Ақсоустақыздырылыппісірілгенқойеті Жоғарыда айтылғандай дайындалады, бірақ етті алдын-ала қайнатып пісіреді, бөктірілген (сорпада пісірілген) күрішпен береді.
Голубцы Алдын-ала дайындалған орамжапырақты жартылай дайындығына жеткенше қайнатып, жапырақтарын бөліп алады, жуан бөліктерін ұрғылайды, етті фарш салып, конверт формасында орайды, қуырады, үстіне қаймақты соус құйып, қыздырып пісіреді.
Порциясына 2 данадан береді. Фарш:
Етті еттарқыштан өткізеді + пісірілген күріш + пассерленген пияз + тұз + бұрыш.
Сонымен қатар фаршталған бұрыш (бұрышты алдын-ала бланширлейді) және фаршталған қызанақ (қызанақтың алдын-ала ортасын алпы тастайды) дайындауға болады.
Табиғи туралған массадан тағамдар.
Туралғантабиғибифштекс Өнімдерді панирлемейді – шырынын құяды
Туралғантабиғифиле немесе бөлек соус береді
Туралғантабиғиромштекс Өнімдерді панирлейді – ерітілген сары май
Туралғантабиғикотлета құяды
Табиғитуралғаншницель Негізгі әдіспен қуырылады, дайындығына қуыру шкафында жеткізеді. Фри, пай картобымен, крокеттермен және қосымша гарнирлермен ұсынады.
Жұмыртқаменбифштекс Бифштексті жұмыртқамен жібереді.
Пиязбенбифштекс Бифштексті пиязбан жібеерді.
Люля-кебаб Етті шпажкаларға өткізіп, ашық отта негізігі әдіспен қуырады. Салқын гарнирлермен және қосымша гарнирлермен жібереді. Бөлек түрде лаваш (ұннан, судан және тұздан иленіп, майсыз табада қуырылған) береді.
Көбінесе шелпекті люля-кебаб етіп орайды (220г). Котлетті массадан тағамдар.
Котлеттер Негізгі әдіспен қуырып, қуыру шкафын дайындығына жеткізеді
Биточкилер Шницель Барлық гарнирлермен, сонымен қатар қосымша гарнирлермен
Зраздар жібереді. Негізгі қызыл соус құйып береді.
Тефтелилер Үстіне қызыл соус құйып, негізгі әдіспен қуырады, егер көп мөлшерде дайындайтын болса, қыздырып пісіреді, егер аз мөлшерде дайындалатын болса, бұқтырылады.
Бұқтырылған соусымен және гарнирдің барлық түрімен ұсынылады.
Орама
Көлденеңінен турап, қыздырып пісіреді, гарнирдің барлық түрімен ұсынады. Қызыл соуспен жібереді. Субөнімдерден тағамдар
Қуырылғанбауыр Сыртқы қабығынан ажыратқаннан кейін бауырды порцияларға бөліп, тұздалған ұнда панирлеп, қуыру шкафында дайындығына жеткізеді.
Картопты езбемен, қосымша гарнирлермен жібереді. Қызыл соус туындыларымен жібереді.
Строгановшабауыр. Бауырды таяқша формасында турап, қуырады, пассерленген пияз, қаймақты соус қосып, бұқтырады. Гарнирдің барлық түрімен, көбінесе картопты езбемен жібереді.
Брошебүйрек Бүйректі судан алып шығып, сыртқы қабыршығынан ажыратып, кітапша формасында турап, кептірілген нанда панирлеп, араластыра отырып қуырады.
Пай картобымен, қосымша гарнаирлермен ұсынылады. Қазақстан халқының ұлттық екінші тағамдары.
Ұлттық екінші тағамдарды көбінесе жартылай сұйық тағамдарға жатқызады, олардың шығымы 350-500г. Олардың өткір дәмі болады, көбінесе оларды күйдіреді.
Лағман. Тығыз қамырды ұн, су, тұз, біраз жұмыртқа қосып, орташа консистенциялы қылып илейді, ақуыздыр ісіну үшін қойып қояды. Етті ұсақ төртбұрыш формасында турап, пияз (шикі), болгар бұрышын, редька (жуылып, суда ұсталған), томат қосады, үстіне сорпа құйып, дайындығына жеткенше бұқтырылады.
Алынған құймаға баклажан (суда ұсталған, себебі ол қара түс пен ащы дәм береді), таяқша формасында туралған, бланширленген картоп (крахмалын азайту үшін) қосуға болады.
Қамырды салмағы 50г порцияларға бөліп, жіпше түрінде жайып, май жағады, біраз уақытқа қойып қояды да, созады.
Алынған кеспені тұзы бар суда пісіріп, дуршлагқа салып алып, жуады, ұсыну алдында кеспені суда қыздырып береді. Етті құйма құйып жібереді.
Дүнгенкеспесі Айырмашылығы – етті құйма құрамына ет, пияз, сірке суы қосылады.
Дательманкеспесі Лағманнан айырмашылығы – кеспесі жалпақ болады.
Ерекшетапсырыстағылағман Лағман сияқты дайындалады, бірақ үстіне жіңішкелеп туралған (таяқша формасындағы) дайын омлет салынады.
Ганфан Лағман сияқты дайындалады, бірақ кеспенің орнына бөктірілген күріш қосылады.
Қазақшает Сорпаға турлаған төс, ет (қой еті) салып, әлсіз отта пісіреді, көбігін алып тұрады. Пиязды жартылай сақина формасында турап, үстіне ыстық, бетіндегі майымен бірге сорпа құйып, біраз уақытқа қойып қояды.
Ұн, тұз, су және жұмыртқа қосып, тығыз қамыр илейді, қалыңдығы 1мм етіп, ромб формасындағы шелпектерге бөліп, сорпаның бір жартысына пісіреді.
Етті талшықтарына көлдеңінен кішірек кесектерге турайды.
Жіберу кезінде тарелкаға шелпектерді, туралған ет, жартылай шикі ет қосып, үстіне сорпа құяды. Сорпаны бөлек ұсынады, оның бетіне аскөк сеуіп, қара бұрыш қосуға болады.
Бқл негізгі әдіс, егер қазақша етке тапсырыс беретін болса, онда оған жал, жая, салады және жіберу кезінде қазы, жал, жаяны шелпектің үстіне салып береді.
Қазақшакәуап Қозы етінен маринадтамай дайындайды.
Бауырданкәуап Бауыр мен майды төртбұрыштап турап, майды маринадтайды. Кәуап таяқшаларына кезектеп кигізіп, ашық отта қуырып, қарапайым кәуап сияқты ұсынады.
Шавля Сұйық палау
Чучвора. Қарапайым тұшпара сияқты дайындалады, бірақ шелпектері төртбұрышты формалы болып, арнайы әдіспен жабыстырылады, тұшпаралар сушка формасында болады.