Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне Карагандинская область


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет11/17
Дата15.03.2017
өлшемі1,29 Mb.
#9688
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
ортасында батыр Нұркен бейнесі мәңгілікке орнықты, Нұркен ауылында да 
ескерткіш  орнатылды.  Кеншілер  астанасының  әсем  спорт  сарайы  батыр 
жерлесіміздің есімін иеленген. Қазақ батырының ерлігі қанша жыр-хикаяға, ән 
мен әңгімеге арқау болды. Боков орта мектебіндегі отрядтардың бірі Нұркен 
атында.  Батырдың  анасы  Бағжан  бәйбіше  Боков  станциясының  құрметті 
азаматы  болып  табылады.  Вешенскаядағы  мекенінде  М.А.  Шолохов 
Нұркеннің  анасын  мейман  еткенін  білеміз.Қарапайым  қазақ  баласы  Нұркен 
Әбдірұлының өмірі мен ерлігі қаһарман, қаншыл қазақ ұлтының бойындағы 
игі қасиеттердің айнасындай, әлемге шұғыла шашып тұр.  
Мен,осындай аты әлемге әйгілі батырымыз Нұркен Әбдіров атындағы 
алылда тұрғаныма өте қуаныштымын. Өз ауылымды көрікті жерлерімен, таза 
ауасымен, әсем табиғатымен мақтан тұтамын.Бір ерекше айта кететін жайт ол 
Нұркен ағамыздың ескерткіші мен жанына жақын болған ұшағы орнатылған. 
Біз,  қазіргі  заман  түлектері  дүниені  дүр  сілкіндірген  Ұлы  Отан  соғысын 
мәңгілік есте сақтауға міндеттіміз. 
Омар Аружан 
4 «А»сыныбы №9 Жалпы білім беретін орта мектебі 
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы 
Мұғалімі:Коккозова  О.У
Аталарға мың алғыс 
Ұлы  Отан  соғысы  1941-1945  жылдар  аралығында  болды.  Биыл  осы 
соғыстың біткеніне 70 жыл болады Бұл соғыстың зардабынан әрбір отбасы 
қасірет  шекті.  Осы    соғыста  20  миллион  жауынгер  қаза  болды,  деп  әжем 
айтады.  
Әжемнің де екі нағашы ағасы соғысқа кетіп, хабарсыз, оралмаған. Олар  
Қарсақбайдан  аттаныпты.  Үлкен  нағашысы  Сыдықов  Мұқыш    үйленген, 
Артында жары, анасы, баласы, қарындасы қалған. Олар дүниеден өткен. 
Сыздықов  Анапаш    Қапылбек  деген  жерде  дәрігерлік  оқып  жүріп,  өз 
еркімен  соғысқа  кеткен  хабарсыз.  Анасы,  қарындасы  оларды    армандаумен 
дүниеден өтті.  
Ал      әжемнің  әкесі    –  Құлшарыпов  Мұқанмеджан  1939  жылы    Отан 
алдындағы  борышын    өтеуге    армия    қатарына    шақырылады.  Азаматтық 
борышын  өтеп,  елге  қайтамыз  деп жүргенде Фин соғысына жібереді.  Содан 
Ұлы Отан  соғысына жіберіледі.  442-арт   полк  телефонисті болады.  
1939-
1941  жылы    125  стр  полкта    мерген  болады.    Көптеген 
қалаларымызды  азат  етуге  қатысты.  Жеңіс  оңайшылықпен  келген  жоқ. 
Көптеген қиыншылықтарды бастан  кешіреді.  Атақты  Власовтың армиясында 
болады.  Осы армия  жаудың  қоршауында  қалады. Бұларды  тұтқындап, азап 
көрсетеді.  Содан құтылып   шығып Берлин  қаласын азат етуге  қатысады. 
84 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Жеңіс  тойын  Берлинде    тойлайды.  «Қырық  жыл  қырғын  болса  да  ажалсыз 
өлмейді» дегендей мұз жастанып, қар жамылып, суық окоптарда бүрсең қағып 
талай  түндерді  ұйқысыз  өткізіп,  талай  рет  өліммен  бетпе-бет  келіп,  жауды 
жеңіп туған  жерге  оралып, жат елде қалмай аман-есен оралғанымызға шүкір 
деп отыратын әкем. Соғыс біткен соң қираған қалаларды қалпына келтіруге 
қатысып  1946  жылы  жаз  айында  елге  оралады,  Қарсақпай  мыс  зауытының 
металлургия  цехында  еңбек  етеді.  1955  жылы  денсаулығына      байланысты 
дәрігердің   ұйғаруымен  II-топ  мүгедектікке шығады. 1962  жылдары өзінің 
туған жері Амангелді  совхозы  4-ші фермада қой бағып шопан болады. Қоғам 
малын аман сақтап  100-іне 110-120 дан қозы  алып  еңбек ардагері болады. 
1972 жылы  зейнеткерлікке шығады. 1984 жылы  65 жасқа қарағанда, ауыр 
науқастан    қайтыс  болады.  Алған    медальдары  көп  Ұлы  Отан  соғысында 
жаумен шайқасқан майдан  даласында да елге оралып  өндірісте еңбек  етіп 
ерен  үлесін  қосып,  ауыл  шаруашылығында,  мал  басын  көбейтуге  үлесін 
қосқан атамызды мақтан тұтамыз!  Атамыздың 4 ұлы, 2 қызы бар. Әр қайсысы 
жеке-жеке шаңырақ иесі. Бүгінде  27 немере, 34 шөбересі бар. 
Атама  мың алғыс!  Отаны үшін  көп  еңбек  сіңіреді. Қанша ауырса да 
соғысқа  қатысуын    тоқтатқан  емес.  Жерін,  елін    қан  төгіс    қылдыруға  жол 
бермеуде.  Біздің  жауларымызды  жеңіп  қанша  рет  Отанын  қорғады.  Отаны 
үшін өлімге де  түсуге дайын болды. Мен атамды мақтан тұтамын. 
Ондрус Толқын 
6 сынып оқушысы,  №16 лицей-мектебі 
Шахтинск қаласы, Қарағанды облысы 
Жетекшісі: №76 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі 
Әліпбекова Әзиза Мағзұмқызы 
1941-
1945 жылдардағы сұрапыл Ұлы Отан соғысы адамзаттың басына 
өте бір орны толмас қайғы-қасірет әкелгені баршамызға аян. Өз елін, жерін 
қорғамақшы болып, қаншама ағаларымыз бен апаларымыз соғысқа аттанып, 
бірі әкесінен, бірі баласынан, бірі азаматынан айрылды. Осы зұлмат жылдар 
қасіреті кімді болса да ойландырмай қоймайды. 
Міне,  Ұлы  Отан  соғысының  жеңіспен  аяқталғанына  да  70  жыл 
толмақшы. 
Бұл  сол кездегі кеңес  халқының  төзімділігі  мен  ержүректілігін  барша 
халыққа  паш  ететін,  тарихта  мәңгі  қалатын  күн.  Бұл  күнді  соғыстың  өте 
ауыр,адамзат сенгісіз кезеңдерін бастарынан кешкен, ерлік пен қайсарлықтың, 
өз  Отанына,  туған  жеріне  деген  сүйіспеншіліктің  туын  жоғары  көтеріп 
күрескен  ардагерлер  тойлайды.  Бұл  мерекені  тылда  аянбай  еңбек  етіп, 
тынымсыз жұмыс істеген ауыл адамдары мен ата-анасына шамасы келгенінше 
көмектескен  балалар,  әкесін,  жарын  сағына  күткен  аяулы  апаларымыз  бен 
әпкелеріміз тойлайды. Бұл мейрамды Ұлы Жеңістің құрдастары тойлайды. 
85 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Ұлы  Жеңіс  күні  елі  мен  жері  үшін  өз  жандарын  пида  еткен,туған-
туыстарына,туған жеріне,еліне оралмаған қаһарман  ерлерді бүкіл ел болып 
еске түсіреді. 
«Отан  үшін  отқа  түс-күймейсің,  суға  түс-батпайсың»  деген  сөз 
бойларына  қуат,  жігер,  қайрат  беріп,  қыршын  қазақ  жастары,  қарттары  да, 
жаны нәзік арулар да «ОТАН» деп соққан жүректің лүпілін баса алмай, елінің 
болашағы үшін, бостандық үшін, атадан қалған аманат-туған жер мен ел үшін, 
артта  қалған  ел-жұрт  үшін  соғыстың  қанды  алаңына  түсіп  кетті.  Сол  адам 
жаны түршігерлік зұлматты өз көздерімен көріп, бүгінде мақсат-мұраттарына 
жетіп,  қазіргі  таңда  елдің  келешек  өміріне  зор  үмітпен,  сеніммен  қарайтын 
күнге де жеттік. Бұл жеңіс – сол соғыста Отан үшін жаны мен қасық қанын 
аямай күрескен ардагер аталарымыздың жеңісі де, елім деп соққан жүректің 
жемісі  еді.  Ал  біз  келешек  жеткіншек  ұрпақ    үшін  осы  асыл  ерлеріміздің 
ерліктерін мәңгі ұмытпай, оны насихаттап жүрсек, бұл ардагерлерге көрсеткен 
алғысымыз болмақ. 
Ұлы Отан соғысында болып, майданды өз көзімен көріп, туған жерімізге 
жау аяғы тимесін деп, қолына қару алып, елі үшін күресіп, аман-есен біздің 
ортамызға оралған ардагердің бірі Ақыбаев Мағзұм Әліпбекұлы. 
Менің  ұлы  нағашы  атам  Ұлы  Отан  Соғысының  ардагері  Ақыбаев 
Мағзұм Әліпбекұлы жайында айтсам... 
Ол  кісі  1925  жылы  25  қаңтарда  дүниеге  келген.  1943 жылдың  қаңтар 
айында,  18 жасқа толған кезінде соғысқа шақырылыпты. Жүзден астам ұлт 
өкілдері болған. Олар аштық пен суыққа төзіп, мұзда жатқан. 
Атам  Жапон  соғысына  қатысқан  ардагер.  Ол  Украина  майданынан  II 
Беларусь майданына аттанып соғысқан. Австриядан Жапонияға барып соғыс 
даласына аттанған. Ұлы Отан соғысында атқыштар полкінде болған. Атамның 
айтуы бойынша оларды  генерал-майор Кравченко басқарған. Майдангерлер 
«Жанға жан, қанға қан» деген ұранмен тәрбиеленген. 
Атам  майдандағы  жеңістері  үшін  бірнеше  орден,  медальдармен 
марапатталған.  Осылардың  ішінде  өзіне  ерекше  ыстығы  Жуковтың  медалі. 
1945 жылы соғыстан қайтып келгеннен кейін 1 жылдан соң отбасын  құрған. 
Әжем екеулері  67 жыл бірге тұрып,  жеті  баласынан 13  немере, 5 шөбере 
сүйіп  отыр.  Сол    немерелері  мен  шөберелерінің  қызығына  қуанып,  тілеуін 
тілеп, ақылын айтудан жалықпайды. Қазір атам 89 жаста. 
Атам  1956  жылы  мұғалімдік  оқу  орнына  түсіп,  1962  жылы    бітірген. 
Алғаш  ұстаздық  еңбек  жолын  бастауыш  сынып  оқушыларын  оқытумен 
бастаған.  Ұстаздық  еңбек  етіп,  зейнеткерлікке  шыққан.  Мен  атам  жайлы 
осылайша мақтана аламын. 
Атам ұстаз ретінде бізге былай деп ақылын айтады: 
«Отанды,  халықты  сүйе  біліңдер.  Саналарыңды  улайтын  заттардан 
аулақ  жүріңдер.  Ар  тазалығын  сақтап,  әуесқой  ойындарға  үйір  болмаңдар. 
Білім  алып,  ата-аналарыңды  қадірлеп,  қартайғанда  қызықтарыңды 
86 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
көрсетіңдер.  Бүгін  кішкентайсыңдар,  ертең  өсіп,  ержетіп  үлкен  азамат 
боласыңдар. Балаң деген ізің емес пе, ертең өзің емес пе»,- деп аяқтайды қарт 
атам. 
Оразбаев Қылыш 
Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық 
колледжі, «Радиоэлектроника және 
 
байланыс» мамандығының 1-курс студенті, 
Қарағанды облысы 
Жетекшісі: Бекбергенов Әсет Игілікұлы 
Мәңгілік алау – Мәңгілік Ел! 
Біз соғысты көрген жоқпыз! 
Д. Исабеков 
Мен көргем жоқ соғысты! 
Көрдім өмір бақытын. 
Бақытты боп тұр бүгін – 
Менің туған Уақытым... 
Иә,  мен  бақытты  Тәуелсіз  Қазақстанда  дүниеге  келдім.  Мен  соғысты 
көрген жоқпын... Бірақ, батыр бабаларымыздың ерлігіне қанығып өстім. Ақ 
қарда  көк  мұз  құрсанған  қайратты  да  қайсар  аталарымыздың  даңқты 
жорықтарынан сыр тарта ер жеттім. Қас дұшпанына қасқая қарсы тұрған өр 
ұлдардың  өршіл  рухымен  қанаттанып  бой  түзедім.  Аналарымыздың  ақ 
жаулығынан астынан бой-бойлаған маңдай терінің қаншалықты тәтті екенінін 
түйсініп, келешекке талпындым. 
Соғыс... Бір ақ сөз. Ал осы бір қасіретті сөздің астарында нешеме сырлар 
мен  мұңдар,  тарихтар  мен  тағдырлар  жатыр  десеңізші!?  Осынау  бір  тарих 
қойнауында кеткен оспадар оқиғаның өткеніне ширек ғасырдан астам уақыт 
өтсе де, одан қалған жан жарасы жадымыздан өшер емес. 
87 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Сынаптай  сырғыған  уақыт  көші  өз  жолынан  таймай,  алға  басқан 
қадамының  әр  баспалдағы  өзіндік  өрнегімен  айшықталып  жататыны  анық. 
Қаншама  жылдар  өтсе  де,  адамзат  жадынан  өшпейтін,  керісінше  сәт  сайын 
жаңғырып тұратын оқиғалар да бар. 
Солардың  бірі  де  дүрі  –  Ұлы  Отан  соғысы.  Қас-қағым  сәтінің  өзі 
«ажалды  аңдыған»  қанқұйлы  айқастар  адам  жадынан  қалай  өшсін!  Талай 
қыршын тайсалмастан жан қиған қан майданда халық күші бір арнаға тоғысып 
жатты.  Қолдарынан  оқ,  жанарларынан  шоқ  ұшқан  батыр  ұлдарымыз  бен 
қайратты қыздарымыздың жанқиярлық еңбегін еш демей көріңіз! 
«Барлығы  да  майдан  үшін,  барлығы  да  жеңіс  үшін!»  деген  ұранды 
ұстанған  хас  батырлар  Отан  үшін  қасық  қаны  қалғанша  қаһармандықтың 
үлгісін танытты. Бауыржан мен Мәлік, Әлия мен Мәншүк... Есімдері ерлікпен 
өлшенетін  осынау  батыр  бабаларымыздың  бек  бекініп,  батыл  қадаммен 
жауына қасқая тұруы – қазақи табиғатқа тән қажырлылық пен қайраттылық 
екеніне сенбеске лажыңыз қалмайды. 
Дала төсінде тынымсыз ұрыспен таңын атырған күрескерлердің таңның 
атысы,  күннің  батысы  «Отаным»  деп  соққан  жүрегі  жаһанды  дүр  сілкінтіп 
жатты. Бейбіт аспанда бұрқ етіп атылған жау оқтары мен маң даланың шаңын 
көкке  ұшырған  дұшпан  миналары  біздің  марқасқаларымыздың  маңдайына 
тиіп,  кеудесін  тесіп,  талай  тағдырлардың  өміріне  балта  шапты.  Ұрыс 
даласында  ұлан-ғайыр  жерін  қорғамақ  болған  талай  бейбақтың  қаны  құмға 
сіңді. «Ерлік», «батырлық», «батылдық» туын сенім еткен серпінді ұлдардың 
сәт  сайын  хас  жауының  жігерін  жасытып,  алға  адымдауы  –  анталаған 
дұшпанының тізесін бүктірді. «Татулық», «бірлік», «достық» ұғымын байрақ 
қылған  өр  қырандар  сан  ұлттан  бас  қосқанына  қарамастан  бір  жанұяның 
балаларындай  жұмыла  жүк  көтеріп,  жасқанбастан  жау  шебін  талқандады. 
Тайсалмады,  тосырқамады...  Талғат  Бигелдинов,  Нұркен  Әбдіров,  Төлеген 
Тоқтаров сынды тау-тұлғалардың тайсалмас қайсарлықтары қырағылық пен 
қайраттылықтың  үлгісін  белгілеп  берді.  Төтеннен  төтеп  берген  немістердің 
жойқын  соққысына  тосқауыл  болған  28  батырдың  көзсіз  ерлігін  қайда 
қоярсыз? Нәзік жанын шүберекке түйіп, ер азаматқа тән күрескерліктің кесек 
символы,  қос  қарлығашымыз  Әлия  мен  Мәншүктің  жауына  жасқанбай 
жанқиярлық танытуын ерліктің өлшемі демей қайтерсіз?... 
Майдан  төсі  осындай  батыр  ұл-қыздарымыздың  тайсалмас 
табандылығына  куә  болып  жатқанда,  кең-байтақ  даламызда  еңбек  көрігі 
қызып жатты. Белі бүгілген қария, жас әйел, қартаң әйел, буыны бекімеген 
бала  –  бәрі-бәрі  азаматтардың  орнын  басып,  күн  демей,  түн  демей  маңдай 
термен  еңбек  етті.  Олар  шаңырақтарының  шайқалғанына  қарамастан,  ерік-
жігермен еселеп, қуатты күш сол майдан даласындағы азаматтардың рухына 
дем беру мақсатында жұмсалды. Ошағының оты сөнсе де қайран аналарымыз 
мұқалмады.  Соғысқа  қарғыс  айта  жүріп,  шаруасын дөңгелетті  жас  әйелдер. 
Алыс-алыс  атыраптардан  әке-ағаларын  сарғая  күткен  балғын  бүлдіршіндер 
88 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
жанын сала жұмыс қылды. Жер-ана да күңіреніп, запыран төкті. Ну ормандар 
зарын салып, ақбас таулар азасын айтып жатты. Қайғыдан теңіздер тебіреніп, 
көлдер еріксіз егілді. 
Елдің  елдігін,  ердің  ерлігін  сынға  салған  сұм  соғыс  та  аяқталды-ау. 
Миллиондаған  жандардың  өлімімен  келген  ЖЕҢІС  туын  желбірету  –  жас 
қазақ  Рахымжан  Қошқарбаев  ағамыздың  маңдайына  бұйырды.  Тастүнек 
түндер мен қайғылы күндер артта қалып Мәңгілік алау шартарапқа шуағын 
шашып жатты. Ерліктің, елдіктің, батырлықтың, батылдықтың алауы бұл! 
Мәңгілік  алау! 
Мәңгілік ұғым  ақ таңдай, 
Ерліктің  мәні  осы бір  сөзде  жатқандай. 
Кешегі  қырғын  соғыстың  салған  жарасы
Жүрекке  әлі қадалып тұр ғой батпандай. 
Мәңгілік алау - ерліктің  өшпес алауы, 
Желбірей  берер  жүректе  оның  жалауы. 
Мәңгілік  алау  үйретіп  тұр ғой  баршаны
Тарихқа  бір  сәт ақиқат  көзбен қарауды. 
Иә,  өр  рухпен  айтылған  асқақ  өлең  осы.  Мәңгілік  алау  біздерді 
мәңгілікке  бастады,  болашағымызды  бағдарлады.  Осыдан  70  жыл  бұрын 
жағылған Жеңіс алауы баршаны бейбітшілікке үндеді. Осы бір Жеңіс алауын 
жағуда менің нағашы атам Аманбеков Әубәкірдің де өзіндік үлесі бар. Мәскеу, 
Украйна  жерлерін азат  етуде  жанқиярлық  танытқан  Әубәкір  атамның  ерлік 
істері менің бойымда қуаныш кернетеді.  
Атам әрдайым: «Біздер не көрмедік, балам? Тек ондай сұмдық болмасын 
енді. Қазіргі бейбіт күндеріміз мәңгі болсын!», - ауыр күрсініп, жанарына жас 
ұялайтын. (Әрине, жанарындағы жасты бізге көрсетпей, жүзін бұрып кететін 
әркез).  Әр  сөзінде:  «Балам,  сендер  бақытты  ұрпақсыңдар.  Тыныш  елде, 
ырысты  күн  кешіп  жатырсыңдар.  Тәуелсіз  ел  болу  үшін  қаншама  ата-
бабаларың небір нәубеттерді бастан кешірді. Сондықтан, барды бағалай білу 
керек!»,  -  деп  санамызға  сіңіретін.  Шынында  да,  мен  бақыты  мен  байлығы 
қатар  салтанат  құрған  Тәуелсіз  елде  ғұмыр  кешудемін.  Менің  егемен 
Қазақстаным  –  Мәңгілік  ел.  Ата-бабаларымыздың  жағып  кеткен  мәңгілік 
алауы  Мәңгілік  елдің  мызғымыс  діңгегі  іспеттес.  Мәңгілік  еліміздің 
көшбасшысы  Нұрсұлтан  Назарбаев:  «Зұлматты  жылдарды  бастан  кешірдік. 
Біздің ата-бабаларымыз тәуелсіздікке жету жолында небір қиындықты бастан 
кешірді.  Алайда,  тәуелсіз  ел  болсақ  деген  рухы  құлаған  жоқ.  Сол  рух 
әрқайсысымыздың бойтұмарымыз болуы тиіс», - деп атап көрсеткендей, асқақ 
рухты  әрдайым  аласартпай,  алға  басуымыз  қажет.  Аталарымыз  жаққан 
Мәңгілік  алаудың  оты  өшпей,  Мәңгілік  еліміз  мәңгі  жасайтынына  мен 
89 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
сенемін! Сенемін де, осы бір азат елімнің бір кірпіші болып қалануды мұрат 
етіп келемін. Бұл – менің тәуелсіз елімнің алдындағы сәбилік борышым! 
Өмірбаев Диас 
6 сынып, № 9 орта мектебі, Жезқазған қаласы 
Қарағанды облысы 
Жетекші: Тусупбекова Сандугаш Куайжановна  
Жеңіc күні келгенде! 
Жеңіс! Жеңіс! 
Мәңгі алау лаулай бер! 
Жеңіс туы жердің бетін баурай бер, 
Майдангерлер Ұлы Жеңіс сыйлаған. 
Әз халқыма бақыт нұры сайлау бер! 
22-
маусым 1941 жылы мәңгі есте қалып тарих бетінен өшпейтін жыл. Бұл 
соғыс қаншама адамның өмірін қиды. Не бары жарты сағат ішінде немістер біздің 
Отанымыздың  ішіне  опасыздықпен  кіріп  жаулап  алды.  Бірақ  біздің  ержүрек 
батырларымыз оларға қарсы тұрып, Отанымызды, жерімізді қорғауға бой ұсынды. 
Бізге Жеңіс қалай келді? Әрине, оңай жолмен келген жоқ. Жеңіс жолында қаншама 
адам 
қаншама 
адамдардың 
қаны 
құйылды, 
балалар 
әкелерінен 
айырылды,қаншалықты  көп  қиын  кезеңдерді  өткізді,  кей  кезде  жейтін  бір  үзім 
нандары да болмады, олар тек өз елдерінің тыныштығын, бейбітшілігін армандады. 
Адамзат баласының тарихында бұрын-сонды болмаған қасірет  – Ұлы Отан 
соғысының аяқталғанына 70 жыл толды. Бір кезде Кеңестер Одағының құрамында 
болған Қазақстанның халқы да неміс-фашист басқыншыларына қарсы жан аямай 
соғысып, ерліктің тамаша үлгілерін көрсеткені белгілі.  
Ұлы Отан соғысы ең ауыр, әрі қан төгісті соғыс болды, өзінің талқандау күші 
мен ұрыс қимылдардың ауқымы жағынан адамзат тарихында теңдесі жоқ соғыс 
болды.  
90 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Соғыстың  аты  соғыс.  Сұм  соғыс  біреуді  жесір  етті,  біреуді  жетім  етті. 
Балалығы сұрапыл соғыспен қатар келген біздің бүгінгі ата-әжелеріміз сол уақытта 
ерте есейген еді. Ойын баласына бейнет күнді айырбастайтын күн туды. Жастарына 
қарамай соғысқа аттанған кәрілер, енді-енді өмір сүріп келе жатқан жас қыздар, 
ұлдар «Жауға аттан!» деген ұранмен алға басқан. 
Соғыс жылдарында адамдарға Отанымызды қорғаудағы, сүюдегі  берік негіз 

бұл  халық  арасындағы  мызғымас  достық,  ауызбіршілік  елдеріне  деген  шексіз
махаббат,  жеңіске    деген  нық  сенім  болды.  Осы  жолда  біздің  көптеген 
батырларымыз,  жауынгерлеріміз  өздерінің  ерліктерін  көрсете  білген  ұл-
қыздарымыз  қаза  тапты.  Кейбіреулері  тіпті  үйіне  оралмады.  Жеңіс  күнін  көре 
алмады.  Бірақ олардың ерліктері  біздің  мәңгілікке есімізде, жүрегімізде. Соның 
ішінде ерліктерін көрсетіп,  Отандарына деген ыстық сезімдерін дәлелдей  білген 
батырлар аз емес. Олар:  Б.Момышұлы, Ә.Молдағұлова, Т.Бегилдинов және тағы 
да басқа есімді батырлар.Біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Әр жыл сайын еске 
алып,  жеңіс  күнін  тойлаймыз.Бірақ  осы  сұм  соғысты  кезіңе  елестесең  жаның 
түршігіп,  денең  ызғарланады.  Қанша  жерлерді  жаулап  алып,  бомбалап,  жастың 
кіші үлкеніне қарамастан оларды қатаң жазалап, өлтірген. Бұл сөзді айтудың өзі 
қиын-ақ. Осының бәріне шыдаған елімді кім қадірлемесің?! Жауға да, өлімге де 
қарсы  тұрған  аам  өз  Отанын  сүйеді.  Мінекей,  сол  соғыста  болған  адамдар  осы 
жолмен  жүрген.  Олар  қанша  азап  көрді  десеңізші,  күндер  мен  түндері  ұйқысыз 
өткізді. Жақын жолдастарынан айырылды. Адам бір-ақ рет туады, бір-ақ рет өледі. 
Ал  істегеніңді  кіші  де,  үлкен  де  құрметтеп,  бас  иетін  өлім  бар.    Ол  майданда 
ерлерше  өлу.  Мінеки,  жеңіс  жолында  қаншама  адамдар  осындай  өлімнен 
өлді,олардың жүректері тек елім деп, жерім деп соқты. Сол кезде жауынгерлердің: 
«Отанымызды соңғы деміміз жеткенше қорғау – борышымыз» деп. Берген анттары 
серт сөздері адамға күш беріп, жандандыра түседі. Сөйтіп олардың бүкіл халықтық, 
жауынгерлік  анттары  орындалды.  Жау  тізе  бүкті,  бүкіл  халықтық  жеңістің  туы 
желбіреді.  
Жеңіс туы желбірегеніне бұл күнде 70 жыл. Осы уақытта Отан үшін жанын 
пида  еткен  батырларымызбен  тылда  еңбек  еткен  әйел-аналарының  ерлігі 
ұмытылған жоқ.  Ол ешқашан ұмытылмайды. Аталарымыз бізге сыйлаған бейбіт 
өмірі мен шуақты күндеріне рахмет айтамыз. Бейбітшілікті тұғыры берік болып, 
жеңімпаз баянды болсын, халайық!  
Рахметова Аяжан 

«а» сынып, № 76 ЖББОМ 
Қарағанды қаласы 
Жетекшісі: Жуманбаева Алмаш Абдикадировна 
Адам баласы өмір сүріп отырған қоғамда болып жатқан оқиғалар уақыт 
өте келе тарих бетінде қалып отырады. Қазақстан тарихында болған ауқымы, 
91 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
құрбандықтары  мен  алапаттығы  жөнінен  ең  жантүршігерлігі  –  екінші 
дүниежүзілік соғыс.   
Екінші  дүниежүзілік  соғыс  1941  жылдың  22  маусымында  фашистік 
Германия әскерінің Кеңес Одағына тұтқиылдан, соғыс жарияламастан басып 
кіруінен басталған. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысы, яғни Отанын шетел 
басқыншыларынан азат ету соғысы басталды. Соғыс кенеттен басталғанымен, 
бүкіл Кеңес одағы халықтары алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. 
Елдегі  барлық  еңбекке  жарамды  азаматтар  әскери  комиссариаттар  арқылы 
Отанымызды  қорғауға  аттандырылды.  Мектеп  қабырғасында  оқып  жүрген 
бозбалалар мен бойжеткендер де өз еріктерімен соғысқа сұранып, Отан үшін 
отқа түсті. Соғыс төрт жылға созылды. Біздің жерлестеріміз соғыста ерлікпен 
шайқасқан.  Алматы  қаласында  жабдықталған  316-атқыштар  дивизиясы 
генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен теңдесі жоқ ерлік танытты. 
Бұл шайқаста ерлік танытқан 28 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын 
иеленді.  Талантты  қолбасшы,  қаһарман  командир  И.В.Панфиловке  Кеңес 
Одағының Батыры атағы берілді. 
Панфиловшы  аға  лейтенант  Бауыржан  Момышұлы  Мәскеу  түбіндегі 
шайқаста  өз  батальонымен  жау  қоршауын  үш  рет  бұзып  шықты.  Еліміздің 
президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  тікелей  араласуымен  1990  жылы  Бауыржан 
Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігі үшін  Кеңес Одағының Батыры 
атағы берілді. 
Кеңес  Одағы  Батырларының  қатарында  қазақтың  екі  қаһарман  қызы 
Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова да бар.  
Қазақстандық  жауынгерлер  Брест  қамалынан  бастап  Берлинге  дейін 
барды.  Олар  Сталинград  түбіндегі  шайқаста,  Днепр  өткелінде,  Мәскеу  мен 
Ленинград  үшін  болған  ұрыстарда  ерен  ерліктер  көрсетті.  Қазақ  жігіті 
Рахымжан Қошқарбаев Рейхстагқа жеңіс туын тіккендердің бірі.  
1945 жылдың 9 мамырында соғыс аяқталды. Бұл күн сол уақыттан бері 
Ұлы Жеңіс күні ретінде аталып өтеді. Осы күнге жеткенге дейін біздің ата-
бабаларымыз  елін,  жерін,  тілін,  дінін  қорғау  үшін  қасық  қаны  қалғанша 
күресті.  Қаншама  азаматтар  майдан  даласында  қаза  тапты.  Ұлы  Отан 
соғысына қатысып, ерлік көрсетіп елге аман-есен оралған ардагерлердің саны 
күн  санап  азайып  барады.  Елімізді  қорғаған  тұлғалардың  есімі  ешқашан 
ұмытылмауы тиіс. Ол адамдарға айтар алғысымыз шексіз. 
Бүгінгі таңда біздің еліміз егеменді, тәуелсіз мемлекет. Келер жылы Ұлы 
Отан  соғысының  аяқталғанына  70  жыл  толады.  Осындай  бейбіт  өмірді 
сыйлаған ата-баба алдындағы біздің басты міндетіміз – еліміздің егемендігін 
сақтап қалу.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет