34
сияқты бірен-саран
қалаларында ғана
ондаған мың тұрғын халық болды.
Қаладағы ең кең жер – базар алаңы еді.
Оған таяу жерде қаланың бас шіркеуі
собор орналасты
.
Қала
тұрғындары
алаңға
қалалық кеңес үйін – ратуша салды. Қала халқының негізгі
кәсібі қолөнер мен сауда бола тұрса да,
қала тұрғындары көп уақытқа
дейін ауылшаруашылығынан қол үзген жоқ. Қала дуалдарының алдында
өңделген егістік жерлер, бау-бақшалар жатты,
жайылымдық жерлерде
табын-табын мал жүрді.
Білім. Өсіп келе жатқан қалаларға және король өкіметіне сауатты
адам қажет еді. Саудадан түсетін пайданы есептеу, қалалық кеңестерде іс
жүргізу қажеттігі туды. Қалаларда шіркеу мектебінен басқа да мектептер
ашыла бастады. Олар жекеменшік немесе қала кеңесі қаржыландыратын
мектептер болатын. Шіркеу мектептеріне қарағанда, бұл мектептер жазу
мен арифметиканы тәуір оқытты, табиғаттану
жөнінде мағлұматтар
берді. Еуропада ХІІ ғасырда тұңғыш жоғары мектептер –
университет-
тер пайда болды. Олар атақты мұғалімдері бар қалаларда ғана ашылды.
Оқу латын тілінде жүргізілді, сондықтан бұл университеттерде көптеген
елдердің жастары оқи алатын еді.
ХІІІ ғасырда Англияда атақты ғалым
Роджер Бэкон (1214–1292) өмір
сүрді. Ол бақылаудың және тәжірибенің көмегімен ғана білім алуға бо-
лады деп дәлелдеді.
Орта ғасыр студенттерi.
Орта ғасыр
миниатюрасы
Қалалық өмір ортағасырлық
шаруашылықтың дамуына қалай
әсер етті?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
35
Ғылым мен білімнің дамуына кітап ба-
сып шығару ісінің қалыптасуы зор үлес
қосты. Еуропадағы ең алғашқы кітапты неміс
шебері
Иоганн Гутенберг 1445 жылы басып
шығарды.
Әдебиет. Ақындар
халық өлеңдері мен
аңыздарды жинады, феодалдардың соғыстағы
ерлігі және басынан кешкен ғажайып оқи-
ғалары туралы романдар мен дастандар жаз-
ды. Ақындар қияли рыцарьдың бейнесін
әсірелеп, ержүрек,
қайырымды және әділ
етіп көрсетті.
Халыққа кең тараған рыцарьлық дастан
«Ролланд туралы жыр» ХІІ ғасырдың бас кезінде Францияда жазылды.
Франция қалаларында ондаған жылдар бойы мысалдар мен ерте-
гілерден құралған
«Түлкі туралы роман» дастаны жиі айтылып жүрді.
Дастанда жалқау ірі феодал – Аю, шіркеудің топас қызметкері – Есек,
жемтік іздеп, шарқ ұрған жауыз рыцарь – Қасқыр, ақылды, тапқыр қала
тұрғыны – Түлкі бейнеленді. Түлкі Қасқырмен тартыста үнемі
жеңіп
шығады. Ал Қораз, Қоян, Ұлу бейнелеріндегі кедейлерді жәбірлегенде
оның өзі қиын жағдайға душар болады.
Достарыңызбен бөлісу: