Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет47/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   57
Тасбақаның көз жасы

Дүниеде бір армансыз, қамсыз, уайымсыз жан иесі бар болса, ол Тасбақа шығар деп ойлаушы едім. Мейір шөпті тауып алып, соны тістеп жатып, жүз жыл жасай беретін, Құдайдың сүйген бір мақұлығы сияқты көрінуші еді.Сойтсем, кинодан көрдім, Тасбақадан қасіретті жәндік жоқ екен. Теңіз тасбақасын айтамын.Теңіз тасбақасы баласын жұмыртқадан шығарады. Бірақ жұмыртқаны суда туа алмайды. Теңізден шығып, жағалаудағы құмды қазып, жұмыртқа туып, құмға көміп кетеді екен.


Кетерінде көз жасы көл болып, іштен шыққан тұқымды қия алмай, құрлықта ұзақ уақыт қала алмай, амалсыз теңізге оралады. Міне, сұмдық сол сәттен басталады. Тасбақа жұмыртқасына алдымен адамдар әуес, тіпті жерік десе де болады.
Адам сондай болғанда, басқа жыртқыштарға не жорық? Оларда жұмыртқа жегіш.
Ал енді жегіштерден аман қалған жұмыртқалар құмның қызуымен ай-күніне жетіп, балақай болып, жарық дүниеге шығады ғой. Әне, содыр сойқан сонда басталады. Енді оларды аулауға аспандағы жыртқыш құстар да шүйлігеді.
Тумай жатып, жарық дүниеге келмей жатып, ажал аранына түсетінін Жаратқанның берген түйсігі арқылы сезетін балақайлар сол сезім жетектеп, дереу теңізге жетуге асығады.
Теңізге жеткені – жетті, жетпегені желкесі үзіліп, қорқаулардың құлқына түседі.
Бұл да бір кем дүние, арпалыс әлемі.
(Ш.Мұртаза)

1-тапсырма: Сызықшаның, дефистің қойылу себебін түсіндіріңіздер.


2-тапсырма: Үтірдің қойылу себебін түсіндіріңіздер.


Итаяқтың кесірі

Шілденің шықылдаған ыстығында күншығыстан қарасаң, күнбатыс жақта Келіншектау ағып жатқан асау алтын өзен сияқты.


Күннің аптабы қайтып, кешкі салқын түсе Келіншектау анық көріне бастайды. Сонда Келіншектау туралы ерте-ерте ертедегі аңыз еске түседі.
Отыз күн ойын, қырық күн тойы болып, байдың қызы ұзатылады. Қырық түйеге артылған жасаудың бәрі алтын, күміс, гауһардан екен дейді.
Ұзыннан ұзақ созылған дәулетжар көштің алдында келе жатқан қыз әкесі қызынан:

  • Қалай, қызым, жасауыңа көңілің тола ма? – деп сұрапты.

Сонда ұзатылып бара жатқан қыз:
Ризамын, әке, тек итаяғым алтыннан болмады-ау, - депті.
Мұндай тойымсыздыққа не айтарын білмеген әке байғұс қос қолын теріс қарата жайып жіберіп:
- О, қанағатсыз мұңдар, қаратас болып қатып қал! – деп қатты қарғапты. Қарғыс Құдайдың құлағына шалынып, бүкіл асыл көш лезде қаратас болып қатыпты да қалыпты.
Қанағатсыздыққа, тойымсыздыққа Құдайдың қаһары осылай тиіпті.
Қарап тұрсаң, мына қазіргі заманда да, сол бейшара қыздың абайсызда айтып қалған айып сөзін кешпеген Жаратқан Ие мына қазіргі заманда түйені түгімен, кемені жүгімен жұтып жатқандарды қалай көрмейді – ғажап!
Бірақ Құдай асықпайды: бұл дүние болмаса, о дүние бар; зауал әйтеуір бір соғар.
Бұл тек бір кем дүние емес, екі дүниеде де кешірілмес мол кем дүние.
(Ш.Мұртаза)

1-тапсырма: Сызықшаның, дефистің қойылу себебін түсіндіріңіздер.


2-тапсырма: Тыныс белгілердің қойылу себебін түсіндіріңіздер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет