Реферат тақырыбы: Ғылыми іс-әрекет(ғылыми үдеріс ретінде) Тобы: ка-33 Орындаған:Құдайберген Бақжан



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата24.01.2023
өлшемі309,99 Kb.
#62544
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
1.3 Ғылыми шығармашылық
Шығармашылық іс-әрекет – жаңа нәрсені жасауға бағытталған іс-әрекет. 
Адам іс-әрекетінде екі түрлі белсенділік орын алады: қайта жаңғырту 
(репродуктивті), бұл ес процессімен тығыз байланысты — өткен тәжірибені 
салыстырмалы түрде айнытпай қайталау; шығармашылық – алдынғы 
тәжірибені негіз ретінде ала отырып жаңа бейнелер, заттар немесе әрекеттер 
жасау.
Шығармашылық іс-әрекет адамды болашаққа бағытталған, өмір сүріп 
отырған ортасын өзгерте алатын жан етеді. Шығармашылық – таңдаулы 
адамдар, даңышпандар мен таланттыларға ғана тиесілі емес, ол адам 
қиялдап, құрастырып, өзгертіп және жаңа нәрсе жасауға қабілетті жердің 
барлығында бар болады.
Бізді қоршаған күнделікті өмірде шығармашылық тіршілік етудің қажетті 
жағдайы болып табылады, әдеттіге айналған заттар шеңберінен кішкене 
болса да шыққан және аз болса да жаңалығы бар заттың барлығы адамның 
шығармашылық процессінен туындайды (Л.С.Выготский).
Көбінесе шығармашылық іс-әрекет адамның танымдық қабілеттеріне 
негізделеді: шығармашылықтың құрамдас бөліктері сезімдік елестердің 
құрамында да, ақыл-ой түсініктері мен бейнелерінде де орын алады.
Шығармашылық философиямен қатар көптеген ғылымдардың зерттеу 
объектісі болып табылады: психология, ғылымтану, өнертану, ақпарат 
теориясы, педагогика және т.б. Сәйкесінше шығармашылық көріністерінің 
көптеген 
түрлері 
топтастырылады: 
көркем 
шығармашылық, 
ғылымишығармашылық, өндірістік-техникалық шығармашылық, діни 
шығармашылық, күнделікті-тұрмыстық шығармашылық – басқаша 
айтқанда адамның практикалық және рухани іс-әрекетінің барлық түріне 
қатысты. Қазіргі күндері адамның шығармашылық іс-әрекетін арнайы 
зерттейтін ғылымды жасау мәселесі туындап отыр. Субъектінің әлемге 
деген қатынасының іске асуы танымда ғана жүрмейді. Танымның өзі 


мақсаты бойынша шығармашылықпен тығыз байланысты. Таным мен 
шығармашылықсыз адам өзінің универсалды өмірлік жолында жүзеге аспай 
қалуы мүмкін еді. Таным мен шығармашылық адамның қандай да бір 
қажеттіліктерін қанағаттандыратын құрал емес, ол адамды адам ететін зат.
Қазіргі кезде әрбір адам күн сайын күрделілену процессінен өтіп жатқан 
және иерархияланған әлеуметтік рольдер мен функционалды байланыстар 
жүйесіне енеді. Адамның рольдік мінез-құлығы стандартталуға ұшырап, 
онда әрекеттер мен сананың жақсыз дайын бейнелері көбейе түсуде. 
Жақсыз функцияларды атқарудың өзінде де жеке тұлғалық-адами шыңда 
болу үшін – адам әлемге және өзіне деген шығармашылық қатынастың 
жоғары деңгейіне ие болуы тиіс. Басқаша айтқанда индивид жоғарыда 
сипатталған жағдайларда адам бейнесін сақтап, ситуацияны басқаруға 
қабілетті болуы үшін оның шығармашылқ деңгейі жоғары болуы қажет.
Сонымен шығармашылық дегеніміз – бұл әлемге деген өзіндік бейнелі 
қатынас. Және бұл қатынас танымдық қатынасқа қарсы келуі мүмкін. Егер 
де дәстүрлі гносеологияда танушы субъект үшін әлем және жасанды 
жолмен жасалған болмыс берілген ретінде, ол ешкіммен жасалмаған 
ретінде қарастырылса, шығармашылық шындықты қабылдайды, мұнда 
әлем адамның терең қатысымен қайта түзілуге қабілетті.
Шығармашылық іс - әрекет іздеу мақсатын түсінбесе, бұрын меңгерілген 
білімді белсенді түрде жаңғыртпаса, дайын білім көздерінен өзіне қажетіні 
ала алмаса, дербес ізденбесе мүмкін емес.
Кез – келген шығармашылық іс - әрекеттің негізінде болжам, мүмкін 
нәтижені алдын – ала көру жатыр.Бастауыш сыныптарда оқушылардың 
шығармашылық іс - әрекетін дамыту үшін негізгі іс - әрекеттерінің (оқу – 
танымдық, қоғамдық пайдалы, еңбек, эстетикалық және спорттық) тиімді 
арақатынасын орнықтыру өте маңызды. Ол қазіргі қоғамның әлеуметтік 
сұраныстарына, мектеп бітірушілердің жан – жақты даярлығының 
деңгейіне қойылатын жоғарғы талаптармен айқындалады.
Шығармашылықтың дамуында жеке адамның ерекшеліктері өте маңызды 
орын алады. Себебі, шығармашылық бар жерде қиял бар. Қиял 
шығармашылықтың негізгі бір психологиялық құрамы болып табылады. 
Шығармашылық күнделікті оқу процесі негізінде жүзеге асырылады. Келесі 
саналы іс - әрекеттің бір түрі оның белсенділігі. Сонымен, әрекет дегеніміз 
– түрлі қажеттіліктерді өтеуге байланысты белгілі бір мақсатқа жетуге 
бағытталған процесс. Шығармашылықтың көлемі әр оқушыда әр түрлі, 
сондықтан шығармашылық дәрежесін тұрақтандыру мұғалімнің алдында 


тұрған міндет. Себебі, ол оқушының бастапқы деңгейін, түсініктерін, соңғы 
нәтижелерімен салыстырады, ал оның өзі диагностика жүргізуге мүмкіндік 
туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет