Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер
|
Мұғалім үшін: жанды табиғат нысандарын қандай да бір өнер туындысына айналдыру қабілеттерін дамыту. Ағаш жапырағын бейнелеудің әртүрлі жолдарын көр- сету.
Оқушылардың шығармашылық міндеті: әртүрлі әдіс- тәсілдер арқылы ағаш жапырағын бейнелей отырып, шығармашылық жұмыс орындау. №1 жұмыс дәптерінің 12–13-беттеріндегі тапсырмаларды орындау.
|
Оқушылардың міндеті
|
Жапырақты бейнелеудің әртүрлі тәсілдерін суреттеу. Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру. Тірек сөздер: симметрия, бейнелеу жолдары, жапы- рақтың құрылысы, ағаш түрлері, сәндеу, аппликация, акварель, түсті қарындаштар, монотипия.
Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:
Жапырақтары ерекше қандай ағаш түрлерін білесіңдер?
Жауап. Үйеңкі, талшын, емен, қайың, шаған.
Ағаш жапырақтарын қандай тәсілдермен бейнелеуге болады?
Жауап. Оны түсті қарындаштармен, фломастерлермен, акварель не гуашьпен салып, монотипия, аппликация, баспа-таңба түрінде жасап, ермексаздан мүсіндеуге
болады.
Бұл жұмыстарды қай жерде пайдалануға болады? Жауап. Оны жақтауға салып, қабырғаға ілуге, одан ашық хат жасап, қабырға газетіне не плакатқа желімдеуге
болады.
|
Күтілетін нәтиже
|
Барлық оқушылар: жапырақтың екі жағы бірдей екенін, жапырақтарды әртүрлі тәсілдермен бейнелеуді (графикалық, кескіндеме түрінде, сәндік) біледі.
Қандай ағаш жапырағы екенін анықтап, оның құры- лысын суреттей алады. Жапырақты қарапайым түрде жасауды біледі.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |