Мақсаты: «Дінтану» курсын оқытуда студенттерге рухани мәдениеттің құндылықты-мәндік мазмұны мен тарихилығын, бай мұралардың мағынасын, өркениеттік теория тұрғысынан халықтардың діни дамуындағы заңдылықтар мен бағыттарды, діни жетілу мен трансформацияның маңызын ашып көрсету.
Мазмұны: Дінтану пәні – тарихтың сан ғасырлық мұрасында жинақталған діни тәжірибе, діни мәдениет ескерткіштері, интеллектуалды және рухани мұралар болып табылады. Жоғары кәсіби білім беру жүйесінде дінтану зайырлы тұрғыдан оқытылады.
Компетенциялары: Тұлғалық нәтижелер бойынша студенттер: әртүрлі діндердің рухани өмірінен хабардар болуы, діннің негізгі моральдық құндылықтарын түсіне білуі, діни оқулардың әр алуан әлемінен хабардар болуы сияқты артықшылықтар көрініс табуы тиіс.