Оқытудың мәні, қүрылымы мен қозғаушы күштері.
Педагогикалық ойлау жүйесі қалыптасу үшін жоғары мектептегі оқу
процесінің мәні, құрылымы, қызмет ету жэне даму логикасын түсіну
керек. Оқытудың мэнін түсіну үшін осы процестің негізгі
компоненттерін анықгау қажет. Сырттай қарасақ, оқу процесі
оқьггушы мен білім алушының бірлескен қызметі ретінде көрінеді.
Мәселен, оқытушы сіудентгің іс-эрекетіне мақсат қояды, ақпарат
береді,
ұй ы мд астырад ы,
ынталандырады,
түзету
(коррекция)
жұмыстарын жүргізіп, бақылайды; студент бағдарламалық білім
мазмұнын, әрекет түрлерін меңгереді. Осыдан оқыту процесінің екі
жақтылық сипатының өзара байланыстылығы мен шарттастығын
байқаймыз. Екі жақгы қызмет белгілі бір мазмұнды меңгеруге
бағытталады, ал
оцылатын мазмүн
үшінші компонент болып
табылады.
Үш компонент (оқытушы, студент, білім мазмұны) сыртқы
сипатгы ғана көрсетеді. Олардың астарында жасырын ішкі қозғаушы
күш, яғни,
оқытудың мәні
жатыр.
Оқытудың басты әлеуметтік қызметі әлеуметтік сұранысқа
жауап беретін тұлғаны қалыптастыру. Тұлганы қальптгастырудағы
негізгі «құрылыс материалы» болып адамзат тәжірибесі жинақгаған
әлемдік мэдениет саналады. Тұлғаның қапыптасуы үшін оларды
қандай мазмұнда таңдаймыз? Осыдан оқыту мазмұны келіп шығады
да одан әрі оқыту мәнін түсінуге жетелейді. Жоғары мектеп
дидактикасында оқыту мэнін анықгауда көбінесе белгілі дидакт
И.Я.Лернердің тұжырымдамасы басшылыққа алынады:
1. Білім.
2. Тәжірибеде жинакталған, анықталған әрекет-амалдар.
3. Шығармашылық тэжірибе.
4. Меңгеруге қажет объектіге, сонымен қатар қоршаган адамдарға,
өз-өзіне
эмоционалдық-қүндылық
қарым-қатынас,
қоғамдық,
ғылыми, кэсіптік қызметке қажеттілік пен мотив.
Осы айтылғандардан оқытудың мэнін мынадай деп түйіндеуге
болады:
оқытудың мәні -
ол мақсатты, әлеуметтік сұраныстан
туындайтын жэне гылыми білімді, іс-әрекетті, адамзат қол жеткізген
рухани, материалдық мэдениетті жүйелі меңгеру негізінде түлғаның
дамуын көздейтін ұйымдастырылған процесс.
Оқу процесі - танымдық бағытта ұйымдастырылады. Ал, кез-
келген танымдық міндеттер
Достарыңызбен бөлісу: