шарпу
Қоғамдық тамақтандыру өнімдерін жіктеу
Өнімдерді жылулық аспаздық өңдеу әдістері мен тәсілдері
Негізгі түсініктер: шикізат, жартылай фабрикаттар, сақтау, қайнату, қуыру, бұқтыру, брезирлеу,
Әдебиеттер тізімі:
Технология продукции общественного питания: Т.1: Физико-химические процессы, протекающие в пищевых продуктах при их кулинарной обработке/ Ратушный А.С. и др. – М.: Мир-КолосС, 2004.- 351 с.
Краткий курс лекций по технологии производства продуктов общественного питания (на русском и казахском языках): Курс лекции / С.Х. Масимова, Т.К.Кулажанов,М.Ж. Кизатова.- Алматы: АТУ, 2009.- 145с
Өнімдерді жылулық аспаздық өңдеу әдістері мен тәсілдері
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында қолданылатын жылулық аспаздық өңдеу әдістері белгілі бір жылуфизикалық және технологиялық жылу беру принциптеріне негізделген: беттік қыздыру (түйсіктік), инфрақызыл спектрімен сәулелену (ИҚ-қыздыру); аса жоғары жиілікті сәулеленумен көлемдік қыздыру (АЖЖ-қыздыру)
Тамақ өнімдерін жылумен өңдеу кезіндегі негізгі тәсілдерге қайнату, қуыру жатады. Бұл процестер жылу режимдерінің әр түрлі болумен сипатталынады. Жылумен өңдеудің негізгі көрсеткіштеріне қыздыру ортасы мен өңделінетін өнім массаларының қатынасы, жылумен өңдеудің температуралық режимдері жатады.
Қайнату. Өнімді жылумен кулинарлық дайындыққа дейін жеткізу қайнату деп аталады. Қайнату кезінде өнім суда, сүтте, сорпада біркелкі қыздырылады. Қыздыру температурасы 100
0С. Кей кезде автоклавтардың ішінде өнім 130
0С температураға дейін қыздырылуы мүмкін. Қыздыру жылдамдығы қыздыру агенті мен өңделінетін өнімнің қасиеттеріне байланысты болады. Тамақ өнімдерін қыздыру бірнеше тәсілдермен жүргізіледі: негізгі тәсіл, аз суда қайнату, бумен қайнату, артық немесе сиретілген қысымды ортада қайнату.
Негізгі тәсілмен қайнату. Өнімді сұйық (су, сорпа, сүт) ортаға салады. Сұйық өнімнен шамамен 1,5 см биіктікте болу қажет. Осы сұйықтық қайнату температурасына жеткізіліп, ары қарай қыздыру процесі әлсіз қайнатылып жүргізіледі. Мұндай тәсілде өнімнің ішіндегі еритін заттардың бәрі сұйыққа өтеді.