Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет7/31
Дата09.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#8624
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
49 
Қазақ елі. Соғысқа барған жауынгерлеріміздің қаншасы опат болды,барлығы 
да ерлікпен көз жұмды. 
Әсіресе,  ерлермен  бірге  соғысқан  қыздарымыз  Әлия  мен  Мәншүкті 
қалай  айтпасқа.Кітаптан  оқып  білгеніміздей  –  Мәншүк  апамыз  –  бір 
өзі,жаудың 70 әскерін пулеметімен жайратқан,яғни,жеңіске қарай жол ашқан 
деуге болады. 
Қаншама жауынгерлеріміз Совет Одағының Батыры атағына ие болды. 
Бұл  құрметті  атақ-оларға  оңай  келген  жоқ,  әрқайсысы  сұрапыл  соғыста, 
аянбай ерлік көрсетті, бірі жау пулеметінің аузын кеудесімен жауып, кейінгі 
әскерлерге шабуыл жасауға мүмкіндік алып берген. 
Бұл  не  деген  ерлік  десеңізші.Рахымжан  Қошқарбаев  атамыз  жау 
ордасына қиындықпен барып,төбесіне өз туымызды қадаған. 
Айтайын  дегенім  –  сол  соғысқа  Қазақстандықтарың  қосқан  үлестері. 
Жауынгерлеріміз  майдан  даласында  аянбай  соғысып  жүргенде,елдегі 
аналарымыз да өздерінің тылдағы ерліктерін жасады. 
Ерлік демей не деуге болады, өздері аш құрсақ жүрсе де,ауыздарынан 
жырып,  барлық  тамақты  майданға  жіберіп  отырған.  Таң  атқаннан  кеш 
батқанға  дейін,  егін  орып,  майданға  арнап,  жылы  киімдер  тігіп,  тоқып 
жөнелткен.  Осының  бәрін  кәрі  ата-әжелерімізден  естіп  білсек  те,немесе 
кітаптан  оқысақ  та,  бүгінгі  Жеңістің  70-жылдығына  орай,  бұларды 
айтпасымызға  болмайды.  Жеңіс  осындай  жанқиярлықтың  арқасында  келді 
ғой. 
Талай ақын жазушылар соғыс тақырыбын  толық қамтып жазды.Ондағы 
неміс  фашистерінің  елге  жасаған  жан  түршігерлік  істерін  оқып  білудеміз. 
Қазіргі кезде, Жеңіс күніне сәйкес етіп, сол жылдар да туылған балалардың 
есімдерін «Жеңіс», Ерлік деп қойып жатады. Осының өзі де Жеңістің қалай 
келгендігінің ұмытылмағандығының белгісі.Жеңіс күніне сәйкес сыныптарда 
іс-шаралар  өтеді.  Қазіргі  кездің  жастары  ерлік-рухын  жалғастырушы  ұрпақ 
екендерін  біледі.  Жеңіс  күнін  бүкіл  ел-халық  болып  тойлайды.  Ұлы  Жеңіс 
барша адамзатқа тыныштық, береке сыйлады. 
Жеңіс  үшін  сол  кездегі  аталарымыз  жан  аямай  шайқасты,аштыққа  да, 
суыққа да, ыстыққа да, тіпті өлімге де төзе білді. Сол үшін аталарымызға алғыс 
айтамыз. Олар әкелген тыныш өмірдің тұнығын лайламауға біз уәде береміз. 
Қалалар  да,  ауылдар  да  Жеңістің  ардагерлерінің  үйлеріне  барып, 
алдымен  алғысын  жаудырып,  сонан  соң  сыйлықтарын  тапсырып,  шын 
пейілмен алғыстарын айтып жататыны бәрімізге де аян. 
Сол кезде соғыс зардабын тартқан мемлекеттер кең түрде атап өтпекші 
Ардагерлердің қатары сирегенмен, бірақ кейінгі ұрпақтар ол кісілердің ерен 
еңбектерін  ешқашан  да  ұмытпайды.  Біз  қазіргі  балалар  соғыс  зардаптарын 
көрмегенімізбен,ата-аналарымыздың айтуымен, тарихтан, өзге де кітаптардан 
оқып  білудеміз.  Ешқашан  да  соғыстың  болмауын  тілейміз!  Біздің  бір  ғана 
мақсатымыз-бейбіт  елде  өмір  сүріп,сабақты  жақсы  оқу.  Ата-бабаларымыз 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
50 
алып  берген  Жеңісті  құрметтейміз.  Ол  кісілерге  тағзым  етеміз.  Ұлы  Жеңіс 
күнінің  салтанатты  өтуіне  өз  үлесімізді  қосамыз.  Ешқашан  да,  еш  уақытта 
соғыс болмасын, Ұлы Жеңістің мәңгі болуын тілейміз! 
2-ші дүние жүзілік соғыс атанған бұл соғыс ешуақытта ұмытылмайды. 
Елімізде соғыс ардагерлері саны азайып келеді, яғни санаулы ғана аталарымыз 
қалды. 
Бейбітшіліктің  мәңгі  болуын  қалаймыз!Қазіргі  кезде  соғыс  атауы  түп 
тамырымен  жойылмағанымен,біздің  байтақ  еліміз  де  соғыс  ізі  жоқ,бұл 
татулықтың,бейбіт тыныштықтың мәңгі жасауына біз сенеміз! 
Арылтып жаудан жеріңді, 
Табанға жаншып өлімді. 
Жеңіспен желпіп өмірді, 
Оралды ерлер көңілді 
Десеңдер бұл қай күні, 
Ұлы Жеңіс күні! 
Ұлы Жеңіс жасасын! 
Балғабаева Нұрсая 
10 сынып Жаңақорған ауданы Қызылорда облысы 
Жетекшісі: Қансейтова Ш. 
 
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды 
Сарғайса да тарихтың ақ парағағы, 
Ол күндер меңгі есте сақталады! 
Соғыс, соғыс! Деректерге сүйенсек, жұмыр жер 14513 рет соғыс азабын 
тартыпты.  Солардың  ішіндегі  ең  қанқұйлысы,  ең  қасіреттісі  –  Ұлы  Отан  
соғысы. Қырқыншы жылдардан басталған бұл топалаң жер шарының Европа, 
Азия  тіпті Африка бөлшектеріндегі 40 елдің мекенінде, екі  милиардқа жуық 
адамды қатыстырып, 61 мемлекетті түгел қамтиды.Сөйтіп, екінші жер жүзілік 
атанған бұл соғыс күллі әлемді 1418  тәулік бойында үрйлендіре сілкіндіріп, 
елу милион адамды жалмайды да, зорға тынады 
Жеңіс оңайға түскен жоқ, неміс басқыншылары біздің екі мыңға жуық 
қалаларымызды, 32 өндірісімізді қиратты, жүзден аса селоларымызды өреді, 
обаға  айналдырды.  Беларуссиядағы  «хатынь»  мемориалы  сол  жойылған 
селоларымыздың зираты  аталады. Әрбір 24 минут пен күмбірлеген қоңырау 
үнінен аза мен ыза үні естілді. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
51 
Ал  аман  оралғандардың  арасындағы  қолсыз,  аяқсыздар  кереңдер 
қаншама.  Қаншама  адамдар  бақытсыздыққа  ұшырады.  Бейбітшілік  оңайға 
түскен  жоқ.  Қанқұйлы  ауыр  соғыста  50  милион  адам  құрбан  болды.  Елу 
милион! 
Егер де балаларын жоқтаған аналар жасын, ерлерін жоқтаған жесірлер 
жасын,  әкелерін  жоқтаған  жетімдер  жасын  бір  арнаға  бұрсақ,  қасіретті 
тамшылар  теңізі  пайда  болар  еді  де,  сол  қасіретті  теңіз  толқыған  сайын, 
мынандай ойлы да өжет талаптар қайталанар еді: 
Көрсін де мынау қасіретті теңіз көз жасын, 
Адамдар енді сұмдыққа қайтып бармасын. 
Білмесін әлем әкесіз өскен жетімді, 
Жылаулы ана, қаралы-мұңлы жесірді... 
Соғыс... Қаншама адам қан төгіп ұрыста мерт болса, қаншама қала отқа 
оранып  жанып,  күл  талқан  болды.  Соғыста  отқа  оранып,  қан  жұтып  батыр 
атанған  қайсар  қалаларымыз  Москва,  Киев,  Ленинград,  Брест,  Смоленск, 
Курск,  Одесса,  Севастополь,  Тула,  Керчь,  Минскілердің  аты  тарихтың    ақ 
парағында алтын әріппен жазылды. Бұл қалалар от пен өрттің құшағында қан 
кешті. 
Көз саламын  шағын ғана текті үйге, 
Мызғымайтын граниттен де салмаған. 
Шұрық-шұрық тесік қабырғасы оқ тиген, 
Быт-шыт болған түрінен түк қалмаған,.. 
  - деген 
Самат  Шакирдің  өлең  жолдарын    оқығанда,  батыр 
Сталинградты,  Мамаев  қорғанын,  оны  қорғаған  ерлердің    ерлік  ісін,қазіргі 
күнге  дейін  қала    ортасында  қирап,  соғыстың  нақ  таңбасы,  болып  тұрған 
Повлов үйін көргендей  боласың. 
Гитілершілердің  неге  Сталинградқа  ұмтылды,  оның  жоспары  қандай 
болды  десек,  совет  одағының  Маршалы  Г.К.  Жуков  гитірлік  басқару  
жоспарын  былай  жазады:  «Гитлердің  саяси-әскери  стратегиясының  жалпы  
мақсаты    жақын  кезенде  1942  жылы  Оңтүстікте  біздің  армияны  талқандап, 
Кавказ аудандарын алып, Волгадан өтіп Астрахань Сталинградты  алып жане  
ССРО-ны мемлекет есебінен жоюға жағдай жасау»  
Совет одағы үшін алғашында Сталинградтағы ұрыс жағдайы өте қиын 
болады.  Прибалтиканы,  тіпті  барлық  Краснодар  өлкесін  басып  алды.  Соған 
қарамастан  неміс-фашистерінің    армиясы  Москва  түбінде    өздері    күтпеген 
үлкен    тосқауылға  тап  болып,  тойтарыс  алды  жане  «жедел»  соғыс жоспары 
бұзылды. Гитлер совет-герман фронтында 6 милионнан астам армия ұстады. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
52 
Қарсыласымыз совет әскерлерінің адам санынан 1,7 есе, артиллериі мен танкі  
бойынша 1,3 есе, сомолеттері екі еседен де көп болады. 
Әлемде  бірде бір мемлекет бұндай соғыста қарсы тұра алмас еді. Бірақ 
совет  адамдары  Сталинград  түбінде  ел  тағдыры    шешілетін  білді  «Өлімге 
қарсы тұр, бір адам шегінбе!» деген отан бұйрығы тұрды. 
Әлемді оқ пен отқа ораған екінші дүние жүзілік  соғыс адамзат жүрегіне 
жазылмас  жара  салды.  Кескілескен  айқаста  ажалдан  тайсалмай  «Бәрі  де 
майдан үшін!», «Бәрі де отан үшін»,-деп жауға  қарсы ұмтылған  ерлер  есімі, 
тылдағы  ерен  еңбектер тарих беттерінде мәнгі жазылып қалады.  
Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан соғысқа Кеңес одағы сияқты, 
алғашқы  күннен  бастап  жұдырықтай  жұмылды.  Республиканың  түкпір-
түкпірінде  әскери  комиссариаттарға  еріктілер  ағылды.  Кеше  ғана    мектеп  
партасында    отырған  бозбалалар  мен  бойжеткендер  де,  қала  мен    ауыл  
тұрғындары  да  соғысқа  сұранды.  Майдан  даласында    ерлікпен  шайқасқан  
жауынгерлік  ерліктері    ұшін    жүздеген    мың    қазақстандық  медаль-
ордендермен марапатталса, 500- дей адам Кенес одағының Батыры, 100-ден 
астам адам-Даңқ  орденінің иегері атанған. 
Біз,  бүгінгі    ұрпақ,  Қазақстандық    жерлестеріміздің  ерлік    істерімен  
мақтана    аламыз.  Өйткені  олар  ешбір  ұлт  өкілі  қайталай  алмас    ерлік  пен 
батырлық  иелері.  Олардың  тізімі  Мәншүк    Маметова,  Алия  Молдағұлова, 
Талғат  Бегелдинов,  Бауыржан  Момышұлы,  Рақымжан    Қошқарбаев, 
Қызылордалық  Маханбетова Жақыпбек , Балмағанбетов Махаш, Әбдіқадров 
Кәкім,  Ілиясов  Нағи,  Нұрсейтов  Жаппасбай,  Түктібаев  Үрман,  Қазатов 
Жәлел,Ниетқалиев Ерденбектер  болып тізіле берді. 
Теңіз тамшысынан  танылатыны секілді ұлт  мақтаныштарының  ерлік 
істеріне содан бері 70 жыл өтсе де халық махаббатына, құрметіне бөленген, 
Сталин  саясаты өз дегеніне бұрып, «ешкім де, ештене де ұмытылмайды» деген 
жалынды  қағиданы  теріске  шығарғысы  келгенмен,  Бауыржан  атамыздың 
күйіне  қозғау  салуымен,  Германия  журналисті  Карл  Кокошконың  арнайы 
іздеп келуімен кеште болса әділдік орнап, 1999 жылдың 7 мамырында «халық 
қаһарманы»  атағын  алған  бір  ғана  Рахымжан  Қошқарбаевтың  ерлігінің  өзі 
дәлел болуға  жарарлық. 
Рақымжан Қощқарбаев 1924 жылы 19 қазанда Ақмола өңірінде дүниеге 
келеді. Ата мен анадан ерте айырылады. Төрт  жасында анадан айырылған оны 
әкесі  Қошқарбай құшағында еркін өсірді ол кісі 1937 жылы  «халық жауы»  
деген  жаламен қуғынға ұшырайды. Рақымжан атамыз  балалар үйнде білім 
алып, оны Балқаш қаласындағы фабрика-зауыттық Училищеге  жалғастырады. 
1942  жылдың  тамызында  майданға  аттанып,  Бішкектегі  әскери    училищені 
кіші  лейтенат  дәрежесімен  бітірген  ол  ұрысты  I  Беларусь    майданынан 
бастайды. 
1945  жылдың  30  сәуірінде  Берлинге  кірген  Кеңес  әскері    Шпрее  
өзенінен  өтіп,  Рейхстагты  басып  алу  үшін  шабуылға  кірісті.  Лейтенат 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
53 
Қошқарбаев  пен  қызыл  әскер  Булатов  толассыз  жауған    оқтан    қорғанып 
жүріп,  300  метр  жерге  жетті  сағатта  (күндізгі 11-ден  кешкі  6-ға  дейін) әрең 
жетті. Сөйтіп жау бекінген ғимаратқа алғаш жеңіс жалауын  қадайды. 21 жасар 
Рахымжанның көзсіз ерлігі сол күні Берлинге жеткен. Кеңес  жауынгерлерінің 
бәрінің аузында болған майдан газеттері де бұл ерлік жайында жарыса жазып, 
жас  қазақтың  фотосуретін  жариялап  жатты.  Өйткені,  фашистер  ордасына 
тігілген  алғашқы  жеңіс  туы  шешуші    шайқаста    жауынгерлерге  рух  беріп, 
көңілдерін    шарықтатқаны  ақиқат  болатын.  Бұл-сол  күнгі  жетпей 
қыршынынан қиылған сан мыңдаған  боздақтардың арманы еді. Бұл-бес жылға 
созылған соғыстың аяқталуын зорға күткен халық арманының орындалғаны, 
қанды қырғынның тоқтағанын білдіретін соңғы нүкте еді. 
«Шындық  әрқашан  жеңеді,  бірақ  кешігіп  жүреді»  деп  Б.Момышұлы 
айтқандай  көзі  тірісінде  заң  жүзінде  батыр  атағы  бұйырмаған  батыр  есімін, 
ерлігін халқы ұмытпады. Мерейін асқақтатқан ұлының атын мерейлене атап, 
ұрпаққа өнеге етуден танбады.  
Халқымыздың дар туған ерен батырлары туралы айтарымыз мол. Олар 
болашаққа  жеткізіп,  жалғастыру  біздің  борышымыз,  Ештеңені  ұмытуға, 
ешкімді ұмыт қалдыруға хақымыз жоқ. 
Ерлерге құрмет – ерлікке тағзым.  Алматы қаласындағы Ұлы Отан қан 
кешіп,  жан  тапсырған  қазақтың  қос  қызына  ескерткіш,  соғыс  құрбандарын 
мәңгі  есте  сақтау  мақсатында  қойылған  «Мәңгілік  алау»,  панфиловшы 
жауынгерлері  бейнеленген  «Даңқ  мемориалы»,    Бауыржан,  Панфилов 
ескерткіштері,  Қазақстанның  жер-жерлеріндегі  тағзым  алаңдары,  ерен 
ерліктер арқау болған көркем шығармалар, өлең-жырлар соғыс ардагерлеріне 
жасалынып  жатқан  қамқорлықтар,  сый-құрметтер  –  бәрі-бәрі  жеңісті 
жақындатуға күш салған, бейбіт өмірді сыйлаған ерлерге жасалған құрмет. 
Қорыта келгенде, ерлік-елге мұра, ұрпаққа- үлгі. 
Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ, 
Ол кездері бола алды ма көңіл тоқ. 
Естілді ме шат күлкісі сәбидің 
Жалмап жұтып жатқанында зұлым оқ. 
Боздағынан айырылып боз дала, 
Қобыз үні күңіренді қоздана. 
Жау табаны жаралаған жүрегін 
Қасіретті бастан кешті Жер Ана. 
Қанды майдан ер айқасып жатқанда, 
Тылдағы ел жата алды ма жастана, 
Отан үшін, майдан үшін тер төккен 
Түсті салмақ әйел, тіпті, балаға. 
Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ, 
Өткен күнді ұмытуға хақың жоқ! 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
54 
Елім деген ерен ерлер арқасы 
Бұл күндері аспан – ашық, көңіл – тоқ, -дей келе, бүгінгі бақытты ұрпақ 
атынан: «Біз ешқашан ұмытпаймыз. Олардың ел үшін, жер үшін, Отан үшін, 
біз үшін жанын да аямаған ерліктерін мәңгі есте сақтаймыз, үлгі тұтамыз. Біз 
де өз мұңынан ел мұңын жоғары қояр, ел сенімін ақтар, кетігін тауып кірпіші 
болып қаланар жас болып өсеміз»,- дегім келеді. 
Балғынбай Мөлдір 
10 сынып, №217 мектебі Қызылорда қаласы 
Жетекшісі: Қабылбаева М.Ө. 
Ұлы Жеңіс қарсанында 
Ұлы соғыс-төрт жыл адам төзгені 
Дерт пен ыза-тірі дене сезгені. 
Төрт жыл ұдай көздемеппіз,атпаппыз, 
Екі аяқты есуастан өзгені. 
-Жеңіс, жеңіс! 
Бір сыбаға баршылық!- 
Қуаныңдар қалды жуық,қарсы алып! 
Осылайша отты салют берген-ді 
Біздің елден жаңа тарих жар салып, 
-деп асқақ ақынымыз жырлады. 
Ұлы  Отан  соғысы-халық  қаһармандарының  отты  шежіресі.  Ұлы  Отан 
соғысы  қаһарман  халық  үшін  тарихта  бұрын-соңды  болмаған  сын  болды. 
Халықаралық  империализмнің    ең  басты  да  қанқұмар  қара  күші-герман 
фашизмін талқандау үшін совет адамдары қолдан келгеннің бәрін істеді. Олар 
тылда  «бәрі  де    майдан  үшін,  бәрі  де  Жеңіс  үшін»  деген  ұранмен  күні-түні  
бірдей  қажымай  -талмай  еңбек  етсе,  ал  майданда  «Отан  үшін,  бейбіт  өмір 
үшін» ұранмен теңдесі жоқ ерлік көрсетті. 
Төрт  жылғы  соғыста  тобықтан  қан  кешіп  жүріп,  мыңдаған  километр 
жүрді,  көзге  түрткісіз  қараңғы  түндерді  сансыз  рет  кірпік  қақпастан 
бастарынан  кешірді.  Жырға  арналған  сұр  шинель  жастық  та,  сары  қардың 
үстіне  қисая  кеткенде  төсек  те,  сақылдаған  аязда  кеудесіне  қорғаныш  та 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
55 
болды. Мың жарым күнге дерлік созылған қиян-кескі жортуылда қаншама рет 
арыстанның аузынан, жолбарыстың жолынан қайтты-ау қайран ағаларымыз. 
Совет халқы оның айбынды Қарулы күштері фашистік Германияны күйрете 
жеңді.  Отанымыздың  бостандығы  мен  тәуелсіздігін  қорғап  қалды.  Европа 
халықтарына  азаттық  әкелді.  Фашизмді  талқандау,  соғыстың  жеңіспен 
аяқталуы бүкіл дүниежүзілік тарихи маңызы бар бетбұрысты оқиғаға айналды, 
ол  аман  қалған  адамзаттың  алдынан  әлеуметтік  прогрестің  жаңа  жолдарын, 
планетаға  әділетті  де  баянды  бейбітшіліктің  перспективасын  ашты.  Біздің 
жеңісіміз өткен күнге айналып кеткен жоқ. Ол бүгінгі күнге және болашаққа 
бет бұрған жанды Жеңіс! 
Біздің елдің өзінен ғана жиырма миллион адам қаза тапқан Ұлы Отан 
Соғысының  аяқталғанына  да  қаншама  жыл  өтті.  Бомбалар  мен  снарядтар 
қопарып,  окоптар  айғыздаған  жер  жарасы  жазылғаны  қашан  содан  бері 
жомарт  табиғат  жер  бетіне  қаншама  рет  жасыл  кілемін  жайната  жауып, 
қаншама  рет  жинап  алды.  Жеңіс  жылы  туған  баланың  өзі  жігіт  ағасының 
жасына  жетіп,  самайын  қырау  шалды.  Емші  уақыт  талай  қаралы  көңіл  мен 
жаралы жүрек дертіне дәру болып, қайғы-қасірет ұмытылып бара ма қалай?  
Елдің елдігі, ерлік ерлігі сынға түскен екі талай қиып кезде, көк темірмен 
құрсанған  қатыгез  жаудан  Отан  мен  халқының  бостандығын,  тәуелсіздігін 
сақтап  қалған  жау-жүрек  батырлар  жөніндегі  аңыз-әңгімелер,  өлең-жырлар 
қашан,  қай  халықты  мезі  етіп  еді.  Тіпті  ежелгі  дәуірдің  білте  соқпақтарына 
бармай-ақ,  ұлы  орыс  халқының  басын  қосуға  ұйытқы  болған  жыр-дастан  – 
«Игорь  полкі  туралы  сөз»,  грузиндердің  «Жолбарыс  терлі  жиһангезі», 
армяндардың  «Давыд  Сасункиі»,  біздің  Қобыланды  батыр  мен  Ер 
Тарғынымыз, Қамбар батыр мен  Алпамысымыз сөз болғанда, елең етіп, құлақ 
түре  қалмайтын  жан  бар  ма.  Елдік,  ерлік  жайлы  хикая  ешқашанда  ескіріп 
көрген емес. Өйткені, халық әрқашанда батыр ұл-қыздарын қастерлеп, өткен 
ғой. 
Ал,  біздін  кешегі  Ұлы  Отан  соғысын  алсақ,  ол  адамзат  тарихында 
тұңғыш рет тарих сахнасына шыққан социалистік мемлекеттің өміршеңдігі не, 
оның  тәуелсіздігіне  деген  қияметтен  қиын  сынақ  болды.  Фашизмге  қарсы 
күрес бүкіл совет халқына, оның лениндік партиясына қатал сын болды. Міне, 
осы ауыр сыннан совет халқы абыроймен өтті. 
Ұлы Отан соғысы-халық қаһармандығының отты шежіресі. Оның ақыл-
ойының,  ар-намысының,  сенім-нанымының  шежіресі.  Совет  халқы  осынау 
шежірені  тудырған  ерлікті  қаһарман  ұл-қыздарының  қолымен  жасап,  міне, 
қаншама  жылдан  бері  өзінің  талантты  өкілдерінің  тілімен  жырлап  келеді, 
жырлай бермек. 
Соғыс!  Жан  түршігерлік  осы  жалғыз  ауыз  сөз  ел  ішіне  тез  тарады да, 
төбеден төніп, бұрқасын боратып, бастырып салғалы тұрған қара бұлт секілді 
барша  халқымызды  сұрапыл  ызғарымен  тітіркендірді.  Бірсыпыра  тарихтан 
біліп, әңгімелерден естігендерім болмаса, мен де, менің замандастарым да ес 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
56 
біліп,  Отан  танығалы  «соғыс»  дегенді  көрмегенбіз  ғой.  Көрмей-ақ  қояйық, 
Алла оның бетін аулақ қылсын. 
Адамзат  тарихында  алапат  соғыс  саналған  Ұлы  Отан  соғысы 
жылдарында  еліміздің  тәуелсіздігін,  келер  ұрпақтың  бейбіт  өмірін 
қаһармандықпен  қорғап,  жеңіске  жеткен  ардагерлерімізді  мақтаныш  етіп, 
сіздерді ерекше құрмет тұтамыз. 
Сұм соғыс талай жұрттың іргесін шайқалтып, қабырғасын қаусатты. Ел 
халқы мыңдаған азаматтарын жоғалтып, бала-әкеден айрылды. Ажал оғынан 
аман қалған соғыс ардагерлерінің біразы бізбен бірге XXI ғасырда нық қадам 
басуда.  Жеңіс  күнін  жанқиярлық    ерлікпен  жақындатуда  Сіздердің  қосқан 
үлестеріңіз ерекше. Майдангерлер мен тыл еңбеккерлері сұрапыл соғыс пен 
одан туындаған қиындықтарға қажырлы жігермен қарсы тұрды. Оны бүгінгі 
ұрпақ ерлік пен жасампаздықтың айшықты нышаны ретінде бағалайды. Сіздер 
соғыстан кейінгі кезеңде бейбіт еңбекке белсене араласып, ел еңсесін тіктеу 
жолында  да  аянбай  күш  жұмсадыңыздар.  Біз  болашақ  жолындағы  жарқын 
істеріңіз үшін үлкен алғысымызды айтамыз. Сіздердің алдарыңызда әрдайым 
басымызды иеміз. Ұрыс даласын мәңгілік мекен етіп қалған боздақтар рухын 
әрқашан да қадірлеп, қастерлейміз. 
Бүгінде, Қазақстан Республикасы тәуелсіздін алған тағдырлы кезеңде біз 
ержүрек  майдангерлерімізді,  тылдың  ерлерін  бірдей  тең  дәрежеде  мақтан 
етеміз. 
Ұлы  Жеңіс-ардақты  да  аяулы  ағаларымыздың  ел  басына  күн  туған 
қастерлі  шақта  ортақ  Отанымыздың  тәуелсіздігі  мен  бостандығын  қорғау 
жолындағы  теңдесі  жоқ  қаһармандық  ерлігінің  мәңгілік  белгісі,  айшықты 
нышаны.  Ерлік  дегеніміз  –  табиғат  тарту  етер  сый  емес,  табанды  ұзақ 
тәрбиенің нәтижесі. Адам бірден сақа азамат болып туа қалмайтыны секілді, 
ерлік  те  оқыстан  пайда  болмайды.  Жас  ұрпақты  ерлік  көрсетуге  әрқашан 
дайын тұруға баулу керек. 
Біздер,  жастар  сергек  ойлы,  намысшыл,  салалы,  салмақты  мұрагер 
болуымыз керек.  Шығарманың  соңын мына  өлең  шумақтарымен  түйіндегім 
келеді. 
Көрдік қой соғыс дауылын, 
Кештік қой  от пен жалынын; 
Жас ұрпақ сенбес өзгеге, 
Өзгелер айтқан сөзге де, 
Біздерге сенер тек қана! 
Бегайдарова Нұрайым 
9 сынып, №45 гимназиясы, Шиелі ауданы Қызылорда облысы 
Жетекшісі: Дәулет Г. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
57 
Бақыт гүлін терген күн! 
Сарғайса да, тарихтың ақ парағы, 
Ұлы жеңіс мәңгі есте сақталады. 
Күз.  Бұлттар кішкентай  балалардай  қайта-қайта  жылайды...  Бұл  жақта 
ұзын көше орналасқан. Көше – жағалай орындық. Бас жағындағысы бос емес 
секілді.  Иә,біреу  бар.  Бұл-қария  ғой!  Қолында  –  қолшатыр.  Бір  жерге  ұзақ 
қарап тұр ма қалай өзі?! Бір кезде: «Еһ,»-деген  дауыс естілді. Ішінде жатқан 
сыр бардай.Тоқта, көше аяғынан басына қарай біреу келеді. Өзі жас бала. Келді 
де: 
-Ата, мұнда неге жалғыз отырсыз?-деді. 
-Таза ауамен тыныстау үшін, балам,-деді әлгі қария. 
-Солай деңіз. Медальдарыңыз бен ордендеріңіз көп қой! 
-Е-е-е,мынау  ма?-деді  қария  костюміндегі  сылдырап  тұрғандарды 
көрсетіп. 
-Тоқтаңыз мынау... Сіз соғыс ардагерісіз бе? 
-Иә,балам, -деп жымиды қария. 
-Өзіңіз жас секілдісіз,ата. 
Осы кезде қария күлді де: 
-Қылшылдап  тұрмын  ба,  соншалықты,  -деді,  -  Мен  жаңбыр  жауғанда 
осы  жаққа  келемін,-деп  қария  сөзін  жалғастырды.  Себебі,  бұл  жер-соғысқа 
қатысқан  майдангерлердің  аллеасы  еді.  Өткен-кеткенді  еске  алып,  жаңбыр 
басылса, үйіне қайтады. 
-Адамдардың өз Отанына деген махаббатын ештеңе де тоқтата алмайды 
екен,-деп басын шайқап,қайтадан «Еһ»-деп,күрсініп алды...     
Ерлік  дегеніміз  не  осы?  Соғыста  маңызды  хабарды  жеткізу  ме,  әлде 
жауынгердің  таусылған  оқ-дәрілерін  апарып  беру  ме,  әлде  бір  партизанды 
құтқарып қалу ма немесе кез келген адамның қолынан келетін іс пе?! Әрине, 
бұлардың бәрі де ерлік емес пе?! Тіпті кішкене болсын жасалынған істің өзі 
үлкен жеңіске жетелейді. 
«Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран,»-деп бекер айтылмаса керек. 
      Соғыс...  Ол-күйретуші  күш.  Әрі  атаулыадамзатты  қырып-жоюға 
бағытталған. Адам адам болғалы осылай. Соғыстың ерекше дейтіндей ережесі 
жоқ.  Біз  «соғыс»  деген  салқын  сөзді  естігенде,  көз  алдымызға  қантөгіс, 
қырғын,ажал атты қорқынышты бейнелерді елестетеміз. Дәл солай! Сондағы 
барлығының  ойлайтыны:«Не  үшін  сқғыс  болады  екен  осы?  Адамдар  неге 
соғысады?». Олар ұрпақтарының,яғни мына біздің, жақсы, бейбітшілікте өмір 
сүруімізді,  өз  елін,  жерін,  Отанын  қорғау  үшін,  аттың  жалында,  түйенің 
қомында жүріп, еркіндікте қанатымызды жайып, самғауымыз үшін соғысқан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет