Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет52/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Генералды сөйлетпеді

Парламент Мәжіліс палатасы. Қорғаныс министрі, келбеті келіскен генерал Мұхтар Алтынбаев мінбеге көтерілді. Қазақша сөйлей бастады. Бұл өзі әдейі жоспарланған кездесу. Сөйте тұра, зал гу-гу. Екеу-екеу, топ-топ болып сөйлесіп отырған депутаттар. Ары-бері, ерсілі-қарсылы жүргендер де бар.


Генерал зал тынышталар ма екен деп біраз үнсіз тұрып еді, гу-гу тыйылмалы.
Сонда генерал:

Құдай сорлатқанда, сол депутаттардың басым көпшілігі қазақтар еді.
Осының бәрін өз көзіммен көріп, өз құлағыммен естіген мен едім. Өкініштен өртеніп кете жаздағаным есімде.
Е, Құдай! Біз бейбаққа өзің сана-сезім бере гөр!
Бір кем дүние.
(Ш.Мұртаза)


Напалеон мақтаншақ па?

«Құдай қанша жасаса, менің есімім де сонша жасайды», – депті Напалеон І. Напалеон үстіңгі ернімен көк тіреп, астыңғы ернімен жер тіреп, даңқы әлемді тітірентіп тұрғанда, қыз құрып қалғандай, Жозефина деген жесір әйелге үйленіпті. Бұрынғы байынан туған Евгений деген ер жетіп қалған ұл бар екен. Өгей баланы Напалеон өзі бағындырып алған бір мемлекетке патша қылып жіберіпті. Өгей бала: «Әке, мені қоластымдағылар тегіс жақсы көреді», - деп Напалеонға хат жазыпты.


Сонда Напалеон:

  • Е, балақай, онда патшалығыңның жолы болмаған екен, - депті дейді.

Сөйткен Бонапарт Ватерлоо деген жерде ағылшындардан күйрей жеңіліп, қолға түсіп, Қасиетті Елена атты аралда тұтқында тұрып, рак ауруына ұшырайды. Сонда айтты дейді:

  • Рак – менің ішіме түсіп кеткен Ватерлоо, - деп.

Напалеонның табыты Парижде, «Мүгедектер үйінде» жатыр.
Оны көру үшін еңкейіп, құдықтың түбіне үңілу керек.
Өлгеннен кейін де адамдарға бас идіріп қойғаны ғой...
«Құдай қанша жасаса, менің есімім де сонша жасайды» дегені осы ма? Сірә, данышпан шығар?
Қайтсе де, бір кем дүние.
(Ш.Мұртаза)

1-тапсырма: Сызықшаның, дефистің қойылу себебін түсіндіріңіздер.


2-тапсырма: Тыныс белгілердің қойылу себебін түсіндіріңіздер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет