Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
222
Бұл сөздің астарында үлкен мағына жатыр. Ия, Баукен атамыз Отанды
қорғауды азаматтық борышы деп түсінді. «Өмір сүргім келеді» -деп
шырылдаған не бәрі жиырма сегіз жастағы жауынгер өзінің ерен еңбегі мен
керемет батырлығының арқасында дүние жүзіне танылып,үлкен құрметке
бөленді. Жауынгер қаламынан шыққан жалынды үн жерлестерінің жанын
тебірентіп, отты жылдарда өз рөлін атқарды, болашақ ұрпаққа айнымас ұран
болып қалды. «Біз кеңес адамдарымыз, біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ,
біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады...
Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген
сүйіспеншілік», -деп еліне, жеріне шексіз махабббатын, құрметін майданда
дәлелдеген, бүкіл әлемді шошытқан халқымыздың біртуар азаматы,
қайталанбас тұлға Бауыржан Момышұлының ел үшін еткен ерлігі мен еңбегін,
менің ойымша, айтпай кету мүмкін емес. Баукен атамыздың ел алдындағы биік
бағасы, сіңірген еңбегі, өнегелі өмірі, қатал да суық мінезі, алмас қылыштай
қиып түсер өткірлігі, ия айта берсек таусылмайтын, қайта жыл өткен сайын
жаңарып отыратын жақсы қасиеттерді Табиғат-ана біртуар жанның басына
үйе салғаны қандай ғанибет! Елі мен жері үшін, өз ұрпағының халқының
амандығы үшін жанын пида етті. Олардың арасында қазақ қыздары Әлия
мен Мәншүк те болды. Олардың есімі бүгінгі ұрпаққа ерліктің ғажайып үлгісі
деп айтар едім.
«Майданға жіберетін ешкімім жоқ, ағам да әпкем де жоқ, сондықтан
менің өзімді жіберуді өтінемін»,-деп Алматыдағы медицина институтының
жас түлегі Мәншүк Мәметова Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен
қосылғысы келетінін білдірген екен. Ия, жас қыздың қайтпас қайсарлығы бізді
таң кадырмай қоймайды. Сол секілді мергенділігімен талай жаудың көзін
құртқан Әлия есімі, тарих парақтарында алтын әріппен жазып қалды.
Мәншүк пен Әлиядан басқа халқының абыройын асырып, елінің даңқын
шығарған, от пен оқтың арасында жүріп, осы сұрапыл қанды қырғында өмір
өлімнің арасында жас өмірін сарп еткен, қазақ қыздары қандай құрметке болса
да лайық деп ойлаймын. Олардың еткен ерліктерін қазіргі қазақ қызының
бірі де жасай алмас еді. Сол жылдарда халық ақындары мен жазушыларының
шығармалары ерекше шабытқа толы болды. Жауынгерлерімізде
ақындарымыздың жалынды сөздерінен керемет рухтанып, арыстандай
арпалысты, мыңдаған адамдар көздеріне жас алып, жігерленді. Осындай
сұм соғыс жылдары бір қолына қару, бір қалам ұстаған өршіл рухты, сыршыл
батырымыз, жан дүниесі шымырлатқан шерге толы ақынымыз Қасым
Аманжолов ағамызда болды. Буырқанған күшке тепсініп темір үзердей,
шайқала шапшыған ақын өлеңдерінде Отанға деген махаббатын шексіз
суреттейді. Әрине, бұл Отан соғысы және ондағы жеңіс талай адамдардың
тағдырын күрт өзгертті, талай жандардың өмірін қыршыннан қиды. Өйткені,
олар үшін артына өшпесіз, ғибратты сөз, рухани азық қалдырды.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
223
Ия, 9 мамыр – жеңіс күні және бұл күн сол кездегі батыр
бабаларымыздың ержүректілігі мен төзімділігін паш ететін, тарихта мәңгілік
қалатын күн. Сол сұм соғыста батыларымыз сақтап қалған байтақ жеріміз
бүгінгі күнде бүкіл әлем таныған мемлекет болып қалуы, біз үшін үлкен
мақтаныш, жетістік!
Бейбіт елдің ұл-қызы мен ұландарының ендігі жердегі тілегі – болмасын
соғыс, болмасын...
Тобашова Зайра
7 сынып, №111 орта мектебі Алдашбай ахун ауылы
Қармақшы ауданы Қызылорда облысы
Жетекшісі: Шаймерденова А.
Ешкім де ұмытылмайды
Адам өмірінде естен кетпес белестер болады деседі. Сол белес біз үшін
Ұлы Отан соғысы. Сондықтан да біз оны еш уақытта ұмыта алмаймыз. Соғыс
біздің өміріміздің шырқын бұзды. Жарты әлемді қамтыған Алапат зұлмат
талай шаңыраққа қасірет әкелді. Ел ер-азаматтарынан, бала әкеден айырылды.
Сұм соғыс талай жұрттың іргесін шайқалтып кетті. Екінші дүниежүзілік
соғыста Сыр елінің халқы дамыған боздақтарын жоғалтты. Сол жылдардың
жанға салған жарасы әлі күнге дейін жазылған жоқ. Сондықтан Ұлы Жеңістің
шаттығын сезіне отырып, әлемдік алапаттың қасіретін ойлап күрсінеміз. Бұл
күндерде жарты ғасыр бұрын майдан даласында қаза болған жерлестерімізді
ойлап мұңаямыз.
Талай боздақтарынан айырылған Сыр бойының халқы да жеңісті
жақындатуға өз үлестерін аямай қосты. Оқ пен оттың ортасынан аман келген
азаматтардың біразы бізбен бірге ХХІ ғасырға қадам басты. Сондықтан
арамызда жүрген ардагерлерді құрметтей отырып, тарихтың ащы
сабақтарынан тағылым алуымыз керек.
Ұлы Отан соғысында ел қорғау жолында қаншама азамат қыршынынан
қиылды десеңізші. Елге оралғандардың көпшілігі соғыста алған жараның
айықтырмас қасіретінен ерте дүние салды.Бүгінде өткенге көз жіберіп,
зерделеп қарасақ Отан үшін от кешкен жауынгер ағалардың қатарының жыл
санап сиреп бара жатқанын байқаймыз.
Ұлы Отан соғысының аяқталғанына да 70 жыл толды. Осы бір даңқты
Жеңіс күні – 9 мамыр тарихымызға неғұрлым тереңдей еніп, алыстаған сайын
ұлылығы мен мән – мағынасы дараланып, маңызы арта береді. Қан майданда
ажалмен арпалысып жүріп ғажайып ерлік жасаған ұлы ерлік ешқашан да
ұмытылмайды, ол мәңгілік болып қала береді.
Сол сұрапыл соғыс жылдары біздің ондаған мың жерлестеріміз,
қызылордалықтар. Кешегі ортақ Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі,
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
224
жер бетінде бейбіт өмір орнауы жолында кеуделерін от пен оққа тосты.
Еркіндік пен қатыгездік айқасқан бұл соғыста Сыр елінің 20 азаматы Кеңес
Одағының Батыры атанды.
Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының
батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық шекарашылар болды. Атақты
Брест гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай
жерлесіміз қызмет еткен. Шілде айында олардың әскерден елге қайтулары
керек болған. Бірақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспарларын күл – талқан
етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі қалған
қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 150
қазақстандық болған және олардың көбісінің сүйегі белорус жерінде
бауырластар зиратына қойылған.
Соғыс кенеттен басталғанымен. Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты,
алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-
түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп
партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл
тұрғындары да соғысқа сұранды. 1939 жылдың дерегі бойынша, біздің
республикамызда 6,2 миллион адам тұрып жатқан. Соғыс жылдары Кеңес
Армиясының қатарына 1 млн 200 мың қазақстандық шақырылған. 20-дан
астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрылымдар жасақталған.
Фашистермен болған шайқастарда 328-ші, 310-ші, 321-ші, 314-ші,316-ші, 387-
ші, 391-інші, 8-інші, 29-шы, 102-ші, 405-інші, атқыштар дивизиясы, 100-інші
және 101-інші ұлттық, 81-інші,105-інші, 106-шы кавалериялық дивизиялар,
74-ші, 75-ші теңіз атқыштар бригадасы, 209-ші, Зайсан, 219-ші минометтік, 85-
ші зиниттік, 662-ші, 991-ші авиациялық полктер ерекше көзге түсті. Майданға
14 100 жүк және жеңіл автокөлік,1 500 шынжыр табанды трактор, 110 400
жылқы, 16 200 арба жөнелтілді.
Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік
күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. 1941-1945 жылдары әскери оқу
орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жолданды. Ал Қазақстанның
аумағында сол жылдары жұмыс істеген 27 әскери орны толық емес мәлімет
бойынша 16 мыңдай офицер дайындап шығарған.
Бүгінде, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған тағдырлы кезеңде
бір ержүрек майдангерлерімізді , тылдың ерлерін бірдей тең дәрежеде мақтан
етеміз. 2-ші дүние жүзілік соғыс атанған бұл соғыс ешуақытта ұмытылмайды.
Елімізде соғыс ардагерлері саны азайып келеді, яғни санаулы ғана аталарымыз
қалды.
Соғыс бүкіл әлемнің жүрегіне өшпестей қара дақ салғаны баршамызға
мәлім.Ендеше сол соғыста қазақ ұлты алыптай арыстары мен қылықты
қыздарынан айырылып, тар жол тайғақ кешіп, ұлы соғыста жеңістің туын
тіккен сәттен естіген сәттен жүректері қуаныштан жарылардай болып естен
кеттпейтін отты жылдар болып тарих сахнасында батырлардың қанымен
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
225
жазылып қала берді. Сондықтанда әр қазақ бабасын қадірлеп, біз үшін жеңіске
ұмтылып , болашағымызға сенім артып біз үшін бір жеңнен қол, бір жеңнен
бас шығарып соғысқан асыл текті баһадүр батырларымыздың дара да дана
есімдерін ешқашан ұмытпай, қастерлеп, болашақ қазақ жас балғындарынан
үлкен үміт күтейік және де қашанда қай кездеде Мәңгілік еліміз Қазақстанның
гүлденуіне, дамуына үлес қосар бейбіт еліміздің болашақ батыр ұл-
қыздарымызды нағыз жанашыр ретінде сенім артайық! Қазақ еліне Жеңістің
туын тіккенімізге 70 жылға жуықтаған үлкен той қарсаңында бауырымыз
бүтін, бай қуатты болайық деп бала жүрегімнен жарып шыққан үлкен тілегімді
арнаймын!
Тоқмаханова Ақерке
10 сынып, № 111 орта мектебі Алдашбай ахун ауылы
Қармақшы ауданы Қызылорда облысы
Жетекшісі: Жақанова М.
Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады
Жеңіс! Жеңіс!
Төзімнің біткендей ең бәрін сарқып,
Жатқанда әлем ішіне қанын тартып,
Қалалардың үстімен отқа оранған
Ұштың сен қанатыңды жалын шарпып!
Тыныштығын орнатқан жер үстінің,
Жеңіс күні-аяулы,ең ыстық үн!
Біздің мақсат-ертеңгеалып бару
Желбіретіп қолдағы
Жеңіс туын!
Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 70 жыл
толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты,соғыс та ұмытылмай ізін
қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл
мереке-бейбітшілік пен қайрымдылықтың мәңгі жасампаздығы. Отанын
қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті
жақындатқан жұмысшылырдың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін
дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
Біздің
аталарымыз
бен
әкелеріміздің
батырлықтары
мен
жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері
Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл-
бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта
өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абыройымыз бен
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
226
даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отаныңа деген сүйіспеншілік
қатал соғыста жеңіске жетті.
Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген
патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса
жерлестеріміз, оның ішінде 96 Қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
Олар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван
Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және т.б. Жауға қарсы
шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең
байтақ далада да жүріп жатты.
Жарыстар Мәскеуде, Ленинградта, Сталинградта жүргізілді. Көрнекті
қазақ ақыны Жамбыл Жабаев Ленинградтың ауыр тағдыры турала өлең жазды.
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді
Бұлағымдай көремін....
9 мамыр – бұл мереке ғана емес, бұлауыр еңбек, бұл халықтың
батырлығы. Ананы жесір, сәбиді жетім еткен қанды шайқастарға толы
соғыстың 1418 күні мен түні ешқашанда ұмытылмақ емес.
Мың жылда бір-ақ көрінетін кометалардай сыры да, сезімі де терең,
тұңғиық дана тұлғаларымыз фәни өмірден баз кешіп, бақилық болып жатыр.
Әйтсе де, Баубек пен Бауыржан батырлығы, Әлия мен Мәншүк ерлігі, Қаныш
пен Әлкей білімі, Мұхтар мен Ғабит, Ғабидендердің үні, Дінмұхаммедтің
парасаты – бүгінгі ұрпаққа өнеге. Олардың өнегелі өмірлерін жас ұрпаққа жан-
жақты насихаттауымыз керек деп санаймын.
Екінші дүние жүзілік соғыстағы әйелдердің ерлігі ерекше.Олардың
ішінде қазақ әйелдерінің ерлігі туралы «Арулар отты жылдарда», «Соғыстың
қатігез бейнесі» деген атпен батыр қыздардың ерлігін паш ететін шаралар
ұйымдастырылса нұр үстіне нұр болар еді.
Соғыс жылдарындағы балалар тағдырына,партизан –бала туралы немесе
мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің тылдағы еңбегі,олардың ауыр
тағдырлары туралы айтылуы керек.
Ұлы Отан соғысы тарихының беттерін парақтаған адам жеңіс сағатын
соқтыруға Қазақстанның қосқан үлесі телегей-теңіз екенін байқар
еді.Қазақстаннан 1941-1945 жылдардағы қанды қырғынға 1,3 миллион ұл мен
қыз аттаныпты. Бәрі де жанқиярлықпен соғысты.
Отанын жаудан қорғау үшін көп ұлтты кеңес халқының ішінде қазақ
халқы ерекше ерліктерімен, жауға қарсы тұрды. Халық жадында сапында 30
ұлттың өкілі бар Брест қорғаушыларының өшпес ерлігі мәңгі сақталмақ.
Қазақстан жерінде жасақталған И.В.Панфилов атындағы 8-гвардиялық
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
227
дивизия Москваны қорғауда тарихта болып көрмеген теңдесіз ерліктің үлесін
танытты.
Ел басына күн туса, ер етектен су кешер демекші соғыс-адам баласы
үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырып-
жоюға бағышталған. Адам адам болғалы осылай. Талай рет үстемдік, байлық
үшін адам қаны суша аққан. Кімге қажет болып, не мақсатты көздеп еді сол
соғыс? Әдетте, соғысты әділетсіздік, жауыздық, қанішерлік бастайды ғой. Ол
сонысымен лағынетті. Қарапайым халыққа қасірет туғызған, қарғыс арқалаған
соғыс ешқашан жеңбек емес. Елімізде әрдайым тыныштық болып, аспанымыз
ашық болсын!
Төлеген Ақжан
5 сынып, А. Бисенов атындағы №38 орта мектебі
Аққұм ауылы, Жалағаш ауданы Қызылорда облысы
Жетекшісі: Бақытова А.
Жеңіс әкелген көктем
Бола ма соғыс? Біздікі жеңіс.
Бірақ та соғыс болмасын деңіз!
Жеңістің құны – кесілген білек,
Жеңістің құны – тесілген жүрек.
Жеңістің құны – қураған мың бас,
Жеңістің құны – қираған жамбас.
Жеңістің құны – лаулаған орман,
Жеңістің құны – уланған арман...
Қадыр Мырзалиев
Мен соғысты көргенім жоқ. Бірақ соғыстың елімізге қаншама қайғы-
қасірет әкелгенін жақсы білемін. Соғыс қаншама адамдардың үзілген
арманына, тозақ отына күйген қаншама адамдардың тағдырына себеп болды.
Баспасөз беттерінен оқып білгенімдей, зұлмат жылдары елімізден 1 миллион
360 мың адам ел қорғауға аттанып, 600 мың адам құрбан болған. Ал сол кездегі
Кеңестер Одағы бойынша 27 миллион адамның өмірі қиылды. 1418 күнге
созылған соғыстың талай-талай жандардың жарқын өмірлеріне балта шауып,
қаншама жас ғұмырлардың гүлдей солуларына мұрындық болды. Ал әлем
бойынша екінші дүниежүзілік соғыста елу миллионнан астам жандар жер
жастанды. Соғыс қаншама адамдарға бақытсыздық әкелді. Ал, аман
оралғандардың арасында қолсыз, аяқсыз, басқа да мүшелерінен айырылған
мүгедектерді қайда қоясыз?! Сұм соғыстың ізі әр үйдің есігінде қалды.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
228
Жеңіс оңайға келген жоқ. Егер де балаларын жоқтаған аналардың,
ерлерін жоқтаған жарлардың көз жасын, әкелерін жоқтаған балалардың көз
жасын бір жерге құятын болсақ, сол тамшылардан теңіз пайда болар еді.
Әлемді оқ пен жалынға ораған бұл соғыс адамзат жүрегіне жазылмайтын
мәңгілік жара салды. Ал халық махаббатына айналған хас батырларымызды
бүгінгі ұрпақ еш уақытта ұмытпайды.
Ерлік – қашан да ұлы іс. Бабалардың ерлік жолын, Отанына деген
олардың зор сүйіспеншілігін дәріптеу бүгінгі ұрпақтың парызы болмақ.
Жеңіс күні болған жыл қанша алыстаған сайын, бабалардың ерлігінің
құны уақыт өткен сайын арта бермек.
Қан майданда қасықтай қаны қалғанша жаумен арпалысып, жеңісті
күндерді жақындатқан көзі тірі батырларымыздың арамыздан азайып бара
жатқандары көңілдерге мұң ұялатады.
Қан майданның жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Ардагерлер, азайып барасыңдар.
Қастерлейді халқымыз қаһарманын,
Жүр есінде сан жорық, сапарларың.
Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер,
Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың.
Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар,
Жүздеріңде жанған от жарқылы бар.
«Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің,
Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар,
- деген Сыр бойының ақыны Махмұтбай Әміреұлының өлең
жолдарынан алынған бұл шумақтар біраз жайды аңғартқандай.
Соғыс жылдары аттары аңызға айналған Бауыржан Момышұлының,
Мәлік Ғабдуллиннің, Қасым Қайсеновтың, Төлеген Тоқтаровтың, Мәншүк
Мәметованың, Әлия Молдағұлованың, басқа да қаншама батыр ұл –
қыздарымыздың есімдері біздің жүрегімізде мәңгілікке жатталғаны шындық.
Жарты әлемге қасірет әкелген соғыстың үні өшкеніне келер көктемде
70 жыл болмақ. Талай шаңырақтың отын өшірген зұлматтың жеңіспен
аяқталуы біз үшін қастерлі. Сол Жеңістің саясындағы бейбітшілік ұғымының
жаһұтқа тең бағасын тани алуымыз керек. Жеңістің оңай келмегенін әрбір
ұрпақ жақсы біледі. Терең сезінеді. Тәуелсіздік аспанында бейбіт те бақытты
өмір сүріп жатқанымыз – сол батыр бабаларымыздың арқасы. Көгінде көк
байрағы желбіреген егемен еліміз келер жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығын
мерекелеуге дайындалуда. Сол Жеңісті бір қадам жақындатқан, от жалынына
оранып, жауға қарсы аттанып, ерлік көрсеткен аға ұрпақтың істері жадымызда
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
229
уақыт өткен сайын жаңғыра бермек. Өйткені Жеңісті бізге сыйлаған – сол
ардақты әкелеріміз, аталарымыз.
Жеңіс бізге солармен жеткен еді,
Ол кезде де осындай көктем еді.
Ол кезде де жадырап жасыл әлем,
Күн де нұрын көбірек төккен еді.
Қан майданда қайтпаған, беріспеген,
Ерлік қанша ғаламат ер істеген.
Соғыс салған жүректе із қалғанмен,
Тұрар мәңгі ұлы ту Жеңіс деген,
- деп жырлаған ақын жырында Жеңістің қаншалықты қымбат екенін
жеткізгендей. Жеңіс әкелген көктем әр уақытта шуағын төге бермек.
Төлегенов Досхан
11 сынып, №80 мектеп-гимназиясы, Төретам кенті
Қармақшы ауданы Қызылорда облысы
Жетекшісі: Файзуллаева К. Ж.
Батырларды мен мақтан ете білем!
Біздің батыр аға-апаларымыз өздерінің жас күндерін біздің бейбіт
өміріміз үшін құрбан етті. Бізге баға жетпес бейбіт күнді сыйға тартты. Сондай
батырларымыздың қыршын кеткен өмірлері мен төгілген қандары үшін
кейінгі жас ұрпақтары, еліміздің ертеңгі болашақ жастары, қарыздармыз деп
ойлаймын. Осы қарызымның кішкене де болса өтеуі ретінде өзімнің поэзия
тілімен жазылған шығармамды батыр аға-апаларымызға арнаймын!
Межесі болмас, сірә, ақындықтың,
Жырменен өткен күннің зарын төктім.
Міне, бүгін жас ақын айтып бермек,
Бейнесін бабам еткен батылдықтың.
Бірі айрылып бауырдан, туысынан,
Қан тамған сойқан жылдар қылышынан.
Ешқашан еткен ерлік табылмайды,
Тарихтың ақ шаң басқан қуысынан.
Өзекті еңіретіп өртегені,
Болмаған батырлардың көрмегені.
Өз елін, өз жанынан артық қойған,
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
230
Жараспас құр мақтауға ұтымды ерді.
Құрбан боп елі үшін асылдарым
Састырған жау біткенді жасындарың.
Ерліктің үлгісі боп қала бермек,
Бауыржан, Рақымжан мен Қасымдарым.
Ойламай қашып қалар мүмкіндігін,
Соғысқа қорықпастан ұмтылды ұлың.
Осынау асыл жырдың майданында
Өшірер жүректегі өртімді кім?!
Ел асып егемендік елесінен,
Аттап өтіп батылдық белесінен.
Батырларым ерлікпен кешіп өткен,
Тарихтың «Соғыс!» атты кемесінен.
Жол бастап жүректегі желкендері,
Бейбіт күн батырлардың сенгендері.
Әрқайсысы аңыз ғып айтып берер,
Сұм соғысты көзімен көргендері.
Тулаған мақтан етіп атырабы,
Биік әркез батылдық шаңырағы.
Ардагердің жүзіне қарап тұрсам,
Ерлікке жас ұрпақты шақырады.
Қан тамшылап сол жылдар етегінен,
Бөлініп озбырлықтың жетегінен.
Қасық қаны қалғанша қарсы тұрған,
Батырларды мен мақтан ете білем!
Жарқырап сол бір кездің жасындары,
Шайқасты қалғанынша қасық қаны,
Кешегі өткен соғысты ұрпақтардың,
Жөн болмас сөз де етпей, жасырғаны.
Мақтауға лайықты еңбектерің,
Белгілі қан мен бірге төккен терің.
Аналарды жұмысқа жегіп қойып,
Қан соғыста құрбан боп еркектерің.
Мақсат қып батыр бабам төрдегіні,
Зар заманның жеткен ғой елге үні.
Батырларды өрнектеп сөзге қоспай,
Тыншымас ақын бала өр көңілді.
Айналдым батырлардың төресінен,
Заманның қаны ағып жебесінен.
Ерліктерің мәңгілік сақталып тұр,
Табармын сан жыл тарих сөресінен.
Аз емес асып өткен белестерің,
|