Бақытбекова Мая
8 сынып, №28 орта мектебі, Ақжар ауылы
Қармақшы ауданы Қызылорда облысы
Жетекшісі: Сарыбаева З. С.
Ұрпақққа ұран болған Ұлы Ерлік
Қазақ халқы – ежелден жерін, жаудан, елін езгіден қорғап жүрген ұлы
халық. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл
солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілік атаулының
бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін
газет-журнал материалдары немесе радио-телехабарлар, кинолар, аталар
ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді.
Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де
ұмытылған жоқ.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні – сол кездегі кеңес халқының
ержүректілігі мен төзімділігін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл
күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан
үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр,
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
41
-деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмыр басты пенде үшін теңдессіз
құндылық, ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр.
Қариялар азайып бара жатқанын, әсіресе, олардың ортасында Ұлы Отан
соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып
барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен,
күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған
жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып,
туын жықпай, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы
ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл
– Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдас аманатын арқалап, аман оралған
арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін біз ұмытсақ та, тарих
ұмытпайды. Ол – өмір заңы.
Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап
күшпен жеттік. Ол күш – әрине, «Бірлік». Қаншама халық бір тудың астына
бірігіп, күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс – он бес одақтас болған
мемлекеттердің ортақ мерейтойы.
Москва сенің іргеңді
Ел, ер болып сақтаймыз.
Сенен аяр жан да жоқ,
Барлығы да сен үшін.
Саған қауіп төнгенде,
Жау таянып келгенде
Қамсыз тыныш жатпаймыз.
Алпыс ұлттың адамы
Қол ұстасып үн қосып,
Қорғауға сені дайынбыз,
-деп жазған Нұрпейіс Байғанин өлеңімен халқымыздың Мәскеу
қаласына деген ерекше құрметі байқалады.
Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап
жеңіске жету ісіне Қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық
жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград
түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған
ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті.
Қазақ – ел басына күн туғанда, толарсақтан саз кешетін жауынгер халық.
Ұлы Отан соғысының қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың
қанды қырғында қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетті. Оған мысал-
айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес Одағының
батыры атағын алғанын айтсаң да жетеді. Биылғы жыл Кеңес Одағының
батыры атағын кеш алған Бауыржан Момышұлы атамыздың жүз бес жылдық
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
42
мерейтойы, жеңістің жетпіс жылдығымен қатар келіп тұр. Торқалы тойдың
қуанышы өзі сүйген халқы үшін ерекше болмақ. Найзағайдай жарқылдаған
отты ойы бар, қаһарлы сөйлесе де қайырымы мол, өз мүддесінен бұрын ұрпақ
мүддесін ойлаған, қара қылды қақ жаратын әділдіктен жаралған ойы тұңғиық,
қимылы қылыш Бауыржан Момышұлы есімі, ерлігі жадымызда мәңгі қалып,
өнегесі болашаққа күш, қайрат, рух береді. «Ер есімі – ел есінде», - демекші,
бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар ерлігі ешқашан
ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге күн
нұрындай мәңгі шуағын шашпақ.
Бақытжан Аружан
7 сынып, №123 орта мектебі
Жалағаш ауданы Қызылорда облысы
Жетекшісі: Қосжанова С. О.
Желбіре, Жеңіс жалауы!
Тәуелсіздік – халқымыздың бостандығы
мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық
күрес тарихының нәтижесі.
Н. Ә. Назарбаев
Соғыс жаңғырығы жылдан-жылға алыстап барады... Ол туралы
үлкендерден, көнекөз қариялардан естіп жүреміз. Кинолардан, деректі
фильмдерден көреміз. Әйтсе де өткенге көз жүгіртпей, болашаққа бағдар
жасау мүмкін емес.
Әлем тарихы беттерінде өзінің сұрапыл зұлматтығымен өшпестей із
қалдырған соғыс Жеңіспен аяқталып, айшықты мерекеге айналды. Сондықтан
бұл мерекенің мәні мен маңызы ерекше.
1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында 1418
күнге созылған қанды қырғынның, күллі әлемге тажал сепкен соғыстың
аяқталып, қауіп-қатерсіз өмір сұріп жатқанымызға жетпіс жыл толғалы отыр.
Соғыс жылдарында Кеңес Одағы 27 миллион адамынан айырылды. Соғыс
майдандарында 1млн. 360 мың қазақстандық шайқасты. Олардың 600 мыңы
мерт болды. Оның ішінде 350 мың қазақ майданда қаза тапты. Сыр елінен
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
43
майданға 70 мыңдай ер-азамат аттанып, оның 30 мыңнан астамы соғыста қаза
тапты.
Адамзат баласына алапат қатер төндірген соғыс отының өшкеніне
осынша уақыт өтсе де жері мен намысын жауға таптатпаған жеңімпаз аға
ұрпақтың ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес. Олар майдан мен тылда
жанқиярлықтың,
патриоттықтың,
қайсарлықтың
өнегесін
көрсетті.
Майдангерлердің жеңіске деген ерік-жігері адамзат баласын фашизмнің
қатерінен сақтап қалды.
1. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ, Кеңес халқы жан тәнімен
Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды.
Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.
Сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен
айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте берді, күте берді.
Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап,
жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық
жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград
түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған
ұрыстарда ерліктер көрсетті. Украйнаны, Кавказды, Белоруссияны,
Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия,
Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс
туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз
қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмады.
Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген
жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу
деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті арыға бармай-ақ кешегі
Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп
қарасақ қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз
жетеді.
Ел басына күн туған шақта, майданда қазақстандық жауынгерлер
кескілескен ұрыста батылдық пен батырлық танытса, елдегілер
жанқиярлықпен тылда еңбек етті, отансүйгіштіктің керемет үлгісін көрсете
білді.соғыс барысында, Қазақстан жерінде 12-атқыштар дивизиясы, –
атқыштар бригадасы мен 50-ге жуық әртүрлі полктер мен батальондар
құрылып, майданға аттанды. Біздің жерлестеріміз майдан даласында
ерлікпен шайқасқан. Иә, бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қ.Қайсенов,
Т.Бигелдинов, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Б.Момышұлы, Р.Қошқарбаев
сияқты аттары аңызға айналған кісілерді тарих бетінде «Батыр» деп жазып
кетті.
Ағаларымыздың сол зұлмат соғыстағы жеңістері болмаса, бүгінгі таңда
жарқын болашаққа қарай батыл адымдап келе жатқан Тәуелсіз Қазақстан
болмас еді.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
44
Жаңғыртып ән мен аспан кеңістігін
Халқымыз қуанышта тегіс бүгін.
Жауды жаншып, Отанды азат еткен
Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін,
- демекші, ауқымы жағынан алғанда бұл соғысқа адамзат тарихындағы
бір де бір ұлы шайқас тең келе алмайды. Соғыс жылдары миллиондаған
адамдар құрбан болды, сөйтіп, Ұлы Жеңіске бүкіл халықтың қайтпас та қайсар
жауынгерлік ерлігі арқасында қол жетті.
Күркіреген күндей болып өткен сол соғыс қаһармандары арасынан аты
аңызға айналған Бауыржан Момышұлының қаһарман тұлғасы әрқашан оқшау
көрінеді. Оның жауынгерлік жолы мен шығармашылық қызметі Қазақстанға
ғана емес, басқа да шет елдерге жақсы мәлім. Әскери іс-қимылдарды шебер
ұйымдастыра білген батыл да талантты командир ретінде ол шексіз
жанқиярлық пен қайталанбас ерліктің үлгісін көрсетті.
2. Ең әуелі ардақты ардагерлерге рақмет айтқым келеді. Біздің өз
қалауымызбен еркін өмір сүруіміз, бейбіт өмірде алаңсыз білім алып
жатқанымыз, шаттан күлгеніміз, жайраңдап жүргеніміз – бәрі-бәрі сіздердің
арқаларыңыз. Елімізге жау тигенде ел үшін, кейінгі ұрпақ үшін деп қарсы
тұрып күрестіңіздер. Сіздерге бас иіп, тағзым етеміз!
Менің өз аталарым да соғысқа қатысқан. Өкінішке қарай аталарымның
өздерінен соғыс жайлы айтып беруді сұрай алмадым. Өйткені ол кісілер мен
кішкене кезімде өмірден өтті. Алайда аталарымның ерлігін, еліміздің
амандығын, жеріміздің тұтастығын, жас ұрпақтың өмірін, халықтың бақыты
мен қуанышын сақтап қалуына үлесін қосқанын үнемі үлкен мақтанышпен
айтып жүремін.
Жеңіс күні – 9 мамыр. Талай жылдар бойы бейбіт өміріміздің бастауы
болған күн.
Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталған күн.
Фашизмді жеңген қаһарман Совет халқының мереке күні.
Осынау қуаныш үшін өмірлерін қиған боздақтарды еске алу күні.
Үйіне, отбасына, ата-анасына оралмаған аталарымыз бен ағаларымыз
сарыла күткен сағыныш күні.
Бұл күн – сол бір қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын
боздақтардың асқақ рухтарының аспандайтын күні.
Бұл күн – бүгінгі ұрпақтардың аталарымыз, апаларымыз сыйлаған даму
жолын одан әрі жалғастырып жатқан күн.
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 70 жыл
толмақшы. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін
паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Жеңіс мерекесі – бейбітшілікті
сүйген барша адамзат қауымының мерекесі. Біз соғысты көргеміз жоқ,
көрмей-ақ, білмей-ақ қоялық! Бірақ өсіп келе жатқан елдің келешегі соғыс
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
45
ардагерлерінің өмірі жайлы көп білетін болса, олардың жасаған ерлігін,
Тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен келгенін түсінетін болады.
Жеңіс күні – достық пен бірлікті жырлайтын, халықтың ержүректілігі
мен төзімділігін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Міне, алдымыздағы
жылы Жеңістің жетпісінші жылын тойлағалы отырмыз. Ешқашан елімізде
соғыс өрті болмасын!
Ә.Нұршайықов атамыз айтқандай:«Тәуелсіздер тойын қуанышпен
тойлайды, тәуелділер қалай азаттықты алуды ойлайды, тәуелсіздік тойын
тойла, тойлай жүріп оны өркендетуді де ойла», демекші, Жеңістің үлкен
зұлмат пен қиыншылықты жеңудің нәтижесінде келгенін, естен
шығармауымыз керек. Біз сол майдангер аталарымыздың ерлігін ешқашан
ұмытпауға тиіспіз. Енді соғысты болдырмау үшін барлық жағдайды
жасауымыз керек.
«Тек қан майданда ғана емес, тылда жұмыс істеп, ашаршы¬лық¬ты,
ауыртпалықты бастан кешіп, таңның атысынан күннің баты¬сына дейін тізе
бүкпей жұмыс істеген сол бір қайратты да қайсар жандарға көпшіліктің,
анығырақ айтқанда, бүгінгі ұрпақтың ризашылығы шексіз», – деді Елбасы.
Расында, елдің басына үлкен қауіп пен қатер, алапат қайғы мен қасірет төнген
сол бір ауызбен айтып жеткізгісіз ауыр уақытта оттан да ыстық Отан үшін от
кешкен майдангерлердің көрсеткен өшпес ерлігін, қаһармандық өнегесін жас
ұрпақ бойында қалыптастыру ең басты мақсатқа айналуға тиіс.
Ерлікке – мәңгі тағзым, біз мұны әрдайым есімізде сақтаймыз және
уақыт өткен сайын майдангерлердің, яғни аталарымыздың жауынгерлік,
қаһармандық ерліктерін жиі еске алатын боламыз.
3. Жеттік, міне, осы күнге көптен бері аңсаған,
Ата-баба ұрпақ үшін көп қуатын жұмсаған.
Осы күндер құрбан етті талай қазақ жандарын,
Бұл күн үшін неше тұлға аямады қандарын.
Иә, бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс
жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік
болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау
мерекенің жемісі.
Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен
қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың
мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
9 мамыр – Жеңіс күні тойланғанымен, оның салмағы ауыр. Соғыс
адамзат жүрегіне өшпес жара салды. Елімізге зор ауыртпалықтар әкелген
соғыстың зардабы тимеген бірде-бір шаңырақ жоқ десе де болады. Қан
майданда қазақ халқы талай боздақтарынан айырылды. Әкелеріміз бен
ағаларымыз толарсақтан саз кешіп, жанкешті қаһармандығымен басқа
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
46
ұлттардың алдында өздерінің ерлігін көрсете білді. Ерлік ұмытылмайды.
Жеңіс мерекесінде біз, бүгінгі ұрпақ өкілдері кешегі қан майданда қаза тапқан
батырларымыздың рухына тағзым етеміз. Ешқашан елімізде соғыс өрті
болмасын!
Бақытжанова Аяжан
8 сынып, №22 орта мектебі
Ақбасты ауылы, Арал ауданы Қызылорда облысы
Жетекшісі: Сералиев Ө.
Ерлік ешқашан ұмытылмайды
Дана халқымыз қашаннан да ел қорғаған ерлерін, Отан үшін шыбын
жанын да құрбандыққа шалар батырларын құрметтеген, әрдайым есінде
сақтап, келер ұрпаққа үлгі етіп отырған. Халық даналығындағы «Отан үшін
отқа түс, күймейсің», «Жалаңаш бар да, жауға шап ажалың жетпей өлмейсің»,
«Ер есімі ел есінде» секілді мақал-мәтелдер де қазақ жұртының ерлікті мұрат
тұтқанын байқатады.
Соғыс – соры,
Сұмдығы жер үстінің
Сондықтан да, адамзат, аспан асты
Аман болсын, мәңгілік, кеңістігің.
Жеңіс! Ұлы Жеңіс! Сан миллиондаған адам осы күнді минуттап,
сағаттап сарыла күтті. Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды. Жеңіс бізге
оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған
асыл азаматтар мерт болды. Атап айтқанда, Ұлы Отан соғысына барлығы 1
миллион 200 мың қазақстандық аттанған болса, оның 630 мыңы оралған
жоқ. Қазақстандық жауынгерлердің 497-ісі Кеңес Одағының Батыры атанса,
98-і қазақ болатын. Кеңес Одағының Батыры атағын 2 рет алған 62 жауынгер
болса, оның төртеуі Қазақстандық жауынгерлер еді. Олар: Талғат Бигелдинов,
Иван Павлов, Леонид Беда, Сергей Луганский.
Бұл сұрапыл соғыс көп адамның өмірін жалмады. Ана жарын
жоғалтып жесір, бала әкесінен айрылып жетім атанды. Фашистердің тұтқын
лагерінде қаншама ана мен бала айуандықпен азапталып өлтіріліп жатты.
Ал тылда қалған қарттар мен аналар, бесіктен белі шықпаған балалар
соғыстың қайғы-қасіретін жастайынан арқалай жүріп бірде аш, бірде тоқ
тынбай жұмыс істеді. Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
47
алып сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі
жеңіс сағатын жақындата түсті.
Сонымен, елдің елдігін, ердің ерлігін танытатын қаһарлы кезең біз
үшін жеңіспен аяқталды. Осы бір ұлан-байтақ жерді қорғап қалу үшін
Қазақстан азаматтары орны бөлек үлес қосты. Мәншүк Мәметова, Әлия
Молдағұлова,
Бауыржан
Момышұлы,
Нүркен
Әбдіров,
Сұлтан
Баймағанбетов, Сағадат Нұрмағанбетов – міне бұлар соғыс кезінде
қаһармандықтарымен танылған қазақ батырлары болатын.
Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк
Мәметова (шын аты Мәнсия) Батыс Қазақстан облысының Орда
ауданында дүниеге келген. Ерте жетім қалған Мәншүк 1942 жылы өзі
сұранып майданға аттанды. Алғы шепте айқасқа түскен алғашқы күннен-
ақ қаруластарын қайсарлығымен, табандылығымен, ержүрек батылдығымен
қайран қалдырды. Невель қаласын қорғау кезінде Мәншүк ақырғы оғы
таусылғанша жауды жер жастандырып, ерлікпен қаза тапты. Оның қасық
қаны қаны қалғанша қарысып баққан қас батырлығы мен өмірдегі асқақ
өлімі, соғыс даласында да, еңбек майданында да әрбір отаншыл азаматтың
жүрегінде ерлік жыры боп жаңғырып, жеңіс жалауын тезірек желбіретуге
жігерлендіре түсетіні хақ.
Сондай қаһарман қазақ қызының тағы бірі – Әлия Молдағұлова. 1942
жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітіріп
шықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек
алуды қалайтынын жазды. Ашық шайқасқа Әлия 1943 жылы маусымда 26-
атқыштар дивизиясы құрамында түсті. Көп ұзамай Әлия барлық ірі-ірі
айқастарға қатысып, құралайды көзге атқан мерген екенін дәлелдеді.
Соғыстан кейін шығыстың қос шынары Әлия мен Мәншүкке арналып
көптеген мектеп, көше аттары беріліп, ескерткіштер қойылып, роман-
хикаяттар, поэма-дастандар жазылды. Ескеретін басты жағдай қос
жұлдызды жастар жағы құрмет тұтады. Ұлы Отан соғысы туралы
тебіренгенде Батыр Бауыржанды айтпай кету мүмкін емес.
Бауыржан – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық
қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы.1941 жылғы күзгі, қысқы
кескілескен шайқастарда өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты,
5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құраммен аман-есен
дивизиясына қосылды, 9 рет асқан ерлік үлгісін қөрсетті. 1956 жылы
демалысқа шығып, өмірінің соңына дейін шығармашылық қызметпен
айналысты. Бауыржан Момышұлы ерліктерінің барлығын айтсақ да артық
етпес еді. Ол атына заты сай қайтпас қайсар қазақтың батыр ұлы. Ол
жауына қатал, халқына жомарт жан. Бауыржанның тұлғалық қасиетіне
артына қалдырып кеткен сөздері дәлел бол алады.
Бауыржан Момышұлы: «Өз ұлтын сыйламау, оны мақтан етпеу –
сатқындықтың белгісі. Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
48
еткін. Опасызда Отан жоқ»- дейді. Қазақ батыры өз елі үшін отқа да, суға
да түскен адам. Кейінгі жастар осы қағидаларды естен шығармуы тиіс.
Сонымен, Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы үшін, оның ішінде Қазақстан
Республикасы да бар жеңіспен аяқталды.
Мен Ұлы Отан соғысын көрмесем де, үлкендердің айтқанына құлақ
сала отырып, тарихтан сыр шертетін қасіретті соғыс болғанын білемін.
Мінекей, Екінші Дүниежүзілік соғыста фашистерді ойсырата талқандаған
бір кездегі алып мемлекет – Кеңес Одағы халықтарының 1941-1945
жылдардағы Ұлы Жеңісіне де 70 жыл толады.
Осы бір жеңіс күндері менің есіме көрнекті совет жазушысы Илья
Эренбургтың 1942 жылы жазған «Қазақтар» деген мақаласы түседі. Туған
жерін жаудан қорғаған ерлер есімін туған елі ешуақытта ұмытпақ емес.
Кеңес Одағының фашистік Германияға қарсы соғысы – ХХ ғасыр тарихы
мен шежіресінен өшпес орын алады. Отанға деген сүйіспеншілік, еліміздің
келешегіне, оның келер ұрпағына аға ұрпақтың, аталарымыздың, аманат етер
ең қасиетті өсиеті де осы.
Қазіргі қоғамда кейбіреулердің баспасөз беттерінде Ұлы Жеңісті
басқаша түсіндірмек болған мақалаларын да көріп, оқып, біліп жүрміз. Бірақ
қалай айтқанда да соғыс біздің бабаларымыздың жүріп өткен жолы, өткен
тарихымыз, оны ешқашанде естен шығара алмаймыз. Еліміз тәуелсіздігін
алып, өз тізгіні өз қолына тигенмен де бір кездері қазақ елінің алып империя
Кеңес Одағының құрамында болғаны шындық. Сол уақыттағы алып
державаның басынан өткерген тарихынан бүгінгі күні айлалып кете алмаймыз.
Сондықтан жеңіс барша бұрынғы Кеңес Одағы халықтарына ортақ болып
қалмақ. Сол себептен қазіргі жастар аталарымыздың ерлік істерін мақтан
етуіміз керек. Ел болашағы, халықтың бақыты, келер ұрпақтың нұрлы ғұмыр
кешуі үшін істелінген ерлік ешқашан ұмытылмайды.
Балатаева Ақерке
9 сынып, №111 орта мектебі Алдашбай ахун ауылы
Қармақшы ауданы Қызылорда облысы
Жетекшісі: Жақанова Майра
Ұрпаққа ұран болған ұлы ерлік
Биыл елімізде соғыстың аяқталғанына 70жыл болады. Бұл Ұлы Жеңіс
оңайлықпен келген жоқ. Талай азаматтарымыз жау қолынан қаза тапты.
Қираған қалалар, бейбіт тұрғындар кішкене сәбилер-соғыс жүріп жатқан
жердің құрбандары. Сол кездегі Советтік Социалистік Республикалар Одағы
атанған мемлекет құрамында әр түрлі ұлттар болды. Әрине, соның бірі – біздің
|