Реферат тақырыбы: Ғылыми іс-әрекет(ғылыми үдеріс ретінде) Тобы: ка-33 Орындаған:Құдайберген Бақжан



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата24.01.2023
өлшемі309,99 Kb.
#62544
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Баяндама – өзіндік жұмыс түрі, оқу және сабақтан тыс уақыттарда 
студенттердің 
зерттеу 
дағдыларын 
қалыптастыруына, 
танымдық 
қызығушылығын кеңейтуіне, пікір айтуда маңызы үлкен.


Берілген тақырып бойынша жоспар құрылады. Қажетті әдебиеттер 
іріктеледі. әдебиеттермен жұмыс жасауда алынған мәліметтерді жүйелеп, 
тұжырым жасалынады.
Курстық жұмыс студенттердің шығармашылық қабілеттерін танытады, 
педагогикалық 
ойлауын 
дамытып, 
ғылыми-зерттеу 
дағдыларын 
қалыптастырады. Курстық жұмыстың мақсаты – студенттердің логикалық 
ойлау, шығармашылық қабілеттерінің оқу-тәрбие үдерісіндегі дағдысын, 
ғылыми-зерттеушілік шеберлігінің деңгейін, теорияны тәжірибемен 
ұштастыра қолданып, қалыптастыру.
М. Р. Дружинин курстық жұмыстың орындалуына мынадай талаптар қояды:
-курстық жұмыс жоғары теориялық дәрежеде орындалуы қажет;
-курстық жұмыс зерттеушілік сипатта болуы тиіс;
-курстық жұмыс педагогикалық бағытталған, яғни онда бірқатар 
педагогикалық міндеттер және студенттердің кәсіби дайындығына 
көмектесетін қазіргі мектеп мәселелері орын алуы тиіс;
-курстық жұмыста талқыланатын мәселелер теориялық және ғылыми 
негізделген, оның тұжырымдары қазіргі педагогика мен психологияның 
даму деңгейлеріне сәйкес болуы тиіс;
-курстық жұмыстың мазмұны мен құрылымы логикалық жағынан жүйелі 
болуы тиіс.
Дипломдық жұмыс жоғары оқу орнын бітірушінің кәсіби-педагогикалық 
дайындығының, 
ғылыми-теориялық, 
практикалық 
білімдерінің, 
кеңейтілген біліктіліктері мен дағдыларының негізінде жасалады.
Студенттің дипломдық жұмысы толық өз бетінше орындалатындықтан, 
курстық жұмыстан ерекшеленеді. Дипломдық жұмыс орындалған курстық 
жұмыстың жалғасы болуы тиіс.
Дипломдық жұмыс орындалғаннан кейін студентте оқу пәндерінің 
логикалық байланысы, сонымен қатар педагогикалық және өндірістік 
практикалардың өзара байланысы жөнінде ұғым қалыптасады.
Қазіргі ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды (тұлғаны) 
қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру 
және оның шығармашылық, рухани және тәни күш қуатын жетілдіру, жеке 
тұлғаның жан-жақты толысуына жағдай жасай отырып, зерделі азамат 
даярлау міндеті көзделген. Демек, студенттер қоғам өмірінің барлық 
саласында да, соның ішінде білім алуда да тек деректер жинап, жалпы 
ақпарат алумен шектелмей, оларды терең білімді ізденімпаз, барлық 
ісәрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын 


танытатын, бәсекеге түсе алатын маман ретінде тәрбиелеу уақыт талабынан 
туып отыр.
Ғылымының бүкіл саласында білім мазмұны тереңдеп, ауқымды қауырт 
өсіп отырған қазіргі ғылым-техникалық өрістеу кезеңінде бұл міндеттердің 
жүзеге асуы әрбір шәкірттің танымы мол ізденімпаз болып қалыптасуына 
тікелей байланысты.
Қазіргі жастар жоғары кәсіби деңгейде даярлығы болуымен қатар, ол өзін 
қоршаған дүниені ізденімпаздықпен (шығармашылық) танып-білу 
сатысымен танытуға тиіс.
Педагогикалық 
жоғары 
оқу 
орындарында 
студенттерді 
ғылымипедагогикалық зерттеушілік қызметке даярлау, шын мәнінде 
әлеуметтікпедагогикалық мәселеге айналып отыр. Ғылым обьективті 
ақиқатқа жетуге бағытталған: заңдылықтарды бейнелеуге бағытталған; 
алдын ала болжауға арналған;
жүйелі түрде құрылған білімнің жоғарғы нысаны; ғылыми әдісті жүйелі 
түрде қолдану нәтижесінде алынған білім негіздері; негізгі қағидалар мен 
жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер;
табиғи құбылыстарды зерттеуге арналған әдістер мен амалдардың ғылыми 
қағидаларға негізделген жүйесі; табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа 
білім жасауға бағытталған. Студенттердің ғылыми жұмыстарының негізгі 
нәтижелері ғылыми конференцияларда, бдаяндамалар, курстық және 
дипломдық жұмыстар, мерзімді басылымдарда, ғылыми еңбектер 
жинақтарында мақалалар түрінде беріледі.
«Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысының» қазіргі мағынасы екі өзара 
байланысты элементтен тұрады:
1 Зерттеу еңбегінің элементтерін студенттерге оқыту, осы еңбекке баулу; 2 
Студенттердің профессорлар мен оқытушылардың жетекшілігімен 
орындалатын жеке ғылыми зерттеу жұмысы.
Оқудан тыс уақытта студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының 
түрлері:
Ғылыми студенттік үйірмелер;
Студенттердің ғылыми техникалық ұйымы;
Халық шаруашылық келісім шарт және мемлекеттік бюджеттік 
тапсырма бойынша орындалатын жұмыс;
Дәріс беру жұмысының ғылым және техника саласындағы арнайы 
білім беру;
Студенттер конференциясына және олимпиядаларға қатысу.


Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы, оқу, ғылыми және тәжірибелік 
үдерістері қызметтік әртүрлі формаларымен, шығармашылық еңбектің 
дағдыларын алуға мүмкіндік тудыратын табиғи байланысты, сонымен 
қатар, олимпиадаларға, жарыстарға, көрмелерге, студенттік семинарлар 
мен ғылыми конференцияларға, ғылыми-білім беру форумдарына 
қатысуды; ғылыми-зерттеу тәжірибелерін ұйымдастыруды; зерттеу 
жоспарының бітіруші біліктілік жұмысының орындауды; ғылыми 
басылымдарды дайындауды; ғылыми-зерттеу жобаларын орындауға 
қатысу; оқу-ғылыми және оқу-өндірістік орталықтарының шеңберінде 
зерттеу және жобалық жұмысын жүргізуді болжайды.
Студенттердің 
ғылыми-зерттеу жұмысы ұйымдастыру формалары – ғылыми зертханалар, 
үйірмелер, студенттік ғылыми орталықтары, жобалық және конструторлық 
бюросы, студенттік ғылыми қоғам – тұлғалық танытуына, ұжыммен өзара 
қарым-қатынасын жасауға мүмкіндік береді, өзінің ұйымдастырушылық 
және лидерлік қабілеттерін көрсетуге, өзіне және қоршаған ортаға сыни 
қатынасының дәрежесін реттеуге, төзімділікке үйретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет