Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне Карагандинская область



жүктеу 5.01 Kb.

бет12/17
Дата15.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Рымбаева Роза 
   
сынып оқушысы Әлихан Бөкейхан атындағы 
92 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
№76 ЖББОМ  Қарағанды қаласы 
       
Жетекшісі: Тусенова Маржанкул  Казыкеновна 
Ұлы Жеңіс күніне - 70 жыл 
Мамыражай мамыр айы – Ұлы мерекелерге толы. Жан толқытар қасиетті 
мейрам – Ұлы жеңіс күні. Қарт майдангерлер омырауларына сылдырлатып төс 
белгілерін тағып ел қорғаны, айбары бола білгендіктерін мақтан етеді. Жас 
ұрпақ біздер болсақ оларға қызыға қараймыз. Жақсы істерін өнеге тұтамыз. 
Жеңіс күні келгенде кім-кімнің де қатты толқитыны анық. Қазақ даласы үшін 
бабаларымыздың қаны, аналарымыздың көз жасы аз төгілген жоқ. Елін сүйген 
ерлердің ерлігі халық жадынан ешқашан өшпейді. Аға ұрпақ бізге: «Осынау 
кең байтақ жерді сендерге мұраға қалдырдық. Халқыңды жаудың қолына беріп 
қоймай, қорғауға тырысып бақ», - дегенді айтады. Осыны түсінгендіктен менің 
ойыма мына жыр шумақтары келіп отыр:  
Отан отқа оранғанда, 
Отыра ма ер азамат?! 
Жауды жеңген күнмен келді, 
Жеңіс деген ең ғажап ат. 
Отан үшін оққа төсеп 
Өр кеудесін жап-жас ғұмыр, 
Қан майданды қылған төсек, 
Майдангерлер бір-бір тұғыр. 
Соғыс салған жарақаттан, 
Жазыла алмай кеткендер көп. 
Ардақтаймыз ардагерді, 
Бүгінге аман жеткедер деп 
Ардагерлер, ардақтылар-  
Зор бақыты Отанымның. 
Солар аман жүрсе екен деп, 
Жүрегіммен қопарылдым. 
Қазақ  халқының  ерен  ерлігінің  жұртшылыққа  кеңінен  таралуы  1941-
1945  жылдары  өткен  Ұлы  Отан  соғысымен  тығыз  байланысты.  Қазақтың 
батыр ұл-қыздарының ерлігіне әлем тәнті. Олардың ішінде аспанда өртенген 
әскери  ұшағын  әдейі  жаудың  топтасқан  қару  қоймасына  құлатып,  ерлікпен 
қаза тапқан Нүркен Әбдіров пен жаудың жалын атқан от-ұясын өз денесімен 
жауып,  жауынгерлерге  жол  ашып,  қаһармандық  көрсеткен  Сұлтан 
Баймағанбетовтің ерліктері жүректі елжіретеді. Қазақтың қос қызы Мәншүк 
Мәметова  мен  Әлия  Молдағұлованың  есімдері  жеңіс  тұғырында  жарқырап 
тұр. Сондай-ақ ұшқыш Талғат Бигелдиновтің, қарумен де, қаламмен де жауға 
93 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
қарсы күрескен Бауыржан Момышұлының ерліктері – бізге үлкен үлгі өнеге. 
Бізге жарқын, бейбіт өмір сыйлаған барлық батырлардың есімдері әр ұрпақтың 
жүрегінен орын табары ақиқат. 
Ұлы Отан соғысы кезінде 500-ден астам қазақстандық Кеңес Одағының 
батыры атанды. Сталинград шайқасына қатысқан 3 қазақстандық жауынгер 
Кеңес Одағының Батыры атанды. Солардың бірі – жаужүрек ұшқыш Нүркен 
Әбдіров еді. Ұлы отан соғысы кезінде Батыр атағын шығыс қыздары ішінде 
алған  халқымыздың  қаһарман  қыздары  Әлия  Молдағұлова  мен  Мәншүк 
Мәметованы  әрдайым  мақтан  тұтамыз.  Ұлы  Отан  соғысының  аса  ірі 
шайқастарының  бірі  –  Сталинград  шайқасы  200  күнге  созылды.  Жаудың 
қарулы  күштері  бұл  шайқаста  1,5  миллион  адамынан  айырылды.  Соғыс 
жылдары Қазақстаннан 1 196 164 адам қару асынып, майданға аттанды. Ал 
еңбек  армиясына  700  мың  адам  жіберілді.  Сонда  барлығы  1  миллион  900 
мыңдай адам Отан үшін сапқа тұрды. Соғыс кезінде Қазақстан жерінде 12-ші 
атқыштар  дивизиясы  мен  4  ұлттық  атты  әскер  дивизиясы,  7  атқыштар 
бригадасы, әскер түрлерінің 50-ге жуық полктері мен батальондары құрылып, 
майданға аттанды.  
Соғыс  болашақта  көгеретін,  өсіп-өніп  жеміс  бере  көк  шыбықтарды 
қыршынынан қиды. Қаншама алып бәйтеректердің тамыры тартылып, бұтағы 
қурады. Сондықтан да соғыс – адам баласының жанын жүдеткен, қатігездіктің 
қара  дауылы.  Ал,  Жеңіс  күнінің  келуін  жыл  сайын  тағатсыздана  күтіп 
тойлаймыз. Жеңіс күнін тойлау – өткен тарихымызды есте сақтаудың бірден-
бір кепілі. Елімізді, Отанымызды қорғау мына біз – жастардың қолында  Олай 
болса  Жеңісті  күндеріміз  көп  болсын.  Ешқашан  соғыс  болмасын.  Бейбіт 
күндер ЕШҚАШАН таусылмасын. 
Сағындық Ерасыл 
4 сынып, Ә. Бөкейхан атындағы №76 ЖББОМ 
Қарағанды қаласы 
Жетекшісі: Ахмет Гүлбақша Төлегенқызы 
Азалы жылдар зобалаңы 
ХХ  ғасырдағы    саяси  құғын-сүргін  – 
мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз 
жасына  суарылған  тарихымыздың  шерлі 
беттерінің бірі болып табылады... Біздің ендігі 
жердегі  борышымыз  –  осы  қанқұйлы 
жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны 
болған  азаматтардың  есімдерін  ұмытпау, 
оларды мәңгі еске сақтау... 
94 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
 [2007 
жыл 30-мамыр. Алжир мемориалды 

мұражай  кешенінің  ашылуында  сөйлеген
сөзінен. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев] 
Ол кезде сталиндік үлкен террордың қаралы жалыны шарпымаған ешкім 
қалмаған еді. Зұлмат Совет одағының құрамындағы барлық елді, барша ұлт 
пен  ұлысты,  түрлі  жастағы  азаматтардың  бәрін  де  қамтыған  болатын. 
Молдованың белгілі жазушысы Владимир Беслига 1937 жылы алты жастағы 
бала  болған.  Ол  өзінің  кішкентай  ауылындағы  сол  бір  жаралы  жылдарды 
былай деп еске алады: - Ол кезде жаппай тұтқындаулар жүріп жататын, әр күні 
таңертеңгісін адамдар бір-бірінен бүгін түнде кімді алып кетті деп сұрайтын, 
ауылдастардың  аузынан  "қара  қарға"  деген  сөздер  түспейтін,  түнде 
тұтқындалғандарды алып кететін машиналарды халық осылай атап кеткен. – 
Елдің  бәрін  қорқыныш  билеп,  не  айтса  да  сыбырлап  сөйлейтін,  өйткені  ол 
туралы  жоғары  жаққа  біреу  жеткізіп  қояды  деген  қорқыныш  болаған  екен. 
Сталиндік режим әр ұлттың оқыған, көзі ашық азаматтарына қырғидай тиді. 
Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы сәуірдің 14-інде «Жаппай саяси қуғын-
сүргін  құрбандарын  ақтау  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңы 
қабылданды.  Өткен  ғасырдың  30-шы  жылдарының  басында  1997  жылы  ҚР 
Президентінің Жарлығы шығып, 31-мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын 
еске алу күні болып жарияланды. Қазір осы датаны аза тұту күні ретінде атап 
өту  парызымыз.  Себебі  өткенін  ұмытқан  ұлттың  болашағы  да  жоқ.  Жұбан 
Молдағалиев «Мен қазақпын» атты өлеңінде: 
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен. 
Жылағанда жүрегім күн тұтылып, 
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген 

деп жырлағандай, қазақтың басынан өтпеген зұлмат кемде-кем екен. Саяси
қуғын  өткен  ғасырдың  басындағы  қазан  төңкерісінен  бастап,  1986  жылдың 
желтоқсан  оқиғасына  дейін  жалғасты.1937-1938  жылдардағы  қанды  оқиға 
жаңғырығы  мәңгі  ел  жадында.  Нақақтан-нақақ  ұлтымыздың  көзі  ашық, 
көкірегі ояу азаматтары «ұлтым» деймін деп – «ұлы қылмыс» жасап, «халқым» 
деймін деп – «халық жауы» деген жала жабылып атылып кетті. Талай бейбіт 
отбасыларының оты өшіп, ана жесір, бала жетім қалды. Ең өкініштісі саяси 
жүйе ұлттың озық ойлы азаматтарының  өмірін  жалмады.    Алғашқылардың 
қатарында Алаш алыптары  А. Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М. Дулатов, О. 
Жандосов,   С. Сейфуллин,  І. Жансүгіров, Б.Майлин,  М.Жұмабаев атылды. 
Өткенді  көзге елестету оңай емес. Әсіресе, ұлттық тарихымыздың қасіретті 
беттерін парақтағанда жаның ауырып, жүрегің шаншиды.  
95 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
 
«Қайран  қазағым-ай,  көрмегенің  жоқ-ау»  дегенді  еріксіз  айтып, 
тамағыңа  өкініш  өксігі  тығылады  екен.  Сталиндік  сыңаржақ  саясаттың 
кесірінен 1937-1938 жылдар халқымыздың тарихында ең қаралы, ең қасіретті 
кезең болып жазылып қалды. Сол қай саясат тудырған зобалаң кесірінен Одақ 
бойынша 60 миллион, Қазақстанда 118 мың адам қуғынға ұшырады. «Халық 
жауы» деген айып пен ату жазасына кесілгендердің отбасы шайқалып, небір 
игі-жайсандардың зайыптары мен қыздары «халық жауы» ретінде «КарЛаг»-
қа,  «АЛЖИР»-ге  жабылды.  Ақмола  халық  жаулары  әйелдерінің  лагері 
кейіннен «АЛЖИР» атанып кеткен азап орталығы «КарЛаг»-тың 26 нүктесі 
болған екен. А.Л.Ж.И.Р. [Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері] – сонау 
1937-
ші  жылы  халық  жауларының  лагерінде  20  мыңға  дейін  нәзік  жандар 
қамауда  болған.  Жазықсыз  темір  тордың  арғы  жағына  жабылған  аналар  ең 
алдымен  өзінің  аштығына  тоңғанына  емес,  балаларының  жетім  қалғанына 
қиналды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарының балалары 3-4 жастарында әке-
шешелеріне тамақ тасыған жер қазіргі кезде  сол қалпында сақталынып, саяси 
қуғын-сүргін  құрбандарының  мұражайына  айналып  отыр.  Ал,  Карлагта 
ересектермен  бірге  халық  жауларының  балалары  да  отырды.    Бүгінгі  күні 
Долинка  ауылында  Карлагта  бір  төмпешіктің  астында  500-ге  жуық  сәбидің 
мәйіті бар деген дерек бар. Сол балалар өздерінің шыққан тегі үшін айыпкер 
атанды.  Жендеттердің  қолында  азапталды.  Әйтеуір  жоқ  қылды.  Емендей 
қайыспас нәзік жандылар  аналарымыз баласымен сұмдық әділетсіздікке, адам 
айтқысыз  қиындыққа  қарсы  тұра  білді.  Әлі  күнге  дейін  ата-анасынан  3-4 
жасында айырылып, сәбилер үйіне жіберілген, талантты, білімді жастардың 
қаншасы  көз  жұмғаны  туралы  жеткілікті  дерек  жоқ.  Отызыншы  жылдары 
Қарағандының  еңбек  түзету  лагері  өзінше  бір  дербес  мекеме  болды.  Ол 
Қарағандыдан  45  шақырым  жерде  орналасқан  Долинка  ауылы.  Осы  жерде 
сынақ жүргізілді. Ес жиып, етек жинауға мүмкіндік бермеді. Ал Карлаг орын 
тепкен ауыл неге Долинка аталды?? Бұл ғалымдардың пікірінше, қазақтың бос 
жатқан жері орыстардың «доля» деген сөзінен шыққан.Ал нақты мәліметтерге 
келсек,  бұл  жер  1909  жылға  дейін  Қаратөбе  деп  аталған  екен.  Қазіргі 
Карлагтың  орналасқан  аумағында  нағыз  қаймана  қазақ  өмір  сүрген.  Онда 
халықты жалған желеумен жұмысқа жұмылдырған. Деректерге жүгінсек, 40 
жылдырдың  орта  шенінде  осы  аймақта  120  мың  қазақ  болған.  Әйтпесе, 
осыншама  ұлан  байтақ  жерге  атам  қазақ,  өнегелі  отбасылық  тәрбиенің 
арқасында  ие  болмап  па  еді?  Ашық  аспан,  сәулелі  күн  астында  қырандай 
самғап, кең жазық жазирада сәугіліктей желмен жарысқан, кеңдікті сүйетін 
қазақ  баласының басына бұлт төнген 1937-1938 жылдардағы қазіргі  кездегі 
шындықты,  еліміз  тәуелсіздігін  алғаннан  кейін  мектеп  жасындағы  біздерге 
оқып,  қарастыруға  мүмкіндік  туды.  Халқымыз  жүріп  өткен  ұзақ  жолдың 
шежірелі күндеріне көз салсақ, тарих ата жадына тоқыған талай тағылымды 
істерді көрер едік. Тарихқа тағзым, өткенге құрмет – елге, жерге, Отанға деген 
құрмет болып табылады. Кешегі ұлтын сүйген ұлт жанды Ахмет Байтұрсынов, 
96 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Мiржақып  Дулатов  қазақ  халқының  тарихи-мәдени  дамудан  кенже  қалып, 
қараңғылықта  отырған  күйiн  суреттеп,  елдi  өнер-бiлiмге  үгiттедi  емес  пе?! 
Жаңалыққа  енжар,  ұйқыда  жатқан  қазақтың  бiрi  «Маса»  боп  құлағына 
ызыңдап, бiрi «Оян, қазақ» деп, бар дауыспен жар салды.  Ахмет Байтұрсынов: 
«Балам деген жұрт болмаса,  жұртым дейтін бала қайдан болсын» деген еді. 
«Мен  сенемін  жастарға,  алаш  атын  аспанға,  шығарар  олар  бір  таңда»  деп 
Мағжанның  жырымен  ұрпаққа  аманат  қалдырып  кетті.  Бүкіл  елдің  кемел 
келешегі  болатын  балаларды  тәрбиелеу,  оларға  сапалы  білім  беру  қандай 
қоғамның болмасын алдындағы ең негізгі міндеттердің бірегейі болмақ. Міне, 
осындай жан түршігерлік деректерден соң кішкентай болсам да, ұстазыммен 
бірге  сол бір азалы жылдардың тарихымен таныса отырып, бабалар рухына 
тағзым ретінде мына өлең жолдарымды арнаймын:  
Тарихқа үңілсек назар салып, 
 
Не кешпеді сол жылдары қайран халық. 
Қазақтың жанып тұрған жұлдыздары, 
Қудаланып кетті ғой азапталып. 
Атарман, шабармандар  қорлағанда, 
«Халық жауы» деп қазағымды  зорлағанда 
«Алаш»  деп  ұран салып Ахмет ақын аға
Берді ғой қазағына жетпес баға.  
Санахвай Тілеугүл 
7-
сынып  №25 ЖББОМ Қарағанды қаласы 
Жетекші: Раймбекова Әсем Есімхановна 
Отан деп соққан жүрегі... 
Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Себебі, соғыс 
атаулы  адамзатты  қырып-жоюға  арналған.  Елу  миллионнан  астам  өмірді 
жалмаған соңғы соғысты алайық. Кімге қажет болып, не мақсатты көздеп еді 
сол соғыс? Әдетте, соғысты әділетсіздік, жауыздық, қанішерлік бастайды ғой. 
Ол сонысымен лағынетті. Қарапайым халыққа қасірет туғызған, олардың көз 
жасын арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес. 
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күн, үлкен сынақ болды. 
Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен Отаны үшін, болашақ ұрпақ 
үшін жан қиылған соғыс. Бір жағадан қол, бір етектен аяқ шығарған грузин 
мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып күш 
біріктірді. 
97 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Сол  кездегі  Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды  талқандап, 
жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің айтарлықтай үлесін қосты.  
Қазақ жеріне соғыс отының шарпуы тиген жоқ, бірақ сол кездегі ұлан 
байтақ еліміздің шетіне жау тиіп жатқанда қазақстандықтар да тайлы тұяғы 
қалмай атқа қонғаны бәрімізге мәлім. Қазақ елі басына күн туғанда жалғыз 
жанын қу шүберекке  түйген жауынгер де қайсар халық болған. Кең-байтақ 
даласының  кіп-кішкентай  жері  үшін  қорқу,  үрейлену  деген  сезімдерді 
жүрегінен  жұлып  алып  тастаған.  Тіпті  алыс  бармай-ақ  кешегі  Ұлы  Отан 
соғысының әлі сарғайып үлгермеген парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың 
қанды  қырғында  қаймықпай  соғысқанына  көзіміз  анық  жетеді.  Оған  мысал 
айқас  алаңдарында  өшпес  ерлік  жасаған  100  қазақтың  Кеңес  Одағының 
Батыры атағын алғанын айтсақ та жетіп жатыр емес пе? Елдің ері шындайтын 
жаңбырша жауған оқ пен қарша бораған бомбаның арасында олардың нәзік 
жүректері  тасқа айналып, гүл  ғұмырлары ажалдың қанды тырнағына ілікті. 
Солардың 40 пайызы ерлермен тізе қосып жауға қарсы шабуға, өз беттерімен 
өтініш беріп, соғыс майданына бет бұрған қазақтың айдай сұлу жас қыздары 
болғанын естен шығармауға тиіспіз. Оларды соғыс өрті ерте есейтті.  
Кеше ғана қызылды-жасылды киініп, күлкісі судай сыңғырлаған балауса 
бойжеткендер әскер киімін киіп,  иықтарына қару асынып сұрапыл жау мен 
шайқасқа шықты. Жанып тұрған от пен оққа қарамастан ерлікпен күресті. Бұл 
сұрапыл  соғыста  Шығыс  халықтарының  қыздарынан  Батыр  атағын  алған, 
бәрімізге  белгілі  қазақтың  екі  қыз  Әлия  мен  Мәншүкті  атап  кетсек  артық 
болмас деймін. Қазақтың атын шығарған аяулы аруларымыз - қос батыр, өз елі 
мен жері үшін соғысқа өз еріктерімен сұранып аттанған. Осының өзі бекерден-
бекер емес. Олар анасының ақ сүтін ақтаған халқымыздың адал перзенттері, 
еліміздің  бетке  ұстар  мақтаныштары,  жұлдыздай  жарқыраған  әйел 
қауымының ар-намысы. 
Араға  жылдар  салып,  сол  бір  сұрапыл  соғыс  алыстаған  сайын  соғыс 
дүрпуі тарих қойнауына тереңдеп батып барады. Бірақ, соғыс салған зардап 
жойылар  емес.  Соғыстың  зардабы  мен  жүрекке  түсірген  жарасы  әлі  күнге 
дейін халық есінде. Қан майданда 600 мыңнан астам қазақстандықтар шейіт 
болды. Алты жүз мың адам!  Есептесең – төбе құйқаң шымырлайды. Қаншама 
отбасы  «қара  қағаз»  алып,  қайғының  уын  жұтты.  Әке  баласынан,  бала 
әкесінен, ана ұлы мен қызынан, әйел ерінен айырылды. Мыңдаған отаулардың 
шаңырығы қирап, ортасына түсті. Махаббаттың қанаты қайырылды. Дүниеге 
келер талай ұрпақ сол боздақтардың бойында бірге кетті. Бұл – қазақ халқы 
үшін орны толмас апат! Біздің жанымыз осыған күйінеді.      
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 70 жыл толады. 
Бұл  сол  кездегі  кеңес  халқының  батырлығы  мен  төзімділігін  көрсететін, 
тарихта мәңгілік қалатын күн. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын қиған, 
туған-туысқандарына,  жора-жолдастарына,  туған  еліне,  ауылына  оралмай 
98 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
қалған  қаһарман  батыр  ерлер  мен  батыр  қыздарды  бүкіл  ел  болып  еске 
түсіреді. 
Сол зұлмат соғысқа қатысып, аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы 
жыл санап азайып барады емес пе? Солардың көз жасымен, қанымен, күшімен, 
ісімен атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын 
жауға  таптатпай,  еңіреп  жүріп  жауды  жеңіп,  тауын  шағып,  туын  жағып, 
жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да, 
туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл – Ұлы мереке. 
Ешқашанда  жауынгер  ерлігі  мен  жеңісті    еңбегімен  соққан  ерен 
ерліктері ұмытылмайды.  
     
Ұлы  Отан  соғысын 
     
Мақтан  тұтам  әрқашан. 
     
Батырлардың  ерлігін 
     
Ұмытпаймын ешқашан. 
     
Әлия, Хиуаз, Мәншүктер 
     
Жауға  оғын  жаудырған. 
     
Бауыржандай  батырлар 
     
Жаудан  елін  қорғаған. 
      
Отан  үшін  от  кешкен, 
      
Ерлерді  мақтан  тұтамыз 
      
Батырлардың  алдында 
      
Басты  иіп  тұрамыз! 
«Ер есімі – ел есінде» демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр 
сыйлаған  Бауыржан,  Әлия,  Мәншүк  сынды  аға-апаларымыздың  ерлігі 
мәңгілік ұмытылмайды  және бүгінгі бізге, келешек ұрпаққа, үлгі-өнеге болып 
қала  бермек.  Неге  десеңіз,  қазіргі  таңда  осындай  батырларымыздың 
арқасында  біз  өзіміздің  тәуелсіздігімізге  қол  жеткізіп, дамыған 30 елдің 
қатарына кірудеміз.  
Соғыс  уақытындағы  осы  жеңістеріміз  болмаса,  бүгінде  жарқын 
болашаққа  батыл  қадам  жасаған  тәуелсіз  Қазақстан  да  болмас  еді.  Міне, 
соғысқа  қатысқан  адам да, қатыспаған  адам да  көп  жапа  шекті. Не  үшін 
дейсіз  ғой?  Әрине  олар  біз  үшін, келешек  ұрпақ  үшін  өз  жандарын  беруге 
дайын  болды. Осындай  намысты, қайсар, патриот  адамдардың  бойында бар  
жақсы    қасиеттер    қазіргі    өскелең    жас    ұрпақтың,  әр    қазақ    баласының 
бойынан  табылуы  керек  деп  ойлаймын.  
99 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Саткулова Гүлназ 

сыныбы, Жарық жалпы орта білім беру мектебі 
Шет ауданы, Қарағанды облысы 
Жетекші: Бейсембекова Жадира Рымкуловна 
Отан үшін от кешкендер 
Бізде Отан үшін от кешкен батырлар өте көп. Олар өзінің елі, жері үшін 
аянбай тер төккен. Тіпті өздерінің өмірлерін пида еткен. Біз бұл батырларға 
қарыздармыз. Биыл миллиондаған жандардың жүрегіне жара салған соғыстың 
аяқталғанына 70 жыл екен. Сол жүректерді қуанышқа кенелткен жеңіске 70 
жыл.Сол жеңіс үшін қазақ елінің қосқан үлесі ұшан-теңіз. Ол аталарымыздың 
еңбегі.  Әлия  Молдағұлова,  Мәншүк  Мәметова  сияқты  апаларымыз  бен 
Рахымжан Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы сынды батыр аталарымыздың 
ерліктері елге аңыз, бізге ертегі сияқты. Осы кісілердің ерлігі есімізде мәңгі 
сақталады. Бұл кісілер ғана емес соғысқа қатысқан әр қазақ – батыр. Өйткені 
олар  менің  бабаларым.  Осы  батырлар  аянбай  елін,  жерін  жаулардан 
қорғамағанда  осындай  деңгейге  жетер  ме  едік.  Менің  ойымша  Отан  үшін 
жанын  қию,  барлығының  қолынан  келе  бермейді.  Бұл  Отанға  деген 
сүйіспеншілікті  білдіреді.  Сондықтанда  біз  Батырлардың  жеңісін  әрқашан 
есімізден шығармай, жадымызда жаңғыртып жүруіміз қажет.  
Саулинова Маржан 
№ 9 ЖББОМ Жезқазған қаласы 
Қарағанды облысы, 
Жетекшісі: Әбубәкір Ж.М 
Ер есімі мәңгіге ел есінде 
Қар  жамылған кең дала, қанға бөгіп,  
Дүрілдейді сұр аспан өлім төгіп.       
Жас қазақ, Мұрттай ұшты уралап.  
Жанын қиып кете алмай, жас өмірден, 
100 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Асқақтаған арманға өрмелеумен. 
 
Жас қазақ, жатты көзі от жайнап.  
Сол бетімен жан беріп, ол тұрмады,  
Ары үшін елінің боп құрбаны.  
Жас қазақ, атылды оқтай уралап.  
Ел қорғаған майданда жас арыстан, 
Төлегендей артыңда қалар дастан. 
Жас қазақ,  жатты жауын жаныштап. 
Рамазан  Елебаевтың    қазақтың  батыр  ұлы,  біртуар  азаматы  Төлеген 
Тоқтаровқа  арнап  жазған  «Жас  қазақ»  өлеңінде  батыр    атамыздың  ерлігін, 
сұрапыл соғысты көз алдымызға елестетеді. Бұл өлең Ұлы Жеңіске 70 жыл 
толуына орай еліміздің барлық аймақтарында іс-шаралар өтілуде. Соның бірі 
мен жазып отырған шығармалар сайысы. Менің шығармам Кеңес Одағының 
батыры, Отанымызды опасыз жаудан қорғаған ержүрек батырымыздың бірі — 
Төлеген Тоқтаровқа арналады. Ол Шығыс Қазақстан облысындағы Қарақұдық 
ауылында  1920  жылы  дүниеге  келген.  Ашаршылық  кезінде  ата-анасынан 
айырылған Төлеген Тоқтаров жастайынан өмірдің тауқыметін,  ащы -тұщысын 
көріп өсті.  Риддер қаласында жеті жылдық қазақ мектебінде білім алып, 1938 
жылы  қорғасын  заводында  жұмыс  жасайды.  Ұлы  Отан  соғысы  басталғанда 
әскер қатарына  өзі сұранып 1942 жылы 12 қаңтарда Мәскеудегі Панфилов 
дивизиясындағы  275-полктың  автоматшылар  ротасының  жауынгері  болып 
қабылданады. Төлеген Тоқтаровпен бірге Мәскеу түбіндегі шайқастарға қазақ 
халқының көптеген ұлдары ерлікпен шайқасты. Атап айтсақ олардың арсында 
Кеңес Одағының Батырлары - Бауыржан Момышұлы, Рашид Жанғозин, Мәлік 
Ғабдуллин,  Төлеуғали  Елебековтер  болды.  Сонымен  қатар    Нагаткино, 
Соколово,  Трошково,  Бракловицы,  Траково  деревняларын  қорғауда  асқан 
ерлік танытып көзге түседі. Төлегеннің бөлімшесі 1942 жылы ақпан айында 
Бородино  селосы  үшін  жау  әскеріне  қарсы  соғыс  жүргізді.    Бірнеше  күнге 
созылған бұл шайқаста Төлеген неміс бөлімшесінің штабына басып кіріп, бес 
офицердің  көзін  жойып  ерлікпен  қаза  тапты.  Бородино  селосындағы  көзсіз 
ерлігі үшін халқымыздың батыр ұлы Төлеген Тоқтаровқа  Кеңес Одағының 
Батыры атағы берілді.  Халқымыз "Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты 
өлмейді"  -  дейді.  Төлеген  Тоқтаров  жайында  кітаптар,  ән,  опера  жазылып, 
ескерткіш  орнатылып,  көшелердің  аты  берілуде.  Сондай  көшелердің  бірі 
Жезқазған қаласындағы мен тұратын Төлеген Тоқтаров көшесі. Менің көшеме 
осындай ержүрек батырымыздың есімі берілгені мен үшін үлкен мақтаныш. 
Осындай  мақтаныш  сезім  әрбір  адамның  жүрегінде  болса  екен  деймін. 
Еліміздің  егеменділігін  мәңгіге  сақтап  қалу  үшін  елімізде  Төлегендей 
ерлеріміз көп болсын.  
101 


1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал