136
«Дауыстыдан
кейін дауыссыз болады, дауыссыздан кейін дауысты болады» деген тірегі
жоқ, тайғанақ емілені ұстаз-мұғалім ойдан шығарып отырған
жоқ немесе ата-ана ұстазбен
әдейі жағаласып отырған жоқ, оны еміле құрастырушылар мойнымызға іліп, міндеттеп беріп
отыр. Сонымен...
Біріншіден, емілешілер ұсынған «у дыбысы» деген тіркес сауатсыз құрылған, дұрыс емес,
өйткені бұл жердегі «у» дыбыс емес, таңба (әріп). Әріп болған
соң оның дыбыс мәні болу
керек, кирилдегі дыбыс мәніне алаңдамаймыз, ал қазақ тілінде үш бірдей (!?) дыбыс мәні бар:
а) дауыссыз
у[w] – ауа [awa]; ә) жуан әуезді
ұу[uw] дыбыс тіркесі
сұу [suw]; б) жіңішке әуезді
үу[üw] дыбыс тіркесі
үуәж [üwäj], осы үштіктің өзі-ақ кирилден
көшкен әліпбиіміздің
орашолақ, кирилден көшірген емілеміздің сауатсыз екенін көрсетеді. Өйткені
уақыт [
uwaqıt]
,
сусын [s
uwsun]
, елу [el
üw]
, улап-шулап [
uwlap-ş
uwlap] деген сөздердің құрамындағы
ұу [uw],
үу [üw] ақиқат дыбыс тіркестерін қалайша дауысты деп айта (үйрете) аламыз?! Оның үстіне
әуежай – äuejai, дұрысы [äwejay]
, Сәуле – Säule, дұрысы [säwle] деген сөздердегі
у таңбасының
дауыссыз екеніне дау жоқ, ал бірақ сол дауыссыз дыбысты қалайша дауысты [u] таңбасымен
белгілейміз?! Сұрақ үстіне сұрақ туындап жатыр ғой...
Сонда
жануар сөзінің қазақы дұрыс жазылымы
жанұуар [januwar] болу керек.
Ендеше
қолдан бұзып жазып, мұғалім мен ата-ананы екеуара керістіріп қойып отырмыз. Әрбір дыбыс
өз орнында өз таңбасымен тұру керек, сонда буынға да жөнімен бөлінеді
жа-нұ-уар [ja-nu-
war]. Бір қызығы, егер сөзді қазақ тілінің фонетика-морфологиялық
заңдылығын сақтап
жазатын болсақ, жоғарыдағы екі айтыскердің екеуінің де уәжі дұрыс болып шығады, өйткені
олар қазақ тілінің (сөзінің) ұлттық түйсінімі мен танымының нәтижесін айтып отыр:
дауыссыздан кейін дауысты
ұ[u] тұр
жанҰуар [janUwar]; дауыстының алдында дауыссыз
у[w]
тұр
жанұУар [januWar]. Жазуда әрбір таңба (әріп) өз орнында көрініп тұрмаса, әрбір дыбыс
өз орнында айтылып тұрмаса әліпбидің әлегі мен еміленің ессіздігінен құтылу мүмкін емес,
жоқ жерден жоққа таласып отырғанымыз отырған.
Достарыңызбен бөлісу: