Резюме. В данной статье проводится социально-политический анализ становления и развития суверенитета в Ре-
спублике Казахстан. Авторы статьи показывают основополагающую роль первого Президента Республики Казахстан-
Н.А. Назарбаева в укреплении независимости нашего государства. А также отмечают место и роль пяти институциональ-
ных реформ в дальнейшем совершенствовании государственных основ.
Resume. In this article the socio-political analysis of the formation and development of the sovereignty of the Republic
of Kazakhstan was made. The authors show the fundamental role of the first President of the Republic of Kazakhstan- N.A.
Nazarbayev in the strengthening of the independence of our state. Also they note the place and role of five institutional reforms in
further modernization of the basis of the state.
Түйін. Бұл мақалада Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің қалыптасуы мен дамуына әлеуметтік-саяси тал-
дау жасалған. Мақала авторлары мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасының тұнғыш
Президенті Н.А. Назарбаевтің ерекше қызметіне тоқталған. Сонымен қатар мемлекетіміздің одан әрі қарай жетілуіндегі
бес институционалдық реформалардың рөлі мен орнын ерекше көрсеткен.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ащеулов А.Т., Караев А.А. Конституционное право Республики Казахстан. Учебно-методическое пособие. – Ал-
маты: Изд. дом «КазГЮУ», 2010. – 254 с.
2. Крутоголов М.А. Президент Французской Республики: Правовое положение. – М.: Прогресс, 2008. – 410 с.
3. Малиновский В.А. ЛИДЕР: президентская власть в Казахстане на рубеже эпох. –Монография. – Астана: Изда-
тельство «НормаК», 2012. – 528 с.
4. https://www.interfax.kz.
Аюпова З.К.,
з.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры,
Құсайынов Д.Ө.,
ф.ғ.д., Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры
9
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ РЕКТОРЫ
ЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВ
ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов 2015 жылдың 15 сәуірінде Санкт-Петербург қаласында
өткен Университеттердің еуразиялық ассоциациясының ХІІІ сьезінде Университеттердің
еуразиялық ассоциациясының вице-президенті болып сайланды.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының Университеттердің
еуразиялық қауымдастығының вице-президенті болып сайлануы – ЕҰУ-дің халықаралық
деңгейдегі рөлі жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Еуразиялық университеттер қауымдастығы 1992 жылы алғаш рет 25 жоғары оқу орнының
басын біріктірсе, қазір бұл 128-ге жетіп отыр. Олардың қатарында Ресей, Әзірбайжан, Ар-
мения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Латвия, Украина, Түркіменстан, Тәжікстан және тағы
басқа елдердің оқу орындары бар. Қауымдастық президенті М.Ломоносов атындағы Мәскеу
мемлекеттік университетінің ректоры, Ресей Ғылым академиясының вице-президенті Вик-
тор Антонович Садовничий.
Жасыратыны жоқ, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1994
жылы наурызда М.Ломоносов атындағы Мәс-кеу мемлекеттік университетін¬де ұсынған
Еуразиялық одақ құру туралы бастаманың 20 жылдығынан кейін өтіп отырған бұл съездің
символдық мәні бар. Өйткені, бұл басқосу Қазақстан Президентінің идеясының жүзеге
асуының нақты көрінісі.
Білім мен ғылым қай мемлекет үшін де ортақ, Санкт-Петербордағы жиынға бірінші про-
ректор Жәмила Нұрманбетова қатысуда. Өйткені алдағы уақытта универси¬тет¬тер арасын-
да білім мазмұнын жетілдіру, оқу стандарттарын жасау, сапаны арттыру мәселелері осындай
алқалы жиындарда шешіледі.
Еуразия ұлттық университеті алғаш рет QS WUR рейтингісіне 2009 жылы қатысып,
«500+» тобына кірген болатын. Бір жылды артқа тастап, 2010 жылы ЖОО үздік «451-500 то-
бына» табан тіреді, ал 2011 жылы «401-450» қатарынан көрінді, 2011 жылмен салыстырғанда
білім ордасы 69 ЖОО-ның алдын орап, әлемнің 400 үздік университеттері қатарынан көрінді.
_______________________________________________________________________
10
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
Ерлан Бәтташұлы басшылық еткен жылдардан бері де университет бірнеше биік белестер мен
асқар асуларды бағындырды. Айта кетсек, 2012 жылы «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын»
аталымындағы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атанса, 2012 жылы
ЕҰУ QS World University Rankings рейтингісінің қорытындысы бойынша 369-шы орынды
иеленіп, үздік 400 ЖОО тізіміне ілікті. 2013 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті алдыңғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 66 сатыға көтеріліп, әлемнің
кеңінен танылған университеттер тізімі ішінен 303-сатыдан көрінді.
10 қыркүйекте 2013-2014 жылғы QS World University Rankings университеттердің
әлемдік рейтингісі бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті алдыңғы
жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 66 сатыға көтеріліп, әлемнің кеңінен танылған уни-
верситеттер тізімі ішінен 303-ші сатыдан көрінді. Мұндай жоғары дәрежедегі халықаралық
мойындау университеттегі білім беру сапасының жоғары екендігін, сондай-ақ, әлемдік білім
беру кеңістігінің жоғары стандартына сәкес екендігін дәлелдей түспек.
Бүгінде университет құрамында жаратылыстану-техникалық және әлеуметтік-гума-
нитарлық бағытта ғылыми зерттеу жүргізілетін 28 ғылыми бөлімше жүзеге асырылуда.
Ғылыми-зерттеу жұмыстың басты бағыты – іргелі ғылым, Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басым бағыттары мәселелерін шешу болып табыла-
ды. Университеттің халықаралық қатынасы мен білім беру сапасы, ғылымы мен әлеуметтік-
мәдени өмірі халықаралық деңгейде мойындалуы – Е.Б.Сыдықовтың маңдай тері мен ерен
еңбегі деп айтуға толық негіз бар.
Біз де Ерлан Бәтташұлын Университеттердің еуразиялық ассоциациясының вице-
президенті болып сайлануымен құттықтай отырып, биік мақсаттар мен айқын нәтиже және
кемел табыс тілейміз!
Гүлжазира ҚҰДАЙБЕРГЕНҚЫЗЫ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
11
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
УНИВЕРСИТЕТТІҢ
ҰСТАНЫМЫ БИІК,
МАҚСАТЫ АЙҚЫН
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті нің ректоры,
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі,
тарих ғылымдарының докторы, профессор
Ерлан СЫДЫҚОВ
- Сіз басқарғалы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті табысты бо-
луда. Оқу орны мәртебелі марапат – Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа»
сыйлығына ие болды. Сондай-ақ, жақында білім беруді бағалау саласындағы көшбасшы
Quacquarelli Symonds (QS) халықаралық компаниясы QS Top 50 Under 50 рейтингісі бойынша
32-ші орынға табан тіреді. Бұл мәртебеге университет ұжымы қалай қол жеткізгенінің сырын
ашсаңыз.
- Елбасының ықпалымен 1996 жылы іргетасы қаланған білім шаңырағы бүгінде егемен
еліміздің жас астанасымен бірге жасасып келеді. Бұл оқу орны аз уақыттың ішінде Еуразия
идеясының арманнан ақиқатқа айналғанын ғылым-білім тұрғысынан дәлелдей алды. Бүгінгі білім
алушы және ғылыммен шұғылданушы жастарымыз осыны терең түсініп, елшіл маман болуға
жұмылып отыр. Олар алдыңғы буынның білімін сақтап әрі молайта отырып, республикамыздағы
ғылыми серпілісті жақсы түсінеді. Елбасының сенімі, Елордалық мәртебе және сол сенім мен
мәртебеге лайық жауапкершілік біздің қызметіміздің салмағын ауырлата түседі. 2003 жылдың 9
сәуірінде университеттің оқу-зертханалық ғимаратының ашылу сәтінде Елбасы Нұрсұлтан На-
зарбаев: «Элиталық университет болу үшін Еуразиялық университет барлық қажетті талаптарға
жауап береді. Қазақстан жоғары оқу орындарының бәрінде Еуразия университетіндегідей оқу
базасы жоқ екенін сеніммен айта аламын, ТМД елдерінде де осы университет тәрізділерді сирек
көріп жүрмін. Л.Н. Гумилев атындағы университет ең жоғары сапалы кәсіби маман даярлайты-
нына үміттенемін және сенемін», - деген болатын. Президентіміздің осы сөзін басшылыққа алған
оқу ордасының ұжымы қазір жүйелі жұмыс жасап, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп келеді.
Бүгінде қасиетті қара шаңырақта білім алушылар саны жыл сайын артып келеді. Бұл
студенттердің білікті маман болып қалыптасуы үшін еңбек ететін ұжымның жемісі деп білемін.
Жалпы, қазір білім шаңырағында елімізге танымал тұлғалар, ғылым, білім саласындағы
мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, педагогикалық және ғылыми қызметте тәжірибесі мол
атақты ғалымдар, академиктер, ғылым докторлары мен кандидаттары, профессорлар мен доцент-
тер, PhD докторлар мен оқытушылар қызмет етеді. Әлгінде өзіңіз атап өткен мәртебелі марапат-
тар университеттегі ұжымның қызметтегі жетістігі мен оқу орнында инновациялық зерттеулерді
дамытуға ерекше үлес қосқаны үшін берілді деп есептеймін. Елбасының ғылым мен білім беру
жүйесіне қатысты қойған талабы аса биік. Біздің университеттің биік мақсат жолында белгілі бір
бағытпен жұмыс жасауы басшылықтың сенімінен шыға білді деп ойлаймын.
_______________________________________________________________________
12
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
- Ғалымдарымыз «ғылыми әлемде мәдениеттің оқшау типі ретіндегі еуразиялық өркениет
феномені әлі толық зерттеле қоймаған, оны терең талдап, теориялық тұрғыда дәлелдеу
қажет» деген пікір айтуда. Сіз қалай ойлайсыз?
- Өте орынды сұрақ. Еуразиялық идеясы теория ретінде өткен ғасырда туғанымен, ол осы
ғасырда жүзеге асуда. Сондықтан да ол ХХІ ғасырдың басты идеяларының бірі ретінде танылуда.
Ал еуразияшылдықтың негізгі тезисін Л.Н. Гумилев: «...біздер өзімізге достар іздеуіміз керек, ол
өмірдің басты құндылығы», - деп түсінген. Бұл тұрғыдан алғанда, Ұлт көшбасшысы, Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев бастаған Астана еуразиялық жасампаздықтың,
толеранттықтың, демократияшылдықтың, меймандос еуразияшылдықтың орталығына айналды.
Сонау замандарда өмір сүрген Ұлы көшпенділердің ұрпақтары - бүгінгі қазақстандықтар
Елбасы айқындаған жедел жаңару, әлемдік қауымдастықтан бастамашыл легінде жүру –
қоғамымыздың басым бағыты деп түсінеді. Бұл сөзге дәлел ретінде қазақстандық барлық ме-
кеме, кәсіпорын, шаруашылық, оқу орны жедел жаңарудың субъектісі, әрі объектісі екендігін
еске алса да жеткілікті. Елбасы негізін қалаған Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ да бұл жолдағы
жауапкершілігін, әсіресе еуразиялық миссиясын жақсы сезінеді. Н.Ә. Назарбаев біздің
университетімізде сөйлеген «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономи-
касына» деген баяндамасында:«Еуразиялық идеясының Қазақстанның бастамасы бойынша іске
асырылған үш киті – бұлар ЕурАзЭҚ, АӨСШК және ШЫҰ. Бұл – бір ғана айтып жеткізгісіз
Орталықтың, біртұтас Еуразиялық идеяның іс жүзіндегі үш түрлі көрінісі. Сондықтан да
Еуразияның рухани ел ордасы, жүрегі Астана, ал осынау жүректің ең қымбат өзегі – Астанадағы
біздің Еуразия университеті бола алады», - деген сөздері университет ұжымын биік белестерге
көтерді.
Университетте жаңа заманға лайық білім беру, ғылымды салаландыру және Прези-
дент көтерген Еуразия идеясын дамытуда көптеген игі іс-шаралар атқарылды. Ал мемлекет
басшысының: «Қазақстан бүгін Еуропа мен Азия арасындағы коммуникациялар легінің түйіскен
тұсында тұр. Біздің міндет – осынау бірегей геосаяси жағдайымызды өз еліміз бен халықаралық
қоғамдастықтың мүддесі үшін ұтымды пайдалану» деген пікірі де қоғамымызды, оның ішіндегі
білім-ғылым саласы қызметкерлері мен студенттерін жаңа бастамалар мен қадамдарға шақырады.
13
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
- Ғылым мен білім мемлекеттің әркез назарында. Әсіресе, инновацияны дамыту, өндірісті
ғылыммен ұштастыру жайы өзекті. Осы мәселе жөнінде Өзіңіз басшылық ететін универси-
тетте қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?
- Экономиканың өсімі жылына 4 пайыздан кем болмауы міндеттелді. Ал егер, өсім 5-6 пайыз-
дан жоғары болса, стратегиядағы көзделген мақсаттарға мерзімінен бұрын қол жеткізетініміз атап
көрсетілді. Сол себептен Мемлекет басшысы осы Жолдауда саннан сапаға өту мәселесін ерекше
атап өтті. Озық нанотехнологиялар мен инновацияны, ғылыми жетістіктерді барынша кеңінен
пайдаланып, барлық салаға енгізу, экономиканың тиімділігін арттыру мәселесіне басымдық
берілді. Ғалымдарды қуантатын үлкен жаңалық,- Елбасының ішкі жалпы өнімнің 3 пайызын
ғылымға бөлінетін қаржыға жеткізу керектігі жөнінде айтқаны. Бүгінге дейін ғылымға 0,16 пайыз
бөлініп келген болатын. Ал енді есептеп көріңіз, 20 есеге көбейеді. Яғни, бұл дегеніңіз отандық
ғылымға ғаламат серпін беретін фактор. Оған әзір тұрған ғалымдарымыз, талантты жастарымыз
жеткілікті: әртүрлі ғылыми орталықтарда, үлкен университеттерде отандық ғалымдардың тама-
ша жобалары бар.
Біздің инновациялық парктеріміз, түрлі ғылыми жобаларымыз ғылымның қатысуын қажет
ететін ірі мәселелердің шешімін табуға бағытталған. Міне, осыған өнеркәсіп орындары мен
индустрия өкілдері келіп, өздерінің қажетін алып жатса, одан екі жақ та ұтады. Себебі, ғылым
араласпаған жерде өсу де, ілгерілушілік те жоқ. Оны Президент жақсылап тұрып, қарапайым да
ұғынықты түрде айтып берді. Егер ғылым араласатын болса, кез келген өндірістің шығаратын
өнімінің саны да, сапасы да артады. Мемлекет басшысының алға қойып отырған басты
талаптарының тағы бірі – өркениеттің көшінде бәсекелестікке қол жеткізу үшін білім мен ғылымды
өндіріспен ұштастыру, отандық инновация жүйесін қалыптастыру. ЕҰУ Инновациялық парк пен
Қызылорда облысы әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылған.
Қазіргі күні сол құжаттың шеңберінде бірнеше ғылыми жоба жүзеге асуда. Ал Шығыс Қазақстан
облысында карбид кремний өндіріс зауыт жобасын салудан бөлек, Бесқарағай ауданында ағаш
қалдықтарын кәдеге жарататын шағын зауыттың қанатқақты жобасы жүзеге асуда. Сонымен қатар
Көкшетауда «Шучинск-Бурабай-Зеренді» демалыс аймағының энергетикалық инфрақұрылымын
«жасыл технологияларға» көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл ғалымдарымыздың ғылым
жолындағы ізденістері мен қайнар бастаулары ғана.
_______________________________________________________________________
14
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
- Жастарды ғылымға тарту мен ғылым мен бизнестің кооперациясы қалай жүріп жатыр?
– Елбасымыз 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағдарымызды анықтаған тарихи Жолдау-
ында: «Біздің ендігі міндетіміз – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып,
ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру» деді. Осы тұрғыдан келгенде, біз үшін ғалымдар
мұрасына байланысты шараның бәрі де ел абыройы мен ғылым беделін көтеру, жастарды жаңа
биіктерге жұмылдыру. Саладағы серпіліс аясында біз жастарымызды бакалавр – магистр – док-
торантура жүйесіне сәйкес ғылымға тартып отырмыз. Мемлекет бөлген қомақты қаржы олардың
шетелге шығып, әлемдік тәжірибені меңгеруіне, зертханаларда жұмыс істеп, рейтингі жоғары
ғылыми журналдарда мақала жариялауына мол мүмкіндік туғызды.
Қазіргі кезеңде халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті жоғары оқу орнына айналу үшін
ғылыми-инновациялық даму бағытын алға қойып, университет ғалымдары маңызды жаңалықтар
ашуда. Бүгінде университетте 13 факультет бар. Факультеттер мен кафедралардың негізгі міндеті
жоғары білімді мамандар даярлау, оқу үдерісі мен ғылымды біріктіре отырып, ғылыми мек-
тептер мен инновациялық инфрақұрылымдардың жұмысын жолға қою болып табылады. ЕҰУ
профессор-оқытушылар құрамы білім берудің ең жаңа технологияларын игеруіне айрықша маңыз
беріп отыр. Бұл ретте қазіргі таңдағы қазақстандық жоғары оқу орындарына үлгі болып отырған
«Назарбаев Университетіндегі» оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық жобалардың
өзіндік үлгісінен үйренеріміз көп. Ғылыми қызметкерлердің біліктілігін жетілдіру, тәжірибе ал-
масу, қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды меңгеруде аталмыш оқу орыны бізге
бағыт-бағдар болады деген сенімдеміз.
Жастарды ғылымға тарту бойынша біз университетте «Start-up» жобасын іске қосуды
бастадық. Жас ғалымдарға конкурс жарияланды. Олардың жаңалықтарынан 15 жобаны таңдап,
қаржыландыруды өз мойнымызға алдық. Бұл мақсатқа университет тарапынан 1 миллион АҚШ
доллар қаржы жұмсалу көзделіп отыр. Яғни, ол ғалым өзінің тапқан жаңалығының бәрін сол
жерде шағын өндіріс ретінде елге көрсетеді. Содан кейін инвестор келеді ме, отандық өнеркәсіп
басшылары келіп сатып алады ма, пайдалана ма, оның барлығы сол кезде шешіледі.
- Республикамыздың маңдайалды университеттерін академиялық және басқарушылық
автономияға біртіндеп көшіру жоспары тыңғылықты дайындықты қажет етеді. Бұл заман
талабы десек те, осыған орай жеке пікіріңізді білгіміз келеді.
- Бұл өте дұрыс мәселе: білім, ғылым, қаржы, халықаралық және басқа қызметті жүзеге асы-
руда жоғары оқу орнына еркіндік беріледі. Қағазбастылық жойылады. Жоғары оқу орындарының
академиялық, қаржылық және басқару қызметінде дербестік ұстанымдары іске асырылады.
Негізінен елімізде 2015 жылдан бастап ұлттық ғылыми-зерттеу университеттеріне, 2016 жылы
ұлттық жоғары оқу орындарына, 2018 жылдан бастап мемлекеттік жоғары оқу орындарына
дербестік берілу жоспарланған. Жоғары оқу орындары автономиясының жетілдірілген қағидалары
«Назарбаев университеті» моделіне негізделген: білім беру, ғылым, қаржы, халықаралық және
15
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
өзге салалар да дербестікке ие. Демек, Қазақстанның білім беру мен ғылым жүйесі халықаралық
деңгейге жеткізіледі деген сөз.
Зерттеулер нәтижесіне сүйенсек, қазіргі күні қазақстандық жоғары білім беру жүйесі
институционалдық автономияның деңгейі төменгі көрсеткішке ие. Ал мұндай көрсеткіш
халықаралық стандарттар бойынша ілгері жылжуға кедергі келтіреді. Дегенмен, жоғары оқу
орындарын автономияға көшірудің болжамы мен нақты жүзеге асырылуы белгіленген шарттар
орындалған жағдайда нәтиже береді. Бұл орайда, ең алдымен, ұйымдастыру мәселесін шешу ке-
рек, содан кейін қаржылық жағдайы маңызды. Мысалы, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге
ұзақ мерзімді бюджеттік қаржыландыру қарастырылып, оған келісімшарт жасалуы тиіс. Осы
жағдай түпкілікті шешімін тапса, менің ойымша, университет автономиясының қаржылық
деңгейі көтеріледі. Міне, сол кезде біздің елден атақты Нобель сыйлығының лауреаттары шығып,
әлемдік білім беру кеңістігі мен ғылым саласында өз орнымызды ойып тұрып алатын боламыз.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ автономияға алғашқылардың бірі болып көшетініне сенім
мол. Өйткені университеттің білім беру кеңістігінде алар орны айрықша және интеллектуалдық,
құқықтық, материалдық-техникалық базасы талапқа сай келеді: оқу орнымыз Қазақстан Респу-
бликасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының иегері. Екі жыл қатарынан тәуелсіз Қазақстан
агенттігінің білім беру саласы сапалық көрсеткіші бойынша ұлттық рейтингте алдыңғы орында
тұрмыз, яғни бұл Қазақстан мен Орта Азияны былай қойғанда, ТМД елдері ЖОО-лары арасында
озық жетістік болып саналады. Оған қол жеткізу үшін университет ұжымы бір кісідей жұмылып,
қыруар еңбек еткенін айтуға тиістіміз. Жалпы, біздің университет үшін өткен жыл табысты бол-
ды: тарих факультеті, этникааралық және дінаралық толеранттық бойынша ЮНЕСКО каферасы,
Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ашылды.
Автономияға көшкен жағдайда жауапкершілік екі есе артады. Мәселен, университеттер-
де корпоративті басқаруды енгізу мақсатында бақылау кеңестері құрылады. Кеңес құрамына
білім саласындағы өкілетті орган мен жергілікті билік өкілдері, әлеуетті жұмыс берушілер, биз-
нес құрылымдары мен жастар ұйымдарының өкілдері кіреді. Кеңестің негізгі міндеті - жоғары
оқу орнының стратегиялық даму бағыты мен жоспарын жасап, жүзеге асыру, ғылыми-зерттеу
жұмыстарын жүргізу мен материалдық-техникалық базасын дамытуға ықпал ету. Сондықтан,
корпаративтік басқаруды енгізу, бақылау кеңестерін құру жоғары оқу орындарының заман тала-
бына сай дамуына оң ықпал етеді.
- Университет дамуының негізгі қағидаты деп нені айтар едіңіз?
- Университет дамуының негізгі қағидаты – тәлімгерлерімізді жоғары сапалы біліммен
қамтамасыз ету, қоғамның көкейкесті сұранысына сай білікті маман даярлау, интеллектуалды,
отаншыл орта қалыптастыру. Жыл сайын ЕҰУ-ге мектеп бітіруші «Алтын белгі» иегерлерінің
басым көпшілігі оқуға түседі. Бұл жөнінен және мемлекеттік білім грантын жеңіп алған
студентеріміздің саны бойынша біз Қазақстанда бірінші орындамыз.
Бұдан түйетін қорытынды, ЕҰУ–да білім сапасын арттырудың бір кілті сапалы талапкерлерді
оқуға қабылдаумен байланысты. Профессор-оқытушылар құрамының тәлімгерлер мен ата-
аналардың жоғары талапқа сай сұранысын қанағаттандыру мақсатында барынша құлшыныспен
қызмет етуі– білім сапасына оң ықпал ететін екінші бір тетік. Тәуелсіз Қазақстанда туған жас
ұрпақтың білімге деген махаббатын бәсеңдетіп алмас үшін әлемнің кез-келген түкпіріне жол
ашып, байланыс құрып, дамыған елдердің жастарымен терезесі тең түлектер ұшыруды алды-
на мақсат етіп ұстаған оқу ордамыз бір сәт те қарқынын баяулатпақ емес. Еліміздің әлемдік
бәсекелестікте жеңіске жетуі үшін жоғары технологияларды игерген, инновациялық жобаларды
іске асыруға қабілетті отаншыл да білікті мамандар қажет. Жоғары технологиялар, инновация-
лар негізінде жүзеге асырылатын жаңа ойлардың салалануы еліміздің әлеуметтік-экономикалық
даму дәрежесін және азаматтардың әл-ауқат деңгейін айқындайды. Бұл ретте дамыған елдердің
білім жүйесінен үйренеріміз көп.
Сұхбаттасқан Гүлжазира ЕРТАСОВА,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.
_______________________________________________________________________
16
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
Достарыңызбен бөлісу: |