Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет29/31
Дата09.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#8624
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
240 
құрбан  еткен»  дейтін  өмірлік  ұстанымынан  бір  мысқал  да  ауытқымаған, 
бойында иненің жасуындай жалғандығы жоқ, бір өзіне ғана жарасар ерлік пен 
өрлік  бар,  төрт  жыл  сыз  жастанып,  ұйқысыз,  мазасыз  түндерді,  кескілескен 
шайқастарды  басынан  өткізген  қайсар  да  қайтпас  ер  есімі  қазірде 
батырлықтың символына айналды. Бауыржан Момышұлының ел алдындағы 
биік  бағасы,  сіңірген  еңбегі,  өнегелі  өмірі,  қатал  да  суық  мінезі,  алмас 
қылыштай қиып түсер өткірлігі, айта берсек таусылмайтын, қайта жыл өткен 
сайын  жаңарып  отыратын  жақсы  қасиеттері  біртуар  жанның  ерекше  жан 
екенін  көрсетеді.  «Есімі  ел  жүрегінде  сақталған  ер  ғана  бақытты»  -  деп 
Бауыржан атамыз өзі айтқандай, оның есімі ел жүрегінде мәңгіге сақталады. 
Қолын кессең бір сөз айтпас, 
Шын қаһарман ер жігіттер 
Аз болмады қазақта 
дегендей,  төсін  отқа  төсеген  батыр  аталарымыз  Т.Тоқтаров, 
М.Ғабдуллин,  Т.Бигелдинов,  Н.Әбдіров,  Р:Амангелдиев,  С.Баймағанбетов, 
Д.Шыныбеков,  С.Жылқышев,  Т.Мырзаевтың  есімдері  алтын  жұлдыздың 
сәулесімен шағылысып, өткен ғасырдағы сұрапыл күндерді еске салады. 
Сол майданда біздің аруларымыз да талай қиындықтарды бастан кешті. 
Қолдан келместей көрінгенімен, сол кездері нәзік жанды әйелдер кез  келген 
батырдың өзін қайыстыратын жүк көтерді. Олар өздеріне ешқандай жеңілдікті 
талап  етпестен,  қашан  да  жауынгерлермен  бір  сапта  тұрды.  «Ерліктің  қос 
қанаты деп білемін Аяулы Әлия мен Мәншүгімді», - деп есімдерін ән-жырға 
арқау еткен шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк есімі бүгінгі ұрпаққа 
ерліктің ғажайып үлгісі деп айтар едім. Алматыдағы медицина институтының 
жас  түлегі  Мәншүк  Мәметова  Отан  қорғаушылар  қатарына  өз  еркімен 
қосылғысы келетінін білдірген болатын. Жас қыздың қайтпас қайсарлығы таң 
қалдырмай қоймады. Сол секілді мергендігімен талай жаудың көзін құртқан 
Әлия есімі тарих парақтарында алтын әріппен жазылып қалды. Мәншүк пен 
Әлия – халқының абыройын асырып, елінің даңқын шығарған, от пен оқтың 
арасында жүріп, жаралыларды құтқарған қазақтың батыр қыздары. 
Әлеуметтік-тарихи  өзгерістер  мен  құбылыстарға  қашанда  алдымен  үн 
қатуға, өз үнін білдіруге әзір елгезек халық ақындары мен жазушыларының 
шығармалары  бұл  жылдары  ерекше  шабытқа  толы  болды.  әсіресе,  Отанға 
төнген  қауіп  96  жастағы  қарт  ақын  Жамбыл  Жабаевты  тыныш  жатқызып 
қоймады. Соғыстың алғашқы төрт жылында ол үш жүз мың жолдай жыр төкті. 
Олардың ішіндегі ең көркемі, әрі құндысы «Ленинградтық өренім» толғауы 
еді. Бұл өлең 1941 жылы 900 күн, 900 түн қоршауда қалып, елден бөлініп, қиын 
шақты басынан өткізген қаһарман ленинградтықтарға арналған болатын. 
Ленинградтық өренім, 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
241 
Мақтанышым сен едің. 
Нева өзенін сүйкімді 
Бұлағымдай көремін, 
 - деп басталатын толғау қалада радиолардан беріліп, әр көшеде, алаңда, 
плакат ретінде жазылып, қала халқына, Ленинградты қорғаушыларға зор қуат 
берді,  орталық  газеттерде  және  майдан  газеттерінде  басылып  жатты. 
Майдандағы әскерлер де, тылдағы жұмысшылар да, аналар мен қарт әжелер 
де,  тіпті  жас  балалар  да  Жамбыл  өлеңін  сүйсініп  оқыды.  Жауынгерлер 
ақынның  жалынды  сөздерінен  керемет  рухтанып,  арыстандай  арпалысты, 
мыңдаған адамдар көздеріне жас алып, жігерленді. 
Ешқашанда  жауынгер  ерлігі  мен  жеңісті  еңбегімен  соққан  еңбекшінің 
ерен ерліктері ұмытылмайды. 
Сол сұрапыл соғыста батырларымыздың сақтап қалған байтақ жеріміз 
бүгінгі күні дүние жүзі таныған, әлем мойындаған мемлекет болып қалуы-  біз 
үшін үлкен мақтаныш, жетістік.  
Біз  үшін  Жеңіс  күнінен  асқан  қымбат  мереке  жоқ.  Халқымыздың 
зердесінде бұл күн – 1945 жылдың 9 мамыры – мәңгілік сақталады, ғасырлар 
бойы ұмытылмайды. Бұл Ұлы Отан соғысының жеңсіпен аяқталған күні, әлем 
фашистік құлдықтың қаупінен азат етілген күн. Бұл – Жеңіс күні. Отан үшін 
өмірлерін құрбан етіп, ерліктің үлгісін көрсеткен барлық кезеңдегі қаһарман 
жауынгерлер есімі ұмытылған емес. Соғыстың адам баласына әкелер зардабы 
мен  қасіреті  шексіз  екені  баршаға  аян.  Ел  алдындағы  борыштарын  өтеп, 
еліміздің  амандығын,  жеріміздің  тұтастығын  қорғап  қалған  ерлерге  тағзым 
етеміз.  Олар  еліміздің  жарқын  болашағын,  жас  ұрпақтың  өмірін,  халықтың 
бақыты мен қуанышын сақтап қалды. 
9 мамыр – бұл мереке ғана емес, бұл ауыр еңбек, халықтың батырлығы. 
Адамзат  тарихындағы  ең  сұмдық  соғыстың  болып  өткеніне  70  жыл  толды. 
Бірақ  Ұлы  Жеңістің  ұмытылмайтыны  секілді,  соғыс  та  ұмытылмастай  ізін 
қалдырды.  Жеңіс  күні  –  бұл  мыңдаған  ұрпақ  үшін  мереке.  Бұл  мереке  – 
бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған 
жауынгер-солдаттар  мен  офицерлердің  айбынын,  тылдағы  Жеңісті 
жақындатқан  жұмысшылардың  ерлік  еңбектерінің  мәңгі  өшпейтіндігін 
дәлелдейтін белгі болмақ. 
Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлығы, 
олардың  өз  Отанына  деген  шексіз  сүйіспеншіліктері  Қазақстанның  бүгінгі 
жауынгерлері үшін мақтан  тұтарлық үлгі  ғана емес, бұл  – бірнеше ұрпақты 
байланыстыратын  қоғамның  рухани  дамуы  мен  ұлттық  қайта  өрлеуінің 
жоғары  адамгершілік  негізі.  Жеңіс  күні  –  абыройымыз  бен  даңқымыздың 
мерекесі.  «Ер  есімі  –  ел  есінде»  демекші,  бізге  жарқын  болашақ,  бақытты 
ғұмыр  сыйлаған  аталар,  апалар  ерлігі  ешқашан  ұмытылмайды.  Солардың 
қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге  нұрындай мәңгі шуағын шашпақ. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
242 
Ұлықова Зарина 
10 сынып, № 111 орта мектебі Алдашбай ахун ауылы 
Қармақшы ауданы Қызылорда облысы 
Жетекшісі: Жақанова М. 
Ата-баба қанымен келген жеңіске – 70 жыл 
Сүйінші ,халқым ,сүйінші, 
Сүйіншіге сүйінші. 
Шаттан ата-анамыз
Шаттан аға-бабамыз, 
Кек қайтарып фашистен
Соғыс бітті жеңіспен, 
Жеңдік жауды күрестен 
Жасалған той-мереке, 
- деп ақын Т.Жароков жырлағандай міне,ұлы отан соғысының жеңіспен 
аяқталғанына жетпіс жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі 
мен  төзімділіктерін  паш  ететін,  тарихта  мәңгілік  қалатын  күн.Ұлы  отан 
соғысы төрт жыл,мың  төрт жүз он сегіз күн мен түнге созылды. Сол мың төрт 
жүз  он  сегіз  күн  мен  түн  халыққа  төнген  ең  ауыр  күндер.Сол  күндер 
аралығында өз жері мен отаны үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. 
Біз Ұлы отан соғысында Ұлы жеңіске ештеңе жетпейтін ғажап күшпен 
жеттік.Ол  күн  әрине,  «бірлік».  Қаншама  халық  бір  тудың  астына  бірігіп 
күштерін бір арнаға салды. Ұлы жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттің ортақ 
мерейтойы. 
Қазақтар басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. 
Ұлы  отан  соғысының  қатпарлы  парақтарына  үңіліп  қарасақ,  қазақтардың 
қанды  қырғанға  қаймықпай  соғысқанына  ашық  көзіміз  жетеді.  Оған  мысал 
айқас  алаңдарында өшпес  ерлік  жасаған  бес  жүз  қазақ  Кеңес одағы  батыры 
атағын алған. Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, 
ісімен,  ерлігімен,  атаның  туын  жықпай,  ананың  намысы  үшін  туған  жердің 
топырағын  жауға  таптамай,  еңіреп  жүріп  жауды  жеңіп,  тауын  шағып,  туын 
жағып, жеңістің таңбасын басқан жеңіс күні. Сондықтан бұл ұлы мереке оққа 
ұшқан  қарулас  жолдастарының  аманатын  арқалап,  аман  оралған  ардагер 
аталардың  өздері  қорғап,  қорған  қамқор  болып  оралған  артағы  қалың  елдің 
қаймығып жетткен жеңіс күнін, біз ұмытсақ тарих ұмытпайды. Ол – өмір заңы. 
Сол соғыста қанша мың қазақстандық жауынгер халқы үшін еңбек сіңіріп осы 
жеңіске  биыл  жетпіс  жыл  сыйлап  отыр.  Сол  жеңісті  бізге  сыйлаған 
аталарымыздың    бірі  де  бірегейі  найзағайдай  жарқылдаған  отты  ойы  бар 
қаһарлы сөйлесе де қайрымы мол, өз мүддесін ұрпақ мүддесін ойлаған, қара 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
243 
қылды  қақ  жаратын  әділдіктен  жаралған  ойы  тұңғиық,  қимылы  қылыш 
Бауыржан  Момышұлы  есімі,  ерлігі  жадында  мәңгі  қалып,  өнегесі  мол  күш 
ғибрат, рух береді. «Ер есімі – ел есінде », - демекші бізг жарқын болашақ, 
бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Ешкім 
де ешнәрсе де ұмытылмас  емес! Соғыс-күйретуші күш. Дәл солай! Барды жоқ 
ететін,  тауды  жер  ететін  жер  бетіндегі  тіршілік  атаулының  бәрін  жалмап 
жұтатын тажал.  
Соғыс ардагерлері жанымыздан бірте-бірте кетіп бара жатыр. Сол  ата-
баба  қанымен  келген  жеңіске  70  жыл  толуына  орай  Н.  Ә.  Назарбаев  өз 
жолдауында  биылғы жыл өте маңызды жыл деп атап өтті. Себебі биыл ата-
баба  қанымен  келген  жеңіске  70  жыл.  Сол  мерейлі  мерекені  дүбірлетіп 
өткізуді айтып өтті. Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас 
республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен 
Еуропа елдерінің  Варшава мен Прага, Будапеш пен Бухарестің, София мен 
Белградтың,  Париж  бен  Венаның,  жер  шарының  басқа  да  көптеген 
қалаларының тұрғындары тойлайды.     
Бір  күшке  жиналған  орыс  пен  тәжік,  грузин  мен  беларус,  казак  пен 
украйн  қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды. 
Сол  кездегі  Кеңес  Одағының  басқа  халқымен  бірге  жауды  талқандап 
жеңіске жетуіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық 
жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград 
түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған 
ұрыстарда  батыр  ерліктер  көрсетті.  Украйнаны,  Кавказды,  Беларуссианы, 
Қырымды, Прибалтиканы азат етті. Польша, Руминия, Венгрия, Чехославакия, 
Болгария,  Германия  жеріндегі  майдан  жолдарында  жеңіс  туын  көтеріп  өтті. 
Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  біздің  қандастарымыз  қатыспаған  бірде-бір 
үлкен шайқас болмаған.  
Біздің  борышымыз  бұл  алапат  соғыстағы  жеңістің  бізге  қалай 
жеткендігін  ұғыну,  қаза  тапқандарды  қадір  тұтып,  арамызда  жүрген 
ардагерлерге ұдайы қамқорлық көрсету. Қасиетті де қастерлі отан үшін жан 
беріп, жанын пида еткен шейіттерді жыл сайын еске алып, олардың рухына 
тағзым ету  біздің, кейінгі ұрпақтың парызы. 
Хамидулла Жұлдыз 
10 сынып, №31 орта мектебі 
Жалағаш ауданы Қызылорда  облысы 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
244 
Ұлы отан соғысына 70 жыл 
Адамзат    тарихындағы  ең  сұмдық  соғыстың  болып  өткеніне  биыл  70 
жыл.  Бірақ  ұлы  ұмытылмайтыны  сияқты,  соғыс  та  ұмытылмастай  ізін 
қалдырды.  Біздің  аталарымыз  бен  әкелеріміздің  батырлықтары    мен  
батылдықтары    олардың  өз  Отанына  деген  шексіз  сүйіспеншіліктері 
Қазақстанның бүгінгі жауынгерлеріне  ғана үлгі емес, келер ұрпаққа да үлгі 
болып табылады. 
Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің  Отанына, жеріне деген  
патриоттық  сезімін,  ұлттық  мақтанышын    дәлелдеді.  Бес  жүзден    аста 
жерлестеріміз,  оның  ішінде    Кеңес  Одағының  Батыры  атағын  алды.  Олар: 
Бауыржан  Момышұлы,  Талғат  Бигелдинов,  Мәншүк  Мәметова,  Әлия 
Молдағұлова және басқа батырлар.  
Жауға  қарсы    шайқастар    алдыңғы    шептегі  ұрыстарда  ғана  емес, 
алыстағы ауыл мен кең байтақ  далада да  жүрген. Бұл соғысқа тіпті қолына 
қару алып көрмеген  қара  халықта  қатысыпөз Отаны үшін  шайқасқан. Әйел 
адамдар көп еңбек етіп, жұмыс жасап азық жағынан солдаттарды қамтамасыз 
еткен. Ал қазақ  халқының әншілері, жыршылары соғысқа қатысып, шайқасып 
жүрген  әскерилерге арнап  өлең шығарып, өлең айтқан. Қазақ халқының ұлы 
ақыны  Жамбыл Жабаев атамыз  соғыста жүрген әскерилерге рух беру үшін, 
қолдау үшін «Ленинградтық өренім» деп жырлаған. Осының барлығы халық  
батырлығы болып табылады.  
Қаһарман партизандар 
Қазақстандықтар тек майдандарда ғана емес, жау тылында да шайқасты. 
Елдің басқа халықтарымен бірге олар жау уақытша басып алған аумақтардағы 
партизандық  қозғалысқа  қатысты.      Партизандық  қозғалыстың  Ғалым 
Ахмедияров,  Ғалым  Омаров,  Нұрым  Садықов,  Қасым  Қайсенов,  Нұрым 
Сыздықов, Әди Шәріпов, Тәжіғали Жангелдин т. б. батырларының есімі көпке 
танылды.  
Қазақстанның  жұмысшы  күшінің  елеулі  бөлігін  арнайы  қоныс 
аударғандар  құрады.  Соғыс  басталған  кезде  олардан  Еңбек  армиялары 
құрылды. Оның құрамында 700 мыңнан аса (200 мыңы қазақтар) адам болды. 
Ұлан-ғайыр қажырлы еңбектің арқасында Қазақстан экономикасы КСРО-ның 
Екінші  дүниежүзілік  соғыстағы  жеңісін  қамтамасыз  етуге  өзінің  лайықты 
үлесін қосты. 
Отан  үшін  от  кешкен  қадірлі  қарияларымыздың  қатары  уақыт  озған 
сайын  азайып  бара  жатқаны  өкінішті.  Біз  жауынгер  ардагерлеріміздің 
құрметіне Жеңістің 70 жылдығын оларға лайық деңгейде атап өтуіміз керек. 
Өйткені бұл – ерлік пен елдіктің, батырлық пен өжеттіктің мейрамы. 
Қазақстаннан қан майданға аттанған ер жүрек ұл-қыздар фашизмді жеңу 
жолында  асқан  ерлік  көрсетіп,  жеңісті  жақындатуға  үлкен  үлес  қосты. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
245 
Жауынгерліктің  биік  үлгісін  көрсете  білген  ардақты  ардагерлеріміз  барлық 
майданда  да  жан  аямай  күресті.  Олардың  артында  қалған  отбасы  атпал 
азаматтарының  жеңіске  жететініне  сенді  және  сол  қасиетті  күнді  асқан 
шыдамдылықпен күтті. 
Қазақстандық  жүз  мыңдаған  отандасымыз  елдің  сол  сенімін  ақтап, 
ерліктің  ерен  үлгісін  көрсетті.  Олардың  бәрі  де  кеуделеріне  орден, 
медальдарды  жарқырата  тағып,  Отанына  абырой  әкелді.  Соғысқа  қатысқан 
500-ге  жуық  жауынгер  «Кеңес  одағының  батыры»  атағын  алды.  Бауыржан 
Момышұлы,  Әлия  Молдағұлова,  Талғат  Бигелдинов,  Мәншүк  Мәметова, 
Ибрагим  Сүлейменов,  Сұлтан  Байғамбетов  сынды  көптеген  батыр 
тұлғалардың  есімі  еліміздің  жүрегінде  мәңгі  сақталады.  Осындай  есіл 
азаматтардың  арқасында  жеңіс  туы  желбірегенін  кейінгі  ұрпақ  ешқашан 
ұмытпайды. 
Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  соғыс  ардагерлеріне  ерекше  қамқорлық 
көрсетіп  келеді.  Биыл  біз Жеңістің 70 жылдығын  атап өтеміз.  Бұл  –  сіз  бен 
біздің  ортақ  тарихымыз.  Осынау  ерлік  мейрамына  дайындалу  –  Ардагерлер 
кеңесі  үшін  үлкен  мәртебе.  Күллі  адамзатқа  қауіп  төндірген  сұм  соғыстың 
зардабын  тартып,  Отаны  үшін  жан  алысып,  жан  беріскен  ардақты 
ардагерлерімізді құрметтеу, соларға арнап мереке өткізуге дайындалу бізге тек 
қана қуаныш сыйлайды.  
Біздің ата-бабамыз түрлі қанқұйлы соғысты басынан өткерді. Олардың 
ең  соңғысы  –  Ұлы  Отан  соғысы  болды.  Олардың  соғысқа  қатысқандағы 
мақсаты – ұрпақтарының, яғни, біздердің жақсы өмір сүруімізді, бейбітшілікте 
өмір сүруімізді қалады. Осылайша, аттың жалында, түйенің қомында жүріп, 
біздерге бейбіт өмірді орнатып берді. 
Уақыт  өткен  сайын  аталарымыз  сыйлаған  Жеңістің  маңызы  артып 
келеді. Олар көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге. Отансүйгіштік қасиет 
әркезде  де  қастерлеуге  тұратын  қасиеттердің  бірі.    Осы  ұғым    біздің  үлкен 
құндылығымыз  болуы  керек  деп  ойлаймын.  Тек  майданда  ғана  емес,  тылда 
жұмыс істегендердің де еңбегін жоғары ілтипатқа лайық. Себебі олар соғыс 
кезінде майдан шебіндегі солдаттармен бірдей қиыншылық көрді, бірдей азап 
шекті.    Ашаршылық  пен  ауыртпалықты  бастан  кешкен  олар  да  Жеңісті 
жақындатуға көп үлес қосты. Таңның атысынан күннің батысына дейін тізе 
бүкпей  жұмыс  істеген  сол  бір  қайратты  да  қайсар  жандарға  да  бүгінгі 
ұрпақтың ризашылығы шексіз болса керек.Үлкен қауіп пен қатер, қайғы мен 
қасірет төнген сол бір ауыр уақытта біздің халқымыз сыннан сүрінбей өтті. 
Оттан да ыстық Отан үшін от кешкен майдангерлер өшпес ерлік көрсетті. Бұл 
тарихқа алтын әріптермен жазылды. 
Олардың  қаһармандық  өнегесі  бүгінгі  жас  ұрпақтың  жадында  мәңгі 
сақталуы тиіс. 
Отаншыл  болу  –  ең  алдымен  өткенді  білу.  Осынау  қойнауы  қазынаға 
толы  байтақ  даланың  әр  пұшпағын  бабаларымыз  ақ  найзаның  ұшымен,  

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
246 
білектің күшімен қорғағанын ұмытпау – парыз. Отан сенің отбасыңнан, аядай 
ауылыңнан, сол жердің тасынан, суынан, топырағынан басталады. Қазақ жері 
– киелі,  қасиетті.  Оны  малмен,  ақшамен,  алтын-күміс,  асыл  тастармен
бағалауға келмейді. 
Отаншыл болу – ұлтжанды болу. Ұлтсызда Отан жоқ. Болмақ емес. Ата 
салттың  қадіріне  жетпеген,  ана  тілін  ардақтай  алмаған  бозөкпе  отаншыл 
болып  жарытпайды.  Қай  жерде  «қарны  тоқ,  көйлегі  көк»  болса,  сол  жерді 
жайлы мекен санайды. 
Отаншыл болу – бір-біріңе бауырмал болу. «Жақыныңды жаттай сыйла, 
жат  жанынан  түңілсін»  дейді  дана  халқымыз.  «Біріңді  қазақ,  бірің  дос, 
көрмесең,  істің  бәрі  бос»  дейді  кемеңгер  Абай..  Ынтымағы  жарасқан  елді 
көргенде, жаудың құты қашады. Бірлігіміз барда тас қамалдай берікпіз. 
Қайкезде  де  азаматтың өз  Отаны  алдында  парызы  болады.  Азаматтың 
қасиетті борышының бірі  – Отан алдындағы парызын өтеу. Кезкелген адам 
бейбіт заманда да Отанын қорғайалады. Ол дегеніңіз қолғақару алу емес, өз 
Отаныңның білімді, өркениетті, салауаттыперзенті  бола алу.  «Отан үшін отқа 
түс, күймейсің» дегенекен батыр Бауыржан Момышұлы. Ол – Отан үшін еткен 
еңбектіңешқашанзаякетпейтіндігі. 
Халқымызда  «Ерім дейтін  ел  болмаса, елім  дейтін  ер  қайдан  болады» 
деген мақал бар. Жастарөз Отаныныңнағыз патриоты бола алуүшінүлкендер 
де  өз  соңынан  ерген  ұрпақты  дұрыс  тәрбиелеуі  керек.  «Отаным  маған  не 
бересіңдеп  емес,  Отаным,  мен  саған  не  береаламын?»  депөсу  керек.  Сонда 
елімізде  әрқашан  да  бейбітшілік  болады.  Себебі,  ертеңгі  елдің  тізгінінұстар 
азаматттар  білімді  болса,  олар  барлық  қиыншылықтарды  ақылмен  шеше 
алатын болады. 
Соғыс  кезінде  қаншама  жастар  қыршынан  қиылды.  Олар  Отан  үшін 
жанын пида етті. Ал олардың әрқайсысының анасы, баласы, сүйгенқыздары, 
үлкен-үлкенармандары  бар  еді.  Бір  ақоларелгеқауіптөнгенкездебарлығын  да 
құрбанетті.  Жап-жас  болса  да  Отанын  қорғап  жатып  жан  тапсырды.    Бұл  – 
шынында да ерлікболатын. 
Майдан шебінде жанын пида еткен жауынгерлер мәңгі есімізде қалады. 
Отан үшін отқа түсіп, Жеңіс сыйлаған ардагерлерге тағзым етеміз.  Сұрапыл 
да жойқын соғыста қыршынынан қиылған жауынгерлер есімі ел есінде мәңгі 
сақталады. 
Ұлы Отан Соғысы – тарихта  мәңгі қалатын күн. 
Мен бұл Ұлы Отан Соғысы туралы шығарманы жаза бастағанымда бұл 
соғыс  туралы    он  немесе  жүз  бет  болсын,  айтып  тауысу  мумкін  еместігін 
білдім. Өйткені Соғыс-бұл ешқашан сынға берілмейтін азап.  

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
247 
Хамитова Аружан 
 10 сынып, Ш.Уәлиханов атындағы     №26 орта мектеп, 
Қармақшы ауданы Қызылорда облысы         
Жетекшісі: Ерназарова Г. 
Жетпіс жылда елім менің жаңарған 
Мен соғысты жек көрем, 
Көкем айтып отырса
Кім қасірет шекпеген, 
Кім көз жасын төкпеген? 
Қ.Жұмағалиев 
Отан. Ауқымы өте кең ұғым. Кез-келген жанға аса қымбат, өте ыстық 
сөз. «Отан» деген сөзді естігенде көзімізге байтақ даланы алып жатқан шат-
шадыман  тұрмыстағы  бақытты  ел  келеді.  Бірақ,  «ел  басына  күн  туар» 
мезгілдер де болмайды емес. Сонау қырық бірінші жылға көз тастасақ, ойға ең 
бірінші Ұлы Отан соғысы түсері анық. Шырт ұйқыда, еш уайымсыз жатқан 
халықты  дүр  сілкінткен  де  осы  –    соғыс.  «Ер  басына  күн  туса,  етігімен  су 
кешер»  демекші,  ардақты  ерлеріміз  соғыстан  халқын  аман  алып  шығу  үшін 
аянып қалмады. Орыс жазушысы Леонид Леонов: «Отанға қауіп төнгенде ең 
сүйікті  шұғыл  ісің  де  жайына  қалады»,-дейді.  Әрине,  Отан  үшін,  ел  үшін 
басын қатерге тігіп, тас түйін рухпен, жанқиярлықпен соғысқан аталарымыз 
бен әкелеріміздің батырлығы бүгінгі жауынгерлері үшін үлгі ғана емес, бұл – 
бірнеше ұрпақты тәрбиелейтін қоғамның дамуы мен ұлттың өрлеуінің жоғары 
адами сатысы. 
Сол  бір  сұрапыл  соғыс  жылдары  Қазақ  халқы  өзінің  Отанына,  жеріне 
деген  патриоттық  сезімдерін  дәлелдеді.  500-ден  аса  жерлестеріміз  Кеңес 
Одағы Батыры атағын алды. Олар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, 
Сергей Луганский, И.Павлов, М.Мәметова. Әлия Молдағұлова және  басқалар. 
Тіпті, Рейхстагқа бірінші болып ту тіккен өзіміздің қазақ азаматы Рақымжан 
Қошқарбаев болатын. Соғысқа 1 млн 700 мыңдай қазақстандық қару асынып 
аттанған. Одан бөлек қаншама адам тылда еңбек етті десеңізші? 
Отаным,еркелеймін енді кімге? 
Өзіңмен не болса да, көрем бірге. 
Қалайша қабырғама батпас менің, 
Басыңа қатер бұлты төнген кезде 
Осы өлең жолдарынан сол кездегі жұрттың сезімін ұғуға болатындай. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
248 
Соғыс кімге болса да оңай тимеді. Қаншама қан, қаншама жас қара жер 
қойнауына  батты.  Елде  қалған  аналар  зар  еңіреді.  Соғыстың  аяқталуын 
минуттап, сарыла күтті. Талай бойжеткендер ағалары мен әкелерінің соңынан 
келген «қара қағазды» құшақтап етегі жасқа толды.   
Қалай сені жұбатам, аңыра ана. 
Рас болса мына келген «қара қағаз», 
Саған ұл,маған әке табылар ма?, 
-деген  өксікке  толған  дауыстар  көп  үйлерден  шығып  жатты.  Хабар 
алмаған өзге халық жандарын шүберекке түюмен болды. 
Соғыс жылдары көшенің әр бұрышында, әрбәр ірі қалаларда 
Ленинградтық өренім, 
Мақтанышым сен едің. 
Нева өзенін сүйкімді, 
Бұлағымдай көремін, 
-деп басталатын атақты ақын Жамбыл Жабаевтың өлеңі ілулі тұрды. Бұл 
өлең жауынгерлердің рухына рух,қайратына өайрат қосты. Ұлы Отан соғысы 
жылдарында  патриоттық  толғаулары  үшін  Жамбыл  Жабаевқа  КСРО  Халық 
Комиссарлар кеңесі 1941 жылы мемлекеттік сыйлық берді. 
Ел  үшін  аянбаған  ерлердің  арқасында  жеңістің  де  иісі  сезілді. 
«Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Кеңестік радио. 
4  жылға  созылған  Ұлы  Отан  соғысы  аяқталды.  Кеңес  Одағының 
бауырмал  Армиясының  ерлігі  дастан  болды.  Біз  жеңіске  жеттік!»-деген  үн 
естілгенде, бүкіл ел қуаныштан жылап, төбелері көкке жеткендей болды. Жер-
жерден «Апа, апа соғыс бітті», «Жеңіс, жамағат, Жеңіс!», «Аллаһ, саған мың 
тәубе, тілеігім қабыл болды» деген қуанышты үндер жарқын-жарқын шығып 
жатты. Дәл осы қуанышқа толы айтулы күн-бүгінгі буынға, мына біздерге де 
үлкен  мереке.  Бұл  мереке  бейбітшілік  пен  қайырымдылықтың  мәңгі 
жасампаздығын,  Отан  қорғаған  жауынгерлер  мен  офицерлердің  айбыны, 
тылдағы  жұмысшылардың  ерліктерінің  мәңгі  өшпес  белгісі  болып  қалмақ. 
«Отан»  деген  ұғымның  қастерлігін  айқындайтын  тағы  бір  аксиома  болып 
қалыптаспақ. 
Биыл айтулы мереке жылдағыдан өзгеше өтпек. Себебі, биыл Жеңістің 
70  жылдық  мерейтойы.  Осы  жеңіске  жетелеген  соғыс  ардагерлеріне  мың 
тағзым.  Себебі,  жеңіс  оңайлықпен  келмеді.  Бұл  жеңіске  жету  жолында 
қаншама  қала,  қаншама  өмір  құрбан  болды.  Ешкімнің  ерлігі  ұмытылмады, 
ешкім оны ұмытпақ емес. Елі үшін жанған отқа түсіп, жалын кешкен азаматтар 
әрдайым ел есінде. Осы  ерліктің арқасында еліміз тыныш, тәуелсіз өмір сүріп 
жатыр.  Жеріміз  кең,  еліміз  бақытты.  Республикамыз  дамыған  елдер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет