Оқушылардың көпшілігі: жапырақты қандай жолмен,
қандай материалдармен жасауды және оны бөлмені
сәндеу үшін, сыйлық ретінде қалай қолдануға
болатынын ойланады. Жұмыс дәптерлеріне жапырақтың бірнешеуін орындайды.
Кейбір оқушылар:жапырақтарды пайдаланып, өрнек жасай алады. Әрі қарай қолдануға болатын шығарма- шылық жұмыс орындайды (жұмысты жақтауға салып, бөлмені сәндейді, ашық хатты әшекейлеп, оны досына
сыйлайды және т.б.).
Айналамыздағы түстер. 1-сынып.
Сызықтың сипаты мен әсерлі мүмкіндіктері. 1, 2-сынып- тар.
Монотипия. 2-сынып.
Симметрия дегеніміз не? 3-сынып.
Пәнаралық байланыстар
Бұл сабақта мына пәндермен байланыс орнайды:
жаратылыстану, әдебиеттік оқу, музыка. Оқушылар жаратылыстану сабақтарында табиғатты бейнелеу
бойынша меңгергендерін пайдаланады. Шығармашылық шабыттарын дамыту үшін №2 қосымшадағы өлеңдерді оқиды.