37
нықтарынан құрастырылған суретті әше кейге толы болатын. Витраж
арқылы храм ішіне түскен күн сәулесі колоннада, төбе мен еденде жалт-
жұлт ойнап, храмға ерекше салтанатты көрік берді.
Бейнелеу өнерінің аса зор жетістігі кітап миниатюрасы болды.
Ашық салынған суреттерде орта ғасырлардағы
адам өмірінің барлық
жағы бейнеленді. Суретшілер көпке дейін алыстағы мен жақындағыны
көлемі жағынан бірдей етіп бейнеледі, сондықтан да нәзік нәрсенің өзі де
тұрпайы сияқты болып көрінетін. Витражда, миниатюраларда шаруалар
мен қолөнершілердің еңбек үстіндегі жағдайы көрсетілді.
Ойталқы
Ортағасырлық және қазіргі Еуропа қалаларының ерекшелігі неде?
1. Қалалардың неліктен және қалай пайда болғанын түсіндіріп беріңдер.
2. Қалалардың пайда болуы қоғамға қандай өзгерістер әкелді?
3. Қалалардың пайда болуына және өсуіне байланысты қандай еңбек бөлінісі
өмірге келді?
4. Қала мектептері мен университеттерінде оқыту қалай жүргізілгенін
әңгімелеп беріңдер.
1. Ескі қалалар қайтадан қалпына келтіріліп, жаңа қалалар бой көтерген
мерзім
а) ХІ
ғасыр
б) Х–ХІ
ғасырлар
ә) ІХ–ХІІІ ғасырлар
в) ХІІІ–ХV ғасырлар
2. Еуропада алғашқы университеттер пайда болған кезең
а) ХІІІ ғасыр
б) Х
ғасыр
ә) ХІІ ғасыр
в) ХІ ғасыр
3. «Ролланд туралы жырда»
баяндалған оқиға
а) жалқау феодалдар өмірі
ә) жақсы тұрмысқа ұмтылатын кедейлер тірлігі
б) Испанияға
жасалған басқыншылық жорық
в) жайдары, тапқыр шаруа туралы
4. Ортағасырлық мүсіншілер бейнеледі
а) адамның адамгершілігін
және сезім байсалдылығын
ә) Құдайлардың құдіретін
б) ананың мүсінін
в) антикалық дәстүрді
Достарыңызбен бөлісу: