Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет26/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Әмір Р.С., Әмірова Ж.Р., Құрмалас сөйлемдер қазақ тілінің грамматикалық, функционалдық жүйесінде. 
– Алматы., « Қазақ университеті», – 2009.
2. Золотова Г.А., Синтаксический словарь – М., Наука, 1988.
Әлкебаева Д.
филология ғылымдарының докторы, профессор 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
Р. ӘМІРОВ, Ж. ӘМІРОВА «ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ,
ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР ЖҮЙЕСІ» АТТЫ ЖАҢА ОҚУЛЫҒЫ ЖАЙЫНДА 
ҚР мемлекеттік грифімен жарық көрген «Қазіргі қазақ тілі, құрмалас сөйлемдер жүйесі» 
атты оқулығы Р. Әмір, Ж. Әмірованың «Құрмалас сөйлемдер қазақ тілінің грамматикалық 
жүйесінде» (2009 жылы) атты оқу құралының негізінде ұсынылған еді. Қазіргі құрмалас 
сөйлемдер туралы бұрын автор ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері, жай сөйлем 
синтаксисіндегі еңбегінде жазған болатын. Жалпы тілдің грамматикалық қызметіне байланыс-
ты да талай ғылыми түсінік пен анықтамалар ұсынылды. Жоғарыда айтылған тіл функ-
цияларының қай-қайсын алып қарастырғанда, тіл функцияларының грамматикалық жүйесі 
жалпы синтаксистің ендігі бір саласы ерекше мәнге ие болады деп қарастырғанда, синтаксис 
саласының ерекшелігі өз алдына зерттеуді қажет етеді. Ол тілдің коммуникативті – танымдық 
функциясы тілдің қызметтерінің ішіндегі негізгі базасын танытады. Мысалы, грамматикалық 
категориялардың өзін тұлғалық және мағыналық құрылысы бар категория болып есептеледі.
Оқулықта автор құрмалас сөйлемге кеңінен тоқталады. Тілдік қызметі белгінің екі жағы 
ретінде құрылым мен мағына сөйлем сипаттауда және оның қолданылуында біртұтас 
бөлінбейтін бірлікте қарастырылады. Тілдің функционалдығы кез келген тілдік бірліктердің 
коммуникативтік әрі номинативтік бірлік ретіндегі күрделі сипаты оны тұтас бір семантика-
синтаксистік, коммуникативтік-грамматикалық және құрылымдылық жақтарының өзара 
түйуісінің, ұштасуының негізінде қарастырылды.
Р. Әміровтың оқулығы осы мәселелерге тікелей қатысты алынып, алғашқы тарауы 
«Құрмалас сөйлемдердің грамматикалық белгілері, қызметі» деп аталынады. Құрмалас сөйлем 
бір бүтін грамматикалық тұлға, бір бүтін семантикаға ие тұлға деп танылады деген тұжырым 
олардың басты түрлеріне, байланыстырушы амалдарына, байланыстырушы қайтамаларға 
қатысты жіктеледі.


46 
Құрмалас сөйлемнің ішінде салалас құрмалас сөйлемдерге тоқтала отырыып олардың 
ерекшеліктерін, жасалу жолдарын, салаласты жасайтын амалдар, басқа да сипатын танытуда 
автор 28 тараушаға бөліп қарастырған. Салалас құрмалас сөйлемдер атты тарауда автор 
салаластың негізгі грамматикалық түрлеріне тоқтала отырып, олардың басты ерекшеліктеріне 
жаңаша ғылыми көзқараспен талдауға негіздеген. Оның басты себебі автордың бұрынғы 
классикалық бөліністі негізге ала отырып, әлі қарастырылмаған тұстарын қайта қарап ғылыми 
қорытынды жасауында деп айтуға болады.
Атап айтқанда, салалас құрмалас сөйлемдердің мағынасы жағынан бірдей емес, 1 – ден 
жалғаулықты түрлерді грамматикалық мағынасы жақтан 5 түрге бөлсе, семантикалық жақтан 
да осылайша жіктейді. Осында басты назар аударатын мәселе көп функционалды деп 
жалғаулығының қызметі. Кезінде осы деп тұлғасының мағыналық жағына қатысты ғылыми 
жұмыстар жазылуына да Р. Әмір себеп болған. Деп жалғаулығының салалас құрмаласты 
жасаудағы грамматикалық мағынасы мен семантикалық жағынан топтастыру осы дептің көп 
функционалдығын тағы да дәлелдейді.
Ыңғайлас салалас құрмаластарды жіктеуде олардың арасындағы грамматикалық әрі 
семантикалық байланыстың әрқайысына талдау жасайды. Ыңғайлас слаластың арасында 
болып жататын бір-бірімен ілесе болып жататын оқиға құбылыстардың мәндес, мағыналас 
сипатын көрсетуде олардың жасалуын білдіретін әр түрлі тілдік бірліктердің қызметін мұқият 
талдап көрсеткен.
Оқулықта қарсылықты салалас құрмаластың жасалуының түрлі себептерін жасауда 
белсенді қызмет атқаратын тілдік бірліктердің қызметін сонымен қатар, бірақ, алайда, ал, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет