына 
айналған қалалар пайда болды.
Көптеген қалалар бұрынғы Рим дәуірінен қалған еді. Италияда – 
Рим, Англияда – Лондон, Францияда – Париж т.б. Олар ақсүйектер мен 
діни шонжарлардың мекенжайлары немесе қамалдары болды. 
Қолөнершілер жасаған бұйымдар шаруалар қолынан шыққан 
заттарға қарағанда әлдеқайда берік те әдемі еді. Тәжірибелі шеберлердің 
бұйымдарын барған сайын көп адам керек ете бастады. Бірақ алым жи-
нау кезінде ісмерлер жасаған бұйымдардың едәуір бөлігін феодалдар тегін 
иеленіп қоятын. Сондықтан қолөнершілер поместьелерден қашып кетіп, 
тапсырыс берушілер мен сатып алушыларды іздестіріп, бір орыннан екінші 
орынға ауысып отырды. Бертін келе кезбе қолөнершілер тұрақтады. Қол- 
өнершілердің қоныстары жол тораптарының, өзен өткелдерінің бойын- 
да және қолайлы теңіз айлағына таяу жерлерде қалыптаса бастады. 
Мәселен, Оксфорд пен Кембридж, Майндағы Франкфурт. Қалалардың 
негізі ірі монастырьлар мен атақты феодалдар бекіністерінің төңірегінде 
қаланды. Олар Страсбург, Аугсбург, Гамбург қалалары. 
Бург «қамал» 
дегенді білдірді. Шіркеу төңірегінде қалыптасқан қала аттарына 
қосарлап 
санкт, сан, сен (әулие) деген тіркес жалғастырылды. Мысалы, 
Сен-Жермен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет