Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет55/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
(Катрен Байжұманов)
Біз көп ұлтты әулеттенбіз!

Бір ғасыр және тоғыз жыл жасаған Жақсыкүл әже, өткен күндерден үзік-үзік әңгіме айта бастағанда, аудандық мәдениет үйінде жұмыс істеп жүрген үлкен ұлы Ермахан:


– Апа, шалыңыз Мұхаметкерімді ұмытқан жоқсыз ба? – деді әзілдеп.
– Е…е…, «Күлсең, кәріге күл» деген. Сен мені Қотырашты ұмытып, есінен жаңылды деп отырсың ба?
Қотыраш – ол кісінің шалының ел қойған аты. Мойынқұмда «Қотыраш» деген қыстау да бар. Жарықтық көкпаршы, аңшы-саятшы, жүйрік баптап мінетін нағыз сері кісі болған деседі. Елі ол кісінің қанжығасына қарайды екен. «Өйткені, аңнан құрқол қайтпайтынын білетін жұрт одан сыралғы сұрауды ұмытпаушы еді» – дейді Нұрғали аңшы.
«Мен әке-шешемді көрген жоқпын, жетім өстім. Әкемнің Абайдағы ағасы Ағыбайдың қолында болдым. Несін жасырайын, өзім бала көтерген жоқпын. Содан кейін шалыма Тоқмақ жақтағы Кеңбұлыннан қырғыздың Қалипа деген қызын алып бердім. Байқұс бес қыз, үш ұл тапты. Оның тапқаны – менің тапқаным, балаларды бауырыма бастым», – дейді Жақсыкүл апа ағынан жарылып.
«Біздің әулет көп ұлтты: мәселен, інімнің алған әйелі – башқұрт, Нұрғалидың әйелі – әзірбайжан, Гүлнараның шешесі – еврей. Раушан қарындасымыз өзбекке тұрмысқа шыққан, енесі – дүнген», – дейді үрлемелі аспаптар оркестріндегі барлық аспапта шебер ойнайтын Ермахан бауырымыз.
Отағасы Мұхаметкерім ақсақалдың өмірден өткеніне де отыз жыл болып қалыпты. Қазір ол кісі арамызда болса 114-ке келеді екен. Ол тылда қалған азаматтың бірі болатын. Құмарық пен қазіргі Бай Алғабас ауылдарының еңкейген қартынан еңбектеген баласына дейін Қотырашты білмейтіні жоқ.
Ал, Жақсыкүл апа – тірі шежіре. Үйден ұзап шықпағанымен, төңіректегі үлкен-кішіге айтар өсиеті көп.
(Т. Рысқұлов ауданы. Сейсен Қожеке, «Ақ жол»).
* * * * * *

– Сорлының өлімі де соқыр тұманға тап келгенін қарашы? Әй, ит-ай, ашық күнді тосса, ақыретсіз көмілетіндей асығып?.. [7-б].


– Немене, құлағыңды піл таптап кетіп пе еді?
Айтпасаң да білем, бүгінде жолдас-молдас деген модыдан қалған, менің іздеп отырғаным господин Жанкөбеков?..
– Ойпырмай, дәрежемді дардай қылдың-ау?.. Рахмет! Тек менің фамилиям Жанкөбеков емес, Байкөбеков!..
– Язви, әбден шатастырып, миымды мырық қылып жібердіңдер-ау... Осы сендердің қаншауың Жанкөбектің, қаншауың Байкөбековтің адамдары боласыңдар? – деп қатты кейіді [15-б].
– Әлгі Абдолдың Қойсарысы бесіктен белі шықпай жатып жаманына қатын әперіп... «Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан» деген осы болды да. Арам қатқырдың арыстай азаматты жұтып тынғанын қарашы... [1,8-б].
– Қызылкөз қышынып жүріп-ақ үйреніп кетті. Қазірдің өзінде де қайшы тисе ырысы қашатындай иегіне ұста жолатпай келеді, «жанның рахатын сезгің келсе, ешкіқотыр бол» демекші, содан қасынып отырып ләззат алатының және бар... [56-б].
– Әй, арам қатқыр, жау келсе жалғыз сені шаба ма? – деп жұлып тастай жаздады. Тым құрыса жалаңбұт қашпай ылпаңды кие кетпейсің бе? Қашқанда қайда барасың, қай жаудан қашып барасың, миғұла байқұс-ау?
– Жанының тәттісі. Артынан іздейтін жақыны, ізіне түсетін жауы жоқ албаты қаша беретін де нақұрыс болады екен-ау [6,61-б].
Аты теріс қайным, келін қайда? – деп кәрі жеңгесі отырмай жатып, тергеуге алды.
– Әй, көзелім-ау, отын қайда? [6,14-б].
(Ысқақ Қ. Күреңсе /Повестер/. Алматы, 2001.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет