Реферат тақырыбы: Ғылыми іс-әрекет(ғылыми үдеріс ретінде) Тобы: ка-33 Орындаған:Құдайберген Бақжан



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата24.01.2023
өлшемі309,99 Kb.
#62544
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
 
 
 
1.4 Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысы
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) жалпы білім беру 
үрдісінің және барлық оқытылатын пәндер мен оқу сабақ түрлерінің 
мазмұндық қосындысының бір бөлігі болып табылады.
СҒЗЖ мақсаты: студенттердің тұрақты және тиімді ғылыми-зерттеу 
қызметін жасау, оқыту принциптері, ғылыми зерттеулер, халықаралық 
практикаға сәйкес ғылыми-зерттеу принциптерін оқыту, әл-Фараби 
атындағы Қазақ Ұлттық университетінде СҒЗЖ сапасын арттыру.
Міндеттері:
1) ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға студенттерді баулу;
2) шығармашылық кәсіби ойлау арқылы ғылыми таным әдістерін меңгеру 
және зерттеу дағдыларын қалыптастыру;
3) білім беру бірлігін қамтамасыз ету, ғылыми және инновациялық 
үрдістердің шығармашылық қабілеттілігін дамыту, студенттердің 
кәсібишығармашылық дайындығын жақсарту, ғылыми зерттеу 
жұмыстарына студент-жастарды жетілдіру нысандарына тарту;
4) студент 
тұлғасының жан-жақты дамуына көмектесу, өзін-өзі 
бағалаудың объектівті бағалаға, шығармашылық коллективте жұмыс 
дағдыларын игеруге, ұйымдастырушылық және инновациялық 
қызметке тартуға баулу;


5) заманауи 
ғылымдағы өзекті мәселелерді шешуге және өз 
мүмкіндіктерін іске асыруға бағыт беру.
Ғылыми 
зерттеу жұмыстарына белсенді қатысу студенттерге 
фундаменталды ғылымды, техникалық және әлеуметтік ой қабілетін 
арттыруды жоғарылатады, жаңа идеяларды өзінше игере білу, жаңа ғылыми 
жаңалықтарды тез және пайдалылырақ пайдалана білу қабілеттерін 
арттырады.
Университетте студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары өзара 
байланысты формаларда ұйымдастырылған, олар шартты түрде екі топқа 
бөлінген: оқу процесіне қосылған және оқудан тыс уақытта 
қолданылатындар.
Мектеп және жоғары оқу орындарының оқушылар мен студенттерінің 
ғылыми жұмыспен айналысуы – уақытымыздың өзекті мәселесі. Оларға 
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізілуіне алғашқы бағдарды беру 
қажеттігі туындайды.
Студенттің іздену-зерттеу қабілетін қалыптастыруға, дамытуға өздерінің 
пікірлерін жазып, жариялауы зор ықпал етеді. Жарық көрген 
жарияланымдары 
арқылы 
студенттердің 
өзінің 
шығармашылық 
ізденітеріне сенімі қалыптасады, шеберлігі, ойлаудың жинақтап қорыту 
дағдылары дами түседі.
Студенттердің ғылыми жұмыс жазуға, зерттеуші болуға деген көзқарастары 
белсенді, ынталы сипатымен байқалады.
Мұғалім – зерттеушіге қойылатын талап:
- кәсіби даярлығының жоғары деңгейде болуы;
- ғылым және тәжірибелік даярлығын ұштастыру;
- өз білімін үнемі жетілдіріп отыру;
- ғылыми ұйымдастыру ұстанымын тәжірибеге қолдана білуі;
Сондай-ақ мынадай қасиеттері болуы тиіс: байқағыштық, ғылымға 
қызығушылық, танымдық қызығушылығы, ізденімпаздығы, белсенділік, 
зерттеушілік сипаты, сыншылдық, шығармашылық іздену бағыты, 
жаңашылдық, адамгершілік, сезгіштік, мақсаткерлік, шешімқабылдай білу 
қабылеті.
Мұғалім – зерттеуші білуге тиіс: әдіснаманы, логиканы, әдістерді
педагогикалық зерттеудің әдістемесін, қағидаларды, жүйелеу, жалпылау, 
ғылыми аппараттарды қолдану, ғылыми–әдістемелік материалдар мен 
ақпараттарды құру, баспадан жарыққа шығаруға дайындау, ғылымды 
ұйымдастыру негіздері.
Мұғалім – зерттеуші:


Ғылыми үйірмелерінің студенттердің ғылыми шығармаларын дамытудағы 
орны ерекше.
Ғылыми шығармашылық жұмыстың түрлері
Студенттердің оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының бірнеше 
түрлері бар: мәнжазба (реферат), баяндама, бақылау жұмысы, курстық және 
дипломдық жұмыстар. Олардың тақырыбы көкейкесті, мазмұны қазіргі 
ғылым талаптарына сай болуы қажет. Бұл жұмыстарды орындау қажетті 
арнайы әдебиеттерді оқу мен талдауды, осы мәселе жөнінде тәжірибелік 
тәжірибені қажет етеді.
Реферат (латын refero – айтамын, жеткіземін) – белгілі бір тақырып 
бойынша ғылыми мазмұндағы қысқаша жазылған еңбек.Бұл – студенттің 
ғылыми-зерттеу жұмысы, мұнда зерттелініп отырған мәселеленің мәні, 
түрлі көзқарастар мен өзінің жеке пікірі айтылады.
Рефератты бағалауда мынадай шарттар ескерілуі керек:
-зерттелінген тақырыптың көкейкестілігі;
-тақырыпқа сай мазмұнның болуы;
-материалды мұқият, терең өңдеу;
-қолданылған материалдың дұрыстығы мен толық болуы; -рефератты 
көркемдеудің стандартқа сай болуы.
Рефераттық жұмыс (латын сөзі referat-баяндама, refero-баяндаймын) - 
ғылыми еңбектер, ғылыми зерттеулердің қысқаша мазмұнын сипаттайтын, 
жазбаша немесе басылым түрінде берілетін жұмыс. Реферат 
ғылымиақпараттық бағытта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық 
баяндаумен қатар рефератта ғылыми теориялар мен ғылыми 
қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми 
мекемелер мен жоғары оқу орындарында қолданылады.
Қойылған мақсаты мен мазмұнына қарай рефераттарды төмендегідей 
типтерге бөлуге болады:
Ақпараттық рефераттар. Мұнда автор бір немесе бірнеше жұмыстың 
мазмұнын қысқаша баяндайды.
Бағалаушы рефераттар белгілі бір проблема бойынша бірнеше ғылыми 
әдебиеттер негізінде жазылады және проблемаға түрлі көзқарастар, түрлі 
жұмыстардағы ғылыми тұжырымдамалардың сыни талдамасы келтіріледі, 
реферат авторының ұстанымы анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет