Реферат тақырыбы: Ғылыми іс-әрекет(ғылыми үдеріс ретінде) Тобы: ка-33 Орындаған:Құдайберген Бақжан



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата24.01.2023
өлшемі309,99 Kb.
#62544
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8


Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі  
Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды университеті  
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Ғылыми іс-әрекет(ғылыми үдеріс 
ретінде) 
Тобы:КА-33
Орындаған:Құдайберген Бақжан


Қарағанды,2022 
Жоспар 
1.1.Ғылым - таным үдерісінің ерекше формасы 
1.2.Ғылыми іс-әрекет, оның мақсаттары мен ерекшеліктері 
1.3.Жеке және ұжымдық ғылыми жұмыс 
1.4.Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысы 


1.1.Ғылым - таным үдерісінің ерекше формасы
Ғылым - адамдардың табиғат, қоғам, ойлау туралы білімдерінің жүйесі. 
Осы үш саланың әрқайсысына қатысты ғылымдардың жеке салалары және 
олардың даму заңдылықтары бар.
Қазіргі заманғы ғылым - жаңа білім өндіру және мақсатқа сай оны беріп 
отыру жөніндегі әлеуметтік бағдарлы қызмет, қоғамдық өндірістің өзіндік 
түрі, жиынтығында дүниенің ғылыми бейнесін құрайтын білімдер жүйесі, 
аса маңызды әлеуметтік қару. Қоғамдық сананың түрлерінің бірі әрі ерекше 
қызмет бола отырып, ғылым, К.Маркс айтқандай, қоғамның идеалдық және 
практикалық байлығын білдіреді.
Қазіргі жағдайларда ғылым ұжымы жетекшісінің рөлі артып отыр. 
Социологиялық зерттеулер ғылыми - зерттеу жұмыстардың төмен 
нәтижелілігі ғылыми кадрларды орналастыру мен пайдаланудың дұрыс 
еместігінен, жеке салалар мен қызметкерлердің, ең алдымен жастардың 
жұмысына ғылыми жетекшіліктің нашарлығынан екендігін дәлелдейді.
Ғылым(латын “scientia” – білім, ғылым дегенді білдіреді) заттардың, 
құбылыстар мен үдерістердің ішкі болмысын, табиғатын ашып көрсететін, 
олардың даму заңдылықтарын, 
байланыстарын 
ашып, даралап 
тұжырымдайтын шынайы ақиқат. Ғылыми педагогикалық зерттеу – жаңа 
педагогикалық білімдерді қалыптастыру Үдерісі, оқыту, тәрбиелеу және 
дамыту объективті заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық 
ісәрекеттің түрі. Іс-әрекет – дүниені және адамның өзін танып, өзгертуге 
бағытталған жеке тұлғаның психикалық белсенділігінің формасы. Зерттеу – 
жаңа білім алу үдерісі және танымдық әрекет түрлерінің бірі. Бұл 
тақырыпты оқу барысында ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесіне 
байланысты түсініктер мен ұғымдар, ғылыми іс-әрекеттің мақсаттары мен 
ерекшеліктері, зерттеулердің тиімділігінің негізгі өлшемдері, ғылымдағы 
таным үдерісі мен болашақ мұғалімнің танымдық үдерістеріндегі 
ұқсастықтары және айырмашылықтары, қазіргі заманғы ғылымның 
ерекшеліктері, болашақ мұғалім-зерттеушіге қойылатын талаптар, жеке 
және ұжымдық ғылыми жұмыс, студенттердің ғылыми зерттеу жұмысының 
түрлері туралы ақпарат аласыз. Тақырыптың мазмұнына сәйкес өз 
беттерімен орындайтын тапсырмалар және тест материалдары ұсынылады.


Ғылым мақсаты мен қызметі адамның өзі және оны қоршаған әлем 
жөніндегі білімдерді жасап шығару болып табылатын адамзаттың ісәрекет 
шеңбері, қоғамдық сананың бір түрі. Ғылым деген атаумен табиғат, қоғам 
құбылыстарын түсінуге және олардың дамуын алдын ала болжауға 
мүмкіндік беретін бірте-бірте кеңейіп келе жатқан теориялық білім жүйесін 
белгілейді. Қазіргі кезде ғылым тікелей өндіргіш күшіне айналып отыр.
Ғылым адамға өз өмірін сақтап қалу үшін қажетті білім негізінде пайда 
болды. Адам шөптерді қоректену және дәрі-дәрмек ретінде пайдалануды 
үйреніп, жануарлардың мінезін бақылап, оларды қолға үйретті, рудамен 
тәжірибе жасап, әртүрлі металдарды балқытып шығаруды үйренді. 
Табиғатпен алуан түрлі тәжірибе жасау барысында адам өзінің өмірін 
ыңғайлы етуге бағытталған көптеген әдіс-айланы ойлап тапты. Өздігінен 
қалыптасып жатқандай болып көрінетін бүгінгі адамзаттың өмір сүру 
деңгейінің өсуіне әсер етер барлық заттар мен құбылыстар ғылымның 
арқасында пайда болған. Қазіргі заманда ғылым түсінігінде, адамзат 
баласының 
жүріп 
өткен жолдары көрсетіледі және адамның 
қалыптасуының құралдары мен әдістері болып табылған, ғылымның 
тарихи-мәдени құбылыс ретінде пайдалануының нысандары көрініс тапқан.
Ғылыми эволюцияның білімді жинауға, сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа 
беруге себеп болған басты фактордың бірі болып жазбаның ойлап табылуы 
болды. Шумерлердің пиктографиялық жазбасы б.э.д. 3200 ж.ж. бұрын 
пайда болды. Б.э.д. 3000 ж.ж. Египетте иероглифтік жазба деген атқа ие 
болған жазбаның жаңа жүйесі пайда болды. Бұл жүйеде әріпті, дыбысты 
және сөздерді белгілеу үшін символдар пайдаланылған. Б.э.д. 2800 ж. бұрын 
шумерлердің көршілері болған вавилондықтар, ассириялықтар мен 
парсылар пиктографиялық жазуды ұшты жазбаға (клинопись) айналдырды. 
Ақырында б.э.д. 1300 ж. бұрын Сирияда ең алғашқы алфавит жасалып 
шығарылды. Онда 32 әріп болды, әріптің әрқайсысы белгілі бір дауысқа 
сәйкес болды. Көне гректер осы жазба жүйесін қабылдап, ол кейін латын 
алфавитінің негізі ретінде қолданылды. Жалпы қабылданған ұғым 
бойынша қазіргі заман ғылымының бастамасы – ертедегі грек мәдениеті 
болып табылды, бұл көзқарасты гректің ойшылдарының еңбектеріне 
сілтеме жасаған қазіргі заман ғылымының негізін салушы Н. Коперник, И. 
Кеплер, Г. Галилей қуаттады. Араб ойшылдары ғылымға тек қана 
методологиялық нұсқаулар ғана емес, сондай-ақ көптеген терминдер 
енгізді: аль хебри-алгебра, аль хемия- алхимия, аль хогол-алкоголь және т.б. 
Ғылыми құбылыстар әдетте көптеген латын және грек сөздерімен 
белгіленеді де, олар көп жағдайда терминдер ретінде қалыптасады. Ал араб 


оқымыстылары болса сол терминдерді ойлап тапты, ал кейін латын тіліне 
аударылды. Әрбір ғылымның тек өзіне ғана тән түсініктері мен 
терминдерден құралған тілі болатындығы белгілі. Грек тілінің көптеген 
сөздері латын сөздерімен қатар ғылыми терминдер түрінде қолданылады. 
Бірақ терминдердің өзін арабтар ойлап шығарған.
Қазіргі заманғы ғылым ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы жаңа европалық 
өркениеттің негізінде кітап басып шығару кең таралғаннан кейін пайда 
болды. Кітап басу бұл кезде коммерциялық қызмет, яғни пайда табудың бір 
түрі ретінде дамыды. Неміс философы К. Ясперс ғылымның 
қалыптасуының екі кезеңін көрсетеді:
1-кезең – ғылымның логикалық және әдістемелік қалыптасуы, яғни ертедегі 
грек ғылымы және Қытай мен Индиядағы ғылыми танымның алғашқы 
қайнар көздерінің қалыптасуы;
2-кезең – қазіргі заманғы ғылымның орта ғасырдың соңында пайда болып, 
XVІІ ғасырда бекінуі. XVІІ ғасырда біз ғылыми революция туралы сөз 
қозғауға мүмкіндік беретін жаңалықтар мен әрекеттер жасалды. Осы 
кезеңде ғылымның радикалды жаңа әдістер мен танымның жаңа қағидалары 
ұсынылды. Француз математигі және философы Рене Декарт, италияндық 
астроном Галилео Галилей, ағылшын дәрігері Уильям Гарвей, неміс 
астрономы Иоганн Кеплер, ағылшын математигі, механик, физик және 
астрономы Исаак Ньютон, ағылшын химигі және физигі Роберт Боиль, 
голландиялық Ханс Янсен ойлап тапқан микроскопты жетілдірген ағылшын 
оқымыстысы Роберт Гук және басқа да ғалымдар қазіргі заманғы ғылымның 
негізін салды. Бұл үрдістің негізгі себебі, XVІІ ғасырда ғылымның 
халықтың әл-ауқатын көтеру және адамның табиғатқа деген үстемдігін 
орнатудың тәсілі ретінде қарастырылуында болды. Декарттың замандасы 
Ф. Бэкон ғылымды табиғатты бағындырудың құралы ретінде көрсетіп, 
ғылым дамуының қажеттілігін негіздеуге көп күш жұмсап, "Күш – білімде" 
деген әйгілі афоризмін ұсынды. Ф.Бэкон табиғатты зерттеп, танып біліп 
тәжірибені табиғат-ананы қинаудың негізгі әдісі деп қарастырды. Ф. Бэкон 
тәжірибелік танымның міндеттерін анықтай отырып "зерттеу", 
"тексеру","сынау" секілді бірнеше мағыналарға ие “іnquіsіtіon” – сөзін 
қолданды. Осындай ғылыми инквизициялардың нәтижесінде табиғаттың 
құпиялары 
ашылды 
(орыстың 
“естествоиспытатель” 
сөзімен 
салыстырыңыз). Жоғарыда көрсетілгендерге сәйкес XVІІ ғасырда 
Лондонда Корольдік ғылыми қоғам (1662ж) және Парижде Корольдік 
ғылыми Академия (1666ж) құрылды.


Осы кезеңнен бергі ғылыми ойды төмендегідей екі түрде сипаттауға 
болады:
1) нәтиже беріп, оны қайта тексеруге мүмкіндік беретін тәжірибеге сүйену; 
2) ары қарай бөлшектенуге келмейтін аса қарапайым элементтерді 
іздестіруге бағытталған талдамалы көзқарастың үстемдігі (редукционизм).
Көптеген ғалымдардың көзқарастары бойынша, қазіргі заманғы ғылымның 
бастамасы Европада XVІІ ғ. пайда болуы кездейсоқ жағдай емес. 
Ғылымның пайда болуының себебі – рационалдылыққа сүйенген жаңа 
европалық мәдениеттің ерекшеліктері. Яғни рационалдылық ғылымның 
пайда болуы мен дамуына орасан зор ықпал жасап, батыс мәдениетінің 
феномені болып табылды. Ғылымның дамуының әлеуметтік қозғаушы 
күштердің бірі ретінде жаңа табиғи ресурстар мен машиналарды қажет етіп 
дамып келе жатқан капиталистік өндірісті көрсетуге болады. Бұл 
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қоғамның өндіргіш күші ретінде 
ғылымға деген сұраныс туды. Сонымен қатар жаңа ғылымға тән жаңа 
мақсаттары пайда болып, олар ертедегі ғалымдардың ұсынған мақсаттары 
мен міндеттерінен елеулі түрде өзгешеленді.
Қазіргі заманның ғылымы қоғам мен адамды, қоршаған ортаны өзгерту 
және оны танып-білудің аса қуатты құралына айналды. Оған ұялы 
телефондар мен интернет, көліктер мен кептелістер, бай өмірдің насихаты, 
жұмыссыздық пен қайыршылықтың көрінісі дәлел. Бұның барлығы 
капитализм деп аталатын қоғамдық формацияның өзіне тән белгілері. Осы 
формацияның және капиталистік қатынастардың негізі ретінде техникалық 
мәдениет пен қоршаған орта ресурстарын экстенсивті пайдалану жүзеге 
асады. Қоғамдық қатынастардың бұл түрі жаратылыстану және техникалық 
ғылымдарда қоғамның басты өндіруші күштері негізінде дамып, пайда 
болған.
Басқа сөзбен айтқанда, ғылым дамуының әлеуметтік қозғаушы күші 
болып жаңа табиғи ресурстар мен машиналарды қажет еткен капиталистік 
өндіріс өркен жайды. Осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қоғамның 
өндіргіш күші ретінде ғылым қажет болды.
Ғылымды - эмпирикалық тексеру немесе математикалық дәлелдемелерге 
негізделген дүниетанымның ерекше рационалды әдісі деп таниды.
Зерттеу 
құралдарына 
түрлі 
процедуралар, 
әдістер, 
тәсілдер, 
методикалар,жүйелер мен методологиялар кіреді. Бұл түсініктер төмендегі 
логикалық қатарды құрайды. Әдіс – зерттеу барысында белгілі бір 
қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше метематикалық, немесе 
логикалық операциялардың теорияға немесе тәжірибеге негізделген түрі. 


Рәсім (Процедура) – белгілі бір операциялар жиынтығының орындалуын 
қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің жиынтығы. Тәсіл – күрделі әдіс болып 
табылады, ол зерттеу барысындағы бірнеше нысаналы әдістердің 
жиынтығы. Методика (әдістеме) – бір немесе бірнеше әдістер жиынтығына 
негізделген зерттеу жолдары, немесе олардың жиынтығына негізделген 
әдістер. Методология (әдіснама) - зерттеу әдістері, жүйелері мен методтары 
жөніндегі білімнің жиынтығы. Жүйе – күрделі құбылыстар мен үдерістерді 
зерттеу үшін қажетті техникалық құралдар мен методикалардың 
жиынтығы.
Ғылыми танымның нәтижелері түсініктерді қалыптастырумен аяқталады. 
Ғылымның түсініктілігі бір-бірімен тығыз байланысты аксиомалар, 
теоремалар мен тұжырымдардың қатаң логикалық құрылысымен 
түсіндіріледі. Түсініктер көп жақты құрылымға біріктірілген. Теория – бұл 
түсініктің кеңейтілген түрі. Кез келген ғылыми теория – Евклидтің не Н. И. 
Лобачевскийдің геометриясы, кванттық механика, не қазіргі заманғы 
космогония – түсініктердің қалыптасуының мысалы бола алады. 
Түсініктердің қалыптасуы – үздіксіз жүретін күрделі үрдіс. Әрбір ғылым 
белгілі бір заңдылықтарға бағынатын түсініктер жүйесі.
Ғылым кумулятивті үрдіс деп аталатын тек қана фактілердің жай 
жиынтығы емес. Фактілерді әдетте гипотеза мен теориялар арқылы 
түсіндіруге тырысады. Олардың ішінде белгілі бір кезеңде парадигмаға 
айналатын жалпыға ортақ немесе фундаменталды теория болады.
Ғылыми революцияларды талдау үшін, ғылымға парадигма түсінігін 
енгізген америкалық ғалым Томас Кун (1922-1996 ж.) олардың ерекшелігін 
– бұрынғы парадигманың жаңа парадигмаға ауысуы, яғни зерттеліп 
отырған процестердің жаңа, терең және күрделі түріне ауысуын көрсетіп 
кеткен. Оның пікірі бойынша ғылымның дамуын екі кезеңге бөлуге болады:
- қалыпты кезең – бұл кезде ғалымдар парадигманы жеке, арнаулы
сипаттағы мәселелерді шешуге пайдаланған;
-экстраординарлық кезең – жаңа парадигманы іздеу кезеңі.
Ғылымды эмпирикалық тексеру немесе математикалық дәлелдемелерге 
негізделген дүние танымның ерекше рационалды әдісі деп таниды.
Таным – ойлауда шындықтың көрініс табуы, талдау мен елестету процесі, 
нәтижесінде дүние туралы жаңа білім пайда болады; 2) меңгерген білім мен 
тәжірибенің жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет