Список литературы:
1. Краткий психологический словарь.— Ростов-
на-Дону: «ФЕНИКС». Л.А.Карпенко, А.В.Петровский,
М. Г. Ярошевский. 1998.
Источник: http://psychology.academic.ru/
2. Философский
словарь./
Под
ред.
М.М.Розенталя. Изд. 3-е. – М.: Политиздат.,1975.- 496 с.
3. Леонтьев Д.А. Развитие идей самоактуализа-
ции в работах А.Маслоу// Вопросы психологии, № 3,
1987. С. 150-158
4. Большой психологический словарь.— М.:
Прайм-ЕВРОЗНАК. Под ред. Б.Г. Мещерякова, акад. В.П.
Зинченко. 2003.- Источник: http://azps.ru/handbook/s/
samo282.html/
5. Ожегов С.И. Словарь русского языка. – М.,
1986.- 749 с.
6. Выготский Л.С. Детская психология// Собр.
Соч.: в 6 Т. – М.: Педагогика, 1984. – Т.4.-432 с.
7. Философский словарь. М., 1961. –707 с.
8. Роджерс К. Взгляд на психиатрию. Становле-
ние человека. – М.:Прогресс. Универс.1994. – 480 с.
9. Smith M. B. Humanizing social psychology San
Francisco: Josey-Bas, 1974. XIV+289 p.
10. Калмыкова Е.М. «Этнопсихологические осо-
бенности самоактуализации личности студентов». Ав-
тореферат диссертации на соискание ученой степени
кандидата психологических наук, Улан-Удэ, 2008 – Ис-
точник: http://www.scholar.ru
11. Туркова И.В. Самоактуализация личности сту-
дентов в период обучения в медицинском вузе: Дис. На
соискание ученой степени канд. психол. наук по специ-
альности: 19.00.13.: СПб., 2005 - 204 c.
12. Лопатин Е.А. Педагогические аспекты самоак-
туализации студентов в вузе. Автореферат диссертации
на соискание ученой степени кандидата педагогических
наук, Рязань, 2009.- 22 с.
13. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогическом
процессе школы. – Алматы, 1997.
14. Горячева Е.И. Идея самоактуализации в гума-
нистической психологии и ее реализация в педагогиче-
ской практике./дис.на соиск.ст.к.п.н.-М.,1996.
15. Петровский В.А. Личность в психологии: пара-
дигма субъектности. Ростов на/Д: Феникс, 1996. 512 с.
121
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
Торыбаева Ж.З., п. ғ. д., профессор,
Тойбекова Б.А., докторант,
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ -түрік университеті, Түркістан қаласы
ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕ КӨПТІЛДІ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҮЙЕСІ
Білім берудегі инновациялық үрдістер
оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны мен тех-
нологияларына өзгерістер енгізуді қажет
етеді: дәстүрлі оқыту үрдісін оңтайландыру,
білім алушы субъекттердің оқу–танымдық
әрекеттерін жүзеге асыру. Бұл үрдістердің
қазіргі мектепте жалпы білім беруге тікелей
қатысы бар. Көпмәдениетті және көптілді
болғандықтан ұлттық мектеп алдында үлкен
міндет тұр – оқушыларға қазақ тілімен қатар
ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілінен,
әлемдік мәдениетпен байланыс құралы ретінде
ағылшын тілінен білім беру қажет [1]
Қазақстан Республикасы көпұлтты мемле-
кет екенін ескерсек, билингвизм мұнда әр адам
үшін қалыпты жағдай. Осыдан барып риясыз
көптілді тұлғаны қалыптастыру (ана тілі, орыс,
ағылшын тілін еркін меңгерген) мектепте шет
тілін оқытудың сапасына байланысты, өйткені
мұнда баланың тілге икемділігі және әрі қарай
дамуының ірге тасы қаланады [2;3]
Қазіргі психолого – педагогикалық
ғылымда жалпы білім беретін мектептер
жағдайында көптілділіктің қалыптасу негіздері
бойынша кешенді зерттеулер болмағандықтан,
оқушының көптілді болып қалыптасуы негізінен
оқыстан жүзеге асырылады. Осыған орай
қазіргі кезде зерттеудің өзектілігі жалпы білім
беретін мектептер жағдайында көптілді тұлға
қалыптастырудың психолого – педагогикалық
негіздерін шетел тілін үйретудің мазмұны мен
технологияларының коммуникативтік және
лингвомәдени аспектілерін ескере отырып
жасауға байланысты болып отыр.
Шетел тілдері бойынша оқушыларға
арналған
заманауи
бағдарламалар,
оқулықтар және оқу - әдістемелік кешенді
зерттеу оқушыларға концепциялар мен
бағдарламалардың маңыздылығы әртүрлі,
маңызды мәселелер түрліше түсіндіріледі,
сәйкесінше міндеттері әртүрлі анықталады,
мәселен, оқушылардың коммуникативтік және
лингвомәдени біліктіліктерінің қалыптасуына
жеткілікті деңгейде назар аударылмаған.
Ғылыми
-
әдістемелік
деңгейде
мәселенің өзектілігі оқушыларды көптілді
тұлға етіп қалыптастыру жүйесін жасаудың
қажеттілігімен байланысты болғандықтан,
алдын ала принциптерін, ұйымдастыру
педагогикалық шарттарын, оқу - әдістемелік
қамтамасыз
етілуі
қарастырылады.
Жоғарыдағы аталғандар арнайы зерттеу
жүргізуге жағдай жасады; оның мақсаты жал-
пы білім беретін мектеп жағдайында көптілді
тұлғаны қалыптастырудың жүйесін, теориялық
- әдістемелік негіздемесін жасау, сонымен қатар
оны эксперименттік сынақтан өткізу және мек-
теп тәжірибесіне ендіру.
Зерттеудің теориялық - әдістемелік негізін
концептуалды ережелер мен адам мәдениетінің
барлық
түрлерінің
бір-бірімен
тығыз
байланыстылығы құрайды, тұлға-әрекет етуші
субъект, оның әлеуметік және шығармашылығы
шетел тіліне әлеуметтік мәдени ортасы-
на оның лингвомәдени шарттылықтарының
қалыптастыру жағдайы.
Көптілді тұлғаның қалыптасуы өз тілін
жетік меңгеру, басқа тілді оқып –үйреніп, тілді
қолданушы халықтың мәдениетіне жақындау,
басқа ұлттың мәдениетінің менталитетіне,
басқа ұлттың ұлттық мәдениеті нормасы мен
құндылықтарына жақын араласу үрдісінде
көптілді тұлға қалыптасады.[4]. Екінші
және үшінші тілді үйрену барысында тілдік
тұлғаны қайта әлеуметтендіру оны индивидтің
әлеуметтік білімді меңгеруі, оған туыстас емес,
бірақ өзіне жақын және түсінікті болған басқа
мәдениеттің нормалары мен құндылықтарын
меңгеру жүзеге асырылады [5]
Көптілді тұлға дегенде зерттеушілердің
ұғымы бойынша өз тілін және өзге тілді
жетік меңгерген тұлға және сонымен қатар
төмендегілерді меңгерген адам туралы айтыла-
ды:
тілдік – үйренген тілін деңгейлері бой-
ынша білуі: фонетика, лексика, морфология,
сөзжасам, синтаксис, мәтін стилінің негіздері.
сөздік – тілдік құралдарды жетік меңгере,
пайдалана отырып, айтайын деген ойын
жеткізе білу;
коммуникативтік
–
қарым-қатынас
жағдайына, ортасына, мақсатына қарай
үйреніп жүрген тілді пайдалана білу;
лингвомәдение - пайдаланушы халықтың
_______________________________________________________________________
122
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
тарихын, мәдениетін, менталитетін түсіне
алатындай – оқушылардың білімі, біліктілігі,
дағдыларының болуы, сонымен қатар олардың
дәстүр – салттарына, өмір сүру салт – санасына
тең дәрежеде қарау [6;7]
Оқушының
көптілді
тұлға
болып
қалыптасуы лингвистика ғылымының негізгі
ережелеріне, яғни оның ашқан құрылымындағы
заңдылықтарына, тілдік семантикасына, оның
дамуы мен қызметіне сүйенеді. Тілді қарым
– қатынас құралы деп танытқан, адамның
тілдік қабілетін көрсететін, тілдік мәселелерді
қарастыратын, ана тілі мен орыс тілі арасындағы
айырмашылықтарды ажыратып беретін, тілдің
әлеуметтік мәселелерін қарастыратын негізгі
ережелері шет тілін үйренудің негізі болып та-
былады.
Көптілді
тұлғаны
қалыптастырудың
жүйесі келесі негізгі идеяларға негізделеді:
оқушының көптілді тұлға болып қалыптасу
үрдісі жаңа ғылыми – теориялық әдістемелік
жетістіктерге психолого–педагогикалық және
әдістемелік деңгейлерге тұлғаға бағытталған
педагогика оқытудың әрекет ету – дамыту
жүйесіне, тілдік тұлғаны әлеуметтендірудің
негізі ретінде негізделеді.
Бұл
жүйенің
негізін
құрайтын
заңдылықтардың мәні шетел тілін үйрену
үрдісінде төмендегі факторлармен көрініс таба-
тын оқушыны көптілді етіп қалыптастырудың
пайдалы жақтарында болып тұр:
- шетел тілінен тұлғаға шығармашылық
әрекетінде өз бетінше даму мен ішкі
белсенділігі негізінде өзін-өзі жасау ретінде
қарастырылатын бағытталған білім беру;
- жасөспірімдердің оқу әрекетінің барлық
кезеңдерінде (ынталандыру, оқушылардың ал-
дына қойған оқу жөніндегі мәселені шешуі,
түзетулер, үй жұмысына арналған тапсырманы
таңдау)
көптілді тұлғаны шығармашылық жағынан
дамуға жағдай жасайтындай әрекет етуді
ұйымдастыру.
Кез келген білім беру үрдісіне тән
оқытудың жалпы заңдылықтарынан басқа
оқытудың жекелеген аспектілеріне және әрбір
пәнге қатысты, оның ішінде шет тілін оқытуға
қатысты жекелеген заңдылықтар мен принцип-
тер бар. Қазіргі лингвистиканың ережелеріне
сүйене отырып: тіл мен сөздің, тілдік және
сөздік жүйенің тілге таңбалар жүйесіне де-
ген және сөйлеу әрекетінің ара жігін ажырату,
тілдің мағыналық жағына қызығушылық таны-
ту арқылы біз жасөспірім оқушыны көптілді
тұлға ретінде қалыптастыруда шетел тілін
үйрету барысында көп пайда келтіретін келесі
заңдылықтарды анықтаймыз:
- ана тіліне сүйену: орыс және шетел
тілдерін меңгеруде ана тілінің дұрыс немесе
кері әсерін білу (олардың ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын білу);
- тілді «тіл» таңбалар жүйесі, объективті
шындықтың дыбысталу моделі, сөз неме-
се сөйлеу қабілеті, мәдениаралық қарым –
қатынас үрдісінде пайдаланылатын құралдар
жиынтығы деген ұғымға сәйкес үйрету.
Тілдік бірлік ретінде көрсетілетін сөздер
адам үшін тек оның санасында лексикалық
және грамматикалық мәні, сонымен қатар
сол бірліктерге сәйкес келетін тілдік емес
құбылыстар қабылданғанда меңгеріледі;
- тілдік
және
қарым
қатынасқа
қабілеттіліктер лексикалық, фразеологиялық
және мәтіндік бірліктердің мәнерлік және
мәдени коннотацияны сезіну қабілеті арқылы
пайда болады.
- көптілді тұлға – тілдік, лингвистикалық,
коммуникативтік
және
лингвомәдени
біліктілігі
қалыптасқанда
жаратылысқа
жақындап тақырыптық оқу – сөйлеуге қатысты
жағдайларды туындату арқылы тілдік әрекетін
білікті түрде ұйымдастыра білетін тұлға.
Шетел тілін үйрету үрдісі тілдің барлық
деңгейінің шын мәнінде кездесетін ішкі
өзара қарым – қатынасында жүзеге асырыла-
ды: фонетикалық, лексикалық, сөзжасамдық
және грамматикалық (морфологиялық және
синтаксистік). Барлық деңгейдегі тілдік
құралдардың бірлігі оның негізгі қасиеті бо-
лып танылатын коммуникативтік қызметінен
көрінеді.
Біз шетел тілін үйретуде ең алдымен
оның төмендегі жобамен іске асырылатын
коммуникатвитік қызметін ескеруіміз қажет,
комуникативтік ниет (қажеттілік)- ойлау
(қарым – қатынас заты) – қарым – қатынас
құралы (грамматикалық және лексикалық). Бұл
схеманың негізгі қасиеті сөйлету, оқушыларға
арнайы құралдардың көмегімен өз сезімін,
толғаныстарын,
ой–пікірлерін
жеткізуге
көмектеседі; сонымен қатар қызметтік жағын
ескереді, оның тілдегі қолданысын, тілдік
мағынасы мен әлем туралы ұғымын санасында
елес арқылы ұғынып, пайымдауларымен, тео-
риялармен тең көрініс табады.
Мәдениет аралық қарым-қатынастың
123
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
белсенді қатысушысы бола алатын көптілді
тұлғаны тәрбиелеу шетел тілін үйретудің
стратегиялық
мақсаты
болғандықтан,
бұл оқушыларға әлемнің тілдік бейнесін
– концепттер мен олардың атауларын,
лингвомәдени бірліктерді меңгеру арқылы
жасау; ұлттық мәдениетке қанық сөздер (ба-
ламасыз, фондық және конотативтік сөздік
қоры) фразеологизмдерді, коммуникативтік
сөздер (сәлемдесу, құттықтау, танысу т.б.),
мәдениеттану мәтіндері.
Психологияда полилингвизм әр тілдегі
тілдік механизмдердің өзара әсерінің ерекше
көрініс табуы ретінде түсіндіріледі. [8] .
Зерттеудің негізгі үш компоненті - үш
тілдің кодтарын пайдаланып өз ойын жеткізу
кезіндегі оқушыларды кездесетін психикалық
үрдіс ерекшеліктерінің байқалуы болып табы-
лады. (С.Н. Циткин, Ф.Ф. Харшов, Ч.М. Хар-
шова).
Бұл заттың логикалық тұрғыдағы әрекеті
айтылатын ойдың затын пәнін анықтау, оның
ана тілдегі логикалық жүйесін анықтау. Келесі
кезең тілдік әрекеттің жалпы механизмдерінің
көрініс табуы, айтылатын ойдың іштей формаға
келтірілуі екенін оқушылар тілдік қарым –
қатынас негізінде біледі [9]
Екіншіден тілді тану үрдісі оқушы үшін
тілдік компоненттерден тұратын әрекет.
Жалпы білім беретін мектепте ше-
тел тілін оқытудың басты принципі ретінде
коммуникативті принцип ерекше орын алады;
оның басты мақсаты оқушыларға ағылшын
сөздерін іс жүзінде қолдана білу дағдыларын
сіңіру, тілдік қарым – қатынас дағдыларын –
шет тілде сөйлей білу дағдыларын сіңіру [11].
Жүргізілген зерттеулер нәтижелері көрсе-
тіп отырғандай, шетел тілінен сабақтардың
коммуникативтік бағыттылығы ұсынылады:
1) оқушылардың
ағылшын
тілінде
сөйлеуге деген құлшынысын арттыратындай
жағдай жасау;
2) әр деңгейдегі тілдік элементтерді
кешенді түрде меңгеру, өйткені кез келген нақты
сөйлемде оқушылар лексико – семантикалық,
фонетикалық, фонологиялық, синтаксистік
фактілермен кездесетіні сөзсіз;
3) есту, сөйлеу, оқу және жазу әрекеттерін
кешенді түрде орындай білу.
Шетел тілінен сабақ берудің мазмұны, оның
ұйымдастырылуы мен өткізілуі оқушылармен
жүргізілген оқу – тәрбие жұмыстарының
әсерін анықтайды.
Қазіргі таңда шетел тілінен берілетін
сабақтарды жандандыруға көп мүмкіндіктер
берілген. Ең бастысы оқыту тәсілдері және
тілді меңгеруге қажетті шет тілін танудың ра-
ционалды әдістері.
Кез келген тілді меңгеру әр оқушының
өзінің тікелей белсенділігіне байланысты.
Оқушылардың тілге деген қызығушылығы
болмаса, оны пайдалануға қажеттіліктер жоқ
болса, мұғалім үшін де, оқушы үшін де үлкен
қиындықтар пайда болады [12]. Қажеттілік тек
қана сол тілде сабақ өткенде тілді меңгеруге деген
амалсыздық жағдай туындағанда ғана олардың
сабаққа деген ынталарын арттырып, сабақтан
тыс мезгілде де оның қажеттілігін түсіндіруге
болады. Пәнге деген қызығушылықты арттыру,
тілді меңгеруге деген құштарлықты ояту – сол
пәнді кім оқытқанына және қалай оқытқанына,
қандай технологияларды пайдаланғанына көп
байланысты [13].
Тілді меңгеру негізінен сабақ барысында
жүзеге асырылады. Шетел тілінен берілетін
заманауи сабақ - күрделі білім беру үрдісі.
Оған дайындалу мен оны өткізу мұғалімнің
көп еңбектенуін талап етеді. Біріншіден: сабақ
барысында оқушылар тілді меңгеруде алған
білімдерін толықтырып отырулары қажет.
Ол оқушының жаңа сөздерді түсінуі мен оны
формаларға салуынан көрінеді.
Тілдік механизм мәселесі ғылыми тұрғыдан
түсіндіріледі (Н.И. Жинкин, И.А. Зимкин т.б.).
Зерттеудің маңыздылығына қарамай ғылыми
жұмыстарды тілдік операциялардың реті
әртүрлі көлемде көрсетілмейді. Сөйлемнің пай-
да болу механизмдері толығырақ М.Р. Львовтің
және Е.С. Кубрякованың жұмыстарында
көрсетілген, мұнда ынталандыру, ой тастау,
ауызша немесе басқаша да кезеңдері ерекше
көрсетілген.
Мұғалімнің ұйымдастырушылық ептілігі-
нің мәні сабақтың құрылымын дұрыс жасай
білуде: мақсаты, мерзімі, өтетін орны, белгілі
бір оқыту мәселесін шешуі сияқты оның
компоненттерін сақтай білуде (Л.С. Выгот-
ский).
Оқушылардың байыпты оқу жұмысы
қызығушылықты
оятатын
танымдық
белсенділік ретінде қарастырылады, мұнда
оқудың міндеттерін оқушылар өзі анықтайды,
оқушылардың шығармашылық жұмысына
көп көңіл бөлінеді, өзін - өзі тексеруге және
жоғары нәтиже көрсетуге ерекше мән беріледі.
Сабақтың құрылымын осының барлығын еске-
_______________________________________________________________________
124
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
ре жасаса ол нағыз әрекект деп бағаланады [10].
Біз зерттеуімізде көптілді тұлғаны
қалыптастырудың негізгі түрлеріне негіздеме
жасаймыз: көптілді тұлғаны қалыптастырудың
мәселелерін шешу – ол әдістемелік жүйе
деп қарастырылады, көптілді тұлғаны
қалыптастырудың сапасы: оқушыларды тілдік
және лингвистикалық, коммуникативтік және
лингвомәдени біліктілікпен қатар, көптілді
тұлғаның шетел тілі сабақтарында оқу – сөйлеу
сәттерін шебер ұйымдастыруы мәдениеттану
диалогінде қарым-қатынас дағдыларын сіңіру.
Аталған тірек нысандар шетел тілін
оқытудың жалпыдидактикалық (ғылыми,
қолжетімді, жүйелі, ретті, жоспарлы, са-
палы, белсенді, көрнекілік, ұжымдық),
лингвистикалық (қызметтік - мағыналық)
және әдістемелік принциптер (практикалық
бағытталған, ана тілін ескере отырып,
коммуникативтік, функционалдық, когнитивтік
және лингвомәдени).
Біз зерттеуде дамыта оқыту принципіне
көбірек мән береміз, ол баланың жалпы дамуы-
на және көптілді тұлға ретінде дамуына жағдай
жасайды, атап айтсақ қызметтік – мағыналық
принципі тілдік құралдарды сана – сезімді да-
мыту деңгейімен меңгеріле қарастырылады.
Бұл принципті жүзеге асыра отырып тіл үйрету
біріншіден тіл мен сөздің кез келген бірліктері
құрылымның кез келген лингвистикалық ка-
тегориясы өзі тілін үйреніп жүрген елдің
мәдениеті мен әдебиетін, сазы мен тарихын,
яғни ұлттық мәдениеті мен ұлттық психология-
сын меңгеруі тиіс.
Оқушының көзімен қарағанда мұғалім өзі
оқытатын шетел тілін жетік меңгеруші болып
саналады. Оқушы шетел тілінен сабақ беретін
мұғалімді тіл жағынан жоғары білімді, шетел
мәдениетімен жете таныс және ана тілінде
өте қызықты әңгімелесуші ретінде түсінеді.
Мұғалім оқушыларды өзі сабақ беретін шетел
тілінің тарихымен, сол елдің мәдениетімен,
атақты
адамдарымен,
жазушыларымен,
суретшілерімен таныстырады, олардың салт-
дәстүрлерімен, мәдениет ескерткіштерімен
таныстырады. Бұл қадам оқушылардың шетел
тілін білуге деген ынтасын арттыра түседі, оны
меңгеруге жағдай жасайды, осыған лайықты
көңіл-күй қалыптастырады, олардың неғұрлым
алға жылжуларына жағдай жасайды. [14].
Кезекті сабаққа дайындық барысында
мұғалім қажетті құралдарды алдын – ала дай-
ындап, белгілі бір әдістемелік мәселені шешу-
ге оқыту құралдарының қайсы бірін пайдала-
натын болса сабақ сапалы болатынын ескере
отырып дайындағаны дұрыс.
Сонымен
қатар,
сабақта
бірқатар
дидактикалық мәселелерді шешуге ақпараттық
«Интернет» желісін әдістемелік тұрғыдан
дұрыс пайдаланудың маңызы ерекше; сөздік
қорын байыту; шетелше әрекет етуге тұрақты
түрде ынталандырып отыру.
Көптілді тұлғаны қалыптастыру үрдісі
әртүрлі мәдениет өкілдері жасаған өнер ту-
ындыларын пайдалана отырып жүзеге асы-
рылса, сапасы жоғары болады. Поэзия, фоль-
клор, саздық шығармалар, көркем әдебиет
пен кнематографтың, аударманың тәрбиелік
мүмкіндіктері жоғары болғандықтан, оқу-
шылардың адамгершілік, эстетикалық құбылыс-
тарға бөлекше көзқарасын қалыптастырады,
ол қоғамдық құндылықтарды, идеяларды,
принциптері, идеалдарды түсінуге, бағалауға
жағдай жасайды.
Жалпы мектепте көптілді тұлғаны
қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыруды
оқушылардың интелектуалық, адамгершілік,
эстетикалық жетілуін қамтамасыз ете оты-
рып, өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі тәрбиелеуге
қажеттілік, қабілет қалыптастыратын тұлғаны
бағыттап оқытудың бір саласы ретінде
қарастырылуы қажет.
Біздің
эксперименттік
–тәжірибе
жұмысымыздың мақсаты зерттеудің жұмыс
жасау гипотезасын анықтау болатын. Оның
дәлелділігін, дұрыстығын көрсету үшін,
бақылау және қалыптастыру эксперименттерін
жүргізу барысында дәлелденуге тиіс нәрселер:
а)
эксперименттік
және
бақылау
топтарындағы оқушылардың көптілді тұлға бо-
лып қалыптасу біліктілігі деңгейлерінің белгілі
дәрежедегі айырмашылықтары;
б) бақылау топтарында көптілді тұлғаны
қалыптастыруда
айтарлықтай
өзгерістер
байқалуы тиіс.
Мектеп оқушыларынан көптілді тұлғаны
қалыптастырудың
біліктілігін,
деңгейін
анықтау үшін арнайы әдістер қолданылды:
коммуникативтік біліктілігінің қалыптасу
деңгейін байқау мақсатында ситуативтік –
ойластырылған қарым-қатынас; мәдениаралық
байланыс ретіндегі қарым – қатынас,
лингвомәдени біліктілігін байқау мақсатында
өзара байланысты тілдік элементтерге
педагогикалық іс-тәжірибе жұмыстарының
басында
және
аяғында
жүргізілген
125
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
педагогикалық тексерулердің нәтижелерін са-
лыстыра – салғастыра тексеру эксперименті
топтарындағы оқушылардан көптілді тұлғаның
біліктілігін қалыптастыру деңгейлерінде елеулі
оң өзгерістер болғанын мысалға келтіруге бо-
лады.
Жоғары деңгейде қалыптасқан оқушылар
саны бұрынғымен салыстырғанда екі есе
жоғары көрсеткішке ие болды -11,2% дан 24,5
% ға дейін жоғары, өсу динамикасы сондай
– ақ орта деңгейге қатысты да белгіленген
(бастапқы көрсеткіш 27,4% , қорытынды 56
%). Көптілділікті төмен меңгерген оқушылар
саны күрт төмендеді (53,2% дан 19,4 % дейін),
бұл көрсеткіш бойынша ең төмен деңгей деген
көрсетілмеген, бұл дегеніміз біз жасаған сапа
көрсеткіші болып табылады.
Осы орайда айта кететін мәселе ерек-
ше өзгеріске ұшырағандар көптілді тұлғаның
мотивациялық – құндылық және әрекет
компоненттерінен көрінеді, олардың бастапқы
көрсеткіші өте төмен болатын. Біз жасаған
жүйе бойынша оқушыларға шетел тілін үйрету
қарастырылған мәселені толығымен шешуге
мүмкіндік береді.
ПТҚ
компоненттері,
критерийлер мен
деңгейлері
Бастапқы
Қорытынды
БТ
ЭТ
БТ
ЭТ
Жоғары
10,9
11,2
18,1
24,5
Жеткілікті
29,7
27,4
32,5
56,1
Орташа
51,9
53,2
43,4
19,4
Төмен
7,5
8,2
6
-
Шетел тілін оқыту дәстүрлі әдіспен
жүргізілген бақылау сыныптарында көптілділік
бойынша біліктілікке мән берілмегендіктен,
олардың қалыптасу көрсеткіштері өзгеріссіз
қалып қойды, орта және төмен деңгей
сақталып қалды. Жалпы білім беретін мектеп
жағдайында көптілді тұлғаны қалыптастыру
үрдісін жетілдіру мақсатында жүргізілген
педагогикалық–тәжірибе жұмысын тексе-
ру нәтижелері төмендегіше қорытындыға
келуге мүмкіндіктер береді: алға қойылған
мәселе зерттеу барысында шешілді; гипоте-
зада алға қойылғандай жағымды жауап алын-
да. Сондықтан біз жасаған жүйені пайдала-
на отырып, жоғары деңгейге қол жеткізуге
бағытталған педагогикалық жұмыстың оңтай-
лығы мен нәтижелілігін анықтауға болады.
Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде біз
төмендегі қорытындыға келдік:
1. Көптілді тұлғаны қалыптастыру моделі
дегеніміз ана тілін және оның мәдениетін иге-
ру, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру,
ол тілдерде сөйлейтін халықтың мәдениетімен
тығыз байланыста меңгеріледі; ана тілін,
_______________________________________________________________________
126
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
орыс және ағылшын тілдерінің фонетикалық,
лексикалық және грамматикалық деңгейлерін
меңгеру.
2. Көптілді тұлға тұлғалық бағытталған,
әрекетшіл, коммуникатвиті, лингвомәдени
қатынаста қалыптасады.
3. Көптілді тұлғаның қалыптасу сапасы
ұйымдастыру –педагогикалық жағдайларына
байланысты болады, олар: коммуникативті
лингвомәдени бағдарды ескере отырып,
бағдарламаның оқу - әдістемелік қамтамасыз
етілуі және оны жүзеге асыру; білім беру үрдісі
субъектілерінің орыс тілі мен ағылшын тілін
оқыту үрдісінде оқыту құралдарын, оқу форма-
сын, әдіс – тәсілдерін шебер пайдалану арқылы
коммуникативтік мәдени потенциалын көтеру;
оқушылардың көптілді тұлға болып қалыптасу
деңгейін кешенді тексеруден өткізу.
Әдебиеттер:
1. Жетписбаева Б.А. Көптілді білім беру: тео-
риясы мен әдістемесі, – Алматы: Білім, 2008.-343б.
2. Даулетбаева Р.Г. Қазіргі бастауыш сынып
оқушыларнан көптілді тұлға қалыпастыру. – Уфа,
2008.-128б.
3. Хрусталева О.Н. Көптілді білім беру
жағдайында оқушыны тілдік тұлға ретінде
қалыптастыру -Қазан, 2002.-175б.
4. Гальскова Н.Д. Шетел тілін үйретудің тео-
риясы мен әдістемесі. Бастауыш мектеп: әдістемелік
нұсқау –М. Айрис, 2004.-240б.
5. Милованова Л.А. Шетел тіліне кәсіби
бағытталған оқыту// Мектептегі шетел тілдері.
–2007. - №8. -С. 8-13.
6. Мильруд Р.П. Тілді үйренудегі құзіреттілік//
Мектептегі шетел тілдері. 2004.- №7—С. 30-36.
7. Шатилов С.Ф. Орта мектепте неміс тілін
оқыту әдістемесі// оқу құралы .- М: Просвещение,
1986.-223б.
8. Леонтьев А.А. Тілді меңгеру үрдісінің
алғашқы кезеңіндегі кейбір психолингвистикалық
тұстары. М., 1976.
9. Ю.Н. Караулов. Тіл және тұлға. М., 1989.
–С.3-8.
10. Леонтьев М.Р. Жалпы білім беретін меке-
мелерде шетел тілдерін үйрену туралы. –М., 2000.
11. Пассов Е.И. Шетел тілінде сөйлеудің
коммуникатвтік әдісі. –М.,1991.
12. Ельчиева с.Н. Болашақ маманды дайын-
дауда шетел тілінің тәрбиелік қызметі // Оңтүстік
Қазақстан ғылымы мен білімі. 2004.- № 1. С.29-31.
13. Нышанова С.Т. Ағылшын тілінен кәсіби
мамандарды педагогикалық дайындауда жаңа тех-
нологияны пайдалану. Түркістан, 2008. -24б.
14. Заикина Н.В. Шетел тілін оқуға деген
қызығушылықты арттыру// Қазақстан мектебі.
2007. - № 3.-С.40-43.
127
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
Достарыңызбен бөлісу: |