Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне Карагандинская область


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет13/17
Дата15.03.2017
өлшемі1,29 Mb.
#9688
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Сауытжан Жібек 
6-
сынып,  №19 орта мектеп 
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қасым ауылы 
Жетекшісі: Смаханова Майра Кайрбековна 
Жойылсын жалғыз сөз «соғыс» деген... 
Мен  соғысты  көрген  жоқпын.  Бірақ  отты  жылдардың  тарихы  барша 
адамзаттың санасында соғыс пен бейбітшіліктің, өмір мен өлімнің, жарық пен 
қараңғылық  күресінің  бітпес  шежіресі  екендігін  кинолардан,  көркем 
шығармалардан, жыл сайын Жеңіс күні қарсаңында газет-журналдарда жарық 
көретін мақалалардан оқып, көріп білемін. Ауқымы мен адам шығыны, ХХ 
ғасырдың ең бір қасіретті ауыр нәубетті кезеңі екінші дүниежүзілік соғыс дер 
едім.  
Қаралы  тарихымызға  айналып,  санамызға  сіңген  1418  күн  мен  түнге 
созылған қанды майданның аяқталғанына биыл, міне 70 жыл толғалы отыр. 
Жиырма миллионнан астам адамның өмірін қиып, миллиондаған жанның асыл 
арманын көктей солдырған адамзат тарихындағы бұл қанды қырғын Қазақстан 
халқы үшін де аса ауыр сын болды. Елдің басына түскен бұл зұлмат нәубеттің 
сипатын  қазақтың  қаһарман  ұлы,  белгілі  жазушы  Бауыржан  Момышұлы 
атамыздың:«Біздің елде  соғыс  жалыны  шарпылмаған бірде-бір отбасы жоқ. 
Майданда,  тылда  Совет  елі  ынтымақ,  адал  ниеттілік,  ауызбіршілік, 
бауырмалдық  сезімдерін  жанмен  де  қанмен  де,  термен  де  ғажайып  ақтады. 
Майданда да, тылда да жаппай батырлық, батылдық көрсетті»,- деп сипаттауы 
сол кезеңнің шынайы шыдығы болды. Біздің елімізден майданға аттанған 1 
миллион 366 мың қазақстандықтардың 601 мыңнан астамы соғыс даласында 
көз жұмды. 
Қазақстаннан  барған  жауынгерлер  Москва,  Ленинград,  Сталинград 
калалары  үшін,  Украина,  Еуропа  елдерін  азат  ету  және  дұшпан  ордасы 
Берлинді  алу  шайқастарында  жауынгерлік  даңққа  бөленді.  Еңбек 
майданындағы ерлердің Жеңіс күнін жақындатуға өлшеусіз зор үлес қосқаны 
бір басқа шындық. 
«Адал  ұл  ер  боп  туса  –  ел  тірегі»,-  деп  Кеңес  Одағының  Батыры 
Бауыржан  Момышұлы  айтқандай,  елге  қауіп  төнген  кезде,  1941  жылдың 
басталған  алғашқы  үш  айында  Қазақстанда  316,  238,  310,  314,  357,  391 
102 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
атқыштар  дивизиялары  құрылды.  Оның  ішінде,  әсіресе,  генерал 
И.В.Панфилов  басқарған  316-атқыштар  дивизиясы  Москва  түбіндегі 
шайқастарда өшпес даңққа бөленді. Қазақ жауынгерлерінің майдандағы ерлігі 
мен  тапқырлығы,  қас  жауынан  тайсалмайтындығы  мен  сұстылығы,  біздің 
достарымызды  сүйсіндіріп,  дұшпандарымызды  күйіндірді.  Бұған  көрнекті 
жазушы, публицист И.Эренбургтын:  «Қазақтар ең далада атқа мініп шабуылға 
дағдыланған  адамдар,  ал  егер  керек  болса,  олар  еңбектейді  де,жүгіріп  те 
кетеді, тырбанып тау-тасқа да шығады. Олар сазға батпайды, оларды еш нәрсе 
де тоқтата алмайды»,- деп айтқаны дәлел бола алады. 
Мен  үшін  қазақ  халқының  ұлы  перзенті,  қаһарман  жауынгер,  даңқты 
қолбасшы,  Кеңес Одағының Батыры, әйгілі жазушы Бауыржан Момышұлы  –  
ХХ  ғасыр  биігінде  тұрған  дара  тұлға.  Б.Момышұлы  1941жылдың  жазында 
басталған Ұлы Отан соғысына  1945 жылдың көктеміне дейін үзбей қатысып, 
елімізді  фашист  басқыншыларынан  қорғап  қалу  жолындағы  қан  майданды 
қаһармандылықпен  қақ  жарып  өтті.  Қарапайым  командирден  даңқты 
қолбасшы тұғырына дейін көтерілді. 
Соғыс кезінде ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен, тапқырлығымен 
және жеке басының ерен ерлігімен ерекше көзге түсті, қаһармандық  даңқы 
аңызға айналды. Қаһарман қолбасшы Б.Момышұлы өзінің бүкіл өмірін туған 
қалқы мен туған елі рухының еркін самғап, биікке тұруына арнады. 
Халқымыздан  шыққан  батыр  тұлғалар  аз  болған  жоқ.  Ал  жерлес 
жауынгер-батырларымыздың  Совет  Одағының  Батыры  Нүркен  Әбдіров, 
Мартпек Мамыраев, Петр Теряев, Расул Есетов, т.б. есімдері мәңгі жадымызда 
сақталады.Ұлы Отан соғысының шежіресі – мыңдаған  ұлдар мен қыздардың 
қанымен  жазылған  қасиетті  тарих.  Халық  ерлігі  өлмейді,  ол  жылдар  өткен 
сайын қайта жанғырып,  адамзат зердесіне орала береді. Ұрыс даласында қан 
жұтып,  қыршыны  қиылған  боздақтар  да,  жеңіс  жалауын  жер  үстінде 
желбіреткен жауынгерлер де, бізге бірдей қымбат. Бұдан 70 жыл бұрын, Ұлы 
Отан соғысы ұрыстарының соңғы гүрсілінің үні өшсе де, туған елден жырақта, 
оқ пен оттың ортасында арпалысқанда фашистік жендеттерді бір адым ілгері 
аттатпай,  оқ  тескен  кеудесімен  жат  жердің  топырағын  құшып,  мәңгілік 
тосқауыл    болып  қалған  қазақстандық  боздақтардың  «Отан  үшін!»  деп 
жантәсілім  еткенін  қалай ұмытуға  болады?!  Өйткені бүгінгі  сән-салтанатты 
жарасып, өркениетке  қадам басқан  күніміздің  сол  соғыс жылдары  мезгілсіз 
солған    жастың,  қыршын  үзілген  ғұмырлар  ерлігінің  нәтижесі    екендігі 
баршамызға  аян.  Ендеше,  отанға  деген    сүйіспеншіліктің,  еркіндіктің, 
төзімділіктің,  патротизм  мен  интернационализмнің,  батырлық  пен 
ержүректіліктің, өзінің жеріне, халқына қызмет етудің үлгісі болып табылған 
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне мың мәрте тағзым етіп, басымызды иеміз. 
103 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Саянқызы Айдана 
  
3 с.о. №76 ЖББОМ   Қарағанды қаласы 
Жетекшісі:  Берлибекова.Б.М. 
Жеңіс мерекесі – бейбітшілік сүйгіш бүкіл адамзаттың мерекесі. Жеңіс 
мерекесі  –  жеңімпаз  әкелер  мен  аға  буынның  және  сол  ағалар  ісін  алға 
апаратын жас буынның мерекесі. Бұл біздің ең қасиетті де қастерлі мерекеміз, 
Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Жеңіс күні! Ол 
қалай  келді?-  деген  сұрақ  көкейімізге  келеді.    Бұл  мерекені  екінші 
дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от 
кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің 
туын желбіреткен, майдангер аталарымыздың мерекесі. Ал осы бейбіт өмірге 
жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына 
бас иіп әрқашанда тағзым ету біздің басты парызымыз деп білемін. Десек те, 
ұмытылмайтын ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр 
сілкіндірген  екінші  дүниежүзілік  соғыстың  қасіреті  мен  Ұлы  Жеңістің 
қасиетін  батыр  ағаларымыз  бен  апаларымыздың  ерлігін  ешкім  де  ешқашан 
ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22-де 
болған еді. Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала 
әкесінен айырылды. Бірақ жеңіске деген  үміт оты өшкен жоқ. 
Ешкім де ештеңе де ұмытылған емес. Соғыс күйретуші күш. Барды жоқ 
ететін,  тауды  жер  ететін.  Жер  бетіндегі  тіршілік  атаулының  бәрін  жалмап 
жұтатын  тажал.  Сол  қанды  кезеңді  еске  түсіріп,  елестететін  газет-журнал 
материалдары немесе радиотелехабарлар , кинолар аталар ерлігін мақтаныш 
тұта бізге жеткізді. 
Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе ұмытылған 
жоқ. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 
жылы 9-мамырда  Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 70 жыл мерзім 
уақыт өтті. 2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Бұл тек, сол 
соғыста  жеңіске  жеткенімізді  атап  өтетін  күн  ғана  емес.  Ол  –  сол  соғыста 
жеңісті  жақындату  үшін  жан  аямай  шайқасып,  қан  майданнан  оралмай, 
еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн. 
Әр жас ұлан туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, болашаққа қадам 
басады. Қазақ ел басына  күн туғанда толарсақтан саз кешкен жауынгер халық. 
Ұлы Отан соғысының тарих парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың жауды 
қайсарлықпен  талқандап  соғысқанына  көзіміз  әбден  жетеді.  Оққа  ұшқан 
қарулас  жолдастарының  аманатын  арқалап,  аман  оралған  ардагер 
аталарымыздың  өздері  қорғап,  қамқор  болып  оралған  арттағы  қалың  елдің 
қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Сол кездегі 
Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне 
қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосқанын білеміз. 
104 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Қазақстандық  жауынгерлер  Брест  қамалынан  бастап,  Берлинге  дейін 
барып  Рақымжан  Қошқарбаев  атамыз  Рейхстагқа  ту  тікті.  Қазақ 
жауынгерлерінің ішінде өшпес ерлік жасаған 500 жауынгер Кеңес Одағының 
батыры атағын алғанын айтсақ та болады. Атап айтқанда, қазақтың маңдайына 
жарқырап біткен ерен ұлдарының бірі, қайталанбас біртуар тұлға, Ұлы Отан 
соғысындағы  әйгілі  командир,  гвардия  полковнигі,  жазушы  Бауыржан 
Момышұлы,207  рет  соғысқа  қатысып  өшпес  ерлік  көрсеткен,  қайсар  да  , 
қайтпас  қаһарман  есімі  қазіргі  уақытта  батырлықтың  символына  айналды. 
Ерліктің қос қанаты деп білемін, Аяулы Әлия мен Мәншүгімді,-  деп есімдерін 
ән-жырға арқау еткен, шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк есімдерін, 
бүгінгі  ұрпақ  ерліктің  ғажайып  үлгісі  деп  айтамыз.  Жас  қыздың  қайтпас 
қайсарлығы  таң  қалдырмай  қоймайды.  Сөйтіп,  1942  жылдың  күзінде  өзі 
сұранып  майданға  аттанады.  Мәншүк  соғыста  пулеметші  болды.  Қазақ 
халқының  даңқты  қызының  аз  ғана  әскери  жолы,  орыстың  көне  қаласы  – 
Ревель түбінде жасалған өшпес ерлігімен аяқталады.  
Мәншүк Мәметова 1943 жылы қазанның 15-інде қаза болды. 1944 жылы 
1-
наурызда Мәншүк қаза тапқаннан кейін оған Кеңес Одағының батыры атағы 
беріледі. 
Халқымыздың  батыр  қыздарының  бірі  –  Молдағұлова  Әлия 
Нұрмұхамедқызы.  Әлия  1925  жылы  20  сәуірде  Ақтөбе  облысының  Қобда 
ауданында Бұлақ деген жерде дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылған 
Әлия  Нағашы  ағасы  Әбубәкір    Молдағұловтың    қолында  тәрбиеленеді.  Өз 
еркімен  военкоматқа  арыз  беріп,  майданға  сұранады.  Әлияны  атқыштар 
мектебіне оқуға жібереді. Ол мектепті өте жақсы бітіріп майданға аттанады. 
Жаумен  қасық  қаны  қалғанша  күресіп,  жау  қолынан  оққа  ұшты. 
Майдандастары  арасында  үлкен  беделге  ие  болған  мерген  қыз  Әлия  1944 
жылы 15 қаңтарда қаза болды. Қаза тапқаннан кейін 1944 жылы 4 маусымда 
Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағының батыры атағы берілді.Шығыстың қос 
жұлдызы  атанған  қазақтың  батыр  қыздарының  өшпес  ерліктері    тарих 
парақтарына алтын әріптермен жазылып, біздің есімізде мәңгі сақталады. 
Әсіресе,  Отанға  төнген  қауіп  96  жастағы  Жамбыл  атамызды  да 
тыныштандырмады. Соғыстың алғашқы төрт жылында үш мыңдай жырларын 
төкті.  Бұл  өлеңдерден  1941  жылы  900  күн,  900  түн  қоршауда  қалған 
Ленинградтықтарға  арналған  болатын.  Жамбыл  атамыздың  өлеңдерінен 
керемет  рух  алып,  жаумен  арыстандай  арпалысқан  жауынгерлер,  мыңдаған 
адамдар  көздеріне  жас  алып  жігерленді.  Қарағандылық  жерлесіміз  Нұркен 
Әбдіров талай әуе шайқасына қатысып, ерлік пен өжеттік, әскери шеберлік 
танытты,  әр  тапсырманы  мұқият  орындап  отырды.Барлығы  17  рет  әуе 
шайқасына  қатысқан  Нұркен  жаудың  18  танкісін,  46  жүк  машинасы  мен 
көлігін,  оның  ішінде  оқ-дәрі  тасыған  18  керуенді,  жанар  май  қүйған 
цистернаны талқандап, зенит қондырғыларының бесеуін, бірнеше жабық атыс 
үясын, талай жау әскерін құртты. Жау оғы самолетке тиіп, өртене бастады. 
105 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
"Өзекті жанға бір өлім" деген ой шарпып өткен ұшқыш, отқа оранған күміс 
қанат сүңқарды фашист танктері шоғырланған түсқа қарай бұрды. Нұркен мен 
оның  қандыкөйлек  серігі  Александр  Комиссаров  екеуі  ақтық  рет  қаншама 
жауды қырып, жастықтарын бірге ала кетті. 
Осы  ерлігі  үшін  Нұркен  Әбдіровке  1943  жылғы  наурыздың  31-де 
еліміздегі ең мәртебелі атақ –  Кеңес Одағының Батыры атағы берілген еді. 
Қарағанды  еңбеккерлері,  олардың  ішінде  кеншілер,  Нұркен  Әбдіров 
атындағы  самолетке  қаржы  жиып,  жауға  аттандырды.  Қарағандының  қақ 
ортасында батыр Нұркен бейнесі мәңгілікке орнықты.. Кеншілер астанасының 
әсем  спорт  сарайы  батыр  жерлесіміздің  есімін  иеленген.  Қазақ  батырының 
ерлігі қанша жыр-хикаяға, ән мен әңгімеге арқау болды. 
Қарапайым  қазақ  баласы  Нұркен  Әбдірұлының  өмірі  мен  ерлігі 
қаһарман,  қаншыл  қазақ  ұлтының  бойындағы  игі  қасиеттердің  айнасындай, 
әлемге шұғыла шашып тұр. 
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды. Отан үшін қаза тапқандарды ел әр 
уақытта  есінде  сақтайды.  Өйткені  олар  біздің  бақытымызды  қорғады.  Отан 
үшін, ел үшін құрбан болды. 
Біздер  жас  ұрпақ  халық  қаһармандарының  жүріп  өткен  ерлікке  толы 
жолдарын,  азаттық  үшін  күрескен  ерлер  мен  батырлар  есімдерінмәңгі  есте 
сақтап,  ешқашан  ұмытпаймыз.  Жеңіс  үшін  өмірге,  жастық  шағын  қиған 
тағдырдың  ауыр  да,  азапты  тауқіметінен  өтіп,  Отанға  деген  махаббатты  от 
басып,  су  кешіп,  дәлелдеген  ардагерлеріміз  жылдан-жылға,  күннен  күнге 
азайуда. Олардың тірі қалғандары, арамызда жүріп жеңістің тәтті дәмін татып 
жүргендері  саусақпен  санарлықтай.  Қарттарды,  майдангерлерді  әрқашанда 
қадірлейік! 
Халық қаһармандарының өшпес ерліктері елге мұра , жас ұрпаққа үлгі-
өнеге.  Сол  сұрапыл  соғыста  батырларымыздың  сақтап  қалған,  байтақ 
жерімізді,бүгінгі күні дүниежүзі таныған, әлем мойындаған, тәуелсіз мемлекет 
болуы, біздерге бейбіт елдің ұландары үшін үлкен мақтаныш. 
Сейсенбек Азиза 
10-
класс, №16 орта мектеп 
Қарқаралы ауданы, Қарағайлы кенті 
Қарағанды облысы 
Жетекші: Табулдина Айнагүл Тұяқбаевна 
«Күркіреп  күндей  өтті  ғой  соғыс»,-  деп  ақын  Қасым  Аманжолов 
жырлағандай,  жер  әлемді  сілкінткен  соғыс  өртінің  жеңіспен 
тұншықтырғанына  да  70  жыл  толды.  Уақыт  өте  келе  бұрынғы  окоптардың 
орны  білінбей  де  қалды,  шайқастар  өткен  далада  қазіргі  таңда  егістік 
106 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
алқаптары  жайқалып тұр, фашистер талқандаған қалалар мен ауылдар қайта 
бой көтерді. Соғыс іздері жер бетінен өшіп қалғандай, әйтсе де, жаңғырығы әр 
адамның жадында сақталуда. Төрт жыл 1418 күн мен түнге созылған сұрапыл 
соғыста біздің сан мыңдаған бауырларымыз Отан үшін отқа түсіп, қаншама 
боздақтарымыз  сұм  соғыстың  құрбаны  болғаны  –  ащы  шындық.  Олардың 
басым  көпшілігі  ерліктің  ерен  үлгісін  көрсетіп,  халқымыздың  ерлік  рухын 
асқақтатты. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең қатыгез соғыс 
болып  табылады.  Майданға  61  мемлекет,  жер  шары  тұрғындарының  80% 
қатысты,  соғыс  қимылдары  40  мемлекеттің  аймағында,  сондай-ақ,  теңіздер 
мен  мұхиттар  аумағында  жүргізілді.  Қарулы  күштерге  барлық  елдерді  қоса 
алғанда 110 млн. адам біріктірілді. Барлық елдердегі адам шығыны 50 млн-ды 
құраса, оның ішінде 27 млн. адам – кеңес үкіметінің халқы. Бұл күннің толғағы 
ащы болса да, туғаны бар халық үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл 
Ұлы мереке. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін 
ғажап  күшпен  жеттік.  Ол  күш  әрине  –    бірлік.  Қаншама  халық  бір  тудың 
астына бірігіп күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған 
мемлекеттердің  ортақ  мерейтойы.  Сол  кездегі  Кеңес  Одағының  басқа 
халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне Қазақ халқы да өзінің 
лайықты үлесін қосты. Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін 
жауынгер  халық.  Айқас  алаңдарында  өшпес  ерлік  жасаған  бес  жүзден  аса 
жерлестеріміз  соның  ішінде  тоқсан  алты  қазақ  Кеңес  Одағының  батыры 
атағына ие болды. Найзағайдай жарқылдаған отты ойы бар қаһарлы сөйлесе 
де  қайырымы  мол,  ұрпақ  мүддесін  ойлаған,  қара  қылды  қақ  жаратын 
әділдіктен  жаралған  ойы  тұңғиық,  қимылы  қылыш  Бауыржан  Момышұлы 
есімі,  ерлігі  жадымызда  мәңгі  қалып,  өнегесі  болашаққа  күш  –қайрат,  рух 
береді. "Ер есімі – ел есінде”,- демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр 
сыйлаған  аталар,  апалар  ерлігі  ешқашан  ұмытылмайды.  Солардың  қасиетті 
рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ. Рақымжан 
Қошқарбаевтың  Ұлы  Отан  соғысында  жасаған  ерлігі  баршаға  аян.  Ол 
алғашқылардың бірі болып, Берлинде Рейхстагтың үстіне қызыл ту тікті. Бұл 
сәуірдің 30-ы күні 18 сағат 30 минутта болған еді. Төл тарихымыздан ойып 
алар орны болса да есімі ескерусіз жатқан ерлердің бірі – Кенжебай Мәденов. 
Оның есімі кешегі қанды қырғын соғыстағы жеңіс  тарихымен біте қайнасып 
жатыр.  Жеңіс  күнін  жақындатуға  жол  салған  десе  де  болады.  Өйткені, 
«Империя  кеңсесі»  атанған  Ратушаға  алғаш  ту  қадаған  кім  еді  десе,  біз 
мақтанышпен біздің жерлесіміз қаратөбелік Кенжебай атамыз дер едік. Ұлы 
Отан соғысы жылдарында қазақ халқының азаматтары атақ-даңқын өшпестей 
қылып  тарих  бетінде  қалдырды.  Төлеген  Тоқтаров,  Нұркен  Әбдіров,  Ақан 
Құрманов, Талғат Бигелдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сияқты 
ел аузында аттары жатталып қалған таңдаулы ұлдарымызбен қыздарымызды 
қалай мақтаныш етсек те жарасады. Біздің Отанымыз үшін өмірлерін құрбан 
еткендердің саны жылдан жылға азайып барады. Дәл осы жандар от пен суға 
107 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
түсіп, окоптарда тоңып, өзендерді кешкен, және осының барлығын біз өмір 
сүретін  жерді  сақтап  қалу  үшін  жасаған.  Қантөгіс  соғыстың  ауырлығын 
қайсарлықпен  көтере  білген,  бақытқа  әрі  қайғыға  толы,  жақындарынан 
айырған ұзақ ғұмырды бастан өткізген адамдар.Бір күшке жиналған орыс пен 
тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас 
қамал болып жұмылды. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу 
деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Ердің ері шыдайтын жаңбырша 
жауған оқ пен қарша бораған бомбаның арасында олардың нәзік жүректері 
тасқа  айналып,  гүл  ғұмырлары  ажалдың  қанды  тырнағына  ілікті.  Сол  бір 
сұрапыл  жылдары  қазақ  халқы  өзінің  Отанына,  жеріне  деген  патриоттық 
сезімін,  ұлттық  мақтанышын  дәлелдеді.  Жауға  қарсы  шайқастар  алдыңғы 
шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп 
жатты.  Шығанақ  Берсиев  сияқты  еңбек  ерлерімен  қатар  иықтарына  үлкен 
ауыртпалық түскен еңбек даласында миллиондап жұмыс істеген әйелдерсіз, 
жасөспірімдер  мен  қарттарсыз  Жеңіс  күнін  көзге  елестету  мүмкін  бе  еді?! 
Ешқашанда  жауынгер  ерлігі  мен  жеңісті  еңбегімен  соққан  еңбекшінің  ерен 
ерліктері  ұмытылмайды.Таң  алдында,  тәтті  ұйқыда  жатқан  Отанымыздың 
шекарасынан  ұрланып  өткен  жау  оғымен  адам  баласының  тарихында 
болмаған бір ғаламат соғыс басталды. Сол күні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзған 
жоқ.  Зұлым  жау  бейбіт  өмірге  бүлік  әкелді.  Қырда  қойшы  қойын  тастады, 
қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады. Ойда диқаншы трактордан түсіп, 
танкіге отырды. Ол кезде бүкіл ел солдат болды. Соғыс әр отбасында қайғы –
қасіретпен  бірге,  миллиондаған  жүректерге  сағыныштың  сарғайған  дағын 
қалдырып  кетті.  Сол  күн  де  жүрек  сыздатқан  сағынышты  үмітке  жеңдіріп 
жүріп, асыл жарын күткен аяулы арудың самайын ақ шалды. Ұлы Отан соғысы 
тарихының беттерін парақтаған адам жеңіс сағатын соқтыруға Қазақстанның 
қосқан үлесі телегей-теңіз екенін байқар еді. Майдан даласынан 394 мың қазақ 
боздақтары  қайтпай  қалды.  Қаншама  жас  боздақтардың  қыршын  жасы 
қиылды.  Сол  жылдардың  бозбала,  бойжеткендері  ақын  болуды,  инженер 
болуды, оқымысты болуды армандаған еді. Қауызын ашпай көктей қырқылған 
сол жастардың ішінде, әттең дариға-ай, қанша Абай, қанша Шоқан кетті екен. 
Соғысқа қатысқан аталарымыз – келешек ұрпақтарының, бейбітшілікте өмір 
сүруін қалады. Аталардың ерліктері – бүгінгі ұрпаққа өнеге. Сұм соғыс біреуді 
жесір етті, біреуді жетім етті. Балалығы сұрапыл соғыспен қатар келеген біздің 
бүгінгі ата- әжелеріміз сол уақытта ерте есейген еді. Ел үшін, жер үшін, Отан 
үшін, болашақ ұрпақ үшін, Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін 
ұлтына,  дініне  қарамастан  бүкіл  халық  оны  қорғауға  аттанып,  қан  төгіп, 
қасірет  шекті.  Жеңіс  келді,  Алтын  күн  елжіреді,  Қуаныштан  жарылды  ел 
жүрегі. Әр батырдың есімі биіктерде, Жеңіс туы секілді желбіреді,- деген өлең 
жолдарымен  жеңістің  құндылығын  білдіргім  келеді.  Қазіргі  кезде  барлық 
елдерде қай соғысқа да болмасын қарсы шерулер үздіксіз өтіп жатады. Олар 
Жер  –Ананың  бауырын  өрт  шалмауын  тілейді.  Жанап  өтті  болашақ,  бала 
108 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
болып  өспедім,  Шаруаның  ғұмыры,  кенедейден  кешкенім.  Менен  сұра, 
Еңбектің  қысқа  таңын,  кештерін,  -  деп  ақын  М.  Мақатаев  балалық  шақтың 
қызығын білмей, жер жыртып, егін салып, өмірдің қиындығын үлкендермен 
бірге  бөлісіп,  ерте  есейген  балалар  өмірін  осылай  жырлайды.  Солардың 
арқасында бүгінгі таңда біз «қазақ» атты бірлігіміз жарасқан тәуелсіз елміз. 
Күніміз бейбіт, өміріміз жайдары, көңіліміз ашық, шабытты балалармыз. Ұлы 
Жеңістің  қандай  күшпен  келгенін  ешбір  адамзат  ұмытпай,  соғыс  тарихын 
ұрпақтан-ұрпаққа естелік ретінде қалдыратыны сөзсіз.  
Сембек Гульбахыт 
      
8 класс, основная школа №44 г. Караганда   
Руководитель: Молгаждарова Сагдат Мейрамовна        
Мен батыр халықтың қызымын! 
Біз жиырма бірінші ғасырдың бейбіт өмір бесігінде тербелген бақытты ұрпақпыз. 
Сол  бақыттың  «тар  жол,  тайғақ кешкен» бабалар ерлігінің жемісі екенін біліп қана 
қоймай, ұрпақтан-ұрпаққа өнеге етіп әспеттеу біздің парызымыз. Жер бетін тып-типыл 
етуге ниеттенген екінші дүниежүзілік соғыс біздің қазақ халқы үшін  ұлттық қасіретті 
үдете түсті. Ұлтымыздың сүт бетіндегі қаймағындай зиялыларды жалмап өткен куғын-
сүргіннен  есеңгіреген  халықтың  тағы  да    қасіреті  басталды.    Дүниені  жалмаған 
сұрапыл соғыс талай шаңырақты шайқалтып, өрімдей ұл қыздарымыз Отан үшін отқа 
түсуге мәжібүр болды.  Тарихтың талай сынынан өткен ұлтымыздың басына тағы да 
сынақ туды. Анасын бала, данасын елі жоқтаған мұңға толы зарлы үндер қазақ даласын 
тағы  да  күңірентті.  Біздің  бабаларымыз  бұғанда  дейін  қанқұйлы  талай  соғысты 
басынан өткізді. Олардың ең соңғысы  Ұлы Отан соғысы болды. «Жаным – арымның 
садағасы»  -  деп,  елі  үшін  ер  ерлігімен  су  кешкен      ержүрек    ағаларымыз  бен 
апаларымыздың  арманы  біздің  бейбітшілікте  өмір  сүруіміз  еді.  Шыбын  жандарын 
шүберекке түйіп,  туған жерінен жыраққа аттанған қазақтың қыршын ұл- қыздарының 
жасампаздығы қазіргі өскелең ұрпақ біздің намысымызды қайрай түсетіні сөзсіз.   
Бабаларымыз  азаттық  жолындағы  қан  төгісте  қолдарына  қару  алып  жаумен 
шайқасып  қана  қоймай,  қара  тасты  қақ  жарған  сөз  қаруын  қатар  ұстана  майдан 
даласындағы жауынгерлердің рухын шыңдап, мерейлерінің  үстем болуына да орасан 
зор  үлес  қосты.  Ақын  бабамыз  Жамбыл:  «жата  алмаймын  төсекте  жаным  қалай 
жайланып»  деп,  күңіренді.  Ақынның  бесіктегі  баладан,  еңкейген  қарияға  дейін 
сүйсініп оқитын «Ленинградтық өрендерім!» атты шығармасы жауынгерлерге қайтпас 
қайсар,  мұқалмас  жігер  берді.    Бабамыз  қазақтың  намысы    үшін  аянбай  тер  төкті. 
Қайсар қарияның есіл арманы орындалып, елінің елдігі, ұлтының ерлігі дәлелденді. 
Жалғызының  жанын  емес,  ел  мүддесін  ойлаған  Жамбыл  бабамыздың    өнегесі 
халқымызбен бірге жасасып,  ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын табуда.  
109 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет