Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет53/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Мұхтар Әуезов өнегісі

Мұхтар Әуезовтың тағы бір ұлылығы өзінен бұрынғылар жөніндегі пікірінен айқын көрінетін еді. Санжар Аспандияров пен Құдайберген Жұбанов, Тұрар Рысқұлов есімдерін мен алғаш Әуезов аузынан естідім. Мысалға Шоқан Уалиханов туралы айтқандарын алсақта болады.


-О, Шоқанның орыс тілін жетік білгені соншалық , Петербургта, орыс зиялыларынының қауымында ол айтқан анекдот-әңгімелерді мәдениеті, білімі жоғары ер азаматтар мен сұлу бикештердің өзі аузын ашып тыңдаған, - деп аузынының суы құрып таңдана, тамсана сөйлейтін. Мен сонда өз ауылымдағы Тасқұлының Серғазысы деген момын шаруа адамын есіме алушы едім: орысша бір ауыз сөз білмейтін Серғазы көрші украин шаруамен тамыр болыпты. Мал баққан қазақ пен егін салған украин бірінде жоғын бірі алып достасады. Тамырына Серғазы барып келген ғой. Ауылдағылар Серағаңнан: қалай барып келдің, тамырың қалай қарсы алды? - деп сұраймай ма. Сонда Серғазы алған-бергенді қойшы, бір ғаламаты үш-төрт жастағы балаларына дейін орысша ағып тұр-ау, ағып тұр. Қайдан үйреніп алған десейші,- деп таңдана беріпті. Орысша білмейтін Серғазы таңданса жөні бар. Ал орыс тілін өзінің ана тіліндей меңгерген, орысша сөйлегенде өзі де орыс тілін мен білемін дейтін небір майталмандарды табындырып, бас шұлғытып кететін Әуезов таңданысына таң қалмасқа шараң жоқ.
(С. Шаймерденов)
1-тапсырма: Сызықшаның, дефистің қойылу себебін түсіндіріңіздер.
2-тапсырма: Тыныс белгілердің қойылу себебін түсіндіріңіздер.
Талантқа құрмет
Талант-қабілет өз бойында тұнып тұрған, тұнып тұрса да, басқаның бойындағы ерекшелік қасиеттерін көре білу, бағалай білу – ұлылық нышаны болуы керек, меніңше. Мұндай мінез шын мағынасында даналардың ғана қолынан келеді. Көпке мәлім Гюго өз заманында француз халқының пір тұтқан данышпандардың ішіндегі данышпаны болып танылған жазушысы. Күн сайын Гюго пәтерінің терезе тұсына мыңдаған халық жиналып құдайға балаған жазушысының балконнан бір рет қана көрініп кетуін жалбарына сұрау салтқа айналып кеткен құбылыс еді ғой. Ал сол тірі құдайыңыздың өзі Бальзак өлгенде не дегенін білесізбе? Андре Моруа былай дейді: Бальзакты арулап жатқан кезінде укімет тарапынан келген Францияның ішкі істер министрі бір күрсініп : ия, Бальзак талант еді ғой, - дегенде қасында отырған асықпай, баппен сөйлейтін дағдылы мінезінен айнып: Жоқ, қателесесіз. Бальзак талант емес, гений ( данышпан ),- деп іле жауап қатқан. Даңқты Гюго ойынан шыға алмай пұшайман болып қалған бишара министр кешірім сұрай берген екен деседі Француз Гюго. Қазақ Әуезов. Асылы, қай жерге дүниеге келмесін, қай топырақтан жаралмасын ұлы адамдардың әйтеуір бір ұқсастығы бола береді екен-ау, тегі!
(С. Шаймерденов)
Тапсырма: Сызықшаның, дефистің қойылу себебін түсіндіріңіздер.
Тапсырма: Тыныс белгілердің қойылу себебін түсіндіріңіздер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет