Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет56/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Қара шелек


Орынбайдың кекеші, кенеп дорбасын сүйрелеп, әркімге барып бір сөйлеседі. Жалбыр шашты қара жігіт, кекеш ауылнайға жаратпаған пішінмен қарап отырды да:
– Ауылнай жолдас, сыбырынды тоқтатып, жиылысыңды ашсаң қалай болар еді? – деді.
Бұл жігіт – ауданнан келген өкіл болып шықты. Жиылыс ашылды. Өкіл баяндама істеді. Баяндама коллектив туралы болды.
–... Сонымен, жолдас, берекесіз ұсақ шаруашылықты бітіріп, коллективтескен ірі шаруашылық құрамыз, социалдық шаруаға көшеміз! – деді өкіл.
Жұрт тынып, мүлгіп, маужырады да отырды.
–  Қане, кімнің сұрауы бар? – деп мәжіліс ағасы екі-үш қайырып сұраса да, ешкім үн шығармады.
–  Иә, Алла, өзің медет бере гөр! – деп Қайралап ауыр күрсінді.
– Ау, неге үндемейсіндер, сөйлесендерші!
– Айша төніп тұр ғой, бірдеме айтпақ шығар, – деді бір жігіт. Ашу қысты ма, әлде сөйлегісі келіп кетті ме, Айша ілгерірек басып барып:
– Сөйлесе қорқад дейсің бе, айтатын сөзімді мен қашан болса да айтам. Байлардан қорқып үндемей отырған сендерден сақтасын, – деді.
Өкіл басын көтеріп алып, Айшаның бетіне қарай қалды. Айша мүдіріп, кібіртіктеп қалды.
Тоқталма, жеңгей, айта беріңіз, – деп өкіл күлімсіреді.

  • Мен айтсам, алдымен осының ішінде «майкот» болған екі адам отыр, солар шықса екен деймін!

Жұрт біріне-бірі қарады: Сатыбалды Айшаға көзінің қырымен қарап, басын шайқап, таңданды. «Майкот» болған адамды сұрап, өкіл ауылнайды бүріп барады. Ақырында біліп алып, Қайралап пен Ыдырысқа өкіл:

  • Сіздерді кім шақырды? – деді.

–Ойбай, шырағым, осы ауылдан жан қалмай келсін деп айтты деген соң келгеніміз ғой. Келмей қалсақ, жазалы боламыз ба деп қорқып едік, – деп, Қайралап дәбдірлеп, үрейі ұшып кетті.
( Б.Майлин)


Қазақтың Баян Батыры

Осы күнгі жазбаша тарихтан еш кемшілігі жоқ қазақтың ауызша тарихындағы әңгімелерден Абылай хан мен Баян батырдың ұрыс даласында алғашқы кездесуі ұрпақтан ұрпаққа жойылмай жеткен бір аңыз былай әпсаналайды. Кескілескен бір ұрыста Абылай серіктерімен алдыға озып кеткенде көп жаудың ортасында қалады. Абылай – қасындағы серіктеріне «Мына қоршауды бұзып өтер кім бар?» деп екі рет дауыстап айқайлағанда ешкім ұмтылып алдыға шықпады дейді. Сонда ханның «Бұл қазақта жауға шабар ұл тумады ма?» деп қапаланған айғай сөзінен кейін есік пен төрдей сарала ат мінген Абылайдың өзі құралыпты жастағы жауынгер ұмтыла шауып, жаудың шебін жапыра бұзып қасындағыларға жол ашады. Қоршаудан аман-есен шығып, негізгі қолға қосылғаннан кейін, көңілі орныққан Абылай «бағанағы сарыала атты батырды тауып келіңдер» деп жарлық береді. Алдына алып келген еңсегей бойлы жігерлі жігіттің келбетіне риза болған хан «Жауға шабарың бар, бір айттырмай неге үш рет қайталаттың?» дейді. Сонда батыр жөнін айтып, содан соң «алдымен жолды сұлтан, төрелерге бердім, одан кейінгі жол аға баласы Арғынның батырларынікі еді. Ақырында ажалдан басқа жол қалмағанда өзім шаптым» депті, бұл Баян батыр екен дейді.


(Мағауия СЕМБАЙ)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет