Редакция алқасы


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет21/40
Дата15.03.2017
өлшемі7,78 Mb.
#9902
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.  Қазақстан  Республикасындағы  2015  жылға 
дейінгі  білім  беруді  дамыту  тұжырымдамасы.  Аста-
на,2004.
2. Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейінгі 
білім  беруді  дамытудың  Мемлекеттік  бағдарламасы.
Астана,  2010.
3.  Қазақстан  Республикасындағы  Мемлекеттік 
жалпыға міндетті білім беру стандарты.Астана,2007.
4.  Қазақстан  Республикасының    2011-2020 
жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік 
бағдарламасы. Астана, 2011.
5. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан білім қоғамы жолында 
– Астана, 2012 ж.
6. Яковлева,  Н.О. Педагогическое проектирование 
инновационных образовательных систем: Монография: 
[Текст] / Н.О. Яковлева - Челябинск: Изд-во Челяб. гума-
нитарный институт,2008 - 279 с.
7. Тулькибаева, 
H.H.,  Большакова  З.М. 
Педагогика:  взаимосвязь  науки  практики  в  услови-
ях  модернизации  образования  [Текст]:  Монография 
/Н.Н.Тулькибаева, З.М.Большакова. - Челябинск: Изд-во 
Челяб. гос. пед. ун-та,2008. - 162 с. 
8.  Устемиров  К.  Шаметов  Н.Р.  Васильев  И.Б.  
Профессиональная педагогика. Алматы 2005.- 432 с.
9.  Қ.М.  Нағымжанова.  Оқыту  технологияла-
рын  таңдау  және  мұғалімнің  кәсіби-педагогикалық 
мәдениеті.  Ж.К.  Аубакирова.  Педагогикалық  қарым-
қатынастың  психологиялық-педагогикалық  негіздері.  
//  «С.  Аманжолов  оқулары  -  2005»  атты  Халықаралық 
ғылыми-практикалық  конференцияның  материалдары. 
Өскемен 2005. - 538 б. 
10.  Ғ.М.Кертаева. «Рахат» мектебі: жаңа ғасырға – 
жаңа мектеп. Павлодар, 2005. – 297 б.
11. Зимняя И.А. Ключевые компетенции – новая па-
радигма  результата  образования//  Высшая  образование 
сегодня. 2003, №5. С. 34-42.
12.  Зимняя,  И.А.  Ключевые  компетенции  как  ре-
зультативно-целевая основа компетентностного подхода 
в образовании. Авторская версия. –М.: Исследо-ватель-
ский центр проблем качества подготовки специалистов
–2004. –21 с.

145
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
Сейітнұр Ж.С., психол.ғ.канд., доцент,  Тлеугабылова З.А., Оразаева Г.А., Ештаева Н.А. 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушылары, Алматы қ.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАРИХИ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ 
САПАСЫН КӨТЕРУ ҚАЖЕТ
Түйін. Бұл мақалада тарихи-психологиялық зерттеулердің әдіснамалық-теориялық проблемалары талданады.  Болашақ 
мамандардың тарихи-ғылыми мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы ашылады. Жас ғалымдарды даярлаудағы 
ғылыми мектептің мәселелері қарастырылады.
Резюме. Данная статья анализирует теоретические и методологические проблемы историко-психологических иссле-
довании. Раскрывается важность историко-научной культуры будущих специалистов. Рассматриваются проблемы на-
учной школы, как важнейшая форма подготовки ученых.
Summary.  This  article  examines  the  theoretical  and  methodological  problems  of  historical  and  psychological  study.  The 
importance of historical and scientific culture of future specialists are revealed. The problems of scientific school, as the most 
important form of scientists’ training are considered.
Қазақстандағы  психология  ғылымының 
қалыптасу  және  даму  тарихын,  оған  қосқан 
ғалымдардың үлесін ¬зерттеумен айналысқан 
ізденуші  адаманың  алдында  бірнеше  үлкен 
қиындықтар  күтіп  тұрады.  Ол  қандай 
қиындықтар?  Ең  бірінші  мәселе,  ол  біздің 
еліміздің психологтары зерттеген, жариялаған 
тарихи-психологиялық  еңбектерде  әдіснама-
лық-теориялық 
проблемалардың 
мүлде 
қойылмағаны [1-4]. 
Психология  тарихымен  қалай  жұмыс 
істеу  керек  және  оны  қандай  тұрғыда 
жазу  керек  туралы  мәселеде  әдіснамалық 
айқындық  жетіспейді.  Ғылыми  конферен-
цияларда  сөйленген  сөздерде,  имплициттік 
«персоналдық  білімдерде»  (М.  Полани)  не 
болмаса  жинақтарда  жарияланған  материал-
дардан  тарихи-психологиялық  зерттеудердің 
әдіснамасы туралы тұжырымдарды оқымадық 
әрі  естімедік.  Студенттердің  пікірінше, 
жарық  көрген  еңбектерде  оқырмандарды 
жалықтырып  жіберетін  әрі  есте  сақтауға  да 
қиын  сансыз  адамдар  есімдері  мен  олардың 
еңбектерін құр тізіп шығу бар. Кейде белгілі 
бір  ғұламаның  қазақ  топырағында  дүниеге 
келгенін  аса дәріптеу орын алып оның бүгінгі 
күнге  қандай  қатынасы  бары  айтылмайды. 
Тарихи  деректер  мен  мағлұматтарды  келтіру 
бар,  бірақ  олардың  құндылығын,  маңызын 
ашып көрсету жоқ. Демек, бұл жерде психо-
логия  мен  тарихтың  айырмашылығы    неде 
екен  деген  сауал  еріксіз  туады.  Тарихи-
психологиялық  зерттеулердің  әдіснамалық 
мәселелерімен  арнайы  шұғылданған  белгілі 
психолог  әрі  әдіснамашы  Е.А.  Будилова  өз 
мақаласында болашақ тарихты зерттеушілерді 
былайша  орынды  сақтандырып  кетеді: 
«Ғылым  тарихшысын  теория  мен  тарихтың 
өзара  байланысы  проблемасын  шешуде  екі 
қауіп күтіп тұрады: ғылым тарихын жаңарту 
(модернизация)  және  тарихи  процестің 
әр  алуандығына  қызыға  тартылу  я  елігу, 
деректерді  (фактілерді)  жеткілікті  теориялық 
талдамай  және  қорытпай  құр  баяндау,  бұл 
тарихи эмпиризмге әкеліп соғады, ғылым та-
рихшысын мұрағатшыға (архивариус) айнал-
дырады  «  [5,      237  б.].  Кеңес  заманындағы 
беделді  психологтың  бірі  Б.Ф.  Ломовта  өз 
кітабында былай дейді: «Сөз жоқ, психология 
ғылымы  үшін  деректерді  (фактілерді)  жинау 
және жүйелеу қажет, алайда ғылым мұнымен 
шектелмейді.  Өздігінен  құр  жалаң  деректер 
ғылыми  білімді  құрамайды.  Олар  тек  оны 
жасап құруға қажет материал ғана» [6, 43-45 
бб.]. Сондай-ақ, аталмыш еңбекте   Б. Ф.    Ло-
мов:  «Психологиялық  мұраларды  зерттеудің 
міндеті  психологтарды  «ранг  (атақ-дәреже) 
тізімі»  бойынша  бөліп  орналастыру  да  емес, 
қайта олардың әр қайсысының  психологиялық 
білімдер жүйесіне қосқан үлесінің мәнін ашу» 
–дейді  [6,  6  б.].    Бұл  тұжырымдарға  алып 
қосарымыз жоқ.
Тарихи деректер бүгінгі ғылымға қатысы 
жоқ  қолданбайтын  өлі  дүние  я  жүк  болмауы 
тиіс. «Таза тарихтың» өздігінен құны жоғары 
болмайды.  Өйткені,  ғылыми  ақпараттар 
тасқынының ұдайы алмасуы мағлұматтардың 
шапшаң  ескіруіне  әкеледі.  Бүгінгі  жаңалық 
келесі  күні-ақ  тарих  еншісіне  айналады. 
Мұның өзі табиғи түрде ғылымдар тарихына 
деген қызығушылықтың төмендеуіне әкеледі. 
Жаңалыққа  жаны  құмар  жас  буын  өтіп  кет-
кен  заманның  деректерін  зерделеуді  уақыт 
жоғалту  деп  есептейді.  Заман  көшімен  ілесе 
жүру  дегеніміз  өткенді  мансұқтау  еместігін 
ұғындыру  үшін  жас  ғалымдарды  даярлауда 

_______________________________________________________________________
146
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
тарихи-ғылыми  мәдениетті  қалыптастыруға 
ерекше мән беру керек еді. Ол үшін өткен та-
рихтан күні бүгінге дейін маңызын жоймаған 
идеялар  мен  көзқарастарды  іріктеп  ал-
тын  қорға  қосу  және  оның  өзектілігін  көз 
жететіндей  нанымды  дәлелдеу  әрі  негіздеу 
қажет.  Бүгінмен  байланысын  ашу  не  тарихи 
сабақ  алатын  жері  болса  оқулық  мазмұнына 
енгізу  маңызды.  Ал  идеологиялық  қыспақ 
салдарынан  мәжбүрлікпен  жазылған  жарам-
сыз дүниелерді  лақтырып тастау керек. Қазақ 
ғалымдарының  алдында  отандық  ғылым 
тарихына  қатысты  сапалы,  ұлт  мүддесіне 
сай  оқулықтар  мен  оқу  құралдарын  жазу 
міндеті  тұр.  Өкінішке  орай,  елімізде  пси-
хологтар  даярлайтын  жоғары  мектептердің 
оқу  бағдарламаларында  психология  тарихы 
негізгі әрі міндетті пәндер қатарына жатпай-
ды.  Керісінше,  оған  бөлінетін  сағат  мөлшері 
кемуде я алынып тасталуда. Соның салдары-
нан  кейінгі  буын  мамандарында  тарихи  ой-
лауы кемшін түсіп жатыр. Кез келген ғылым 
саласының  қалыпты  дамуы  оның  өткен  та-
рихын  зерттеуге  қаншалықты  көңіл  бөлуіне 
байланысты  болып  келетінін  ұмытпауымыз 
керек. Өткен заманның ғылыми жетістіктерін 
жоққа  шығару  ғылым  дамуындағы  тарихи 
сабақтастықтың  (филиация)  үзілуіне,  ни-
гилизм  мен  солипсизмге  әкеп  соғады,  яғни 
ғылымды тақыр жерден не өзінен бастағанды 
жөн көретін ғалымдар қатары пайда болады.  
Бүгінгі  таңда  отандық  ғылым  тари-
хын  қалпына  келтіру  (реконструкция)  ісінде 
шешуін  таппаған  мәселелер  баршылық. 
Психологияға  іргелес  жатқан  ғылымдардың 
(педагогика,  философия  және  т.б)  өз  тари-
хын  зерттеу  әрекеттерін  талдап  отырсақ, 
олардың  айтарлықтай  табыстарымен  қатар, 
ортақ  елеулі  кемшіліктері  орын  алған  екен. 
Ол  –  кеңестік  кезеңнен  қалған  стандарттық 
зерттеу  схемалары.  Зерттеушілер  өз  алдары-
на арнайы зерттеп отырған ғылым саласының 
даму  тарихының  объективті  көрнісін  қайта 
жаңғырту  мақсатын  қойғанымен,  оның 
қаншалықты  шынайылығы  үлкен  мәселе  бо-
лып  отыр.  Өйткені,  маркстік  әдіснамалық 
ғылыми  таным  теориясының  монополиялық 
үстемдігі  аяқталғанымен,  бәрібір  оның  
зерттеушілер  ойлауына  қалдырған  ізі  сай-
рап  жатыр.  Біз  «объективтілікті»  негіздеу 
үшін  ең  әуелі  қағазға  түскен  деректерге 
сүйенеміз.  Фактологиялық  негіз  іздейміз. 
Мұрағаттардағы  ғылыми  институттардың, 
кафедралардың  жылдық  есептерімен  та-
нысамыз.  Бірақ,  олар  сол  кезеңдердің  «ру-
хын»  қаншалықты  толық  бере  алады?  Қағаз 
жүзінде  бәрін  қатырып  қойғанымен,  іс 
жүзіндегі  ахуал  мүлде  бөлек  болуы  мүмкін. 
Ресми тарих пен шынайы орын алған жағдай 
арасындағы  алшақтықты  қалай  жоюға  бола-
ды? Әдетте, зерттеушілер процесті өз көзімен 
көрген  куәгерлердің  жазбаларын  не  ауыз-
ша  естеліктерін  субъективті  деп  бағалаймыз 
да  оны  тарихи  зерттеулерге,  оқулықтарға 
кіргізбейміз.  Ал  онда  шындықтың  белгілі 
бір үлесі барын ескермейміз. Тарихтан сабақ 
алу  сын  айтылған  жерде  ғана  орын  алмақ. 
Құр  мақтау,  дәріптеушілік  ойды  өсірмейді. 
Шетелдік 
тарихнамадан 
байқағанымыз 
олар  жеке  адамдардың  өмірбаяндық  ерек-
шеліктеріне  мұқият  қарайды  екен.  Соңғы 
жылдары  батыс  елдерінің  оқулықтары  бізге 
келіп  жатыр.  Мүлде  бөлек  стиль.  Тарихтың 
пәні – адамдар екеніне көзің жетеді. Біздегідей 
құрғақ құжаттар сөйлемейді, жанды көріністі 
сезіне  аласың.  Ойландырады.  Танымдық 
қызығушылық оятады.  Ғылыми мәтін ресми, 
абстракциялы құрғақ болуы тиіс деген ережені 
қайдан алдық?... Біздегі тарихи-ғылыми зерт-
теулер ресмилік қалпынан шыға алмай отыр-
мыз. 
Отандық  тарихи-психологиялық  зерт-
теулерге  қатысты  туындайтын  бір  маңызды 
мәселе  –  жас  психолог  мамандарды  арнайы 
деректану  және  тарихнамалық  тұрғыда 
даярлықтан өткізудің болмауы. Деректану та-
рих ғылымдарының қатарына жататындықтан 
өзге  саланың  мамандары  оны  оқытудан  тыс 
қалып қояды. Ал кез келген ғылым саласының 
даму тарихын қайта жаңғырту міндетті түрде 
деректік  талдауды  қажет  ететіндіктен  де-
ректану  тек  тарих  ғылымының  шеңберінен 
шығып  жалпы  ғылыми  әдіс  дәрежесіне 
көтеріліп  отыр.  Олай  болса,  деректану  мен 
тарихнамалық  даярлық  жас  ғалымның  жал-
пы  зерттеу  мәдениетін  қалыптастырушы 
маңызды құрамдас бөлік болуы тиіс. Болашақ 
ізденуші тарихи-ғылыми деректер талдаудың 
жалпы  принциптерін,  әдістерін,  теориясын, 
оларды топтастыру мен жүйелеу дағдыларын 
кездейсоқ  өз  бетінше  емес,  арнайы  түрде 
оқып-үйренсе дұрыс болар еді. 
Бірнеше  ғылым  салалары  бойынша 
жарық  көрген  тарихи  еңбектерді  талдай 
келе  мынадай  қорытындыға  келуге  бола-
ды:  Қазақстанда,  бүгінгі  таңда  филология 

147
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
ғылымында,  соның  ішінде  қазақ  әдебиетінде 
тұлғатану  біршама  қалыптасқан  сала  екен, 
сондай-  ақ  педагогика  ғылымы  өз  тарихын 
зерттеу ісін үлкен жолға қойылыпты. Әсіресе, 
педагогтардың    ғылым  тарихына  қатысты  
жарық көрген бірнеше оқулықтары бар және 
олар  оқу  процесінде  белсенді  қолданылады. 
Оның  үстіне,  оқу  жоспарларында  педагоги-
ка  тарихы  міндетті    оқыту  пәндері  қатарына 
жатады.  Бұл  студенттердің  тарихи  ойлауын 
қалыптастырады,  өткенге  құрмет  көрсетуге 
тәрбиелейді. Ғылыми әдебиеттерді талдау ба-
рысында тағы бір байқағанымыз, отандық пе-
дагогика  ғылымында  тарихи-педагогикалық 
зерттеулерден  тұратын  диссертациялардың 
үлес салмағы басқа аспектілерді қамтудан да 
жоғары.  Ал бізде тарихи-психологиялық зерт-
теулер  аз  және  олардың  ғылыми-теориялық 
деңгейін көтеру қажеттілігі білінеді. Негізінен 
ХХ  ғ.  50-60  жылдарынан  бастап  елімізде 
тарихи-психологиялық  зерттеулер  жүргізіле 
басталды.  Оның  негізін  қалаған  –  ҚазССР 
Ғылым  академиясының  академигі,  педа-
гогика  ғылымдарының  докторы,  1948-53 
жылдары  ҚазМУ-дың  ректоры  және  пе-
дагогика  және  психология  кафедрасының 
меңгерушісі  қызметін  атқарған  Төлеген 
Тәжібаев  (1910-1964).  Алайда  Қазақстанның 
тәуелсіздік алғанға дейінгі тарихи зерттеулері 
сол  заманның  талабына  сай,  жалғыз  ғана 
дұрыс  боп  табылатын  маркстік-лениндік 
әдіснаманың  принциптері  мен  коммунистік 
идеологиялық  ұстанымдар  тұрғысынан  жа-
зылды.  Тіпті  ұлтымыздың  педагогика  және 
психология  саласындағы  көрнекті  тұлғалары 
(Ж.  Аймауытов,  М.  Жұмабаев  және  т.б) 
буржазиялық  ұлтшылдар  атанып,  ғылыми 
мұралары  біржақты  бағаланды.  Шымкент 
педагогикалық  техникумында  психология 
пәнінен  сабақ  берген  ұстаздары  Жүсіпбек 
Аймауытовтың үстінен өзінің шәкірттері арыз 
жазып,  “халық жауы” ретінде әшкерелеп ГПУ-
ға  түсінік  бергенін  бүгінгі  күн  тұрғысынан 
ақтау қиын.  Бірақ сол заманның ахуалын ескер-
сек, бәлкім, ол студенттерді түсінуге де бола-
тын  шығар.  Жалпы  СССР  құрамындағы  са-
теллит (қуыршақ) республиканың бірі болған 
Қазақстанда ғылым тарихын объективті жазу 
еш мүмкін емес еді. Ресми тарих пен шынайы 
ақиқат  арасында  едәуір  алшақтықтың  барын 
ұлт тарихшылары жақсы біледі. 
Жалпы  еліміздің  психолог  мамандарын 
даярлауда психология ғылымының өткен тари-
хын жете бағаламау, оның маңызын түсінбеу  
әлі  орын  алуда.  Өйткені,  күні  бүгінге  дейін 
психология  бөлімінің  студенттері  отандық 
ғалымдардың есімдері мен еңбектерінен көрі 
шетелдік    ғалымдардың  еңбектерін  жақсы 
біледі.  Ал  кез-келген  мемлекеттің  ғылым  та-
рихына  қатысты  оқулықтарын  алып  қарасақ, 
өз  елдерінің  ғалымдарының  еңбектерін, 
өмірбаянын  негіз  етіп  алады.Теориялық  тал-
даулар  көрсеткендей,  психология  тарихы  — 
гуманитарлық  білімдер  саласы,  сондықтан 
оның әдіснамалық негізі гуманитарлық таным 
қағидалары  мен  принциптері  болып  табыла-
ды.  Оның өзіне тән ерекшелігі бар. Өкінішке 
орай,  біздің  психолог  ғалымдарымыздың  ой-
лау  жүйесінде  жаратылыстану  ғылымдарына 
тән парадигма берік орнаған (позитивизм, сци-
ентизм).  Гуманитарлық  парадигма  Нәтижеде 
болашақ 
ғалымдардың, 
ізденушілердің 
тарихи-ғылыми мәдениетін қалыптастыру на-
зардан тыс қалып қойды.
Жоғарыда 
айтқандай, 
Қазақстанда 
психология  тарихын  зерттеген  еңбектер 
саны соншалықты көп емес.  Қазақстандағы 
тарихи- 
психологиялық 
зерттеулер-
мен  айналысқан  ғалымдар  қатарына  Қ.Б. 
Жарықбаев,  А.Т.  Ақажанова,  В.В.  Чистов 
және  т.б.  зерттеушілерді  жатқызуға  болады. 
Бұл  зерттеушілердің  қамтыған  тақырыптары  
Қазақстандағы психологиялық ой-пікірлердің 
дамуы,  психология  ғылымының  жеке 
салаларының  қалыптасуы  мен  даму  тари-
хы,  сондай-ақ,  бүгінде  еліміздегі  жетекші 
университеттің  есімін  иеленіп  отырған  Әл- 
Фарабидің  психологиялық  мұралары  кіредіі.   
Қазақстанның  тәуелсіздік  алуы  ғылым  та-
рихнамасын  зерттеуге  үлкен  серпін  берді. 
Отан  тарихын  ұлттық  ұстаным  тұрғысынан 
қайта бағалауға мүмкіндік туды. Бұл кезеңдері 
бірнеше  тарихи-  психологиялық  зерттеулер 
жүргізілді (Қ.Б. Жарықбаев, А.Ж. Мірәлиева, 
Ж.Н.  Сабирова,  Ж.С.  Сейітнұр,  М.Қ.  Ахме-
това және т.б.). Алайда еліміз жоғары білікті 
мамандары, ғалымдарды даярлауда Батыстық 
жүйегі көшкелі бері  отандық психологтардың 
мұрасын  зерттеу  ісі  тоқырап  қалды  десе 
де  болады.  Трансұлттық  білім  стандарты 
отандық  ғылыми  өнімдерді,  әсіресе  төлтума 
гуманитарлық  сипаттағы  интеллектуалдық 
өнімді  өндіруге  ізденушілерді  онша  ын-
таландырмайды.    Қазақстанның  жоғары 
оқу  орындары  біртұтас  еуропалық  білім 
кеңістігін  қалыптастыруға  бағытталған  Бо-

_______________________________________________________________________
148
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
лон  процесіне  қосылғалы  бері  қазақстандық 
мазмұн  туралы  айту    барған  сайын  қиындай 
түсуде.  Өйткені,  жергілікті  ғалымдардың 
өмірбаяны,  ғылыми  қызметі  өзімізден 
басқа  ешкімге  керек  емес.  Демек,  өз  тари-
хымызды  өзіміз  жазуға  әрі  насихаттауға 
тиіспіз.  Отандық  психология  саласындағы 
ғалымдарды  қалың  жұртшылыққа  таныту  - 
ғылым  тарихшыларының  маңызды  міндеті. 
Бұл  өскелең  ұрпақ  бойында  отансүйгіштікті, 
ұлттық игілікке айналған ғылыми еңбектерге 
деген заңды мақтаныш сезімін оятады.
Еліміздің  бүгінгі  психологтарды  даяр-
лау  жүйесінде  психология  ғылымның  өткен 
тарихын  жеткілікті  бағаламау  орын  алып 
отырғанын  мойындауға  дәтіміз  жете  ме? 
Неліктен  осындай  қатынас  орын  алуының 
себептерін анықтауымыз керек. Қазақстандық 
психолог  мамандарының  өткен  заманның 
ғылыми  жетістіктеріне,  әсіресе  қазақ  ұлты 
өкілдері  жасаған  ғылыми-психологиялық 
шығармаларға 
нигилистік 
көзқарасты 
өзгерту  аса  маңызды  мәселе.  Арамыз-
да  алаш  қайраткерлерінің  психологиялық 
шығармаларын  қабылдай  алмайтын  адам-
дар  бар.  Інжілде  айтылатындай,  өз  елінде 
пайғамбарлар  бағаланбайды.  Өзгелердікін 
артық көріп тұратын ауруымыз жазылар емес. 
Қазақ халқы мұндай психологияны «Біреудің 
қаңсығы  - біреуге таңсық» деп бірауыз сөзбен 
түйіндеген ғой.   
Елімізде  психология  саласында  не 
істелінді,  кім  қандай  үлес  қосты,  қандай 
жағымды  және  жағымсыз  факторлар  бол-
ды?  Оның  ілгері  дамуына  немесе  болма-
са  тежелуіне  не  әсер  етті?  Мұның  бәрі 
мүмкіндігінше  толық  зерттелінуі  керек. 
Өйткені,  ғылымның  қазіргі  таңдағы  жай-
күйі  –  кешегінің  салдар-нәтижесі.  Өткенді 
білмей,  қазіргіні  түсіне  алмаймыз.  Психоло-
гия  тарихы  өзінің  тарихи  даму  барысында 
жинаған  барлық  оң,  құнды  дүниелерді  зерт-
теп  сақтауға  және  қалпына  келтіруге  (рекон-
струкция)  тырысады.  Сондай-ақ,  психология 
ғылымының  өткені  мен  бүгінгі  жай-күйіне 
объективті баға беріп, оның ары қарай қалай 
дамитынын  болжауға  мүмкіндік  береді.Пси-
хология ғылымы тарихы мәселесімен арнайы 
шұғылданған  кеңестік-ресейлік  ғалым  М.Г. 
Ярошевский  “Тарих – бұл ғылымның жады”,- 
деп жазады [7, 2 б]. Көрнекті кеңес психоло-
гы А.Н. Леонтьев те өз кітабында дұрыс мой-
ындайды:  “Шынында  әр  буын  адамдарының 
білімі мен ойлауы олардың бұрыңғы буынның 
танымдық  іс-әрекетінде  жеткен  табыста-
рын игеру негізінде қалыптасады” [8, 406 б]. 
Ешкімнің    аяғы  аспаннан  салбырап  түскен 
жоқ.  Ғылымды  өзіңнен  бастауға  болмайды, 
алайда  ондай  тілек  білдірушілердің  арамыз-
да кездесіп қалатынын жоққа шығара алмай-
мыз.  Ғылым  алдыңдағыларды  терістей  оты-
ра,  бәрібір,  олардың  зерттеулеріне  сүйененіп 
ілгері  жылжиды.  Сонымен,  ғылым  тари-
хы    сол  ғылым  саласында  не  істелінгенін 
көрсетеді және жинақталған білімдерді кейінгі 
ұрпақтың “мағына құрушы жалпы қорына” [9]  
айналдырады.  Өткенді  талдай  отыра,  келесі 
буын өкілдері  сол ғылым дамуына өздерінің 
тарихи  бағаларын  береді  және  үнемі  белгілі 
мағыналарды сарқып алу жүріп жатады. 
Отандық  психология  тарихын  зерттеу-
де  әлі  теориялық  тұрғыда  толық  ашылмаған 
бір  мәселе  бар,  ол  ғылыми  мектеп  мәселесі. 
Еліміздегі  тарихи-психологиялық  зертте-
улерде  неліктен  ғылыми  мектеп  мәселесі 
қарастырылмады?  Оның  бір  себебі  мынада 
жатыр:  жалпы  ғылыми  мектеп  құбылысын 
қалыптасқан дәстүр бойынша ғылымтану мен 
ғылым философиясы қарастырып келді. Өзге 
ғылым  салалары  оған  арнайы  тоқталып  жат-
пады. Қазақстандық психологтардың ғылыми 
конференциялар  мен  семинарларда  сөйлеген 
сөздерінен ұққанымыз олардың ғылыми мек-
теп  жайлы  түсініктері  әр  түрлі  екен.  Бұл  са-
лада  ғылыми  мектеп  бар  ма  деген  сауалға  
қарама  -  қарсы  сипаттағы  екі  түрлі  жауап 
естуге  тура  келді.  Бар  дейтіндер,  есімдері 
жұртшылыққа танымал ғалымдардың есімдері 
мен  еңбектерін,  ғылыми  жетекшілік  еткен 
шәкірттерінің сандарын айта бастайды.  Жоқ 
дейтіндердің  уәжіне  құлақ  түрсек,  ғылыми 
мектеп  болу  үшін  арнайы  психологиялық 
зертханалар мен жеке психология факультеті, 
психологиялық  ғылыми  институттар,  білігі 
мен білімі еш күмән тудырмас беделді ғалым 
тұлғасы  болуы  керек  екен.  Әдетте  ғылыми 
мектептің  басты  қозғаушы  күші  оның  ба-
сында  тұрған  көшбасшы  боп  табылады. 
Көбіне  ол  сол  саладағы  ғылым  докторы  бо-
лып  келеді.  Ғылым  докторы  деген  атақтары 
бар  адамдар  бізде  жеткілікті,  бірақ  олардың 
өзіндік ғылыми зерттеу бағдарламалары, оны 
жалғастыратын шәкірттері жоқ екендігін көріп 
отырмыз. Қазақстан тарихында білімі мықты 
болғанымен, ғылыми мектебі жоқ М. Мұқанов 
сияқты  психолог  ғалымдардың  болғанын  да 

149
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
айта кетуіміз керек. Жалпы ғылыми мектептің 
құндылықтары мен дәстүрлерін бөлісетін, өз 
бетінше ізденіске қабілетті шәкірттері болма-
са лидері өмірден өткен соң ғылыми мектеп те 
өмір сүруін тоқтатады.
Ғылым  тарихын  зерттеушілер  атақты 
орыс  ғалымы  И.М.  Сеченовтың  физиоло-
гия  мектебі  болғанын  айтады  және  оның 
бір  ерекшелігі  ретінде  ғалымның  жастарды 
ғылыми  мәселелерді  дербес  шешуге  тартуы, 
«мотиватор»  рөлін  атқара  білуінде  дейді. 
Ғылыми  мектеп  көшбасшысының  маңызды 
функциясы өз шәкірттерінде ішкі мотивация-
ны тудыра алуында жатыр. Сыртқы мотивация 
мен  ішкі  мотивация  арасалмағы  ғалымның 
өнімділігі  мен  шығармашылығына  үлкен 
әсер  етеді  екен.    И.М.  Сеченовтың  ғылыми 
мектебіне  талдау  жасаған  психология  тарих-
шысы  М.Г.  Ярошевский  былай  деп  жазады: 
«Интеллектілік  қасиеттерімен  қатар  Сеченов 
адамгершілік  қасиеттерді  баптауға,  орнатуға 
мән  берді...Сеченовтың  күллі  бейнесі  оны 
ғылыми  тұрғыда  ғана  емес,  адамгершілік 
жағынан да ұстаз етті. Оның бойында жоғары 
білімділік  пен  жоғары  адамгершілік  табиғи 
ұштасып  жатты»  [9,  31  б].  Қазақстандық 
психолог  ғалымдар  жайлы  ондай  баға  беру-
ге  қиналасың.  Мұрағат  материалдарын  зерт-
теп  отырсақ,  психолог  ғалымдардың  ара-
сында  өзара  қақтығыстар,  аяқтан  шалулар, 
орысша  және  қазақша  оқыған  топ  арасында 
түсінбеушіліктер,  бір-  біріне  арыз  жазулар 
жиі орын алған екен. Бірін - бірі мойындамау, 
өздерін керемет санайтын тұлғалар психолог-
тар арасында көп кездеседі, нәтижесінде еліміз 
психология  саласында  (институционалдық 
жағынан  немесе  ғылыми  кадрлар  мен  ма-
мандар  санынан  болсын)  көрші  мемлекет-
терден  көп  артта  қалып  қойдық.  Тәуелсіздік 
қарсаңында  Қазақстанда  психология  бойын-
ша  не  факультеті,  не  диссертациялық  кеңес 
ашатын  жеткілікті  ғалымдары  болмады. 
Өзбекстанның, Қырғызстанның ғалымдарына 
кіріптар  болдық.  Қазақстанның  психоло-
гия  ғылымы  көп  жылдар  бойы  лайықты 
көшбасшы  болмауынан  үлкен  зардап  шекті. 
Ғылыми қауым, қалың жұртшылық зиялылық 
пен  психолог  ғалым  тұлғасы  сиыспай-
тын  ұғым  деп  бағалады.  Мұның  бір  себебі 
қазақстандықтардың  кеңес  заманындағы 
Мәскеу  мен  Ленинград  психологтарының 
нашар  қасиеттеріне  еліктеуден  туған  мінез 
белгілері  деуге  болады.  Сынықтан  басқаның 
бәрі  жұғады.  Адамдар  психология  мен  деви-
антологияны  шатастырып  алғанға  ұқсайды. 
Жағдай Қазақстан тәуелсіздік алған соң ғана 
түзеле  бастады.  Болашақта  еліміздегі  психо-
логия  кафедраларында  ғылыми  зерттеулер 
ісі  қалай  жолға  қойылғаны  және  ғылыми-
педагогикалық  кадрлар  қалай  даярланғаны 
жайлы арнайы зерттеулер жүргізілуі  тиіс.
Ғылымтану пайда болғалы бері ол ғылыми 
бірлестіктердің екі түрін зерттеуге баса назар 
аударды:  «ұйым,  мекемелердегі  ғалымдар» 
және  «көрінбейтін  колледждер».  Алғашқысы 
әдетте 
институционалданған 
ғылыми 
қауымдастықтар  болса,  екіншісі  бейресми, 
иерархия  мен  регламентациядан  тыс,  еркін 
байланысқа, ғалымдардың ресми емес комму-
никациясына негізделген құрылым (Д. Бернал, 
Д. Прайс, С. Кроуфорд, Д. Крэйн, Н. Маллин 
және т.б.). Ғылыми  қоғамдастықтың бір типі 
және ғылыми іс -әрекеттер кооперациясының 
ерекше формасы ретінде ғылыми мектеп өте 
маңызды  әлеуметтік  құбылыс  боп  табылады. 
Көптеген  ғылыми  бағыттардың  жетістіктері 
осы  ғылыми  мектептердің  қызметіне  тікелей 
байланысты.  Ғылыми  мектептерді  құру 
тәжірибесі  олардың  келесі  түрлері  барын 
көрсетеді:
1)  Болашақ  зерттеушілерді  қалыптас-
тыруға арналған ғылыми- білім беру мектебі;
2)  Мектеп  көшбасшысы  әзірлеген  зерт-
теу бағдарламасын бірлесіп жүзеге асыратын, 
дамытатын ғалымдар тобы - зерттеуші ұжым;
3)  Белгілі бір дәстүрлерді жалғастыратын 
ғалымдар  тобы  мен  зерттеу  ұжымдарын 
қамтитын ғылымдағы бағыт;
4)  Атақты,  есімі  ғылыми  жұртшылыққа 
танымал  ғалымның  жетекшілігімен  канди-
даттық  немесе  докторлық  диссертациялар 
әзірлеген ғалымдар;
Ғылым  тарихшылары  үшін  күрделі 
проблеманың бірі- ғылыми мектептердің пай-
да болуы мен өмір сүру уақытын дәл анықтау. 
Өйткені, ғылым саласына өзіндік үлес қосқан 
кез  келген  ғалымдар  тобын  ғылыми  мектеп 
деп айта алмаймыз. Тіпті олардың өздері не-
месе апологеттері (жақтас қорғаушылары) со-
лай деп санағанның өзінде де. Сондықтан, ең 
алдымен ғылыми мектептерге тән нышандар-
ды, белгілерді бөліп көрсетуіміз керек.
Ғылымтанушылар  ғылыми  мектептердің 
маңызды  белгілеріне  мыналарды  жатқызады: 
белгілі бір зерттеу бағдарламасы мен ғылыми 
көшбасшысы  бар  ғылыми  ұжымның  бо-

_______________________________________________________________________
150
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
луы;  ғылыми  міндеттерден  бөлек  жаңа  буын 
ғалымдар  даярлауы  (буындар  сабақтастығы 
сақталуы тиіс); ғылыми мектепке тән өзіндік 
жұмыс  стилі,  психологиялық  ахуал,  ортақ 
қызығушылық,  зерттеудің  мәнділігі,  ғылыми 
зерттеулердің  жоғары  деңгейі,  мектеп 
өкілдерінің  тікелей  қарым  -  қатынаста  болу; 
Ғылыми  мектептер  ғылыми  қызметтің  күллі 
функцияларын атқарады. 
Яғни,  білімді  өндіру,  оларды  тарату 
(коммуникация)  және  ғылыми  қоғамдастық 
пен  білімдердің  ұдайы  өндірісі  орын  ала-
ды.  Ғылыми  мектептің  өмір  сүруінде 
зерттеушілер тобының кем дегенде үш буыны 
болуы  тиіс  екен.  Ғылыми  мектептің  негізін 
салушы  көшбасшы  тұлғасы,  эстафетаны 
жалғасыратын ізбасар және оның шәкірттері, 
қазаша  айтсақ,  «ғылымдағы  немерелер». 
Ғылымның  әлеуметтік  табиғатына  назар  ау-
дару  оның  терең  түсінуге  мүмкіндік  береді. 
Ғылымдағы  ішкі  интерналдық  факторлар-
мен  қатар  экстерналдық  факторларды  және 
тұлғалық  -персоналдық  факторларды  ескеру 
оның қалыптасуы мен даму тарихының толық 
көрінісін сипаттауға жол ашады.
Сонымен, отандық психология тарихшы-
ларының теориялық деңгейін көтеру, олардың 
әдіснамалық даярлығын арттыру ісі еш  назар-
дан тыс қалмауы керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет