Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов



Pdf көрінісі
бет24/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

Жылнамалар. Қоғамдық ой. Орыс мемлекетінде князьдың, әрбір 
ірі қаланың жылнамасы болды, онда өтіп жатқан оқиғалар баяндалды. 
Жылнамашылар көбіне оқиғалардың күн сайынғы желісін сипаттай 
отырып, шайқастар, дипломатиялық келіссөздер туралы егжей-тегжейлі 
есептер жазды.
1185 жылы Киевте белгісіз автор жазған «
Игорь жасағы туралы 
жыр» – Ежелгі Русьтегі ең елеулі поэзиялық шығарма. Жырда Игорь 
Святославович пен қыпшақ ханы Қоншақ басқарған әскерлердің соғысы 
суреттелген. Басқа орыс князьдарының көмегіне сүйенбеген Игорь 
Святославович шайқаста күйрей жеңіліп, Қоншақ ханға тұтқынға 
түседі. Сондай-ақ жырда өзара қырқысқан Киев Русі князьдарының 
тарихы, қыпшақтардың үстемдігі баяндалған. Туынды көркем тілмен 
жазылған, жоқтау, жұбату, мадақтау т.б. жанрлар шебер қолданылған 
фольклорлық-эпикалық шығарма.
Сәулет өнері. ХІ ғасырда Батыс Еуропада үлкен құрылыс басталды. 
Қарапайым ағашпен жабылған жайдақ төбелер тас күмбездермен ал- 
мастырылды. Оны қалың қабырғалар ғана көтере алатын еді. Сол 
уақыттағы құрылыс шылар Ежелгі Римнің сәулет өнерінен көп үлгі 
Кiтап басып шығару
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


36
алды, сондықтан да ХІ–ХІІ ғасырлардағы 
құрылыстарды 
роман (латын сөзі «Рома» – 
Рим) ғимараттары деп атайды. 
ХІІ ғасырдың аяғынан бастап мырзалардың 
өктемдігінен құтылған қала тұрғындары сауда 
үйлерін, ратушалар, соборлар, ауруханалар, 
қонақүйлерін сала бастады. 
ХІІ–ХV ғасырлардағы құрылыстар 
готи-
калық деген ат алды. Құрылысшы шеберлігінің 
одан әрі өсе түсуі ауыр доға тәріздес күмбездер-
ді неғұрлым жеңіл, шошақ күмбезбен алмас-
тыруға мүмкіндік берді. Енді қалың қабырғаның 
керегі болмай қалды. Қаракөлеңке роман хра-
мынан өзгешелігі – готикалық соборлар үлкен 
терезелерімен жарқырап көрінеді. 
Мүсін өнері. Орта ғасырлардағы мүсін өнері 
сәулет өнерімен тығыз байланысты болды. Со-
борлар құдайларды, епископтарды, корольдерді 
бейнелейтін мыңдаған бедерлермен және мүсін-
дермен безендірілді. 
Роман шеберлері адам денесін көбіне жүдеу, бет-бейнесін кескінсіз, 
титықтаған етіп бейнеледі. Адамның қиналысын немесе шаттығын ба-
рынша жеткізу үшін олар адам бейнесіне көбіне жұпыны пішін берді. 
Роман мүсіндеріне қарағанда, готикалық 
мүсіндерде адам бейнесі дәлірек берілген
киім қыртыстары, денесінің кескін-пішіні 
айқын байқалады. Дарынды шеберлер өмірде 
көргендерін нанымды бере білген. Адамның 
сырт келбетімен қатар, ішкі сұлулығына зейін 
қоюшылық аңғарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет