Реферат тақырыбы: Ғылыми іс-әрекет(ғылыми үдеріс ретінде) Тобы: ка-33 Орындаған:Құдайберген Бақжан


Ғылым – әлеуметтік институт (ғалымдар қоғамдастығы, ғылыми  мекемелер мен ғылыми қызмет көрсету құрылымдарының жиынтығы); ғылым



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата24.01.2023
өлшемі309,99 Kb.
#62544
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Ғылым – әлеуметтік институт (ғалымдар қоғамдастығы, ғылыми 
мекемелер мен ғылыми қызмет көрсету құрылымдарының жиынтығы);
ғылым – нәтиже (ғылыми білім жүйесі); ғылым 
– үдеріс (ғылыми іс-әрекет).
Ғылыми шығармашылық – қоғамның материалдық және рухани өмірін 
жетілдіруде бұрын болмаған жаңа, соны заттар, шығармалар және т.б. 
өндіретін адамның танымға және шындықты түрлендіруге, дәлелдеуге 
бағытталған саналы, мақсатты белсенді іс-әрекеті. Шығармашылық тек 
адамға ғана тән. Ол өмірді мағынасын ұғады, жаңа шығармашылық 
жинақтау жасауды, жаңа идеялар көтерудегі зиялылық іс-әрекетті және 
оларды өмірге ендірудегі дене еңбегін біріктіреді. Әр түрлі іс-әрекеттің 
өзіне тән ерекшеліктеріне сай шығармашылық барысы да сан-салалы 
болады.
Ғылыми-педагогикалық шығармашылық – педагогикалық ғылым мен 
тәжірибені дамытуға арналған жаңа құнды педагогикалық білімді табу және 
оны меңгеру.
Ғылыми 
ізденіс 
– 
ол 
зерттеу 
нысаны, 
оның 
көптеген 
ғылымипедагогикалық мәтіндер мен құжаттардан алынған мәні, белгісі, 
айқындау қасиеттері мен түрі жөніндегі ғылыми ақпараттарды 
(заңдылығын белгілейтін мәліметтер, ғылыми фактілер және т.б.) мақсатты 
бағытта тарту немесе тәжірибелі-эксперименттік жұмыс барысындағы 
процесс. Ғылыми таным құбылыстар мен процестердің ішкі әмбебаптық 
байланыстары мен заңдылықтарын эмпирикалық білім мен ақыл-ойға табан 
тіреп, рационалды түрде сараптау арқылы бейнелейді. Мұндай сараптау 


ұғымдар жүйесі, ой қорытындысы, заңдар, категориялар мен принциптер 
сияқты жоғары дәрежедегі абстракциялар жүйесі арқылы іске асады. 
Ғылыми танымның ең маңызды міндеті – мейлінше ақиқатқа жету, оның 
мазмұнын жан-жақты ашу. Осы міндетті іске асыру үшін ғылыми 
танымның 
көптеген 
тәсілдері 
кеңінен 
пайдаланылады, 
оларға: 
абстракциялау, идеализациялау, синтез, дедукция, асбстрактіліктен 
нақтылыққа өрлеу, тарихилық және логикалық әдістер жатады. Ғылыми 
танымның маңызды ерекшелігі – оның өзіне бағытталғандығы немесе ішкі 
ғылыми рефлексия ретінде калыптасуы; яғни, ол тек таным процесінің өзін, 
оның пішімдері мен әдіс-тәсілдерін, ұғымдар жүйесін зерттейді;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет