Карсшакәуап Ашық отта қуырылады. Салқын гарнирлермен береді (қызынықтар, қиярлар – балғын және тұздалған, зәйтүндер, жасыл бұршақ, брусочектеп туралған жасыл пияз, маринадталған бас пияз, лимон).
Ұсақ кесекті қуырылған еттен тағамдар.
Бефстроганов 5-7г салмақтағы таяқша формасында турайды. Қыздырылған майда қуырады, пассерленген пияз қосады, томатпен қаймақты соус құяды, қыздырады.
Пай картобымен, қосымша гарнирмен ұсынады.
Поджарка Вырезкадан немесе бұзау етінен немесе шошқа етінен 20г брусок формасында етті турап, қуырады, пассерленген пияз бен томат қосады.
Фри картобымен, қосымша гарнирлермен ұсынады.
Кавказшакәуап Дәл карсша кәуап сияқты дайындалады.
Ірі және ұсақ кесекті бұқтырылған еттен тағамдар.
Бұқтыру – комбинирленген процесс, оған алдымен қуыру, содан кейін өз сөлінде, сорпасында, көбінесе соуста бөктіру процесі жатады.
ІрікесектіПорциондыкесекті Бұқтырылғанет духовоеет Шпиктелгенет Ұрғыланған зраздарЛопаткаданорама(рулет) Фаршталғантөс Жартылай шикізаттарды қуырады, өнімді толық жауып тұратындай етіп сорпа, көбінесе су қосады, бұқтырады. Бұқтыру кезінде пассерленген пияз, сәбіз, томат қосып, дайындығына жеткізеді. Сүзеді, алынған сорпада соус дайындайды (қызыл ұн пассеровкасын, қызыл көкөніс пассеровкасын қосып, қайнатады, сүзеді, езгілеп, қайтадан қайнатады).
Бұқтырылған көкөністі гарнирлермен және сорпада дайындалған (қызыл) соуспен жібереді, сонымен қатар қосымша гарнир де ұсынуға болады.
Бұқтырылған еттің ірі кесектерін талшықтарына көлдеңінен турап, соута сақтайды.
Ұрғыланғанзраздар Жіберу алдында жібін шешіп тастайды.
Духовоеет Порциясына 2 данадан ұсынады.
Ұсақ кесекті бұқтырылған еттен тағамдар.
Гуляш Етті кубиктеп турайды (30-40г), негізгі әдіспен қуырады, пассерленген пияз, томат, ұн пссеровкасын қосады, сорпа немесе су құяды, дайындығына жеткенше бұқтырады.
Екінші әдіс: етті қуырады, сорпа құйып, бұқтырады, пассерленген пияз, томат қосып, қайнатады, сүзеді; сорпада соус дайындап, оны етке құйып, дайындығына жеткенше бұқтырады.
Бірінші колонка бойынша үгітілген сарымсақ қосылады (10-15г). Бұқтырылған көкөністермен, картопты езбемен жібереді.
Рагу Қой етін салмағы 30-40г етіп, сүеімен турайды. Қуырады, пассерленген пияз, сәбіз, ұн пассеровкасын қосады, үстіне сорпа құйып, дайындығына жетіп қалғанша бұқтырып, үлеспен туралған қуырылған картоп және сәбіз (кішірек үлес) қосып, дайындығына жеткізеді.
Бұқтырыған гарнирімен және соусымен бірге ұсынады.
Азу Етті брусочектеп (10-12г) турап, қуырады, пассерленген пияз, томат, ұн пассеровкасын қосып, сорпа немесе су құйып, дайындыына жетіп қалғанша бұқтырады, үлеспен туралған қуырылған картоп қосып, дайындығына жеткенше бұқтырады. Ең соңында бөктірілген және қабығы мен тұқымынан тазаланған, ұсақ кубиктеп туралған тұздалған қияр мен үгітілген сарымсақ қосады.
Бұқтырыған гарнирімен және соусымен бірге ұсынады.
Палау Етті қыздырылған майда қуырады, пияз (шикі), сәбіз (таяқша) қосып қуырады, су құйып, тұз салады, (жуылған, тазаланған) күріш салады, сұйықтығы жоғалғанша бұқтырады.
1кг етке - 1кг күріш -1,25 кг сәбіз - 300гр май – 300гр пияз. 1кг пиязға – 1,5л су. Ұсыну алдында араластырады.
Қыздырылып пісірілген еттен тағамдар.
Қыздырылып пісірілген еттен тағамдарды порционды табада дайындайды. Етті міндетті түрде алдын-ала жылулық өңдейді, көбінесе бұқтырады.
Пияздысоустақыздырылыппісірілгенет Порционды табаға бұқтырылған ет (порциясына – 100г) салып, үстіне кондитерлік қаптан соус құйып, картопты езбе салады. Сары май сеуіп, үгітілген сыр сеуіп, қыздырып пісіреді.
Қыздырып пісірген табасымен жібереді.