Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
249
қатарында. Жетпіс жылда еліміз жаңарып, дамып, өз орнын саяси аренадан
ойып тұрып алды. Мұның өзі сол бір жеңістің арқасы...
Жеңіске деген тағзымымды осы толғаумен білдіргім келеді.Ойымды өз
қаламымнан туған өлеңіммен аяқтамақпын.
Соғыс. Зұлмат. Шайқас. Сол бір сұм қырғын.
Төнген кезде бойыңа өр рух қондырдың
Тамырынан кесіп, үзіп сабағын,
Ез, өзімшіл, қорқақтықты солдырдың.
«Алға бас, -дедің - балам, әсте шегінбе»,
Жеңіс туын желбіретіп көгімде,
Ойға салсам рухым тасып кетеді,
Сіздердей батыр болғанына тегімде.
«Я, Құдайлап!» жауға шапса ұраны,
Иманы жолдас, болып серік Құраны.
Елімнен Отан қорғаймын деп кеткендер,
Жеңіске жетіп, бүгінгі күнді құрады.
Жеңістен кейін орындалды сан арман,
Ақталды жастар ыршып шыққан жанардан.
Ұмытпайды ерліктерін ешқашан
Жетпіс жылда, елім менің, жаңарған!
Шакидуллаева Хадиша
8 сынып, № 13 мектебі
Арал қаласы Қызылорда облысы
Жетекшісі: Диханова А.
Азаппен келген даңқ – мәңгілік
Жеңісті сан миллиондаған адамдар бес жыл бойы минуттап, сағаттап,
жылдап сырыла күтті емес пе? Ақыры, олардың үміті мен сенімі ақталды.
Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында отан үшін от кешіп
миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Біздің Қазақстанда да соғыс оты
шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы
Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, біздің
арамызда асқар таудай болып журген ата-апаларымызға басымызды иіп
тағзым етуміз керек. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға
тиіс.
Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,
Оқ даусы мәңгілік жойылсын.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
250
Бомбаның орнын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын.
Кім келіспейді бұл тілекпен! Әр көктемде Жеңіс күні осы әнді бүкіл
қазақ елі боп шырқасақ! Тіпті тек бір біз ғана емес, бүкіл адамзатқа ұсынар
әлемдік ән.
2015 жылы Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70жыл толады. 1418 күн
мен түнге созылған сұрапыл соғыста біздің сан мындаған бауырларымыз Отан
үшін отқа түсіп, қаншама боздақтарымыз сұм соғыстың кұрбаны болғаны ащы
болса да, шындық. Олардың көпшілігі ерліктің ерен үлгісін көрсетіп,
халқымыздың ерлік рухын асқақтатты.
Ұлы Отан соғысы тарихының беттерін парақтаған адам жеңіс сағатын
соқтыруға Қазақстанның қосқан үлесі телегей теңіз екенін байқар еді.Осы бір
аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан екі миллионға жуық
түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды.Майдан даласынан 394мың
қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы-қасірет әкелмеген бірде-бір
отбасы болмады... Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас
боздақтардың қыршын жасы қиылды... Ішінде ақын да, әнші де бар еді.
Қауызын ашпай көктей қырқылған сол жастардың ішінде, әттең дариға-ай,
қанша Абай, қанша Шоқан кетті екен...
Қайғыны білмесін ана жаны
Қазіргі адамда арман сол.
Әлемнің бар сәби балалары,
Оянсын ұйқысы қанған соң.
Адамзат тарихында жеңістер көп. Бірақ солардың ішінде мән- маңызы
жөнінен шоқтығы биік – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс. Жыл сайын
тоғызыншы мамыр күні сұрапыл соғыстың куәгерлері- майдангерлер мен тыл
еңбеккерлеріне құрмет- ілтипаттарымызды білдіріп, соғыс сабақтарын еске
алып, соғыста қаза тапқандардың рухына бас иеміз. Екінші дүние жүзілік
соғыстың ішінде ең ауыры 1941-1945 жылы болған Ұлы Отан соғысы болды.
Ол жылдардың лаңы қалай деген де әрбір адамның тағдырына әсер етпей
қойған жоқ. Көпшілігі Отанын қорғау жолында мерт болса, сонша адам
майданды керек - жарақпен қамту жолында еңбек етіп, Ұлы Жеңістің негізін
калады. Бүгінде арамызда сиреп бара жатқан ардагердің майдан
жылдарындағы әңгімесін тыңдағанда, майдан жылдарындағы әндерді
естігенде көңілге еріксіз мұң ұялады. Көктеммен бірге келетін осынау Жеңіс
мерекесінің көз жасы аралас қуаныш мерекесі де аталуы да, мүмкін, сондықтан
болар. Егерде әрбір қаза болған адам үшін үнсіздік сақтар болсақ, еліміз үнсіз
қалыпта қалуға тиіс еді. Жеңістің тағы да бір құны – мәңгілікке кеткен жастық
шақ деуге болады. Өйткені көптеген адамдардың қуанышқа толы шақтары
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
251
осындай қиын кезеңге келді. Бұл жігіттер сен қыздардың көбі өрімдей жас
болатын. Олардың жастық шағы ешуақытта қайтадан оралмайды. Олар
отбасын құрып та үлгірмеді, мәңгіге жас күйінде өмірден өтті.Солардың бірі
шығыстың қос шынары атанған, Кеңес Одағының батыр қыздары Мәншүк
Мәметова мен Әлия Молдағұлова.
Жеңістің тағы бір төлеуі – табиғатынан адамға жарық дүние сыйлайтын
әйелдердің, апалардың өз балалары, болашақ ұрпағы үшін қолдарына қару
алып жаумен шайқасқаны. Балаларға да соғыстың ауыртпалығын бастарынан
өткізуге тура келді. Олар аштықты, жалаңаштықты көріп, қара қағаздан қайғы
жұтып, зар жылаған ана дауысын естіп өсті. Өлшеммен берілген азық-түліктің
арасында нан қадірін, тұз бағасын біліп өсті.
Әрбір жанұя соғысқа аттанғандардың аман-есен оралуын аңсап, майдан
даласынан келетін әрбір ұшбұрышты жауынгер хатын асыға күтіп, ерекше
аңсап, қастерледі.
Талай қаңдар төгілді жерімізге,
Бір тыныштық орнады елімізге.
Ойдағы үлкен қорқыныш ұмытқалы,
Бабамыздың еңбегі ұлықталды.
Жеңісті біз тойладық қуанышпен,
Аналарды жұбаттық жұбанышпен.
Көп армандап, аңсап жеткен жеңіске биыл 70 жыл толғалы отыр. Демек,
бейбіт өмір сүріп жүргенімізге де 70жыл толды деген сөз. Біз бұл Жеңіске оңай
жеткен жоқпыз. Соғыстың ащы дәмін татқан еліміз Жеңістің қадірін де біледі.
Жеңіс жолында жүріп тәуелсіздік алдық. Балалық, жастық шағымыз Тәуелсіз
елдің көк аспанының, кең шаңырағының астында өтіп жатыр. Тәуелсіздігіміз
ұзағынан болғай.
Шамша Алина
9 сынып, №266 мектеп-лицейі Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы Қызылорда облысы
Жетекшісі: Тілеулесова М.
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмас
Ерді ел үшін,
Жігітті жұрт үшін – мақта,
Ежелден ер тілегі – ел тілегі,
Адал ұл ер боп туса – ел тірегі.
Қол жайып шын ниетпен берген бата,
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
252
Шаршаған жауынгерге бел тірегі.
Б.Момышұлы
«Мәскеу өлкесіндегі қырғын соғыстың кезі....
Қарашаның 26-шы жаңасы. Жерге шідеріден жоғары қар түскен.
Солтүстіктен соққан қара жел қарып жеп,кісінің өңменінен өтіп барады.
Немістің басым күшінің алдына көлденең түсіп, Мәскеуге қарай жібермей
бөгет болып, күніне үш-төрт шабуылын тойтарып, С.қыстағының маңайында
жанталасып соғысып жатқанымызға төртінші күн болғанда мені күтпеген
жерде дивизияның штабына шақырды.
Барсам штаб бастығы, полковник Серебряков мейірімді жүзбен
күлімдей қарап:
– Жүріңіз, жолдас аға лейтенант, командирге ертіп барайын, сізді
шақырған сол кісі еді, -деді.
Көптен ұйқы көрмеген қарт генерал қажыңқырап-ақ қалған екен. Менің
сәлемімді алып:
– Отырыңыз, деп орындыққа қарай басын изеді де, темекі тұтатып
тартып, біраз ойланып, менің басымнан аяғыма дейін екі рет қарап, бір нәрсені
ұмытқан адамша жуық арада сөз бастай қойған жоқ. Ондай мінезді мен
бұрынғы бірнеше рет жолығуымда генералдан көрген де, сезген де емес едім.
Не болған деп таңғалып, мен де үн шығармай отыра бердім.
Жұлып алғандай:
– Бүгін түн ортасында Десятидворкада жатқан 120 немістің бірін
қалдырмай қырып тастағаныңызға жол болсын. Ең болмаса он шақтысын тірі
ұстап алып келмегеніңіз бе? Одан кейін, ол жерге өзіңіз баруға мен рұқсат
берген емеспін. Менің қай жер болса сол жерге жұмсап, шаша беретін
командирлерім жоқ. Мейлі, абырой болып, аман-есен қайтқаныңызға шүкір,
бірақ та бұдан былай сізге әр додаға кірісе беру жарамайды, -деп, -
ай,жастық,жастық,кейде алды-артын ойлатпайтын жастық!Егерде жазатайым
болып кетсеңіз, сонда (жаман айтпай жақсы жоқ деген ғой) батальонды кім
меңгеріп, кім басқармақ? Сол жағын аттанардың алдында сіз ойладыңыз ба?
– Менен басқа адам құрып қалды дейсіз бе?-деген сөз аузымнан қалай
шыққанын сезбей қалыппын. Генерал қатал дауыспен:
– Сізден басқа адам құрыған жоқ, бірақ та сіз сықылдылар көп те емес.
Соны еске алу керек. Сіз батальон командирі, сіз сықылдыларды қазақ
мыңбасы дейді. Қай қазақтың мыңбасшысы мыңды тастап,онбасының
қызметін атқарған еді, -деді де, түсін жылыта беріп, -қой шырағым
қызулықты! Шошаңдамай өз орныңда отырып, қарамағыңдағы командирлерді
жұмсап, басқарып меңгергін». Бұл үзінді жолдары Б.Момышұлының
«Жауынгердің тұлғасы»әңгімесінен алынған.
1943жылы желтоқсан айының аяғында майданнан Алматыға қалған
гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлын жұртшылық қуанышпен қарсы
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
253
алды. Бұған дейін-ақ 1941жылғы Москва түбіндегі қанды шайқастарда теңдесі
жоқ ерлік істерімен әлемді дүр сілкіндірген қазақстандық 316-шы атқыштар
дивизиясының батальон командирлерінің бірі аға лейтенант Б.Момышұлының
ұрыс даласында көрсеткен батырлығы оның есімін ауызға айналдырып, даңқ
тұғырына көтерген еді.
Осыдан 70 жыл бұрын 22 маусымда фашистік Германия Кеңестік
Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады.Соғыста бірінші болып
қарсы алғандардың қатарында қазақстандық шекарашылар болды. Соғыс
кенеттен басталғанымен, Қазақстан алғашқы күннен бастап жұдырықтай
жұмылды. Мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер, қала
мен ауыл тұрғындары соғысқа сұранды. Соғысқа тыл қызметкерлерімен қатар,
ауыл шаруашылығының да тигізген үлесі мол болды.
Соғыс 4 жылға созылды.Қаншама қалалар,өнеркәсіптік кәсіпорындар,
темір жол стансалары, аурухана, мектеп, жоғары оқу орындары жойып
жіберілген, тоналған.
Міне, биыл Ұлы жеңіске 70жыл!
Халқымыз дүркіретіп той тойлауда. Күн сайын мектептегі кітап
парағынан, көшедегі ілінген плакаттардан, жазылған алуан түрлі жырлардан,
газеттегі түрлі мақалалардан, журналдардан берген қан құйлы, жан
түршігерлік соғыс туралы фильмдерден көріп жанымыз күйзеліп,
күңіренетінбіз.
Бүгінде соғыс ардагерлеріне елімізде үлкен құрмет көрсетілуде. Соғыс
ардагерлері Астанада, Мәскеуде жылда бас қосады. Сонымен қатар тылда
еңбек еткен еңбеккерлер де елеусіз қалған жоқ, арнаулы медальдармен, ақылы
сыйлықтармен марапатталуда.
Қызылорда облысынан Ұлы Отан Соғысына 150 мың адам аттанды, 20
мыңнан астам жерлестеріміз орден, медальдармен марапатталды, 30мыңнан
астамы оралмады, 23-і Кеңес Одағының Батыры атанды. Бұл қанды қырғын
соғыста отандастарымыздың жанұясына оралмағандары, хабарсыз кеткендері
қаншама.
Бүгінде Қазақстанның барлық қалалары мен ауылдарында Даңқ
монументтеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің
ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімдері өтуде. Бұл соғысты ешкім де
ұмытпауы, ешнәрсе де ұмытылмауы керек.
Шүйіншәлі Шынар
11 сынып, №94 орта мектебі Жанқожа батыр ауылы
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
254
Қазалы ауданы Қызылорда облысы
Жетекшісі: Мәлкеш А. С.
Ер есімі – ел есінде
Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,
Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын!
Бауыржан Момышұлы
Ұлы Отан соғысы! Қандай ызғарлы, суық сөз! Осы сөзді естігенде,
«елім» деп жер құшқан талай есіл ерлер еске түседі. Осынау суық сөзді
кітаптан оқып, кинолардан көрген сайын, осы заманда ел тыныш, берекелі
уақытта өмір есігін ашқаныма қуанамын. Сол жылдардың естелігіндей сирек
болса да арамызда жүрген ардагер ата-әжелерімізге елжірей қарап, шын
жүрегіммен бас иіп, алғыс айтқым келіп тұрады. Балалық шағын, жастығын,
бақытын ұрлаған сұм соғыс ата-әжелеріміздің бетіне әжім сызығын салған.
Жүректерінде – жара, көңілдерінде – нала қалдырған. «Екінші дүниежүзілік
соғыс» деген атпен тарихқа енген бұл соғыс Ұлы держава Ресей мен Германия
арасында болған.Біздің еліміз де, жеріміз де өзге ұлт өкілдері секілді Ресейге
бағынған. Отанымыздың жүрегі «Мәскеу» деп білген. Осындай тыныш жатқан
елге тұтқиылдан 1941 жылы 22 маусымда, таңда, шабуыл жасап басып кірген.
Германия бұл соғысқа үлкен дайындықпен кіріскен. Неміс басқыншылары
ентелей ішке қарай еніп, жолындағы қала,даланы қанға бояп,қирата отырып,
Мәскеуге жақын қалған. Көп ұлтты халықтардың тағдыры сынға түскен
шақта, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», ел біртұтас бірлеспесе
болмайтынын жақсы түсініп, бауырласқан. Қазақстанда, Алматы
қаласында жер-жерден жиналған атқыштар дивизиясы құрылған. Оның
басшысы Панфилов еді. Генерал Панфилов дивизиясының Мәскеу түбіндегі
Крюков стансасындағы шайқасы Ұлы Отан соғысы тарихында үлкен бетбұрыс
алған. Осы дивизияда атамыз Бауыржан Момышұлы да шайқасқан. Алматыда
жасақталған бұл дивизия барлығын табанының астына жаншып, келе жатқан
фашистік Германияның армиясына тұңғыш рет тойтара соққы берді. Осы
Мәскеу үшін шайқаста аты аңызға айналған халық қаһарманы Бауыржан
Момышұлы
қолбасшылық
еткен
бөлімнің
жауынгерлері
ерекше
табандылықпен ерлік көрсеткен. Соғыс кезінде ол жаугершілік заманда қол
бастаған батыр бабаларымыз секілді ерекше әдістерімен жау әскерлерін
ойсырата жеңіп отырды. «Әскерсіз қолбасшы-қауқарсыз, басшысыз әскер-
әлсіз», -деген екен Бауыржан атамыз. Соғысу әдістерін терең меңгерген
Бауыржан атамыз қол астындағы командирлерге сенім арта отырып, олардың
өздерінше жауынгерлік қимыл жасауына да мүмкіндік берді.
Бауыржан атамыз бір жазбасында:
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
255
«Тағдыр мені адамзаттың жан түршігерлік қайғы-қасіретінің куәгері
болуға жазса да, ақ қағаздың бетіне болат қаламсаптың ұшымен қисынды сөзді
маржандай етіп тізе алатындай өнерім болмаса да, жай себеппен, менің жауға
сілтер қылыштың сабын ұстауға үйренген қолыма, қаламсап та, уставтың
өктем бұйрығына үйреніп қалған тілім де ырық берер емес, бірақ та
сараңдардың санатында қалмас үшін, өлгендердің рухы, зардап шеккен, адал
солдаттарымның алдында үн-түнсіз қалмауға,бастан кешкендерді тілсіз қағаз
бетіне түсіруді өзіме парыз санаймын»,-деген.
Күндіз-түні тынбайтын атыс-шабыста,қыстың сақырлаған сары аязы
мен жаздың шіліңгір ыстығында аш-жалаңаш жүрсе де, жауынгерлер бойында
шыдамдылық, төзімділік, сабырлылық басым болатын. Рухы мен ерік-жігері
мықты, отансүйгіш жауынгерлер қандай да тапсырманы болмасын,
абыройына дақ түсірмей орындауға әзір тұратын. «Қой үстіне бозторғай
жұмыртқалаған» мына тыныш заман сол ерен ерлердің, атпал азаматтардың өз
өмірін құрбан етуі арқасында келгені рас. Қазақтың шексіз даласы, дәстүрі
мен салты, тілі мен мәдениеті-тәрбиенің алтын бесігі – Мәншүк, Әлия, Хиуаз
ерліктерінің рухани көзі.
Осындай ел басына күн туып, ер етігімен су кешкен кезеңде әрбір
отбасынан кем дегенде он шақты ер-азамат Отаны үшін жер құшты. Жаудың
қарша бораған оғы астында жерлесіміз Үрмаш Түктібаев оқ жетер жерге
бекініп алып, атысты жалғастыра бергенде, немістер қолға тірілей түсіргісі
келіп, айласын асыра түсті.Үрмаш оңайлықпен берілмеді,керемет ерлік жасап,
қаза тапты. Бірақ бекінген жерін жауға бермеді. Ол бүгінгі Тәуелсіздігіміз
үшін, халқымыздың болашағы үшін жанын пида етті. Үрмаш есімі тарихқа
алтын әріптермен жазылды.
«Жеңіс!» деген сөздің қашан да мерейі үстем, рухы мықты. Жеңіс күні-
бұл бәрімізге де ортақ мереке. Міне, содан бері Ұлы Жеңістің осы күнге дейін
жетпіс таңы атты. Сұм соғыстың үнінің өшкеніне де жетпіс жыл толып, сан
миллиондаған адамдардың үміті мен сенімі ақталды. Жарын жоғалтқан ана-
жесір, әкесінен айырылған бала-жетім атанды. Немістердің тұтқын лагерінде
қаншама ана мен бала айуандықпен азапталды. Ал, тылда қалған қарттар,
аналар мен балалар қайғы-қасіретін арқалай жүріп, бірде аш, бірде тоқ болып,
тынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің жігері жасымады. Олардың бойындағы
отаншылдық сезімі, көптеген ұлт өкілдерінің бірлігі мен ынтымағы қуанышты
күнді жақындата түсті. Соғыстан ауыр жарақаттанып, мүгедек болып
оралғандар да елде көп жүре алған жоқ. Жеңіс күні Мәңгі Алау алдында біз
оларды үнсіз еске аламыз. Ұлы елімізді, қасиетті жерімізді жау табанынан
сақтап қалған олардың жанкешті ерлігіне құрметпен басымызды иеміз.
Жанын шүберекке түйіп, Отан үшін отқа түскен соғыс ардагерлерінің
ерлік істері ешқашан да ұмытылмайды. Ана мен баланың, ата мен әкенің
тыныштығы үшін сұрапыл соғыстың қанды кезеңдерін басынан кешкен
майдангер аталарымыздың өмір жолы – таусылмас жыр, өшпес тарих!!!
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
256
Шынболатқызы Сарқыт
8 сынып, №83 орта мектебі
Арал қаласы Қызылорда облысы
Жетекшісі: Сарманова Ш.
Жеңіске тағзым
Уақыт деген қандай жылдам. Сұм соғыстың бітіп,қаншама жылғы ең
қымбат, ең аяулы, сан миллион адамның, жүзден астам ұлт пен ұлыс
өкілдерінің жан дүниесін дір еткізіп, талай жанның көз жасына ерік бергізген,
дүние жүзі тарихындағы 1418 күнге созылған зұлмат қан төгіске соңғы нүкте
қойғызған «Жеңіс» деген Ұлы сөздің айтылып келе жатқаныны 70 жыл
толыпты.
1941 жыл маусым айы ... «Соғыс» деген сөз оның ұнжырғасын түсіріп
жіберді.18-40 жас аралығындағы ер-азаматтар ел қорғауға аттана бастады. Ол
да сол жандардың арасында еді.Ауылда тек қазаны оттан түспеген қарапайым
әйелі мен ештеңеге жарамайтын ата-анасы қалды . Балалары ауыр жұмыстарға
жегілді, әкесіз күнделікті тамақ табу қиын болды. Үкілеген үміті қан соғыстың
арасында жүргенде кейуана қалай байыз тапсын? Жүрегі «балапаным қашан
оралады ,қашан сұм соғыс аяқталады екен, аман-есен оралса екен» деп дүрс-
дүрс соқты. Өз қиналысын көрсеткісі келмеген әкесі мұңын жасырып,іштей
тынып, күтуден басқа амалы болмады.Ол үшін соғыс қияметі осылайша
басталды...
Майдан даласы... Немістер мен КСРО арасындағы соғыс. Кей
жандардың жаны қыл үстінде тұр. Атылған оқтар қарша борап, мыңдаған адам
қыршынынан қиылып жатты. Бейкүна жандардың қаны суша төгілді. Оның әр
минуты, тіпті әр секунді қымбат еді. Бар арманы үйіне оралу, бала-шағасын
көру. Ауылына жіберетін хатын сүйсіне жазып, бір сәт болса да бақыт
құшағында болатын. Сол хаттың жауабын асыға күтетін-ді. Ұрыстардың
бірінде мина әсерінен аяғынан жарақат алып, неміс фашистерінің қолына
тұтқынға түсті. Одан жауап алу мақсатында тергеулер жүргізді. Ол сөзіне
берік жан еді, тек аузынан «білмеймін» деген сөз ғана шықты. Ақыр аяғында
ол қайтыс болды.
Ауылына қаралы қағаз келді. Ұлының өлімін көтере алмаған анасы көп
уақыт өтпей-ақ өмірден озады. Сонда да зұлмат соғыс жалғаса берді...
1945 жылы КСРО халқы жеңіске жетіп, немістерді тізе бүктіреді. Ақ
түйенің қарны жарылып, 4 жылғы азаптан құтылдық. Артынан көп жылдар
өткеннен кейін өз тәуелсіздігімізді,бостандығымызды алдық. Міне, бейбіт
елдің түлектері осы күнімізге шүкіршілік етеміз. Сол жандарымыз осы күнді
көрмесе де, олардың жалғасы көргеніне, дәл осы күн туғанына бақытты
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
257
шығар? Бүгінде ақ түйенің қарны ақтарылып, әділ, мыңның бірі елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен Қазақстан елі көркейіп қанат жайды. Өзге
елдермен аяғымыз тең, тік басып тұрмыз. Біз, қаһарман халықтың
салпыншағы, асылдың сынығы, жастар қолда бар алтынды қадірлейік! Бұл күн
қаншама адамның көз жасымен,қаншама адамның қанымен келді емес пе?...
Ыбраева Гүлназ
11 сынып, №29 мектебі Тұрмағанбет ауылы
Қармақшы ауданы Қызылорда облысы
Жетекшісі: Роза Алдамұратова
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әндер
Қазақтың халықтық музыка өнері саласында шалқар сахара, дархан
даладай мол кең тараған бір жанр бар. Ол – ән. Ән – адамның жан серігі,
қуанғанда бой сергітетін, күйзелгенде көңіл жұбатар, жорық жылдарында
жігер қосар жайсаң жанр. Халықтың өткен тарихының куәгері саналатын
«Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әндер» туралы сөз етпекпін. Мұндай
әндерден заман шындығын шертетін деректерді білумен қатар халық басынан
өткен қилы-қилы тарих сырларына қанғандай боламыз. Ұлы Отан соғысының
тарихтан алатын орны ерекше.
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында Мемлекет басшысы
Н.Назарбаев Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай дайындық жұмысын жүргізуді
тапсырды. «Жеңістің 70 жылдығы жақындап келеді, біз қазірден бастап оған
тыңғылықты дайындалуымыз керек», - деді Елбасы өз сөзінде.
Ұлы отан соғысы жылдарында туған әндер көбіне батырлық, ерлікке
арналып, совет адамдарын Отанын қорғауға шақырады. Майдан жыры – сол
сұрапыл кездің шындығы. Ол – от оранған солдаттың жүрек лүпілі, жан дірілі.
Бұл жауынгерлердің қарбаласта, жөпелдемеде жазған жырлары. Әрине,
шығармашылық асығыстықты сүймейді. Алайда, соғыс уақытының қатал заңы
сондай. Әр өлеңде кеңес жауынгеріне тән қаһармандық, патриоттық ән бар.
Демек, майданда туған жырлардың өзіндік тарихы, тағдыры бар екен.
Ұлы Отан соғысы 1941 жылы 22 маусымда басталса, 24 маусымда В.
Лебедев-Кумачтың «Священная война» («Қасиетті соғыс») өлеңі газет бетінде
жарияланды. Сол күні композитор А. Александров оған музыка жазды. Бұл ән
– Ұлы Отан соғысының эмблемасына айналды. Ұлы Отан соғысы
жылдарының ең ауыр кезеңінің өзінде өнер адамдары майданда, еңбек
тылында, ауруханаларда мәдени қызметтерін жалғастыра берді. Көптеген
музыканттар мен композиторлар Ұлы Отан соғысына аттанды. Сондай
әншілеріміздің бірі Жүсіпбек Елебеков «Жас қазақ» әнінің шығу тарихын
|