Республиканское государственное казенное предприятие


Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫМЕН



Pdf көрінісі
бет11/43
Дата21.01.2017
өлшемі5,64 Mb.
#2321
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43

Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫМЕН  
ОРЫС ЖƏНЕ БАТЫС ЕУРОПА АҒАРТУШЫЛАРЫНЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ 
 
Касымова.Г.М. 
№20 орта мектебі 
 
Аса  талантты  педагог,  ағартушы,  дарынды  жазушы,  тамаша  ақын,жалынды  публи-
цист, көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі қазақ халқы-
ның  саяси-рухани  отарлау  шеңберінің  қысымшылығы  күшейіп  тұрған  кезеңге  тұспа-тұс 
келді.  Ол  орыстың  революциялық-демократтық  қозғалысы  туып,дами  бастаған  кезде  қо-
ғамдық аренаға шығып, өзінің ағартушылық, тəлімгерлік, жазушылық, ғалымдық еңбегімен 
ерекше  көзге  түскен  аса  көрнекті  қайраткер  еді.  Ыбырай  өз  замандас  отандастарының 
ағартушылық ой-пікірлерін қуаттап, қазақ жерінде оқу-білімнің шамшырағын жақты, педа-
гогтік-демокртиялық қөзқарастарының негізін салды. 
Ы.Алтынсариннің  ағартушылық  қызметі  ХІХ  ғасырдың 60-80 жылдарындағы  қазақ 
қоғамының рухани мұқтаждығына байланысты туып,əлеуметтік өмірге келді. Орыс халқы-
мен бұл тұста нақты қарым- қатынас жасай бастаған қазақ халқы өмір сүрудің негізгі кілті 
өнер мен білімде деп түсініп, орыс халқының тілі мен біліміне ұмтыла түскен еді.Ыбырай 
өз арман-мақсаттарын жүзеге асыруда орыстың атақты гуманист оқымыстыларына, өзінің 
өмір бойғы тамаша достарына сүйенді. Олар əйгілі ағартушымызға теңдесі жоқ үлкен жақ-
сылық жасады. Өйткені олар даланы жарыққа жетелеудің орыс халқы еншісіне тиген тари-
хи үлес екенін жақсы ұқты. 
Ыбырай бақыттарының бірі ол бүкіл мұрасын өз қолымен орыс тілінде жазып қалды-
руы.  Бүгінде  үш  томды  құрайтын  сол  мұра  тек  орыс  тілінде  жазылғандығынан  сақталып 
қалған.  Ал  жиналмағандары  Мəскеу,  Ленинград,  Қазан,  Орынбор  архивтеріндегі  мате-
риалдар қаншама. 
Бұл арада Ыбырайдың орыс достары туралы өз алдына бір кітап жазуға болатынын 
айта  кету  керек.  Григорьев,  Ильминский,  Катаринский,  Яковлев,  Ефимский-Мировицкий, 
Кукляшев,  Дынков,  Делянов  болып,  ұзыннан-ұзақ  тізімге  ұласатын  олардың  əр  қайсысы-
ның  Алтынсарин  туралы  небір  тамаша  лебіздері  сақталған.  Осыншылық  əлуетті,  қуатты 
ортаның Ыбырайдың жұмысына ғана емес, өз басының өсіп, тұлға болуына да зор ықпа-
лы тиген. Ыбырайдың бүкіл қазақ тарихындағы орны мен еңбегін алдымен анықтап, толық 
жазған да солар. Бір ғажабы: сол кездің өзінде-ақ орыс оқымыстылары Қазақстан туралы, 
оның осынау аяулы перзенті, жалпы қазақ халқы туралы бізден əлдеқайда көп жазған, көп 
біледі. 
Осы  аталған  жəне  тағы  да  басқа  орыс,еуропалық  данышпан  ағартушылары 
Ы.Алтынсаринің  ағартушылық  қөзқарастарының  қалыптасуына  жəне  педагогикалық 
саласында  шығармашылығының  дамуына  негізі  болып  табылды.  Ы.  Алтынсаринің 
ағартушылық  жолындағы  шығармашылығының,еңбегінің  ең  биік  шыңы,  ол  орыс  жəне 
еуропалық озық педагогикалық тəжірбиеден алынған үлгі жəне қазақ даласына бейімделіп 
жасалған  білім  жүйесі.  Орыс  жəне  еуропалық  ағартушылық  тəжірбиені  қолдану, 
Ы.Алтынсариннің  қазақ  даласындағы  барлық  халыққа  білім  беру  жəне  білім  жүйесінің 
дамыту іс-əрекеттерінде көруге болады.  
Мұның барлығы Алтынсариннің өткен ғасырдағы көрнекті орыс педагогтары (Ушин-
ский,Бунаков,жəне  т.б.)  негіздеген  білім  беру  теориясын  меңгере  отырып,  оны  далалық 
аймақтың  ерекшелігіне  бейімдеп  орыс-қазақ  мектептерінде  балаларды  оқытудың  айрық-
ша  үлгісін  жасағандығын  көрсетеді.  Ы.Алтынсариннің  ағартушылық  идеяларының  жəне 
көзқарастарының қалыптасуы сол Қазақстанда еңбек еткен көрнекті орыс педагог ағарту-
шылырының іс-əрекеттерімен жəне əрбіреуі ерекше орын қалдырды деп айтуға болды. 

68 
 
1859  жылдан  бастап  Ы.Алтынсарин Орынборда облыстық  басқармасында  кіші  тіл-
маш болып қызмет істейді. Осы кезде жас жігіт Ыбырайдың өз бетімен білім алуына «Бал-
ғожа бидің айрықша бағалаған жəне сол үшін Алтынсаринді де сүйе білген В.В.Григорьев-
тің (1816-1871ж)-Орынбор  Шекара  комиссиясының 1852-63 жылдардағы  председателінің 
көп жəрдемі болды. В.В.Григорьевтің Ыбырайға көрсеткен жəрдемі жайында Н.И.Ильмин-
ский былай деп жазды: «Алтынсарин күн сайын сағат 9- дан 3-ке дейін басқармасының қа-
былдау бөлмесінде болады. Бұл бөлменің қасында В.В. Григорьевтің кең, көп кітап жинал-
ған полкалары бар кабинеті орналасқан еді. 
Оның кітапханасы өте бай орыс тіліндегі кітаптары да аз емес болатын. Григорьев 
Алтынсаринге кітап беріп тұрады, ол қазақтар мен орыс чиновниктері келгенде ғана, оқта-
тектес  басын  көтермесе,  үнемі  кітап  оқып  отырады...Алтынсарин  орыс  кітаптарын  оқып, 
В.В.Григорьевтің айтуы бойынша өзіне түсініксіз сөздерді басқа бір дəптерге жазып жүре-
ді,  сөйтіп  ол  дəптерді  кейін  В.В.  Григорьевке  береді,ол  əрбір  сөздің  мағынасын  қысқаша 
жəне дəл түсіндіреді. Көп күндер осылай өткен. Алтынсарин əдебиет журналдарын алды-
рып, оларды да күні-түні оқып, өзііне түсініксіз сөздерді жазып алып, қалын дəптерді тол-
тырып бір аптадаң соң В.В.-ке тағы да əкеледі». 
Ыбырайдың осы тұста орысша, еуропаша білім алып,ой-парасатының тереңдей тү-
суіне В.В.Григорьевпен қатар Н.И.Ильминскийдің де біраз əсері тиеді. Қазан университеті-
нің  профессоры,  белгілі  шығыс  зерттеушісі,  миссионер  Н.И.Ильминский 1858 жылдан 
1861 жылға дейін Орынбор Шекара Комиссиясында тілмаш болып қызмет істей жүріп қа-
зақтың тілін, этнографиясын, фольклорын зерттеді.Ағарту майданында миссонерлік бағыт 
ұстаған Н.И.Ильминский Ыбырайды жас кезінен жақсы біліп, өле-өлгенше онымен дос бо-
лып  кетеді.  Халық  ағарту  саласында  бұл  екеуі  бір-біріне  қарама-қарсы  екі  түрлі  бағыт 
ұстаса да мұндай принципиалдық айырма ол екуінің арасындағы достық қарым-қатынасқа 
ешқандай ресми зиянын тигізбейді. 
Ильминский қазақ жерінде ашылған мектептердің инициаторы болды. Мектеп ашы-
лудың өзі үлкен зор табыстырының өзі болды. Сонымен бірге Ильминский «мектептерде 
негізгі орыс тілінде жүрсін» деп бұйырады. Яғни бұл Ильминскийдің қөзқарасын Ыбырай 
толық қабылдап, қазақ жастарына озық болуына көмектеседі деген ойда болды.  
Ильминский христиан дінін тарату үшін ислам дінін жек көрді. Ыбырай дін атаулыға 
қарсы болғандығынан,Ильминскийдің бұл ісін де өзінің пайдасына қолдана білді. 
Озық еуропалық ағартушылардың еңбектерін үлгіге алған Ыбырай,ағартушылық ба-
ғыттағы жұмыстардың дінмен сиыспайды деп түсініп, өз еңбектерінде дəлелдеуге тырыс-
ты. Ол мектептерде дінсабағын жүргізу бағдарлама бойынша міндетті болғанымен іс жү-
зінде оған мəн береді, оның орнына басқа ғылыми маңызы бар сабақтарды жүргізуге үне-
мі ұмтылып отырды. Алтынсарин діншілдікті,діни сенімді, жоқ-барға нанғыштықты барлық 
қырсықтың  көзі  деп  қарады.  Оқу  бағдарламасынан  жаратылыстану  сабақтарына  үлкен 
мəн берді, оқушыларға дүниелік білім беру арқылы жастарды ислам діні шырмауынан құт-
қаруды ойлады.  
Патша  өкіметінің  миссионерлік-ағарту  саясаты  ғасырлар  бойы  мұсылман  жұртына 
ағарту  қызметін  көрсеткен  мектеп-медреселер  жүйесін  тамырымен  құртуға  əрекет  жаса-
ды. Əлемдік өркениет пен ғылым ісінің дамуына баға жетпес үлес қосқан ұлы тұлғалары 
(Əл-Фараби,  М.Қашқари,  Ж.Баласағұни,  М.Дулати,  Абай)  тəрбиелеп  шығарған  медресе-
лер патша өкіметі тарапынан ХІХ ғасыр соңынды үлкен кедергілерге тап болып, орыс мек-
тептері мен мұсылман оқу орындарының ара салмағы үлкен дəрежеде өзгерістерге ұшы-
рады. 
Əрине, күнбе-күн күш алып келе жатқан миссионерлік саясатты жергілікті ағартушы-
лардың тоқтатар саяси күш жоқ еді. Тек қана, ұлттық білім беру жүйесін заман талабына 
сай, миссионерлік ағарту-оқу ісінің негізгі заңдылықтарын қабылдай отырып, Қазақсатанда 
халық ағарту ісі жаңа жолға түсті. Бұл игілікті жұмыстан көш басында Ы Алтынсарин тұр-
ды. Тіпті, діни білім беретін медреселердің оқу жоспары мен бағдарламалары жаңаша си-
пат  алды.  Бұл  туралы  миссионер-ағартушы  Н.Бобровников  кезінде «...діни  сабақтардың 
24 сағаттық көрсеткіштерімен мұсылман медреселерінің қимылсыз,тоқтап тұрған уақытты 
өтіп  кеткен.  Медреселер  басқа,  жаңа  бір  жаңалықтың  орталығына  айналған.  Өкінішке 
орай, бұл біз үшін үлкен жаңалыққа айналып отыр.» – деп мұсылман əлеміндегі ағарту ісі-
нің жаңа ағымға түскенін мойындаған. 
Ұлттық мектептердің қалыптасуы мен дамуындағы қазақ ағартушыларының қызмет-
тері осындай аласапыран кезеңде өтті. 
Ыбырайдың Ильминскиймен қарым - қатынаста ерекше орын алған оқиға, ол қазақ 
алфавитін орыс графигіне көшіру туралы ой пікірлер. Ильминский орыс əліпесін ұсынған-
дағы ойы- қазақты орыс мəдениетіне жақындастыру емес, орыстандыру. Ал Ыбырай орыс 
əліпесін қолдануымен байланысты халықты сауаттандыруға жол ашылады, орыс əрпімен 

69 
 
жазғанда  қазақ  сөздері  əлде  қайда  дұрысырақ  таңбаланады  араб-парсы  тілдерімен  шұ-
барланған тілімізді тазартады, қазақ тілінің дамуына жол ашып,халықты орыстың ғылымы 
мен мəдениетіне жақындастырады деп есептеді.  
Алайда Ыбырай Ильминскиймен қарама-қарсы бағытта толып, оның «көмегіне» де 
мұқтаж болды, болыстық мекемеде тілмаштық қызметтен босанып, ағартушылық қызмет-
ке көшу үшін Ильминскийден көмек сұрады. 
Ыбырайдың  жиырма  жылдық  оқу-ағартық  жұмысы  Ильмискиймен  дипломатиялық 
күресте  өткен.  Ыбырай  оның  əрекеттерінің  обьективтік  жақсы  жақтарын  пайдаланып,  өз 
өмірінде көптеген прогресшіл бастамаларды іске асырды. 
1861  жылы  тілмаштықтан  босап,оқу-ағарту  жұмысына  көшті.Орынбор  қамалы  жа-
нындағы өзі оқып шыққан «Қазақ балаларына арналған мектептің» оқытушысы болып та-
ғайындалды. Бұл Ыбырайдың педагогтіқ жұмысқа тұңғыш рет кірісуі болатын. Ыбырай осы 
жылдардан  бастап  К.Д.Ушинскийдің  оқыту  жүйесіне  түседі,оның  шығармаларымен  таны-
сады. «К.Д.Ушинскийдің «Балалар əлемі» кітабын көрдім, бірақ оны қолыма түсіре алмай 
жүрмін.  Қандай  жақсы  жазылған  кітап»  деп  сүйсініп,  Ыбырай  ол  кітаптың  бір  данасын 
тауып беруді Ильминскийден сұраған. Жазылған хаттарына қарағанда Ильминский оның 
бір данасын Ыбырайға жіберген. Ыбырайдың К.Д.Ушинскиймен танысуы осы кезге – 1862 
жылға  тура  келеді.  К.Д.  Ушинскийдің  ықпалымен  тəрбиеленіп,  педагогтік  жолға  берілген 
Ыбырай ендігі жерде жергілікті өкімет орындарына құлша бағынып отыра бермейді, алған 
бетінен  ұстанған  жолынан  тайынбайды.  Ыбырайдың  Ушинский  жолымен жүргізген  оқыту 
жүйесі бойынша: мектеп, ең алдымен халықтық мектеп болуы керек, халықтың тұрмысына 
ыңғайлы шаруашылығына қолайлы болып құрылуы керек. Мектептер халықтың қалың бұ-
қарасын  қамтуы  үшін  ауылдарда,  болыстарда,  уездерде  ашылуы  керек.  Ауыл  мектебі 
ауыл өміріне, болыстық мектеп-болыстағы жағдайға сай құрылуы қажет. Ауыл мектептері, 
үлгілі, тəртіпті,  көрнекті, мəдениетті, ауылдағы бүкіл мəдени-ағарту, жұмысының орталы-
ғы «қазақтардың оқытудың негізгі буыны» болуға тиіс.  
Сондай  ақ  ол  орыс,  еуропалық  мектептің  үлгісі  бойынша,  мектептерде  «Көшпенді 
өмірден енді-енді отырықшылыққа бейімделе бастаған жергілікті халықтың қажетсінулері-
не» орай кəсіпке үйретуді енгізеді. Балалар балташы, шебер темір ұстасы, тағы басқа да 
кəсіптерге, ал оқушы қазақ қыздарын ішкиім, көйлек пішіп тігуге, бөкебай, түбіт орамалдар 
тоқуға, аттың қылынан белебеу есіп, шекпен тоқуға қысқасы-қазақтарда əрқашан жеткілікті 
болған шикізат негізінде жұмыс істеуге үйрететін.  
1876 жылдың қырқүйек айында Петербургке барып қайту оқиғасы Ыбырайдың өмі-
ріндегі ең бір бақытты кезең болуымен бірге, оның ағартушылық қызметінің даму, кемел-
дену процесінде шешуші фактор болады. Петербургтың бұл кезде патшалық  
Ресейдің  ғана  астанасы  болып  қоймай,орыс  халқының  демократиялық  бағыттағы 
ұлттық мəдениетінің де орталығы ретінде бүкіл дүние жүзіне таныла бастаған мəлім.  
Петербургтағы  ірі  оқу  орындарында,  тарихи  мəдени  орындарда  болу,  орыс  халқы-
ның  таңдаулы  ұлдарының  еңбектерімен  танысу,  прогресшілдік  бағыттағы  адамдармен 
кездесіп пікірлесу Ыбырайдың қоғамдық өмірді пайымдау, тану дəрежесін тереңдетіп, ке-
лешек күрес жолын біржолыта айқындай түседі. 
Осы  сапарында  В.В.Григорьев  сияқты  ескі  досына,  ұстазына,  кездесу  Ыбырайға 
қөптен-көп пайдасын тигізеді. Петербург университетінің профессоры В.В.Григорьевтің  
Ыбырайды қалайша қарсы алғаны туралы Н.И.Ильминский былай деп жазды:  
«В.В.Григорьев оны бұрынғысындай еркелете қарсы алып, астананың бүкіл атақты 
жерлерін  аралап  көруге көмектесті.» Сөйтіп,  Петербургтан Ыбырай  асқан мол  қайрат-жі-
гермен оралады.  
Орыс-қазақ мектептерінің оқытушыларына көмекші-құрал ретінде Алтынсарин орыс 
жазушылары  мен  педагогтарының  еңбектерін  ұсынатын:  Ушинскийдің  «Балалар  əлемі», 
Бунаковтың «Əліппе жəне мектеп пен үйдегі оқу кітабы», Крыловтың  
«Мысалдары»,  Кирпичниковтың  «Грамматикасы»,  Тихомировтың  «Грамматиканың 
бастапқы курсы. Дұрыс жазу емлесі». Л.Толстойдың «Əліппе жəне оқу кітабы», Водовозов-
тың  «Оқу  кітабы»,  Лубенцтың  «Арифметикасы»,  Евтушевскийдің  «Арифметикасы»,  Пу-
цыксовичтің  «Географиясы»,  Острогорскийдің  «Орыстардың  қысқаша  тарихы»,  Белляри-
миновтың  «Жалпы  тарихы»,  Гуревичтің  «Тарихи  хрестоматиясы»,  Фармоковскийдің 
«Орыс тарихы», Сент-Илердің «Зоологиясы», Гердтің «Минералогиялық қысқаша курсы», 
Оливердің «Ботаникасы», Крюгердің «Элементарлық физикасы. 
Ы.Алтынсарин мұғалімдерге көрнекті құралдарды дұрыс орынды пайдалану жөнінде 
нұсқау беріп отырды. Оқытуды дамыту əдісімен жүргізудің құрамды бөлігі ретінде  санап, 
Ыбырай мектеп кітапханасын əр пəнін хрестоматиялық кітаптарымен жабдықтап, мұғалім-
дерден сол кітаптардан балаларға сабақтан тыс уақыттарда қосымша құжаттарды оқытып 
қадағалауды тапсырды. Сондай-ақ мұғалімдердің өз білімдерін көтеріп отыруларына қам-

70 
 
қорлық  жасап,  олардың  Я.Каменскийдің  «Ұлы  дидактикасын»,  Бобровскийдің  «Педагоги-
касын» үзбей оқып отыруды талап етті жəне тағы басқа əдістемелік құралдарды өзі тауып 
беріп, оқытып отырды. 
Оның  еңбектерінен  Я.А.Каменскийдің  «Ұлы  дидактикасын»»,  И.Г.  Пестолоцийдің 
«Элементарлық  методикасын»,  Жан-Жак  Руссоның  «Эмили»,  К.Д.  Ушинскийдің  «Родное 
словосын»  қорытындылап,  жинақтап,  өзіндік  тұрмыс,  салт-дəстүр  ерекшелігі  бар  қазақ 
халқына арнап педагогика жазып шығарғанын көреміз. Абай Пушкиннің Татьянасын қазақ 
даласына қарай жеткізгенін Мұхтар Əуезов «Абай жолы» романында былай бейнеленген: 
«Осылайша 1887 жылдың қысында орыстың данасы Пушкин өзінің сүйікті Татьянасын қо-
лынан жетектеп кеп кең қазақ сахарасына қадам басты». Мұқаның Пушкин Татьянасы ту-
ралы  айтқан  үлгісімен  айтатын  болсақ,  Ыбырай  еңбегінің  арқасында: 1879 ж  педагогика 
ғылымының  негізін  салған  чехтың  аса  ірі  педагог-демократы  Ян  Амос  Каменский  өзінің 
«Ұлы  дидактикасын»  қолтығына  қысып  алып,  қазақтың  кең  даласына  алғаш  рет  қадам 
басты». 
Ы.Алтынсарин  Еуропа,  Ресей  педагогтарының  еңбектері  мен  өзі  танысып  қоя  сал-
май,  көшпелі  өмір  кешіп,  балаларын  молдаға  беріп  сауатын  аштырудын  əрі  аса  алмай 
отырған халқына, оның кен даласына алып келіп, қазақ елінде тұңғыш рет педагогиканың 
негізін  салды.  Осыған  орай  Пушкинің  «Ломоносов  Россияда  тұңғыш  университет  ашты». 
Дұрысын айтқанда, оның өзі біздің тұңғыш университетіміз еді» десе, Ыбырай да біз солай 
деуіміз лайықты.  
Біз халықтар достығының тамырын, əсіресе, орыс халқы мен қазақ халқының ғажай-
ып  достығы  сонау  əріден,  осындай  нақтылы  достықтан  іздесек  керек.  Əсіресе,  интерна-
ционализмді  ту  етіп  отырған  қайта  құру  дəуріміздің  мұраттарына  бұл  тарихи  шындықтар 
шынайлығымен қызмет етеді. Сөйтіп, Ыбырай Алтынсариннің өз халқы үшін сан алуан са-
лада  қайраткерлік  көрсеткені,  Ресей  мен  Қазақстан  арасындағы  бір  алтын  көпір  секілді 
осынау  ғажайып  тұлға  туралы  орыстың  кемеңгер  ұлдары  өте  көп  ой-пікір  қалдырды.  Бір 
ғана Н.И.Ильминскийдің «Ы.Алтынсарин туралы естеліктер» деген кітабының өзі неге тұ-
рады.  
Ағартушы Ыбырайдың ұлылығы сол-өзінің бүкіл өмірі мен күш-жігерін осы ұлы іске 
арнады. В.Г.Белинскийдің сөзімен айтқанда, қоғамның тарихы арқылы əзірленіп, дайында-
лып келген мазмұнды өмірде қолдай жүзеге асыру ісіне арнады. 
ХІХ  ғасырдың 50-60 жылдарында  өнер-білімге  талпынушылық  Россияның  шет 
аймақтарында айқын көзге түсе бастаған құбылыс еді. Мұны орыс халқының озық ойшы-
лары дер кезінде байқап,оған жұртшылықтың назарын аударған болатын. «Əдеби істер,-
деп жазды Н.А.Добролюбов 1859 ж «Современник» журналында, -тек орталық қалада ға-
на  шоғарланып  отыр.  Қазіргі  кезде  Россияның  бар  түкпірінде  ағарту  мəелесіне  айрықша 
талпыну мен ой-пікірлердің өсе түскенін ескерсек, мұның өзі таңданаралық жағдай». Н.А. 
Добролюбовтың бұл пікірінің 50-60 жылдардағы қазақ қоғамына да қатысы жоқ емес. 
Ыбырай  қоғамдық  өмірдегі  жаңа  талпынысты  орынды  байқап,  соған  лайық  қызмет 
етумен қатар жалпы ағарту ісінің, өнер-білімінің артықшылықтарына үлкен сеніммен қара-
ды. Н.Г.Чернышевский айтқандай, «адам үшін ең үлкен бақыт – білім. Білімсіз адамдар əрі 
дөрекі, əрі бақытсыз... Білім халыққа байлық пен күш-қуат əкеледі. Білім адамды дүниеде 
ештеңемен  теңдестіруге  болмайтын  жан  рахатына  бөлейді», – деп  бағалады  қоғамдық 
өмірде оқу, ағарту ісін дұрыс жолға қою арқылы прогреске жетуге болады, халықты мəде-
ниетті елдердің қатарына жеткізуге мүмкіндік туады деп таныды. 
Қараңғыда қарманған халқын жарыққа жетелеген, қазақтың санасын жайлаған дерт-
тің  емін  тап  басып,  көре  білген  Ыбырай  ұстаз  қазақ  қоғамына  жаңалықтың  дəнін  себуші 
қарлығаш болды. 
ХІХ ғ 60-80 жылдарда қазақ қоғамының нендей мəселеге мұқтаж болып отырғанды-
ғын ағартушының өзі де талай рет зор маңыз бере айтқан еді. 70-жылдардағы іс қағазда-
рының  бірінде  ол: «Қазақ  халқының  арасында  өзінің  көрші  халықтарының  тілін  білуге, 
олардың  жазуын  үйренуге  ұммтылушылық  күшейіп  келеді;  өйткені,  біріншіден,  олардың 
қазіргі экономикалық жəне саяси жағдайының өзі аяқтарын аттап басқан сайын дерлік, мы-
салы, орыс тілін, орыс жазуын білуді қажет етіп отыр»0, – десе, 80-жылдардың ішінде бұл 
пікірін  мүлде  айқындай  түсіп: «Қазақ  халқы  орыс  тілін  білудің,  орысша  сауатты  болудың 
керектігің айқын түсініп отыр.. Қазақтарға, осы дарынды, ақыл иесі мол халыққа,  қазір ке-
шікпей тұрып рухани жəне қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру қалай дегені-
мен аса қажет болып отыр» – деп жазды. Бұл келтірілген үзінділер Ыбырай кезіндегі ұлт-
тық  мектептердің  қалыптасуы  мен  дамуындағы  қазақ  ағартушыларының  қызметтері  қан-
дай бағытта қалыптасқанын көрсетеді. Қазақ мектебінің эволюциялық дамуы миссионер-
лік  ағарту  саясаты  аясында  жүрді.  Осы  тұста  ұлт  мектебінің  халық  мүдесіне  сай  қызмет 
етуі-Ы Алтынсариннің жанкешті күресі арқасында іске асты. 

71 
 
ƏДЕБИЕТТЕР 
 
1.  М.Ақынжанов.Қазақ  ағартушыларының  қоғамдық-саяси  қөзқарастарының  қалыптасуы. 
Алматы 1955ж. 
2.  Ə.Сыдықов. Ы.Алтынсариннің идеялары мен ағартушылық қызметі. Алматы 1969ж 
3.  А.Оразбеков.Ы.Алтынсариннің этикалық көзқарастары. Алматы.1974 ж. 
4.  Б.Ғабдулин,  А.Ысқақов.  Қазақ  ағартушы  демократтарының  дін  туралы  пікірлері.  Алматы 
1977ж. 
5.  Қ.Бейсембаев.  Қазақ  ағартушыларының  əлеуметтік,саяси  жəне  философиялық  қөзқарас-
тары туралы. Алматы 1958 ж. 
6.  Ə.Дербісəлин. Ы.Алтынсарин. Алматы 1965ж. 
7.  А.Құсайынов.Қазақсатн білім беру жүйесіндегі Ы.Алтынсариннің орны.Алматы. 2001ж. 
8.  С.Қалиев.  Ы.Алтынсарин-Қазақстандағы  оқу-ағарту  ісінің  апостолы,  ұлы  педагог,  демок-
рат, ағартушы. Алматы 2001ж. 
9.  М.Жадрина.Ы.Алтынсарин жəне қазіргі оқулық мəселесі. Алматы 2001 ж. 
10.Ə.Табылдиев. Ыбырай Алтынсариннің этнопедагогикалық еңбектері. Алматы 2001 ж. 
11. Г.Рысбекова. Ы.Алтынсариннің ағартушылық идеясын жалғастырушы ізбасарлары. Алма-
ты 2001 ж. 
12. Ж.Бəшірова. Ыбырай Алтынсарин имандылық туралы. Алматы 2001ж. 
13. А.Миразова. Ы.Алтынсарин жəне мектептегі білім мен тəрбие. Алматы 2001ж. 
14. Ə.Бахтиярова. Ы.Алтынсарин еңбектеріндегі адамгершілік тəрбиесі. Алматы 2010ж. 
15. Ғ.Қайырбеков «Ыбырай жөнідегі əңгімелерден» Алматы 1959 ж  
 
УПРАВЛЕНИЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНЫМ РОСТОМ  
РУКОВОДИТЕЛЕЙ ШКОЛЬНЫХ МЕТОДИЧЕСКИХ ОБЪЕДИНЕНИЙ 
 
Климчук Т.А., Потапенко О.А. 
ГУ «Средняя школа №2 отдела образования акимата города Костаная» 
 
В условиях модернизации образования актуальным остается вопрос формирования 
высокопрофессиональной  управленческой  команды  школ,  формирование  культуры  ме-
неджмента  педагогов.  Существующая  система  повышения  профессиональной  культуры 
школьных  работников  охватывает  управленцев  первого  уровня  (руководители),  второго 
уровня (заместители директора) и четвертого уровня (педагоги). А формирование управ-
ленческой  культуры  руководителей  школьных  методических  объединений  (третий  уро-
вень), как показывает анализ ситуации, остается за «бортом» системы. В общей системе 
повышения квалификации руководители ШМО не выделены как самостоятельная управ-
ленческая  команда.  Причина  этого  известна:  частая  сменяемость,  отсутствие  управлен-
ческой статусности (руководитель МО в силу учебной нагрузки психологически относится 
в большей степени к учительской среде, нежели к собственно управленческой).  
Налицо серьёзное педагогическое противоречие между достаточно большим объе-
мом  работы,  организуемым  и  выполняемым  руководителем МО  и  отсутствием  отлажен-
ной системы его обучения, в том числе и внутри школы. 
Как показывает практика, команда руководителей школьных методических объеди-
нений не стала объектом системных управленческих воздействий и со стороны школьной 
администрации. Обычно их работа регламентируется распоряжениями, указаниями, при-
казами, а также контролируется через совещание при директоре, заседание методическо-
го совета школы, систему аналитических отчетов. В силу этого культура управления руко-
водителей МО является новым и чрезвычайно важным объектом управления. Поведение 
руководителей  ШМО  в  условиях  инновационной  деятельности  школы  становится  одним 
из  решающих  факторов  развития  школы.  Руководитель  МО,  имея  небольшую  формаль-
ную власть, в реальности обладает максимальными возможностями воздействия на про-
фессиональную  культуру  учителя.  Личные  ресурсы  руководителя  в  управлении  «выхо-
дят» на первый план. 
Школьная методическая служба провела диагностику, с целью определения лично-
стно-профессиональных  ресурсов  руководителей  МО  (в  школе 9 руководителей  МО, 
средний стаж управленческой работы – 5 лет). 
Параметры диагностики были взяты следующие: профессиональный ресурс, психо-
физический ресурс, социальный ресурс, интеллектуальный ресурс, нравственный ресурс. 
Как  и  прогнозировалось,  наиболее  проблемным  оказались  профессиональные  ре-
сурсы руководителя методического объединения: делегирование полномочий, распреде-
ление обязанностей, предъявление требований и т.д.. Социальный ресурс, в том числе и 
мотивация на управленческую деятельность, оказался низким у 2/3 руководителей. 
В  ходе  рефлексивно-деловой  игры  участники  «наполнили»  конкретным  содержа-
нием  параметры  личностных  ресурсов  руководителей  МО.  К  профессиональным  ресур-

72 
 
сам  были  отнесены,  в  первую  очередь,  организаторские  способности,  умение  предъяв-
лять  педагогически  целесообразные  требования,  восприимчивость  к  новому,  базовые 
знания менеджмента и др. К психофизическим ресурсам – физическое и психическое здо-
ровье, саморегуляция, позитивный настрой на деятельность, мобильность. 
К социальным ресурсам – осознание собственной значимости, коммуникабельность, 
инициативность,  конкурентноспособность  и  материальная  обеспеченность.  К  интеллек-
туальным ресурсам – способность к постоянному самообразованию, разносторонние инте-
ресы, творческая любознательность. К нравственным – отсутствие вредных привычек, от-
ветственность, корректность, порядочность, сопричастность, объективность в оценке и т.д. 
Участники  рефлексивно-деловой  игры  методом  «мозгового  штурма»  выработали 
первичные  рекомендации  для  каждого  руководителя  МО  в  соответствии  с  их  управлен-
ческими запросами. 
Диагностико-проектировочная  работа  позволила  школьной  методической  службе 
выработать стратегию психолого-педагогической и методической поддержки руководите-
лей МО в рамках созданной Управленческой школы. Это: 
1.  формирование управленческого поведения руководителей МО  
2.  стимулирование высокого уровня управленческой культуры 
3.  создание единой управленческой команды 
 
План  обучения  руководителей  МО  выстроен  в  строгой  управленческой  логике  и 
реализуется второй год.  
проектирование 
преобразование
диагностика 
Разработка  проекта  рей-
тинговой карты, подготов-
ка методических рекомен-
даций по подготовке засе-
дания МО 
1 заседание: 
1. Рейтинг  работы  МО:  пара-
метры оценки 
2. Креативные  формы  прове-
дения заседаний МО 
3. Утверждение  положения  о 
методическом месячнике.
Оценивание  качества  ра-
боты  МО  в  прошедшем 
учебном  году  (аналитичес-
кая справка). 
Разработка  плана  подго-
товки  к  итоговой  методи-
ческой конференции. 
 
 
 
 
 
Подготовка  памятки  для 
учителя  «Педагогическое 
исследование в контексте 
методической темы» 
2 заседание.
1. Утверждение 
программы 
презентации  работы  МО  на 
итоговой  методической  кон-
ференции 
2. Обсуждение  итогов  мето-
дического  месячника  «Инно-
вации на уроке» 
3. Методические  исследова-
ния в рамках МО как актуаль-
ная проблема. 
 
 
Оценивание  качества  уро-
ков,  проведенных  педаго-
гами  в  рамках  методичес-
кого месячника. 
 
Оценивание  педагогичес-
кой  целесообразности  вы-
бора  методической  темы 
учителем. 
Подготовка  формы  порт-
фолио учителя. 
3 заседание.
1.  Управление  профессио-
нальным  ростом  учителя  в 
рамках МО 
2.  Обсуждение  итогов  мето-
дического  месячника  «Инди-
видуализация  и  дифферен-
циация обучения» 
Оценивание 
профессио-
нальной  культуры  учите-
лей,  аттестуемых  в  учеб-
ном  году  через  анализ 
портфолио учителя. 
Оценивание  качества  уро-
ков,  проведенных  педаго-
гами  в  рамках  методичес-
кого месячника. 
Подготовка  диагностичес-
ких  материалов,  необхо-
димых для подготовки от-
четов. 
Оказание  консультацион-
но-методической  помощи 
руководителям МО в под-
готовке  проектов  презен-
тации. 
4 заседание.
1. Аналитический  отчет  руко-
водителя  МО:  техника  сос-
тавления. 
2. Утверждение 
сценария 
итоговой  методической  кон-
ференции. 
Оценивание  качества  ана-
литических материалов ру-
ководителей МО. 
Подготовка аналитическо-
го  отчета  методической 
службы школы и плана на 
новый учебный год. 
5 заседание.
1. Обсуждение  итогов  мето-
дической конференции. 
2. Обсуждение  итогов  рей-
тинга деятельности МО.
Определение 
«проблем-
ных  зон»  в  работе  руково-
дителя МО 

73 
 
 
Как показала практика, системное обучение руководителя МО дает положительный 
результат и способствует утверждению демократического стиля управления школой. 
Участие педагогов в инновационной деятельности, целенаправленное формирова-
ние профессиональных компетенций учителя позитивно сказываются на качестве учебно-
воспитательного процесса. 
По оценке учащихся, в школе становится очевидным следующие перемены: урок в 
большей степени приобретает характер исследования, нормой школьных взаимоотноше-
ний становится сотрудничество, личностное развитие ученика «выходит» на первый план, 
учителя от авторитарной педагогики переходят к демократическому стилю общения. 
 
ЛИТЕРАТУРА 
 
1.  К.М. Ушаков «Ресурсы управления школьной организацией». М., «Сентябрь», 2000г. 
2.  М.В.  Ерхова  «Рефлексивно-деловые  игры  в  управлении  школой  в  образовательной 
практике». М., «сентябрь», 2008г. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет