Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
58
жоқпыз ба?! Б.Момышұлы айтқандай: «Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде
жүгініп қызмет еткен жастарымыз аз болған жоқ».
Оттан да ыстық отан үшін от кешкен майдангерлер өшпес ерлік көрсетті.
Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты», Т.Ахтановтың «Қаһарлы күндер»,
Ә.Нұрпейісовтің
«Күткен
күн»,
Ә.Шәріповтің
«Партизан
қызы»,
Қ.Қайсеновтің «Партизан хикаялары» тағы да басқа жазушылардың соғысқа
арнап жазған әрбір шығармаларын оқи отыра, олардың қаһармандық күресті,
айбарлы халықты, ең бастысысы толқынды асау теңіз ерлерімізді қалай
суреттегенін жан-жақты біліп, әлі де болса да,сол соғыс ызғарының қалғанын
сезінеміз.
«Өмірдің алды – ыстық, арты – суық, Алды – ойын, артқы жағы мұңға
жуық,»-демей ме Абай?!
«Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын,»-деген мақал
бекер айтылмаса керек. Осындай ауқымды тақырыпты қоөзғағанда, қазақтың
қайсар да батыр ұл-қыздарын айтпай өту мүмкін емес секілді. Бауыржан
Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат
Бигелдинов сияқты батырларымыз – соғыс заңы – қатал заңды сезінбей, жерге
тер төгіп, халқына қан төгіп, қызмет етуден аянбаған әрі кеуделеріндегі
жүректері соғып тұрғанда Отаны үшін шайқасқан адамдар. Олар біз үшін
қадірлі де мақтан тұтар азамат ретінде қалады.
Жеңіс мерекесі-өскелең ұрпақтың бақыты үшін күрескен қастерлі күн.
«Адам өткенімен өмір сүреді. Өйткені, өз тарихын, рухани асыл
қазынасын ұмытпаған ұлт қана өркендей бермек,»-деп үнді философы Бейдауа
айтқандай, адам өзінің өткенін білмей жатып, болашаққа нық қадам баса
алмайды емес пе?! Соғыста болған оқиғаларды ести отыра, арнайы киноларды
көре отыра, әңгіме-шығармаларды оқи отыра, мен осы бір заманда досыммен
ренжіскенімнің өзі, нашар баға алғанымның өзі, қиналып, ашуланғанымның
өзі үлкен бақыт екенін сезінгендеймін. «Отаным маған не бересің?»-деп емес,
«Отаным, мен саған не бере аламын?!»-деп өмір сүру керек қой!?
Қазір біз егеменді, тәуелсіз, демократиялы елде өмір сүреміз. Жеріміз
байтақ, еліміз қуатты, аспанмен таласқан биік тауларымыз, ұшы-қиырсыз
далаларымыз, тіпті теңіз деңгейінен төмен жатқан ойпаттарымыз бар мына біз-
өте бақыттымыз. Осындай ел болып, мемлекет ретінде пайда болуымыз үшін,
қаншама адам өмірін қиды десеңші?! Ал ары қарай қалыптасуымызға сол
кездегі әрбір адамның жалынды жүрегі, жанқиярлық ерлігінің нышаны,
ержүректілік пен төзімділіктің және қаһармандылықтың символы, абыройлы
намысы, жеңіске деген үміті көмектесті емес пе?! Тіпті әлі де демеу береді
десем,артық емес. Бақытжан Ертаев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты,
«Халық қаһарманы»:
«Елді сөзбен емес, жүрекпен сүю керек. Елді сүйетін адам Отанның
тарихын білуі керек. Райымбек, Наурызбай, Қабанбай бабаларымыз найзаның
ұшымен, білектің күшімен жауға шықты. Ұрпақтарым үшін жан беріп, қан
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
59
төгемін. Мына елге ие болыңдар деген шығар. Аллаға шүкір, егеменді елге ие
болдық,»-деген еді. Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз
тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз
әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар.Елімізде
бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған
дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!
Соғыс...Ауызға алман бұл сөзді,
Елестету мүлдем қиын ол кезді.
Бейбітшілік,егемендік,бостандық,
Алу үшін ата-бабам мың төзді.
Мына біздер болатұғын бақытты,
Әрқашан да сезінуіміз шаттықты,
Арқасы ғой қаншама көп адамның,
Ескермейміз сол кездегі уақытты.
Олар деген қаламады артықты,
Болса деді: «Тек осылар бақытты»
Н.Бегайдарова
Бегімсал Тоғжан
10 сынып, №104 мектебі
Өркендеу аулы, Қазалы ауданы Қызылорда облысы
Жетекшісі: Өтеулі А. А.
Күтумен өткен ғұмыр
Жыл сайын Жеңіс күні тойланады. Бұл – ұрпақ үшін ұмытылмайтын
ұлы жеңіс. Соғыс – қай қоғамда да аты жаман атжалман. Кешегі ортақ
Отанымызды қорғауға Қазалы ауданынан алты мыңға жуық азамат соғысқа
аттанса, екі мың сегіз жүзден астам азаматтардан қаралы қағаз келіп,
қаншамасы хабар – ошарсыз кеткен. Мен туып өскен кішкентай ауылдың
өзінен соғысқа кеткен азаматтардың жүз он бірінен қаралы қағаз келген. Әр
жыл сайын Жеңіс күнін тойлағанда сынып жетекшімізбен «Тағзым алаңына»
барамыз . Алаңға барғанда тізімдегі Пұшықаев А. Пұшықаев Е. Пұшықаев Ж.
Пұшықаев Б. деген қатар есіме жылда жалықпай, әсерелеп айтатын әжемнің
әңгімесін түсіреді. Бұл күнде сол әңгімемен бірге әжемді де сағынышпен
еске аламын. Әжем самаурында қайнаған қою күрең шайды және өзінің
сүйікті тәттісі «Қазалының ащы кәмпитін» алдына ұсақтап, қоңыр көздерін
сәл-пәл қысыңқырап, бір күрсініп алып, әңгімесін бастап кететін.
Ол кемпірді ауылдың бәрі «Пұшықай әже» деп атайды. Бес баласы
бірден әрмияға кетіп, келмей қалады. Даладан қыбырлан жан көрсе: «Қала
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
60
жақтан не хабар бар? Әрмиядан балалар келді деп айтып жатқан жоқ па? »- деп
сұрайды екен. Сұрап жүрген уақыты 1950-60 жылдар. Пұшықай әженің жеті
– сегіз ешкісі бар. Сол ешкілердің мүйіздерінде
байланған қызылды –
жасылды шүберектері болатын. Бұл әженің салып қойған белгісі екен. «Ана
ешкіні Ағыбайжан әрмиядан келгенде, мына ешкіні Бұғыбайжан келгенде
соямын» - деп, «сен, олар келгенше жақсылап оңал, өрістен келмей қалма деп»
ешкілерімен адамдарша сөйлесіп жүруші еді. Ол кезде қазіргідей дүние
жетерлік емес, дүние тапшы болатын. Кейбір дастарханы жоқ үйлерде бар.
Кенеп қапты тазалап жуып, ортасынан айырып дастархан қыламыз. Ал
Пұшықай әженің әр баласының тойына жаямын деген дастархандары болатын
. Күніне бір рет сол дастархандарының арасын ашып көріп қояды. Кейін сол
қиялдың жетегімен дастарқандарды жайып қойып, «қайнаға шай іш, шешей
неге үндемейсің, Ағыбайжан әрмиядан аман-есен келгенде ішіп - жеп
отырсаңдаршы деп жападан жалғыз әңгіме айтып отыратынды шығарды.
Кемпірдің жақын-жуықтары да болмады ма, әлде соғыстан кейінгі халықтың
қарны тоймаған уақыт қой, ешкімнің колхоздың жұмысынан қолы тие
бермейді ме, әйтеуір кемпір қараусыз қалды. Бір күні Пұшықай әженінің
өртеніп өлгенін көрдік.
Қазіргідей аузы жабық ошақ емес, қазақы ошақ деген болады аузы
ашық, отты жағып күлін тапап қоясың. Сол ошақтан от шығып кетті ме, әлде
өз қиялымен балаларына той жасап жүргенінде етегіне от тиіп кетті ме,әйтеуір
есебін тауып дүниеден кетті- деп әжем әңгімесін аяқтайтын. Әдетегідей
өлгендер туралы әңгіме қозғалса соңынан құранын оқитын. Бізде кетпей
отырамыз. Сәлден кейін әжем самайына түсіп тұрған бір-жар ақшаштарын
жаулығының ішіне тығып, құранын оқиды. Құран оқылып болғаннан кейін,
әжемнің кім деп атап бағыштағанын аңғармаймын, өзім ішімнен «Пұшықай
әжеге, соғыста қаза болғандарға тие берсін»- деймін. Әжем де бетін сипап,
біразға дейін үнсіз отырады. Бізде әжемнің әңгімесінің әсерінен арыла алмай,
соғыс деген қорқынышты үрейден енді болмаса екен, қандай жаман нәрсе
деп, үрпейісіп әжемнің бетіне қараймыз. Әжемде сол ойымызды түсініп: «Ой,
айналайындар, әке-шешелерің аман, елдерің тыныш болсын. Соғысы
құрысын, жауыма да тілемеймін. Сендер аман болып, замандарың тыныш
болса болды. Адамзатқа тыныш өмірден артық не керек?» - дейді.
Сол әжем айтқан әңгімені кішкентайлау кезімде естісем де әлі күнге
дейін жадымда жатталып тұр. Адамзатқа соғыс салған лаң аз болды ма?
Менің әжемнен естіген әңгімем – бір әулеттің жойылып кеткен тағдыры
туралы. Көңілі зерек, көзі ашық әңгімешіл асыл әжем қайғы отына оранған
басқа да отбасылар туралы айтып отыратын. Ол күнде сұм соғыстың зардабын
тартпаған бірде-бір отбасы жоқ десек,артық айтқандық болмас.
Әжем айтқандай ана үшін баланың амандығынан артық еш нәрсенің
керегі жоқ. Төрт бірдей арысын соғысқа аттандырып, оның біреуін де
көрмеген, бар өмірін күтумен өткерген анаға не айтуға болады? Асыл
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
61
армандарымен, ұшы қиырсыз қиялдармен өмір сүрген сол кездегі аналарға
басымды иіп тағзым етемін . Бейбіт өмірдегі болмашы қиындыққа шыдамай,
өз-өздеріне қол жұмсауға дейін барып жатқан бүгінгі замандастарыма
«Пұшықай әжелердің» өмірін, бейбіт күннің қадірін айтқым келді.
Соғыс деген сөз тіпті қолданыстан шығып қалсын.
Ана мен бала ажырамай, тәуелсіз елімнің бейбіт күні әрдайым шуағын
шашып тұрсын.
Бекен Назгүл
11 сынып, Н. Ильясов атындағы
№9 мектеп-гимназиясы Қызылорда қаласы
Жетекшісі: Күздеубаева Ә. С.
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні. Осыдан 70жыл бұрын, бұл күні адамзат
тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғыс Ұлы Отан соғысы аяқталды. Екінші
дүниежүзілік соғыс , біз үшін Ұлы Отан соғысына 6 материктің сол кездегі
әлемнің дербес 60-тан астам елі қатысқан болатын. Бұл соғыста
қазақстандықтардың майдан даласындағы ерліктері мен тылдағы
табандылықтары ешқашан да ұмытылмайды! Айбынды білек, жеңістеріне
сенімді ыстық жүректері мен қайрат күштерімен кешегі жігіттер бүгінгі,
өнегелі аталарымыздың арқасында 1945 жылдың 9 мамыр күні Ұлы мейрам-
жауды жеңіп, соғысты жеңіспен аяқтадық. Бүгінде Жеңіс күні мерекесі
адамдардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш
күні. Бұл қастерлі мейрамның мән-мағынасы уақыт өткен сайын еш өшпек
емес, себебі оның құндылығы ғасырлар бойы жаңа жас буын ұрпаққа өсиет
боларлық жақсылық жеңген Ұлы күн! Отан үшін от кешкен ерлеріміздің ерлігі
де, еңбегі де ұрпақтар жадында мәңгі сақталады. Сол кезеңде әр адамның не
сезінгенін тек қасымызда аздап қана қалған ардагерлеріміз біледі. Бұл
тарихымыздағы өте қиын да, қайғылы кезең. Жеңіс күнін бүкіл халық
тойлайды. Ардагерлерді құрметтеу – біздің міндетіміз. Жеңіс үшін аштыққа
да, ауыр жұмыстарға да, тіпті өлімге де қарсы тұра білді. Қаншама азапты
күндерді басынан кешіріп, бүгінгі көк аспанында ақ көгершіні қалықтаған
бейбіт күнді сыйлады. Сол үшін ардагерлерімізге рахмет айтқымыз келеді.
Олар әкелген тыныш өмірдің тұнығын лайламауға біз сөз береміз.
Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1945 жылдың 22 маусым айында болған
еді. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан бүкіл Кеңес Одағы сияқты,
алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Бір күшке жиналған орыс пен
тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
62
қамал болып жұмылды. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге
жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін
қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін
барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва
мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті. Украинаны,
Кавказды,Белоруссияны,
Қырымды,
Прибалтиканы
азат
етті,
Польша,Румыния,Венгрия, Чехословакия, Болгария,Германия жерлеріндегі
майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында
біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмады.
Республиканың барлық экономикасы әскери «рельске» қойылды: бейбіт
мақсаттағы шығыстар барынша қысқартылды, көптеген кәсіпорындар
қорғаныс өнімдерін шығаруға кірісті. Ер азаматтардың бәрі армия қатарында
болғандықтан, зауыттарда әйелдер, қариялар, жасөспірімдер еңбек етті. Еңбек
тәртібі қатайтылды, жұмыс уақыты ұзартылды. Алты апталық,
23 сағаттық жұмыс күні бекітілді, демалыстар тоқтатылды. Бірақ ешкім
қынжылған жоқ. Бүкіл ел «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген
ұранмен еңбек етті.
4 жыл! 1418 күн мен түн. 34000 сағат. Осы уақыт аралығында қаншама
қала қирап, қаншама село өртке шалдықты. Осы жылдары 20 миллионнан
астам адамдардың өмір оты өшті. Соғыс жылдарында әрбір шақырымға
7 мыңнан астам адамдар жерленіпті. Сондықтан осыншама адамдардың
өмірі – Жеңістің басты құны болды. Жеңістің тағы да бір құны- мәңгілікке
кеткен жастық шақ деуге болады. Өйткені көптеген адамдардың ең албырт
жастық шағы осы сұрапыл жылдарға келді. 1939 жылдың дерегі бойынша,
біздің республикамызда 6,2 миллион адам тұрып жатқан. Соғыс жылдары
Кеңес Армиясының қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылған,
атқыштар дивизиясы мен басқа да құрылымдар жасақталған. Соғыстың
алғашқы күндерінен-ақ Орал қаласынан 2000-ға тартқан жас комсомолдар өз
еріктерімен сұранып, майданға аттанды. Бұл жігіттер мен қыздардың көбі
өрімдей жас болатын, олардың жастық шағы еш уақытта қайта оралмайды.
Олардың көпшілігі махаббат сезімін бастарынан кешіріп, отбасын құрып та
үлгірмей мәңгіге жас күйінде өмірден өтті.
Солардың бірі шығыстың қос шынары атанған, Кеңес Одағының Батыры
Мәншүк Мәметова. Алматы медициналық институтының екінші курсынан
майданға аттанғанда ол небәрі 20 жастағы бойжеткен болатын. Сондай-ақ
тағы да қазақтың мақтан тұтар, ерлігі мен елдігі үшін соғыста қаза тапқан
қыздарымыздың бірі – Әлия Молдағұлова. Рейхстагқа жеңіс туын
тіккендердің бірі – Рахымжан Қошқарбаев. Партизандардың қатарында да
қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі – Қасым Қайсенов. Ал танымал
қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың
ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
63
Ұлы Отан соғысы 4жылға созылды. Майдан даласында 600 мыңнан
астам қазақстандық қаза тапты. Соғыста қаза тапқандардың саны туралы
мәлімет бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Жекелеген мәліметтер бойынша, адамзат
тарихындағы бұл ең зұлмат соғыс 20 миллионнан астам кеңес азаматтарының
өмірін қиды. 1710 қала және 70 мыңнан астам село-деревнялар, 31850
өнеркәсіптік кәсіпорын, өнеркәсіптік кәсіпорын, 65 мың шақырым темір жол,
4100 теміржол стансасы, 36 пошта – телеграф мекемесі, телефон стансасы
және басқа да байланыс бекеттері жермен-жексен болған немесе жартылай
қираған. 40 мыңдай аурухана немесе басқа да көптеген нысандар жойып
жіберілген, тоналған. 1941-1945жылдардағы алапат от кешу туралы зерде-
қасиетті ел-жұртымыздың жалпы тарихының бір бөлігі. Өйткені, аға ұрпақтың
сол сұрапыл сындағы төзімділігі мен табандылығы, қайраты мен
қаһармандығы болмаса бүгінгі жарқын болашаққа батыл қадам жасаған
тәуелсіз Қазақстанда болмас еді.
Соғыс бітті... Ауыр да азапты жылдар артта қалды, біздің еліміз
бейбітшілікті сүйеді. Ананы – баладан, баланы – анадан айырған сұм соғысқа
жол жоқ... Енді соғыс болмасын деп, еліміздің,жеріміздің көркеюіне өз
үлесімізді қосайық! Қазақстанның болашағы жастардың қолында. Міне,
қазіргі кезде Қазақстан өзінің Тәуелсіздігін алып, бейбітшілікте өмір сүруде.
Қазақстанның әр түкпірінде соғыс ардагерлеріміз бар. Әр жыл сайын
халқымыз оларды құттықтап, өз алғыстарын жаудыруға асығады. Себебі біз,
қазіргі таңның жастары сол ата-бабаларымыздың арқасында бейбітшілік
өмірге қол жеткізіп, бақытты өмір кешудеміз. «Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан
облысының әр ауылы мен қаласында Ұлы Отан соғысының
850 ардагері бар. Соның ішінде 27-сі Ленинград қоршауында Отан
қорғаса, 36-сы ардагерлердің жесірлері , 500- і концлагер тұтқындары. Бұдан
бөлек КСРО мемлекеттік төсбелгісімен марапатталған 2018 тыл ардагері бар.
Жерлестеріміздің арқасында 106 Кеңес Одағы Батыры 24 Даңқ Орденінің
толық кавалері бар. Солардың құрметіне Шығыс Қазақстан өңірінде
172 мемориалды кешен мен 233 ескерткіш орнатылды. Соғыс және еңбек
ардагерлері атына 327 көше мен елді-мекендер аталған. Алайда аталмыш
ескерткіш пен кешендердің көпшілігі жөндеуді қажет етеді »,- делінген
хабарламада. Міне, ардагерлерге көптеген игі істер жасалып, құрмет
көрсетілуде. Соғыста қаза тапқандарға, сондай-ақ ардагерлерімізге мың алғыс!
Сіздердің өмір, бейбітшілік және бостандық үшін істеген ерліктеріңізге
рахмет. Мейрамдарыңызбен! Фашистердің басты жоспары жерді жаулап
алып, адамдарды құлға айналдыру болатын. Бірақ, фашистердің алып жоспары
жүзеге аспады. Біздің халық бұл соғысты
Ұлы Жеңіспен аяқтады. Жеңіс мерекесі бізге барлық мейрамдардан да
қымбат. Ендеше соғыс болмасын, бейбітшілік жасасын деп тілейік. Бұл
соғысты ешкім де ұмытпауы, ешнәрсе де ұмытылмауы керек.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
64
Болатбек Меруерт
6 сынып, №105 орта мектебі Жосалы кенті,
Қармақшы ауданы Қызылорда облысы
Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат
Соғыс жаңғырығы жылдан – жылға алыстап барады... Ол туралы
үлкендерден, көнекөз қариялардан естіп жүреміз. Кинолардан, деректі
фильмдерден көреміз. Әйтсе де өткенге көз жүгіртпей, болашаққа бағдар
жасау мүмкін емес. ХХ ғасырдың орта кезінде болған алапат соғыс Екінші
дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Кеңес Одағының тарихындағы
Ұлы Отан соғысы болды. Бұл соғыс кезінде әрбір бесінші қазақстандық
майданға аттанып, Отан анасын қорғауға атсалысты. Қаншама
қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды. Жеңіс бізге миллиондаған
адамдардың төгілген қанымен келді. Соғыс салған қасірет әрбір жанұяның
тарихында із қалдырып кетті. Ұлы Отан соғысы тарихы туралы қаншама
шығарма жазылып, қаншама кино түсіріліп жатса да оның тарихына еш
уақытта нүкте қою мүмкін емес. Ерлікпен шайқасып лайықты бағасын
алғандар да бар. Кезінде аты аталмай қалса да қазір санамызға қайта оралып,
жатқан тұлғалар аз емес. Мысалы, Бақтыораз Бейсекбаевты аға буын өкілдері
білген жоқ қой. Қазір еліміздегі ең жоғарғы награда «Халық қаһарманы»
атағының иегері. Отан соғысының ізінде әлі де ашылмай жатқан ақиқаттар,
еленбей қалған ерліктер, елеусіз жатқан ерлер қаншама?... Оны ашып анықтау
белгісіз болып жатқан тағдырларды тауып елге танытып, лайықты атаққа ие
болғызу, оларға қамқорлық жасау – бүгінгі ұрпақ, біздің, қасиетті парызымыз.
Бөгенбаев Мерей
10 сынып, №30 орта мектебі
Қармақшы ауданы Қызылорда облысы
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы – Қазақстан
Қазақстандықтардың майдан даласындағы ерліктері мен тылдағы
табандылықтары ешқашан да ұмытылмайды! Осыдан 74 жыл бұрын, дәл осы
күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар
Одағына шабуыл жасады. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың
қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың
қазақстандық-шекарашылар болды. Атақты Брест гарнизонының өзінде 1941
жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында
олардың көпшілігі әскерден елге қайтулары керек болған. Бірақ жаудың
шабуылы олардың бұл жоспарларын күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
65
тез еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар
қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған және
олардың көбісінің сүйегі беларусь жерінде қалған. Соғыс кенеттен
басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап
жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде әскери
комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған
бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа
сұранды. 1939 жылдың дерегі бойынша, біздің республикамызда 6,2 миллион
адам тұрып жатқан. Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына 1 миллион
200 мың қазақстандық шақырылған, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен
басқа да құрылымдар жасақталған. Фашистермен болған шайқастарда 328-
ші, 310-шы, 312-ші, 314-ші, 316-шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-
ші атқыштар дивиясы, 100-ші және 101-ші ұлттық, 81-ші, 105-ші, 106-шы
кавалериялық дивизиялар, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадасы, 209-
шы Зайсан, 219-шы минометтік, 85-ші зениттік, 662-ші, 991-ші және 992-ші
авиациялық полктер ерекше көзге түсті. Майданға 14 100 жүк және жеңіл
автокөлік, 1 500 шынжыр табанды трактор, 110 400 жылқы, 16 200 арба
жөнелтілді. Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік
күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. 1941-1945 жылдары әскери оқу
орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жолданды, ал Қазақстанның
аумағында сол жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны толық емес
мәлімет бойынша 16 мыңдай офицер дайындап шығарған.
Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан.
Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль-ордендермен
марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100-ден астам адам –
Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес
Одағының Батыры атанды, олар – Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский,
Иван Павлов және Леонид Беда. Кеңес Одағы Батырларының қатарында
қазақтың екі қызы – мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк
Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі – қазақ жігіті
Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында да
қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі – Қасым Қайсенов. Ал танымал
қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың
ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар. Соғыстың тек майдан даласында ғана
емес, тылда жүргені мәлім. Гитлерліктер КСРО-ның батыс аудандарын
басып алғаннан кейін, Сібір мен Қазақстанның ел экономикасындағы
маңызы күрт артқан. Жаудың қолына бермеу үшін соғыстың алғашқы
айларында өнеркәсіптік кәсіпорындардың барлығы тылға көшіріле бастады.
Қысқа мерзімнің ішінде Қазақстанның аумағына 142 кәсіпорын
жайғастырылды, 532 506 адам көшірілді. Оған қоса, жаңа өнеркәсіптік
нысандардың құрылыстары жеделдетілді. Соғыстың алғашқы 1,5 жылында
Қазақстанда 25 кен орны пен шахта, 11 кен байыту фабрикалары, 19 жаңа
|