Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет49/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57
Бір уыс топырақ

Смағұл Садуақасов ерен ақыл-ойдың және батыл әрекеттердің иесі болған екен. Туған халқы үшін, өз ұлты үшін шын күрескер.


Ол «Мысалы қазақ базарға сатуға сиырын алып келді. Расписка қазақша жазылған. Оны қазақ­ша білмейтін милиция дұрыс деп тап­пады. Алған расписканы орысша жазып әкел деді. Жай қарағанда, бұл, әрине, ұсақ нәрсе. Ұлттық психология жағынан тексерсек, бұл – үлкен жұмыс. Қазақша жазылған расписка жарама­ған­нан кейін ана қазақтың жүрегінде өз ұлтының кім екендігі сезіледі. Оның көзіне қазақтың жұмысының бәрі орын­сыз, осал секілді боп көрінетін болады. Ол өзінің күшіне сенбеуге айналады. Оған басқа ұлттың алдында жасқан­шақ­тық пайда болады, өз жерінде кеудесі көтеріліп, аяғын алшаң басып жүре ал­майды» («Еңбекші қазақ», 1927, ақпанның 16-ы) деген адам сол кездегі Мәскеуге қайдан ұнасын. Ақыры Сталин өкіметі оны Ростов на Дону деген жаққа жұмысқа жіберіп, сол жақта белгісіз жұмбақ өлімге тап болады. Мәйітін Мәскеуге жеткізіп, крематорий дегенге салған ғой, күлі ғана қалады.
Смағұл әйгілі Әлихан Бөкейханның күйеу баласы еді. Әлекеңді сол жолы крематорийден Тұрар Рысқұлов, тағы бір қазақ, сірә, Нұрмақов, сүйеп алып шығады.
Сөйткен Тұрардың өзі де 1938 жылы көктемде Сталин тізімімен атылды.
Әлихан Бөкейханға да Сталин оғы атылады. Сүйегі қайда қалғанын білмеймін.
Есіл ерлерге, сөйтіп, туған, жерден топырақ та бұйырмаған ғой.
Әттең, бір кем дүние.
(Ш.Мұртаза)

Тапсырма: Сызықшаның, дефистің қойылу себебін түсіндіріңіздер.


Тапсырма: Тыныс белгілердің қойылу себебін түсіндіріңіздер.


Өлең
Дара күндерімнің,
нала түндерімнің
серігі болғаның үшін,
сенімі болғаның үшін
мен сені аялаймын.

Біреудің пасықтығынан,


біреудің жасып мұңынан,
жүрегім сыздаған кезде,
жаным мұздаған кезде
мен сені саялаймын.

Біреудің күлкісін көріп,


бақыттының түр-түсін көріп,
шаттанып қалған шағымда,
жеткендей арман-сағымға,
қуаныштан дірілдеп денем,
алдыңа күлімдеп келем.

Ажалмен айқасқан сәтте


қыршын жас көз ілгенін көріп,
өткінші сезімдерді көріп,
кешегі «доспын» дегеннің
минутта жерінгенін көріп,
кімнен өшімді аларымды білмей,
кімдерге кінә тағарымды білмей,
алдыңа лапылдап келем,
жарылуға жақындап келем.

Өмірдің өткелдерінен


қиындық көп көргеніммен,
өртеніп от басқаныммен,
өзіңмен қоштаспадым мен.
Күлкімді, жайлы күнімді,
азапты, қайғы-мұңымды
өзіммен бөліскенің үшін,
қатем мен жеңістерім үшін
менің мынау қиындау тағдырым болып
о баста көріскенің үшін
Өлең, мен сені аялап өтем!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет