Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет28/31
Дата09.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#8624
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
231 
Бұл ұрпақ өздеріңнің жемістерің. 
Еліме Жеңіс жырын жырлатпаққа
Бекінген қайтпас, қайсар  күрескерім! 
Елімнің ащы мұңы ақтарылып, 
Жатқансыз сол үшін де атқа мініп. 
70 жылдық тарихқа көз жүгіртсем, 
Қойғандай шындық шығар қақпа қылып. 
Куә боп Қазақстан елдігіне, 
Лайықты мақтауын ап ерлігіне. 
Еліміз тәуелсіз боп бүгіндері, 
Орныққан бірлік, теңдік белдігіне. 
Кеңейіп жатыр бүгін керегесі, 
Ақынның қозбас қалай делебесі. 
Жеңістің бәріңізге  құтты болсын
70 жыл толып жатқан мерекесі! 
Төлегенова Арайлым 
5 сынып, №12 І. Қабылов мектебі Қызылорда қаласы 
Жетекшісі: Қарабаева Л. Ә. 
Ұлы Отан соғысына 70 жыл 
Мен  дүниеге  келгенде  қазақстан  халқы  Ұлы  Отан  соғысының  60 
жылдығын тойлаған екен. Енді, міне 70 жылдықты тойлағанда мен 10 жасқа 
келеді  екенмін.  Соғыстың  не  екенін  білмек  түгілі,  ата-анамның  кім  екенін 
танымай  жатқан  кішкентай  сәби,  бүгін  өмірімнің  10  жылында  сұрапыл 
соғыстың сұмдығын естіп, кітаптан оқып, керек десеңіз қорықтым да. Бірақ 
осы  бейбіт  заманда  маған  өмір  сыйлағанына  ризамын.  Алайда,  сол  кездер 
жайында өткеніме шолу жасап өтейін. Бірде әкеммен теледидардан Мәншүк 
жайында кино көрдім, ол кезде кішкентай бала едім. Киноның есімде қалғаны 
«Мәншүк»  аттас құрбым бар еді. Түсінбедім, әкеме сұрақ қойып мазаладым, 
әкем бірде жауап беріп, бірде үндемейтін. Бірақ білгенім, Мәншүк пулеметші 
екен, бір өзі талай немісті қырып ерлік көрсетеді де соңынан өзі де оққа ұшады. 
Менің жаным ауырып, қиналғанымды көрсеңіз. Сонда ойладым менің құрбым 
да осы  Мәншүктей ержүрек, батыр қыз  болсын  деп  есімін бергендігін.  Осы 
батырларымыздың  ерлігіне  қайран  қаламын.  Мен  Бауыржан  атамыздың 
ерлігін  мақтан  етемін.  Үйдің  кітап  сөресінде  кітаптары  тұрады.    Бауыржан 
Момышұлының қанатты сөздерін жатқа білемін: 
1)Тәртіпке бас иген құл болмайды
2)Отаның үшін отқа түс күймейсің.

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
232 
Меніңше  бұл  балаларға  тәрбие,  өнеге  болар  деген  ойдамын.  Жазғы 
демалыста Алматы қаласына бардым. Ағам Бауыржан Момышұлының тұрған 
ескерткішіне  апарды.  Мен  сол  кезде  Бауыржан  Момышұлының  көзіне  тік 
қарап, атаға ішімнен:      -Мен сізге ұқсағым келеді. Сіздің ерлігіңізге қайран 
қаламын, мақтанамын. 
      Ол маған: 
 -  Арманыңа  жет.  Алған  бетіңнен  қайтпа,-дегендей  болды.  Мен  де  сол 
сәттен  өзіме  деген  сенімділік  туды.  Ержүрек  батырдың  есімі,  ерлігі, 
жадымызда мәңгі қалып, өнегесі болашаққа күш, қайрат, рух береді. «Ер есімі-
ел  есіңде»,-  демекші  бізге  жарқын  болашақ,  бақытты  ғұмыр  сыйлаған 
аталардың,  батырларымыздың  ерлігі  ешқашан  ұмытылмайды.  Солардың 
қасиетті рухы бүгінгі бейбіт елімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ. Енді 
бір  қиналатыным,  соғыс  ардагерлерінің  азайып  бара  жатқаны.Ұлы  Отан 
соғысынан  аман  оралған  қариялардың  саны  жыл  санап  азайып  келе  жатыр. 
Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, атаның 
туын  жықпай,  ананың  намысы  үшін  туған  Жердің  топырағын  жауларына 
таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, жеңістің таңбасын басқан 
күн.  Оққа  ұшқан  қарулас  жолдастарының  аманатын  арқалап  аман  оралған 
ардагер  аталарымыздың  өздері  қоғап  қамқор  болып  отырған  арттағы  қалың 
елдің  қамығып  жеткен  Жеңіс  күнін,  біз  ұмытқанмен  тарих  оны  ешқашан 
ұмытпайды.
Немене жетістің бала батыр
Қариялар азайып бара жатыр. 
Бірі мініп келместің келмесіне, 
Бірі күтіп әнеки жағада тұр,  -деп Мұқағали Мақатаев мұңында теңдессіз 
құндылық, қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. 
Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіс-ештеңеге теңеспейтін ғажап күш. Ол 
күш, әрине «бірлік». Қаншама халық бір тудың астына бірігіп, күштерін бір 
арнаға салды. Алайда, соғыста көп адамдар азап шекті. Бұл сол кездегі кеңес 
халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын 
күн. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
233 
Тұрабаева Ұлпан 
6 сынып, №99 орта мектебі 
   Қармақшы ауданы Қызылода облысы 
Жетекшісі: Демеуова Л. 
Азат елдің айбыны 
Талай жанды қиды ажал балтасы, 
Жауды жеңіп қайтты ауылға қаншасы. 
Біздің мына бейбіт өмір алаңсыз
Ел қорғаған аталардың арқасы. 
       С. Селеубай 
Осыдан  70  жыл  бұрын  әлемді  дүр  сілкіндірген  соғыс  атты  сойқан 
басталған  еді.  Бұл  бейбіт  жатқан  елге  ойран  салған  әділетсіз  соғыс  еді.  Ер 
азаматтар қолдарына қару алып майданға аттанса, қарттар, әйелдер, балалар 
күн,түн  демей  еңбектенді.  Осындай  қиыншылықтан  төрт  жылға  созылған 
соғыста елімізжауды ойсырата жеңіп, Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тікті. 
Бұл 1945 жылдың 9 мамыры еді.  
Халқымыз Отан үшін от кешіп, ерлік пен елдік сынға түскен сәтте қас 
қақпай өмірлерін құрбан  еткен батыр ұл-қыздарын қастерлеп,  қадір  тұтады. 
Бұл соғыста қаншама азаматтардың өмірі мен арман-тілегі майдан даласында 
қала берді. Бұл соғыс барлық адамзат баласының жүрегі бір арман тоғысында 
соққан кезең болды. Бұл арман – Ұлы  Жеңіс, Ұлы бейбітшілік еді.  
   Қарап отырсаң, майданға уыздай болып аттанып, оралмай қалған қазақ 
боздақтары  қаншама...  Отанды  шексіз  сүйіп,  ардақтаумен  бірге  оны 
жауларынан жан аямай қорғау-әр перзенттің парызы, міндеті.  
Ал, ауылдағы тіршілік қиындығы майданнан оңай болған жоқ. Аналар 
мен  балалар,  ақ  сақалды  аталар  бәріне  төзді.  Соғыс  ауыртпалығының  куәсі 
болған әжелеріміз сол күндерді күрсіне еске алады.  Соғыста  мейірбандылық, 
батырлық,  қайырымдылық,  та  болды.  Алыстағы  жақындарыдың  майдан 
күндерін аз уақытқа болса да ұмытуға көмектесіп, ерік- жігер беріп отырды. 
Ақын Фариза Оңғарсынованың мына өлең жолдарынан көп нәрсені аңғаруға 
болады.  
Ақ шашты ана! 
Саптан шықпай нық басып келесің бе? 
Сыздап тұр-ау әлі күн оқ тескен жер- 
Қаласыңдар мәңгілік ел есінде
Ару  қыздар-  алаулап  от  кешкендер-дегендей,  жаратылысынан  жаны 
нәзік,  жолы  жіңішке,  жүректері  сезім  мен  сырға  толы  осынау  жылдар 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
234 
халқымыздың  басына  түскен  ауыр  кезеңдерде  нағыз  қажыр-қайрат  иелері 
екендерін  айдай  әлемге  тағы  бір  рет  таныта  білді.  Сол  жылдары,  сол 
кезеңдерде  ару  қыздарымыздың  бойынан  әйелге  тән  нәзіктік  пен  қоса 
ержүректілік табылды емес пе? 
Отан ананы басына іс түскенде жан салып қорғамаған азаматты азамат, 
халық  перзенті  деуге  болмайды.  Отан  үшін  жанын  берген  қаһармандардың 
есімдері ескерткіштер мен атаулы қабірлер тақталарында мәңгілік сақталады, 
ұрпаққа насихатталады. Оларды ерең еңбектері туралы құжаттар мемлекеттік 
мұрағаттарда  сақталған.  Ата-апаларымыз  Отан  үшін  кеуделерін  отқа 
тосты.Бәрі де біз үшін, келер ұрпақ үшін жалын шашады. Ұлы Отан соғысына 
қатысқан жауынгерлерге біз қарыздармыз.  
Бауыржан  Момышұлының  сөздерінің  өзінен-ақ  қаһармандылықты 
байқауға болады. «Батырлық-тәуекел мен ақылдың есебінен шығуға тиіс.  
Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады» десе, 
Отқа жібер көкірегімді төсейін, 
Отқа жібер қолымменен көсейін. 
Мейлі күйіп, мейлі өртеніп жанайын, 
Отан Ана сені қорғап қалайын-деп жырлағандай, қазақ батырларының 
бейнесін мықты, ержүрек екенін көзге елестетеді.   
Бұл  күнді  соғыстың  алғы  шептерде  қайсарлықпен  шайқас  жүргізіп, 
ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.  Бұл мейрамды өздерінің 
тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған жұмысшылар, ауыл адамдары 
тойлайды. 
Отан  үшін  от  кешіп,  қан  майданда  жанын  пида  еткен,  туған  жерінен 
топырақ бұйырмай, жат елде мүдделері қалған боздақтар рухына үнемі бас иіп, 
еске  алу  жас  ұрпақтың  міндеті.  Сөзімді  қорытындылай  келе,  Елбасымыз  Н. 
Назарбаевтың    «Әрбір  адам бала  кезінен  «Қазақстан  –  менің  Отаным,  оның 
мен  үшін  жауапты  екені  сияқты,  мен  де  ол  үшін  жауаптымын»  деген 
қарапайым  ойды  бойына  сіңіріп  өсетіндей-  болғаны  жөн»  деп  айтқандай 
Отанына, еліне қалтқысыз еңбек етіп, қоғауға тиіс. Осы Ұлы Жеңіске жету ата-
бабаларымыздың  Отанын,жерін  сүюден  бастау  алады.Міне,  батыр 
бабаларымыздың  арқасында  Тәуелсіз  күнге  жеткенімізге  де  23  жыл  толып 
отыр. Бұл мен үшін, қазақ халқы үшін үлкен жеңіс деп білемін. Отан туралы 
жазып  отырғанда,    Ұлы  Жеңстің  70  жылдығына  арналған  бір  шумақ  өлең 
ойыма оралды. Осы өлеңіммен шығармамды аяқтаймын.  
Жеңіс Туы аспанда мәңгі желбіре, 
Бейбітшілік таңы атсын әрбір күнімде. 
Ел қорғаған батырларым мәңгі есімде
Батырлығы, ерлігі ел есінде! 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
235 
Жеңістің 70 жылдық мерейтойы құтты болсын! 
Тілесов Дінислам 
      10 сынып, №13 мектебі 
Арал қаласы   Қызылорда облысы 
      Жетекші: Құрмантаева Л. С. 
Ерлік – тәрбие жемісі 
Ежелден ер тілегі – ел тілегі. Адал ұл ер 
боп туса – ел тірегі. 
Жерге  тер  төгіп,  халыққа  қан  төгіп 
қызмет етуден аянба. 
Бауыржан Момышұлы 
Ер басына күн туса, етігімен су кешер, ат 
басына күн туса, ауыздықпен су ішер. 
  Халық мақалы 
Жеңіс. Бұл бір ғана сөздің бағасы қандай қымбат десеңізші... 
1945 жылы мамырдың 9-ында Ұлы отан соғысы Кеңес елінің жеңісімен 
аяқталды. Бұл нағыз Ұлы Жеңіс болды. Сондықтан да осы күнді халықтар жыл 
сайын  салтанатты  шерулеп  келеді.  Бұл  күн  –  Қазақстан  Республикасында 
белгілі мереке күндерінің бірі. Бүгінде міне, Ұлы Жеңіске 70 жыл болып та 
қалды.  Бұл  жеңіс  –  қаншама  ата-бабаларымыздың  қанымен,  ерлігімен, 
еңбегімен келді. 
Батырлық  –  жеке  адамға  тән  патриоттық  қасиет.  Батырлардың  ерлігі 
қазақ ауыз әдебиетінде ежелден жырланып келеді. Алпамыс, Қобыланды, Ер 
Тарғын,  Қамбар  батырлар  қалмақ,  монғол  басқыншыларына  қарсы  күресте 
ерлігімен  көзге  түсті.Жоңғарлардың  жойқын  шабулына  және  Еділ-Жайық 
арасындағы  кіші  қара  қалмақтың  өктемдігіне  қарсы  тұрып,  қатер  бұлтын 
алғаш  түрген  Қаракерей  Қабанбай,  Қанжығалы  Бөгенбай,  Ошақты  Саурық, 
Шанышқалы  Бердіқожа,  Шақпақ  Жәнібек,  Тама  Есет,  Керейт  Тайлақ,  т.б. 
батырлар еді. Бұлар халықты жауға қарсы жұмылдырды, елдің еңсесін көтеріп, 
есін жиғызды, кек алуға шақырды. Атақты Сырым, Бекет, Исатай, Махамбет, 
Амангелді батырлар қазақ тарихында елеулі орын алады. 
Біз, жиырма бірінші ғасырдың жас ұрпағы, «Дүниежүзілік соғыс» деген 
атаумен жиырмасыншы ғасырда екі алапат соғыс болғанын тарихтан білеміз. 
Соның бірі 1941 жылы бастау алған бәрімізге белгілі жан түршігерлік соғыс 
Ұлы Отан соғысы. Фашистерге қарсы соғыста біздің ата-бабаларымыз Кеңес 
әскерінің құрамына алынып, майдан шебінде Отан үшін ерлік көрсетті. Тарихи 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
236 
мәліметтерге  сүйенсек,  қазақ  жерінен  1  200  000  жауынгер  Кеңес  әскерінің 
құрамына  алынған.  Неміс  әскері  Мәскеу  түбіне  дейін  аса  жойқын 
қарсылықпен келгенімен, Кеңес әскерінің қайтпас қайсарлығы басым болып, 
оларды  қайта  шегіндірді.  1945  жылы  8  мамырда  Рақымжан  Қошқарбаев 
сынды,  қазақтың  намысын  көтерген,  қайсар  батыры  Рейгстахқа  ту  тіккені 
бәрімізге  мәлім.  Міне,  осы  Ұлы  Жеңіске  қол  жеткізу  жолында  біздің 
батырларымыз жанын құрбан еткен.  
Өмірден көргені мен түйгенін бір ауыз сөзге сыйғыза білетін халқымыз 
«Ер басына күн туса, етігімен су кешер, ат басына күн туса, ауыздықпен су 
ішер»  дейді.  Соғыс  ешкімге  де  жақсылық  әкелмейді.  Қаншама  батыр 
бабаларымыз қан төкті және тарихта аты қалды. Москва түбіндегі Волокалам 
тас жолында болған шайқаста әскери шеберліктің үлгісін көрсеткен, майдан 
даласында  сан  мәрте  қазаққа  тән  қайсарлық  пен  өжеттілікті  ерлікпен 
ұштастыра білген, сонысы үшін де Кеңес Одағының Батыры атағы берілмей 
қалған Бауыржан Момышұлының ерлігі күллі қазақ халқына аңыз боп тараған 
еді. «Бәрі де Отан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген патриоттық ұранды ту етіп, 
отансүйгіштіктің өнегесін көрсетуді басты парызы деп ұғынған табиғатынан 
кең  пейіл  қазақ  халқы  қолында  барымен  майданға  көмектескен.  Қазақ 
баласының ерен күшін бар әлемге паш еткен палуан, французша және еркін 
күрестерден бірнеше  дүркін халықаралық  жарыстардың  жеңімпазы,  әлемдік 
спорт  аренасына  шыққан  тұңғыш  қазақ  Қажымұқан  егде  тартқан  жасына 
қарамай, ел аралап, күш өнерін көрсетіп жинаған қаржысына ұшақ жасатып, 
оған Амангелді Имановтың есімін бергізіп, майданға жіберген. Осы ұщақпен 
Қажытай  Шалабаев  жүзден  артық  жауынгерлік  тапсырмаларды  орындап, 
ерлік  пен  елжандылықтың  үлгісін  одан  әрі  жалғастырған.  Ұлы  Отан 
соғысының  (1941-1945)  каһарман  батырлары  арасында  500-ге  жуық 
қазақстандық болды. Олардың қатарында Шығыстың қаһарман қыздары Әлия 
Молдағұлова мен Мәншүк  Мәметова да бар. Оларға Кеңес Одағының Батыры 
атағы берілді.  
Кеңес  Одағының  Батыры  атағы  ұшқыш  Талғат  Бигелдиновке  екі  рет 
берілді. 
Соғыс кезіде тек жауынгерлер ғана ерлік көрсетті деу қателік. Өлкеде 
қалған    көптеген  аналарымыз,  әжелеріміз  және  де  жас-жеткіншек  балаларға 
дейін тылда еңбек еткен. Олар майдан шебінде жүрген жауынгерге азық-түлік, 
киім-кешек  жөнелтіп  отырған.  Бұл  турасында  біз  әдебиеттен  Қабдеш 
Жұмаділовтің  «Қозыкүрең»  әңгімесінен,  Ғабит  Мүсіреповтің  «Ер  ана» 
әңгімесінен  білеміз.  Сонымен  қатар,  қазақ  даласының  ақын-жыраулары  да 
өздерінің жалынды өлеңдері арқылы,  жауынгерлерді жігерлендіріп, жеңіске 
деген ұмтылысын арттырған. 
Жамбыл  бабамыз  «Ленинградтық  өренім!»  атты  жалынды  жырымен 
қоршаудағы Ленинградтықтардың өмірге деген сенімін арттырып, рух бергені 
тарих  бетінде  қаттаулы  тұр.  Бұл  жырды  барлығымыз  да  бала  күнімізден 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
237 
жаттап өстік және де әлі күнге дейін бізге күш-қуат беріп,намысымздың рухын 
көтеруге көмектеседі. 
Міне, дүние жүзін жаулап алмақшы болған фашизмге қарсы соғысқа ес 
білген баладан  бастап,  еңкейген  кәріге дейін өз  үлесін  қосуы  Ұлы  Жеңістің 
бағасын асқақтатып, биіктете түседі. Ел есіндегі естеліктерді сөйлеткен сайын 
ерлік пен елжандылықтың рухы асқақтай түседі.  
Соғыс  уақытын  көзімен  көрген  көне  көз  қариялардың  айтқанын 
тыңдасаң да, осы тақырыпқа жазылған әдеби көркем шығармаларды оқысаң 
да, ердің ері ғана шыдаған сол бір қан майданға өз азаматын жібермеген қазақ 
отбасы, өз үлесін қоспаған қазақ баласы болмапты.  
Қан майданда жанын шүберекке түйіп,қасық қаны қалғанша өз Отанын 
қорғау үшін жан қиярлық ерлікке барған қаншама боздақтар болмады десеңші! 
Ал,  тыл  майданында  еткен  еңбегін,көрген  ауыртпашылығын  ерлікке 
арнаған,тіпті керек десеңіз,ойлаған асыл ойы мен көрген  жақсы түстерін де 
ерлікке арнаған жас балаларды қайда қоясыз?! Ашаршылық пен азып-тозған 
өмір,оған  қоса  ауыр  еңбек,ұйқысыз  өткізген  талай  түндер  мен  қалжырап 
құлаған тіршілік-барлығы да жеңіске арналды емес пе? 
Алаңсыз  өткізер  балалық  шақтың  бал  дәмі,  тойып  ішер  тамақтың 
таңдайдан  кетпес  шырыны,  асыр  салып  ойнар  еш  уайымсыз  күндердің 
барлығы да соғыс құрбанына айналды. Оған өкініп жатқан не кәрі, не бала жоқ. 
Олардың тек арманы мен мақсаты соғыс өрті тез өшіп, жеңісті бір қадам болса 
да жақындатып, соғысқа кеткен боздақтардың аман-есен елге оралуын ғана бір 
Тәңірден  тіледі.  Бүлінген  дүниеге,  жоғалған  затқа,  шығын  болған  малға  еш 
өкінбеді. Тілегені-тек Жеңіс, орнына келер деп үміттенгені-тек Жеңіс, табылар 
деп сенгені-тек Жеңіс, орнына келіп, оңалар дегені-тек Жеңіс еді. Олар үшін 
Жеңістен ұлы, Жеңістен  киелі, Жеңістен қасиетті, Жеңістен артық еш нәрсе 
жоқ еді. 
Біз үшін өмірін құрбан еткен, соғыстың ауыр қиыншылықтарын көрген, 
майдан шебінде қайтпас қайсарлық пен ерлік көрсеткен ардагер аталарымыз 
да санаулы. Олар осы күнді аңсай күтті. Күні бүгінге дейін өзінің артындағы 
ұрпақтарды, мына біздерді, соғыстың тауқыметін көрмесін деп тілейді. Жатса 
да, тұрса да тілейтіні «соғыс» деген сөздің де, өрттің де келмеуін, болмауын 
дос  түгілі,  дұшпанға  тілемес  еді.  Себебі  олар  бұл  сөздің  қаншалықты  тең 
келмейтін ауыртпашылық екенін әлі күнге дейін ұмытқан емес, ұммытпайды 
да!  Сондықтан  да  біз  ата-бабаларымыздың  ерлігіне  бас  иіп,  тағзым  етіп, 
қадірлеп, қастерлеуіміз керек. Бұл жай сөз емес, шын жүректен айтар келер, 
өсер ұрпақтың тілегі мен естен кетпес өсиеті, мойынға салып арқалар аманаты 
деп  білемін.  Ешкім  де,  ешнәрсе  де  ұмыт  болмайды,  олардың  әрбір  өткен 
азапты  күндері  мен  жанын  шүберекке  түйіп  өткізген  түндері  үшін  біз  сан 
мәрте тағзым етіп, қастерлейміз. 
Мен өзімнің ата-бабаларыммен мақтан тұтамын. Қиямет пен қырғын қан 
төгістен арылып, армандап жеткен жеңісімізге 70 жыл толады. Осы жеңістің 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
238 
70  жылдығында  ашық  аспан  астында,  бейбіт  өмірмен  тойлағанымыз  үшін 
ардагер  ата-әжелерімізге  айтар  алғысымыз  шексіз.  Лайым  егемендігіміз  бен 
тәуелсіздігіміздің  арқасында  тойлар  Жеңісіміз  көп  болып,  көк  байрағымыз 
биікке  желбірей  берсін!  Көгімізде  тек  бейбітшілік  құсы  –  ақ  көгершін 
қалықтап,  айтар  әніміз  бен  тартылыр  күйіміз  алысқа  шырқала  берсін! 
Көргеніміз  Жеңіс  пен  бейбітшілік,  бірлік  болсын  деп  барлық  жастардың 
атынан тілеймін. Алған біліміміз жасаған ерлігіміз болсын, көрген тәрбиеміз 
жеңіске жетелеген болашағымыз болсын деп тілеймін.          Ерліктің жеңіске, 
ал, жеңістің тәрбиеге, тәрбиенің алға жетелейтінін барша қатарластарым естен 
шығармаса деймін. 
Уалиханова Ақмарал 
10 сынып , №28 орта мектебі Ақжар ауылы
     Қармақшы ауданы Қызылорда облысы 
      Жетекшісі: Сарыбаева З.С. 
Ұрпаққа ұран болған Ұлы Ерлік 
Соғыс  –  күйретуші  күш!  Барды  жоқ  ететін,  тауды  жер  ететін.  Жер 
бетіндегі  тіршілік  атаулының  бәрін  жалмап  жұтатын  тажал.Ұлы  Отан 
соғысы...  Бұл  сол  кездегі  кеңес  халқының  ержүректілігі  мен  төзімділіктерін 
паш ететін, тарихта мәңгі қалатын  күн. Ұлы Отан соғысынан аман оралған 
ақсақалдарымыздың  қарасы  жыл  санап  азайып  бара  жатыр.  Солардың 
жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның 
туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, 
еңіреп  жүріп  жауды  жеңіп,  тауын  шағып,  жеңістің  таңбасын  басқан  күн  – 
Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны- бар халық үшін қуаныш 
болған  күн.  Сондықтан  да  бұл  –  Ұлы  мереке.  Оққа  ұшқан  қарулас 
жолдастарының  аманатын  арқалап,  аман  оралған  ардагер  аталарымыздың 
өздері  қорғап,  қорған,  қамқор  болып оралған  арттағы  қалың  елдің  қамығып 
жеткен Жеңіс күнін біз ешқашан да ұмытпаймыз. 
Біз  Ұлы  Отан  соғысындағы  Ұлы  Жеңіске  ештеңе  теңеспейтін  ғажап 
күшпен жеттік. Ол күш – әрине «бірлік». Қаншама халық бір тудың астына 
бірігіп,  күштерін  бір  арнаға  салды.  Ұлы  Жеңіс  –  он  бес  одақтас  болған 
мемлекеттердің ортақ мерейтойы.  
Жеңіс  күнін  бүкіл  халық  тойлайды.  Ардагерлерді  құрметтеу  –  біздің 
міндетіміз. Жеңіс үшін аштыққа да, ауыр жұмыстарға да, тіпті өлімге де қарсы 
тұра  білді.  Қаншама  азапты  күндерді  басынан  кешіріп,  бүгінгі  көк 
аспанымызда  ақ  көгершін  қалықтаған  бейбіт  күнді  сыйлады.  Сол  үшін 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
239 
ардагерлерімізге рахмет айтқым келеді. Олар әкелген тыныш өмірдің тұнығын 
лайламауға біз сөз береміз. 
1941 жылдың 22 маусымы – біздің тарихымыздағы ең қайғылы күн, Ұлы 
Отан  соғысының  басталған  уақыты.  Бұл  сол  кездегі  кеңес  халқының 
ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта қалатын күн.  
Ұлы  Отан  соғысының  төрт  жылы  –  1418  күні  мен  түні  –  халқымызға 
төнген ең ауыр күндер болды. Бір күшке жиналған орыс пен тәжік,грузин мен 
беларус,  қазақ  пен  украин  қарсы  алдындағы  жауға  алмас  қамал  болып 
жұмылып,  өз  жері  мен  отаны  үшін,  келешек  ұрпақ  үшін  жанын  қиды.  Сол 
кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету 
ісіне халқы да өзінің лайықты үлесін қосты.  
Қазақстандық  жауынгерлер  Брест  қамалынан  бастап  Берлинге  дейін 
барды.  Олар  Сталинград  түбіндегі  жертөлелерде,  Днепр  өткелінде,  Москва 
мен Ленинград үшін болған ұрыстарда, батыр ерліктер көрсетті. Украинаны, 
Кавказды,  Белоруссияны,  Қырымды,  Прибалтиканы  азат  етті,  Польша, 
Румыния,  Венгрия,  Чехославакия,  Болгария,  Германия  жерлеріндегі  майдан 
жолдарында  жеңіс туын  көтеріп  өтті, Ұлы  Отан  соғысы жылдарында біздің 
қандастарымыз қатыспаған бірде –бір үлкен шайқас болмады. Сол бір сұрапыл 
жылдары  қазақ  халқы  өзінің  Отанына,  жеріне  деген  патриоттық  сезімін, 
ұлттық  мақтанышын  дәлелдеді.  Жауға  қарсы  шайқастар  алдыңғы  шептегі 
ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. 
Дүниені  дүр  сілкіндірген  осы  алапат  соғыста  қазақтың  497  азаматы  Кеңес 
Одағы  батыры  атанды.  Кеңес  Одағының  батыры  атағын  алды,  тарихта 
өшпестей із қалдырды. 
Жау  жағадан  алғанда  елін  қорғау  өмірлік  парызы  деп  білген,  елін 
ерлерше  қорғап  Отан  соғысының  лапылдаған  отының  ішінде  қаза  тапқан 
Баубек  Бұлқышов  Отанды  қорғауды  азаматтық  борышы  деп  түсінді.  «Өмір 
сүргім келеді» деп шырылдаған небәрі жиырма сегіз жастағы жауынгер өзінің 
ерен  еңбегі  мен  керемет  батырлығының  арқасында  дүние  жүзіне  танылып, 
үлкен  құрметке  бөленді.  Жауынгер  қаламынан  шыққан  жалынды  үн 
жерлестерінің  жанын  тебірентіп,  отты жылдарда өз  рөлін атқарды,  болашақ 
ұрпаққа айнымас ұран болып қалды, «Біз кеңес адамдарымыз, біздің жүрегіміз 
темір емес. Бірақ біздің кек отымыз  қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп 
жібере алады. Біздің үрейді жеңетін күшті қаруымыз бар, ол  – Отанға деген 
сүйіспеншілік»  ,  -  деп  еліне,  жеріне  деген  шексіз  махаббатын,  құрметін 
майданда дәлелдеген, бүкіл әлемді шошытқан халқымыздың біртуар азаматы, 
қайталанбас  тұлға  Бауыржан  Момышұлы.  Атақты  әскер  қолбасшысы 
Бауыржан Момышұлы жорық жолын Жетісудан бастап, Европаның төріне – 
Берлинге  барып  ат  басын  тіреді.  Бауыржан  Момышұлы  соғыс  өнерін  жетік 
меңгерген әскери қимылдарға әзірліктің және оны жүргізудің теориясы мен 
практикасын  қолдана  білген  қолбасшы.  Ол  кісі  –  207  рет  соғысқа  қатысқан 
қаһарман батыр. «Халқымның қарапайым бір ұлымын, жанымды арым үшін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет