Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне Карагандинская область


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет10/17
Дата15.03.2017
өлшемі1,29 Mb.
#9688
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Москва 
мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті.  
 
Қазақ - ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. 
Ұлы Отан соғысының қатпарлары парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың 
қанды қырғынға қаймықпай қайсарлық көрсеткеніне ашық көзіміз жетеді.  
Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген 
патриоттық  сезімін,  ұлттық  мақтанышын  дәлелдеді.  500-ден  аса 
жерлестеріміз, оның ішінде 96 Қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 
Олар:  Бауыржан Момышұлы,  Талғат  Бегельдинов,  Сергей  Луганский,  Иван 
Павлов,  Мәншүк  Мәметова,  Әлия  Молдағұлова  және  тағы  басқалар.  Жауға 
қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен 
кең  байтақ  далада  да  жүріп  жатты.  Сол  жылдары  Қазақстан  миллиондаған 
босқындарды  өз  бауырына  аналық  мейірімімен  тартушы,  эвакуацияланған 
завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ-дәрі мен азық-түлік жеткізуші 
үлкен арсеналға айналды.  
Кеңес  Одағының  батыры  атағын  кеш  алған  Бауыржан  Момышұлы 
атамыздың  осы  сұрапыл  соғыстағы  ерлігі  –  бүгінгі  жастарға  өнеге. 
Найзағайдай жарқылдаған отты ойы бар, қаһарлы сөйлесе де қайырымы мол, 
өз  мүддесін,  ұрпақ  мүддесін  ойлаған,  қара  қылды  қақ  жаратын  әділдіктен 
жаралған ойы тұңғиық, қимылы қылыш Бауыржан Момышұлы есімі, ерлігі 
жадымызда мәңгі қалып, өнегесі болашаққа күш, қайрат, рух береді. "Ер есімі 

ел есінде” демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар,
апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт 
тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ.  
9  мамыр  -  бұл  мереке  ғана  емес,  бұл  ауыр  еңбек,  бұл  халықтың 
батырлығы. Бiздiң парызымыз – бұл күндi еске сақтау. Қан майданда елі үшін 
кеудесін  оққа  тосқан  ардагер-жауынгерлер  арамызда  әлі  де  болса  бар. 
Осындай жарқын болашаққа қол жеткізген ата-әжелерімізге лайықты кәрілікті 
қамтамасыз ету, оларға көмектесу – біздің азаматтық парымыз.  
Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың кеселін басынан өткерген 
осы ардагерлеріміз  аман болсын!   
Келешек еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық болсын! 
Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын! 
Ешқашан да жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен 
ерліктері ұмытылмайды.  
Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне осы жылы 
70  жыл  толады.  Бірақ  Ұлы  Жеңістің  ұмытылмайтыны  сияқты,  соғыс  та 
ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ 
мереке.  Бұл  мереке  –  бейбітшілік  пен  қайырымдылықтың  мәңгі 
жасампаздығын,  Отанын  қорғаған  жауынгер-солдаттар  мен  офицерлердің 
айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің 
мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.  
76 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Нурпейсов Алмат 
        
2«а» сыныбы, «Ә. Бөкейхан атындағы 
№ 76 ЖББОМ» КММ,  Қарағанды қаласы 
        
Шығарма жетекшісі: Жуманбаева 
Алмаш Абдикадировна 
Ұлы Отан соғысының ең қиын кезеңі – 1942жылы Қарағандыдан елу қыз 
өз  еріктерімен  сұранып    майданға  аттанды.  Елу  жауқазын  жас  Еуропаны 
жайлаған алапатқа тастүйін болып қасқая қарсы шықты. Олардың бәрі Ленин 
комсомолының  түлектері  еді.  Бірқатары  тіпті  оныншы  класс  оқушылары 
болатын. Олар алтын ұя мектептерінен өздері жастайынан мақсат еткен асқақ 
армандарына емес, өмір мен өлім бетпе-бет келген майдан даласына самғады. 
Соғыс  өртін  сөндірмей,  жауды  жеңбей,  өз  мақсат  биігіне  жетуге  болмасын 
білгендіктен де олар солай еткен болатын.   
Меткеп  бітірушілер  майданға  бару  үшін  емтихандарын  мерзімінен 
бұрын тапсырып, кәмелеттік аттестаттарын үш ай бұрын алды. Сол жылы олар 
алтын ұя – мектеппен қоштасар сәтті салтанатты түрде өткізе алмады. Соңғы 
қоңырау үні де жүрек тебірентерліктей сыңғырлаған жоқ. 
Ел қорғауға өз еріктерімен аттанған қыздардың басым бөлігі Қарағанды 
қаласының Сергей Миронович Киров атындағы №1 орта мектебінің түлектері 
еді. Біз Қарағандының қазіргі Бейбітшілік бульвары бойында орналасқан сол 
мектепке  келгенде  үзіліс  сәті  болатын.  Ат  шаптырым  ұзын  дәлізде 
дабырласқан, сыңғырлай күліскен оқушылар дауысы толас табар емес. Міне 
қоңырау да шылдырлады. Бала біткен асыға өз кластырына тарады. Сол сәтте 
көкейге  оралғаны:  «Бұл  бүлдіршіндер  мектепте  қоңырау  үнін  күнде  естиді. 
Мұнда  да  жыл  сайын  жадыраған  мамыр  айында  мектеп  бітірушілер  алтын 
ұяларымен,  соңғы  қоңырау  үнімен  қимай  қоштасып,  үлкен  өмірге  жолдама 
алады. Бірақ олар дәл осы мектепте 1942 жылы соңғы қоңырау соғылмағанын, 
мектеп  бітіру  кеші  тойланбағанын  өздеріндей  өрім  жас  қыздар  ақ  қардай 
фартуктарын сұр гимнастеркаға айырбастап, қан майданға аттанғанын біле ме 
екен? » деген ой болды .  
Майдангер  қыздардың  қазіргі  оныншы  класс  оқушыларынан  еш 
артықшылықтары болмағаны ақиқат. Олар да ақ желкендей асыл армандары 
өмір-теңізге  құлаш  ұратын  сәтті  асыға  күтті.  Әрқайсысының  ойлары  ашық 
күндей нұрлы, нулы ормандай шулы еді. Әлі балалықтан қол үзе қоймаған, 
ересектікке  енді  ғана  иек  артқан  мөлдір  тілекті,  өндір  білекті  бүгінгі 
замандастарындай  жас  түлектер  болатын.  Соғыс  сұрапылы  олардың  асыл 
армандарын ақ тілектерін, айқын мақсаттарын, жемісті жоспарларын жүзеге 
асырмады.Жап-жас қыздар жауынгер атанып, олардың еншісіне Отан қорғау 
тиді.  
77 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Нұржанова Ақнұр 
         
5 «А» сынып оқушысы 
№ 34 негізгі орта мектеп 
Қарағанды қаласы 
Қарағанды облысы 
   
Жетекшісі: Кусенова Жанерке 
Әділетті соғыстың рухы әрқашан  
күшті болады. Өйткені оның төркінінде  
елді, жерді қорғау принциптері жатады... 
Н.Ә. Назарбаев 
Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен 
төзімділіктерін  паш  ететін,  тарихта  мәңгілік  қалатын  күн.  Бұл  күнді 
соғыстың  алғы  шептерінде  қайсарлықпен  шайқас  жүргізіп,  ерліктің  сан 
үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін 
жанын  пида  еткен,  туған-туысқандарына,  жақын-жарандарына,  туған 
жеріне,  ауылына  оралмай  қалған  қаһарман  ерлерді  бүкіл  ел  болып  еске 
түсіреді.  Кеңес  жауынгерлері,  барлық  Отанын  азат  етуші  ар-намыс 
арқалаған азаматтар жауына қарсы қасық қаны қалғанша жан аямай соққы 
беруге даяр екенін хабарлап, елі, партиясы алдында ант беріп, жауға қарсы 
аттанып, Ұлы жорық жолын бастады. Кеңес адамдары бірлік-ынтымақтың 
үлгісін  көрсетіп,  бәрі  бір  анадан  туғандай  өз  Отаны  –  Кеңес  елін,  оның 
барлық бұрышын, бір түйір топырағына дейін қастерлеп, сол үшін қан төгуге 
даяр екенін, жау басып алған жерді түгел босатуға бекем буып, қатерлі қан 
кешу майданға аттанды. Ел басына күн туған күндердің бірі – осы Ұлы Отан 
соғысы кезеңі. 
Қазақ ел басына кун туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. 
Ұлан  байтақ  жерін  қаншама  ғасыр  білектің  күшімен,  найзаның  ұшымен 
жаудан қорғап келді... Тіпті арыға бармай-ақ кешегі Ұлы Отан соғысының 
әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың 
қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді. Оған мысал 
айқас  аландарында  өшпес  ерлік  жасаған  жүз  қазақтың  Кеңес  Одағының 
батыры атағын алғанын айтсақта болады. Бұны сол кездегі 2,5-3 млн. қазаққа 
шаққанда  басқа  халықтардың  алдына  шығып  кетеді  екен.  Ердің  ерді 
шындайтын жаңбырша жауған оқ пен қарша бораған бомбаның арасында 
олардың  нәзік  жүректері  тасқа  айналып,  гүл  ғұмырлары  ажалдың  қанды 
тырнағына  ілікті. Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, 
жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді.  500 ден 
аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын 
алды.  Жауға  қарсы  шайқастар  алдынғы  шептегі  ұрыстарда  ғана  емес, 
78 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
алыстағы  ауыл  мен  кең  байтақ  далада  да  жүріп  жатты.Сол  жылдары 
Қазақстан  миллиондаған  босқындарды  өз  бауырына  аналық  мейірімімен 
тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ-дәрі 
мен  азық-түлік  жеткізуші  үлкен  арсеналға  айналды.  Мың  жылда  бір 
көрінетін кометалардай сыры да, сезімі де терең тұңғиық дана тұлғаларымыз 
фәни  өмірден  баз  кешіп,  бақилық  болып  жатты.  Әйтсе  де,  Баубек  пен 
Бауыржан батырлығы, Әлия мен Мәншүк ерлігі, Қаныш пен Әлкей білімі, 
Мұхтар мен Ғабит, Ғабидендердің үні, Дінмұхамметтің парасаты – бүгінгі 
ұрпаққа өнеге. Олардың өнегелі өмірлерін дәріптеу, жас ұрпаққа жан-жақты 
насихаттау аға ұрпақтың негізгі міндеті. Майдан даласынан 394 мың қазақ 
боздақтары  қайтпай  қалды.  Бұл  соғыс  қайғы-  қасірет  әкелмеген  бірде  бір 
отбасы  болмады...  Бірінің  әкесі,  бірінің  ағасы  қаза  тапты.  Қаншама  жас 
боздақтардың қыршын жасы қиылды... Ішінде ақыны да, әншісі де бар еді. 
Қауызын  ашпай  көктей  қырылған  сол  жастардың  ішінде,  әттең  дариға-ай 
қанша  Абай,  қанша  Шоқан  кетті  екен...  Содан  бері  зымырап  70  жыл  өте 
шықты.  Отанның  жаудан  қорғау  үшін  көп  ұлтты  кеңес  халқының  ішінде 
қазақ халқы ерекше ерліктерімен,  аңыздарымен жауға қарсы тұрды. Халық 
жадында  сапында  30  ұлттың  өкілі  бар  (бұлардың 

мыңдайы 
қазақстандықтар)    Брес  қорғаушыларының  өшпес  ерлігі  мәңгі  сақталмақ. 
Қазақстан  жерінде  жасақталған  И.В.Панфилов  атындағы  8-  гвардиялық 
дивизия  Мәскеуді  қорғауда  тарихта  болып  көрмеген  теңдессіз  ерліктің 
үлгісін танытты. Панфиловшылардың ішінде шын мәнінде болаттай беріктік 
пен  ер  жүректілік  көрсеткен,  өз  заманында-ақ  аты  аңызға  айналған 
Бауыржан  Момышұлы  да  бар  еді.  Қазақстандық  жауынгерлер  Рейхстагқа 
шабуыл  жасауға  қатысты,  оның  шаңырағына  жеңіс  туын  алғашқы  болып 
қазақ  халқының  даңқты  ұлы  Рақымжан  Қошқарбаев  қадады.  Ұлы  Отан 
соғысының  шежіресіне  Мәншүк  Мәметова  мен  Әлия  Молдағұлованың, 
Мәлік Ғабдулиннің, Бауыржан Момышұлы мен Талғат Бигелдиновтың және 
көптеген  жерлестеріміздің  аттары  алтын  әріппен  жазылды.  Севастополь 
үшін шайқаста Кеңес Одағының батыры Дабаш Бабажанов айрықша көзге 
түсті. Оның ерлігі батыр қаланы қорғау үшін болған қырғын-қиямет соғыс 
бейнелеген панорамаға түсірілген. Николай Гастеллоның ерлігін қайталаған 
Нұркен  Әбдіров,  Александр  Матросовтың  ерлігін  қайталаған  Сұлтан 
Баймағамбетовтың    жау  «жолбарысына»  қас  қақпай  қарсы  шауып, 
гранатамен қоса жарылған Қарсыбай Сыпатаевтың есімдерін мақтанышпен 
атайды.  Бұлардың  бәріне  Кеңес  Одағының  батыры  атағы  берілген.  Кеңес 
Одағының Батыры атағын екі реттен алған, даңқты сұңқарларымыз Талғат 
Бигелдиновтың,  Сергей  Луганскийдің,  Леонид  Беданың  және  Иван 
Павловтың  ерліктері  халқымыздың  мәңгі  есінде.  Белорус  ормандарында 
Әди Шәріповтің басқаруындағы партизан отрядтары жауға қарсы шайқасты. 
Украин  жерін  Ұлы  Отан  соғысының  аты  аңызға  айналған  батыры  С. 
Ковпактың партизандық бірлестігінде Қасым Қайсеновтың отряды болған 
79 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
еді.  Біз  900  күн  қоршауда  қалған  ленинградтықтардың    рухын  көтеріп, 
қажырын  жаныған  Жамбыл  атамыздың  «Ленинградтық  өренім»  атты 
жалынды жырын жадымызда ұстаймыз. Бұл өлеңді «жүзі басқа болғанмен 
жүрегі бір, тілі басқа болғанмен тілегі бір» жауынгер балаларына жолдады. 
Кейіннен  қаланы қорғаушы жауынгерлердің бірі; «Бұл сәлемді көзге жас, 
көңілге қуаныш толы сезіммен оқымауға болмайды... Біз күшімізді еселей 
түсіп  ұрысқа  аттандық»,-деп  еске  алады.  Екінші  дүниежүзілік  соғыста 
Шығыс халықтарының қыздарынан Батыр атағын алған екі-ақ қыз бар екен. 
Бұлар  қазақтың  Мәншүгі  мен  Әлиясы.  Атағына  бүкіл  шығыс  халқы 
ортақтасқан,  қазақтың  атын  шығарған  аяулы  қыздарымыз.  От  кешіп,  қан 
жұтқан сол бір жылдар барған сайын бізден алыстауда. Айта берсек, отан 
үшін көрсетілген ерен ерліктің мысалдары да жеткілікті. 
Республика  ұлы  жеңіс  үшін  орасан  үлес  қосты.  Қазақстан  майданға 
қорғасынның 85 пайызы, мыстың 30 пайызын, көмір мен мұнайдың барлығын 
өндірді. Сол ауыр жылдарда еліміз майданға 6 миллион тонна бидай, 797 мың 
тонна  ет,  150  мың  мініс  жылқысын  берді.  Сондай  ақ,  республикамыз  4 
миллиард  сом  ақша  жинап,  әскери  техникалар  мен  қару-  жарақтар  сатып 
әперді.  Соғыстың  қысылтаяң  кезеңінде  емшектегі  баласын  жөргекке  орай 
салып,  кәсіпорын,  колхоз  бен  совхоз  жұмысына  таң  сәріден  жүгіріп,  түн 
ортасында қайтқан олардың жарлары мен аяулы ата-анасын, туыстарын, «өзім 
жемесем жемейін, өзім ішпесем ішпейін, бәрі де солар үшін, бәрі де майдан 
үшін, жеңіс үшін болсын!» деген игі ниетті асыл сезімін кім есінен шығара 
алады. Ұлы Отан соғысының қаһарлы жылдарында майданда да, тылда да есі 
жаңа  кіріп  келе  жатқан  жас  баладан  бастап,  жасы  жүзге  келген  Жамбылға 
дейін отандастарымыз жауға қарсы майданға жаппай қатысты. Сол жылдары 
үздік табыстарға жеткен Қазақстан колхозшылары; Ш. Берсиев, Ы. Жақаев, 
Ким  Ман  Сам,  А.Дацкова,  Б.  Сомжүрекова,  С.  Оңғарсынова  және  тағы 
басқаларының  соғысқа қосқан үлесі орасан зор. Сонымен қатар күш атасы 
Қажымұқанның отан үшін, майдан үшін деп қосқан үлесін неге айтпасқа...        
Сол  кездегі  Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды  талқандап, 
жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық 
жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград 
түбінде  шайқасты,  Днепр  өткелінде,  Москва  мен  Ленинград  үшін  болған 
ұрыста ерен ерлік көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, 
Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, 
Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан 
соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас 
болмады.  Қазақстандықтар  қанішер  жаумен  қасық  қанын  аямай  осылай 
шайқасты. Олардың бәрін ортақ іске, жеңіске, отанына деген сезім біріктірді. 
Дүниежүзін  шарпыған  жиһандық  соғыс  қазақ  халқының  батыр  ұлт  екенін 
баршаға мәлімдеді. 
80 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Ұлы жеңіс – барша халықтың жеңісі. Сондықтан да кешегі жауынгер, 
бүгінгі ата әжелеріміздің жеңіске жетер жолда тындырған ұлан- ғайыр істері 
біздің  жадымызда  мәңгі  сақталатын  дастандай  жалғаса  береді.  Бүгінгі 
жастардың  болашағы,  бақыты  үшін,  қан  төккен  әскер  мен  ағаларымыздың 
даңқы еш уақытта өшпейді. Олардың рухына, қанды көйлек жолдарына, біздер 
тізе  бүгіп,  бас  иеміз.  Арын  жалау  етіп,  жанын  алау  етіп  жауға  аттанған  ел 
ұландары жерін қорғады, халқының өмірін қорғады,өзі туған өңірін қорғады, 
ақ  сүт  берген  анасын  қорғады,  ақ  самал  ескен  даласын  қорғады.  Қорыта 
келгенде, осындай тәуелсіздікке жетуіміз, бейбітте, бақытты өмір сүруіміз де 
ата-бабаларымыздың ерен ерлігінің, қайтпас қайсарлығының арқасы. «Ерлік- 
елге мұра, ұрпаққа ұран» деп өз ойымды аяқтағым келеді. Ұлы жеңіс туы – 
төрімізде мәңгі желбірей берсін! 
Нұртаев Абылай 
3  
сыныпоқушысы  «№92 гимназия» КММ 
Қарағандықаласы 
Сынып жетекшісі: Хамзина Нургул 
Рахтаевна 
Әрқашан күн сөнбесін! 
Әрқашанкүнсөнбесін, 
Аспаннанбұлттөнбесін. 
Қасымдаболсынмамам, 
Болайын мен де аман! 
Мен соғысты көргенжоқпын. Меніңата-анам да соғысты көрмеген. Ал 
атам  болса,  соғыс  жылдарында  дүниеге  келген.  Атамның  айтуынша,  арғы 
аталарым соғысқа қатысып, елін, жерін қорғаған. Олардың суреттерін көріп, 
батыр, батыл, қайратты адам қандай болу керек деген сұраққа жауап алам. Мен 
бейбіт өмірде алаңсыз өмір сүріп жатырмын.  Менің алға қойған мақсатым – 
сабақты жақсы оқу, тәртіпті, тәрбиелі болу. Сыныптас достарыма үлгі болуға 
тырысамын. Ол үшін күнделікті үй тапсырмасын орындап, ұстазымнан білім 
аламын.    Адам  дені  сау  болу  үшін  спортпен  айналысуы  керек.  Мен  суда 
жүзумен  айналысамын.  Бұл  туралы  Абай  атаның  өзіміз  жаттаған  өлеңінде 
былай айтылады: 
Өзің үшін үйренсең, 
81 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Жамандықтан жиренсең, 
Ашыларсың жылма-жыл. 
Біреу үшін үйренсең, 
Біреу білмес, сен білсең, 
Білгеніңнің бәрі – тұл. 
Мен  Қарағандыда  тұрамын.  Менің  мектебімнің  қасында  Ұлы  Отан 
соғысының  Батыры Нұркен  Әбдіровтың  ескерткіші  тұр. Ол  ұшқыш  болған. 
Соғыс  жылдарында  халқымызды  жаудан  қорғаған.  Ел  есінде  сақтау  үшін 
Батыр атында көше, ауыл бар. Сол сияқты Қасым Аманжолов та – осы жерден 
шыққан Батыр. Ақынға да өз халқы ескерткіш орнатты. Батыр атында ауыл 
бар. Ол – ақынның туып-өскен жері. Сол ауылда мен сияқты балалар білім 
алатын мектепте Батыр ақынның мұражайы бар. 
Менің өлкем – көмірге бай ел. Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға 
көмір  жіберді.  Ол  майдан үшін  өте  қажетті  болды.  Сол  сияқты  аса  қажетті 
шұлықтар мен аяқ киімдер де Қарағандыдан жіберілді. Сөйтіп халық қауіпті 
жауға  қарсылық  көрсетті.  Тарихтан  белгілі,  әрбір  бесінші  қазақстандық 
майданға аттанды. Батырлар жауға қарсы тұра білді. Ерліктің үлгісін көрсетті. 
Ол  туралы  фильмдер  мен  кітаптар  көп  дерек  береді.  Соның  бірі  –  Кеңес 
Одағының  Батыры  Бауыржан  Момышұлы.  Жазушының  «Қанмен  жазылған 
кітап», «Соғыс қателікті кешірмейді» деген кітаптары үйімдегі кітап сөресінде 
тұр. Жазғы каникул кезінде ата-анамның кеңесімен осы кітаптардан әңгімелер 
оқыдым.  Сонда  мынадай  үзінді  бар:  «Қазақ  халқының  ұл-қыздары  да 
дұшпанға  кек  жіберген  жоқ.  Ғажап  ерлік  көрсеткен  Төлеген  Тоқтаров, 
Александр Матросовтан 13 күн бұрын жау отының амбразурасын өз денесімен 
жапқан Боран Нысанбаев, Николай Гастеллоның ерлігін қайталап, жанып бара 
жатқан самолетін жаутанкілеріне қарай шүйілтіп, өлімге басын тіккен қырдың 
қыраны Нұркен Әбдіров»,- деп жазады. Міне, ерлік деп осыны айт! Батырлар 
есімін  ұмытпас  үшін  мәңгі  алау  қойған.  Менің  үйім  осындай  мәңгілік  алау 
жанып тұратын парктің қасында. Күн сайын мектепке бара жатып осы жермен 
өтемін. Адамдар ол жерге ерекше құрметпен қарайды. Үнемі гүл шоқтарын 
қояды. «Ел қадірін ер біледі, ер қадірін ел біледі» деген осы! 
Октябрь Айым 
11-
сынып, «№10 Нұркен Әбдіров атындағы орта мектебі»КММ 
Қарқаралы ауданы 
Жетекші:Рысбаева Мейрамгүл Сериккановна 
Нұркен аға ерлігі 
Уақыт зымырап өтіп жатыр. Уақыт өткен сайын заман өзгеруде, бірақ 
өткен  өмір  тарихы  мәңгі  есте  сақталуда.  Неше  алуан  соғыс  дүниені  дүр 
82 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
сілкіндірді, бірақ екінші дүние жүзілік соғыс, қаншама адамзатын қисапсыз 
қасіретке ұшыратқан өлімімен мәңгілік есте қалды. 
Біздің  еліміз  адамзат  баласы  басынан  өткізбеген  зұлматты  өткерді. 
Соғыс арифметикасы - қаралы арифметика. Әрбір секунд сайын бір адам, әрбір 
минут сайын он адам оққа ұшып жатты. Ал соғыс 1418 күнге созылды. Жеңіс 
елімізге оңай келген жоқ. Ұлы Жеңіс бабаларымыздың биік патриотизм сезімі 
мен рух мықтылығымен келді.  Мысалға айта кететін болсақ өз халқы үшін 
кеудесін оққа тосқан Нұркен Әбдіров ағамызды  мақтан тұтуға әбден болады 
деп  ойлаймын,  себебі  ол кісілердің  еңбегі  мәңгі  ел  есінде!  Нұркен  Әбдіров 
1919 жылы Қарқаралы өңірінде бұрынғы 5-ші ауыл, қазіргі Нұркен атындағы 
шаруашылық  аумағында  шаруаның  отбасында  дүниеге  келген.  Кейін  ата-
анасымен бірге Қарағандыға қоныс аударып, осы қалада әуе клубында ұшқыш 
мамандығын  алған.  Соғыс  басталғанда  Нұркен  Орынбор  әуе  училищесінде 
оқитын.  Ол  майданға  аттануға  ұмтыла  берді,  сондықтанда  оны  алдымен 
Ташкенттегі,  одан  кейін  Сібір  қалаларының  біріндегі  шабуылшы  әскери 
ұшқыш дайындайтын курстарға жіберді. Оқуды тәмамдағаннан кейін ол 267-
ші әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды. 
Нұркен  Әбдіров  талай  әуе  шайқасына  қатысып,  ерлік  пен  өжеттік,  әскери 
шеберлік танытты, әр тапсырманы мүқият орындап отырды. Қазанның 23 күні 
тұңғыш рет әуе шайқасына аттанар алдында Нұркен былай деп жазған екен: 
"Егер  біз  фашистерді  құртпасақ,  олар  біздің  түбімізге  жетеді.  Сөйтіп, 
қуанышты,  бақытты  өмірмен қоштасамыз..."Барлығы  17 рет  әуе  шайқасына 
қатысқан  Нұркен  жаудың  18  танкісін,  46  жүк  машинасы  мен  көлігін,  оның 
ішінде оқ-дәрі тасыған 18 керуенді, жанар май құйған 3 цистернаны талқандап, 
зенит  қондырғыларының  бесеуін,  бірнеше  жабық  атыс  үясын,  талай  жау 
әскерін  құртты.  1942  жылғы  желтоқсанның  19-да  біздің  батыр  жерлесіміз 
өзінің  серігі,  атқыш,  әрі  байланысшы  Александр  Комиссаров  екеуі  соғыс 
аспанына  соңғы  рет  самғап  шыққан  еді.  Боков-Пономарев  станциясы 
маңайында олар тас құрсанған жаудың үлкен алты танкін, бірнеше атыс ұясын, 
зенит артиллериясының екі қондырғысын жойып жіберді. Жау оғы самолетке 
тиіп, өртене бастады. "Өзекті жанға бір өлім" деген ой шарпып өткен ұшқыш, 
отқа оранған күміс қанат сүңқарды фашист танктері шоғырланған түсқа қарай 
бұрды.  Осылайша  қүлдилай  құлаған  самолет  ішіндегі  Нұркен  мен  оның 
қандыкөйлек  серігі Александр Комиссаров екеуі ақтық рет қаншама жауды 
қырып, жастықтарын бірге ала кетті.Осынау теңдесі жок, ерлігі үшін Нұркен 
Әбдіровке 1943 жылғы наурыздың 31-де еліміздегі ең мәртебелі атақ - Кеңес 
Одағының Батыры атағы берілген еді.Сарыарқа сұңқары осылай мерт болды. 
Оның қаһармандығы бүкіл елге жайылды. Қарағанды еңбеккерлері, олардың 
ішінде  кеншілер,  Нұркен  Әбдіров  атындағы  самолетке  қаржы  жиып,  жауға 
аттандырды.  Бұл  самолет  кейін  Жеңіске  дейін  қатарда  болды.  Ростов 
облысындағы  Боков  станциясының  іргесіндегі  Конек  ауылында  жерленген 
Нұркеннің басында қызыл тастан қашалған ескерткіш бар. Қарағандының қақ 
83 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет