бекітілді.
5 4
V
2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЫҒЫС МЕМЛЕКЕТТІК
ШЕКАРАСЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ
ЖӘНЕ
ОНЫҢ
КЕҢЕС ОДАҒЫ Т¥СЫ НДАҒЫ ЖЕКЕЛЕГЕН ДАУЛЫ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1
Қазақстанның
шығыс
мемлекеттік
шекарасының қалыптасуы
Кітаптың екінші тарауы ұлы көршіміз Қытай
Халық Республикасымен арадағы мемлекеттік шекараның
тарихына
арналған.
Мұнда
қазақ-қытай
мемлекеттік
шекарасына қатысты патшалық Ресей мен Цин империясы
арасындағы тұңғыш рет шекараны анықтау келісімдеріне
талдау
жасалынып,
Кеңес-Қытай
қатынастарындағы
шекара мэселесінің көтерілуі баяндалады. Сонымен катар,
екі арадағы шекара мэселесінің өрши түсуі мен оның
әскери қақтығыстарға экелуі, осы сэтте державалардың
үстанған саясаты, оған элемдік ғеосаяси күштердің ықпалы,
мемлекеттердің арасындағы достық пен ынтымақтастықтың
қайта
жандана
бастауы
сияқты
мәселелер
кеңінен
қарастырылмақ.
Қазақ
хандығының
пайда
болуы
Қазақстан
территориясында
ХІУ-ХУ
ғасырларда
болып
өткен
элеуметтік-экономикалық
жэне
этникалық-саяси
процестердің занды корытындысы болды.
Қазақстан
территориясындағы
өзінен
бүрынғы
мемлекеттік қүрылымдардан өзгеше Қазақ хандығының
этникалық негізі XVI гасырдың басынан бастап анағүрлым
кең жэне берік болды да, оған қазақ халқын қүраған
этникалық топтардың бэрі және олар мекендеген бүкіл
территория біртіндеп кіре бастаған.
ХУІ-ХУІІ ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, оның
шекарасы қазақтардың этникалық территориясының едэуір
бөлігін қамтып, үлгая түсті, Орта Азиямен, Поволжьемен,
Сібірмен сауда жэне дипломатиялық байланыс жасалып,
Орыс мемелекетімен достық қатынастар қалыптасты.
«Өз түсында жерді біріктіру үрдісі неғүрлым
белсенді жүрген көрнекті қазақ хандарының бірі Жәнібек
ханның үлы Қасым болды. XVI гасырдың екінші он
жылында Қасым хан қазақ территориясының үлан-байтақ
далалық өңіріне өз үстемдігін түпкілікті орнықтырды. Бүл
5 5
ҚЛІАҚСТЛН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМ-1ЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫ
кезде хандықтың шекарасы оңтүстікте Сырдарияның оң жақ
жағалауынан шығып, Түркістан қалаларының көпшілігін
қамтыды, оңтүстік-ш ыгыста ол Жетісудың тау баурайы
мен алқаптардың едәуір бөлігін алып жатты, солтүстікте
және солтүстік-ш ығыста ¥ л ы т а у таулары мен Балқаш көлі
төңірегі арқылы өтіп, Қарқаралы тауларына дейін жетті,
солтүстік-батыста Жайық өзені бассейніне дейін жетті»,
- деп жазады Б.Кэрібай [50, 46 б.].
Қазақ
хандығы
сол
замандағы
халы қаралы қ
қатынастарға бірте-бірте тартыла берді. Қазақ хандығымен
диплом ати ялы қбай ланы сорн атқан алғаш қы м ем лекеттердің
бірі ¥ л ы князь III Василий (1505-1533) билігін жүргізген
кездегі Мәскеу мемлекеті болды.
«Х Ү І-Х У ІІғасы рларда Қ азақ х а н д ы ғы н ы ң ж ә н ео н ы ң
иелігіндегі жекелеген үлыстардың шекаралары хандар мен
сүлтандардың эскери жеңістеріне немесе сәтсіздіктеріне
қарай, сыртқы саяси жагдайга жэне аймақтағы үлы
державалардың жүргізген геосаясатына байланысты жиі
өзгеріп отырды. Бүл шекаралар қазіргі заманғы Қазақстан
территориясы мен бүкіл қазақ халқын қамтыған жоқ. Оның
бір бөлігі көршілес феодалдық мемлекеттер әміршілерінің
билігінде қала берді. Мысалы, Сырдария бойындағы
қалалар қазақ хандығының қүрамына Есімханның түсында,
XVI ғасырдың аяғында ғана қосылды», — деп жазады
М.Әбусеитова [51, 61 б.].
Осы кезеңде Орта Азияда болған саяси жағдайлар,
әсіресе Қазақстан мен Қытай, Қазақстан мен Жоңғария,
Жоңғария мен Циндік Қытай арасындағы тығыз көпжақты
қарым-қатынас орнауы ХУІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ
шекарасының қалыптасуында басты рөл атқарды. Осы
мемлекеттердің бір-бірімен қарым-қатынасы тарихында
м аң ы зд ы м әселелерд ің б ірітерри тори я,ягн и м ем лекеттерд ің
бір-бірімен түйісетін шекаралары болды.
Х \Ш -Х Ү ІН ғасырлардағы қазақ-ойрат қатынастары
кейіннен қазақ-қытай жер таласыны ң тарихи негізі болды.
Қ азақстаннның оңтүстік және оңтүстік-ш ығыс аудандары
XV ғасырдан бастап жиі-жиі ойрат шапқыншылығына
үшырап отырды. Бастапқы жасалған жорықтардың бэрі
талан-тараж түрінде ғана болып отырды.
XVI ғасырдың ІІ-ші жартысынан бастап ойраттардың
Қазақстан
мен
Орта Азияға
келуіне
түрткі
болған
5 6
Жоңгариядағы жайылымдардың мал жаюга тар болуы
едг Орталық Азияның Солтүстік батыс бөлігінде моңғол
тайпалары: хайттар, дербеттер, чоростар, хошоуттар мен
торғауттар негізінде 16_>0 жылы қүрылған Жоңғар хандығы
қазақ даласының кең байтақ жайылымдарына көз тіге
бастады [52, 65 б.].
ҚазақТармен ойраттар көшпелі мал шаруашыл ығымен
айналысты, бүл үшін жақсы жайылымдар мен көшіп-қону
үшін көптеген жерлер қажет болды. Жоңғарлардың саяси
жағынан күшеюі мен әскерінің артуы, қазақ халқының
таралу аймагының кеңеюі де қазақтар мен ойраттардың
қақтығыстарына себеп болды. Бүл қақтығыстар алғашында
жиі және үлкен оолмағанмен, кейін үзаққа созылған
қантөгіс согысқа алып келді. Қазақтар мен ойраттардың
арасындағы саяси жэне әскери қимылдар діні мен мэдениеті
жагынан өзгеше екі элемнің, түркі жэне моңғол әлемдерінің
қақтыгысын да көрсететінін атап өту керек. ¥ з а қ қ а
созылған екі жақты соғыстардың нэтижесінде қазақтар өз
иеліктерінің көптеген жерлерінен айырылған болатын.
Ойраттардың
үздіксіз
жасаган
жорықтарының
нәтижесінде қазақ халқының басына ауыр жагдай төніп,
қазақ хандықтары көптеген шығынға үшырады. 1729
жылы басталған Цин мен Жоңгария арасындагы соғыс
ойраттардың қазақ жеріне деген шапқыншылыгын біраз
әлсіретті.
«Бір жағынан Циндік Қытай мен Жоңғария, екінші
жағынан Қазақ хандығы мен Жоңғария арасындагы қырғи-
қабақ соғыстар, Қытай әскерінің 1757 жылы Жоңгарларға
жасаган шешуші жорығының нәтижесінде жер бетінен
ойрат мемлекетінің жоғалып кетуімен аяқталды», - деп
жазды И.Златкин [52, 215 б.].
Жоңгария талқандалганнан кейін бірқатар қазақ
жерлері Циндік Қытайдың қүрамына өтіп кетті. Өзара
қырқысулар мен үздіксіз соғыстар нэтижесінде Жоңғарияны
талқандаған соң Қытай империясы жоңгарлар кезінде
қазақтардан тартып алган ¥ л ы және Орта жүздердің жерлерін
жоңғарлардың жері есебінде қабылдады. Осылайша, Қытай
әскері мен Абылай хан жасақтарының арасында екі рет
эскери қақтығыс болды. Осыдан барып екі мемлекет
арасындағы қарым-қатынастар мен келіссөздер жүргізіле
бастаған болатын.
57
ҚАЗАҚСТЛН РЕСПУБЛИКЛСЫНЫН М Е Ш ІЕ К Е Г П К ШЕКЛРЛСЫ
1755 жылы жазда Абылай хан ордасына Цин
елшілігі келді. Лоар әкелген Қытай императорының
манифесінде былай делінген: «Бұрын сендер жоңгарлармен
жауластыңдар, енді жоңгарлар жеңілді. Егер де сендер,
қазақтар багыңгыларың келсе, онда көп сый-сияпатқа
ие боласындар. Ал егер тәуелсіз қалгыларың келсе,
онда шекараны сақтауларың керек, бізді мазаламауга
тиістісіңдер» [53].
Бұл кезде Абылай ханның басты саяси максаты
ойраттар басып алган жерлерді қайтарып алу болатын. 1755
жылдан бастап Цин империясы ойрат жерлерінің қазақ
жэне қыргыз жерлерімен шекарасын анықтауга тырысты.
Қытаймен бейбіт келісімге келген соң, қазақ феодалдары
өз жерлерін дипломатиялық келіссөздермен қайтарып алуга
ұмтылды.
Б.Гуревич
1757 жылы император Циньмунның
Абылай ханга жазган хатында: «Сен бізге багынган сон
білуің керек, бүкіл жоңгар тайпасы біздің жерімізде, сен
біздің шекарамызга қол сүгам деп ойламай-ақ қой», —
делінген деп жазады [54, 133 б.].
Қазақ-қытай қаты настары ны ңтарихы нда екі жақтың
да сыртқы саяси істерді шешуді дипломатиялық деңгейде,
бейбіт әдістерді пайдаланып шешуге ұмтылган жаңа кезең
басталды. Соган қарамастан екі елдің арасындагы жерлер,
эсіресе жайылымдық жерлер мен шекара бойындагы
өзендер үшін таластар, қақтыгыстар болып отырганды.
1763 жылы 5 қыркүйекте император Цзяньмунның
Шыңжан үкіметіне арнайы бұйрыгы келді. Онда қазақтарга,
қыргыздарга Шу, Талас өзендерінің аудандарында жэне
Іле өзенінің батысы мен Аягөз өзенінің оңтүстігінде біраз
жерлерде көшіп-қонуга тыиым салынды, ал егер қазақтар ол
жерлерде мал багатын болса, онда оларды дереу қуу керек
делінген [53, 11-12 б.]. Тыйым салынганына қарамастан
қазақтар Тарбагатай мен Жетісуда көшіп-қонып жүре берді,
бұл жиі-жиі қытай горнизондарымен қақтыгыстарга әкеліп
тұрды.
Цин
үкіметі
қазақтарды
Іле,
Қоргас,
Лепсі
өзендерінің аңгарларынан, Алакөл көлімен, Тарбагатайдан
және Ертіс өзенінің жогаргы агысындағы жерлерден
қуып шыгу саясатын жүргізе бастады. Әсіресе 1762-1765
жылдары қазақ халқына жарияламаган жаңа согыс болды,
58
қытайлар қазақтарды жазықсыз жазалап, олардың малы
мен дүние-мүлкін тонауды күшейте түсті [55].
Қазақтар тарапынан қайратты қарсылық көргеннен
кейін, Цин үкіметі 1767 жылы келіссөз жасауға мәжбүр
болды да, қазақтарга Тарбағатай аумагын және Шығыс,
Оңтүстік-Шығыс
Қазақстанның
жерлерінде
қыстауга,
көшіп қонуга рүқсат берді, келісім бойынша тамыздан
наурызға дейін қазақтар көшкен малдың
1% -
ын салыққа
төлеуге келісті [53, 104 б.].
Осылайша, 1767 жылы қазақтар Моңғол Алтайы мен
Іле аймагындагы кейбір жерлерді қайтарып алды.
¥ л ы жүз қазақтарының аз бөлігі Іле өзенінің
аңғарына барып, Қытай императорының тэуелділігін
мойындады, ал қалгандары Орыс империясына қосылғанға
дейін тэуелсіз болды.
Бір сөзбен айтқанда, XVIII ғасырдың екінші жартысы
Отан тарихында қазақ жерінің тұтастығын сақтаудың,
ойраттар басып алған жерлерді Қытайдан қайтарып алудың
жарқын беттері болды.
XVIII
ғасырдың
орта
түсында
қазақ-қытай
қатынастарының қалыптасуы мен екі мемлекет арасындағы
саяси,
эскери,
дипломатиялық
жэне
экономикалық
байланыстар толыққанды жүзеге асты. Осы кезеңде Қазақ
хандығын билеген Абылай ханның қазақ халқы үшін
атқарған қызметі аса зор болды. Абылай ханның қазақ
халқын күшейтіп, оның жерін, мемлекетін сақтап қалу
барысында көрші екі алып империямен тиімді, өзіндік
саясат жүргізді.
XVIII
гасырдың басында Орыс мемлекетінің ныгаюы
оның Шығыс елдерімен экономикалық байланыстарды
дамытудың кілті мен қақпасы болған қазақ хандықтарына
барған сайын ден қоюына себеп болды. Сонымен бірге,
сыртқы саяси қауіп қазақ халқын күйзелтіп, қайгы-қасіретке
үшыратты. Оныңжалпы өмір сүру іне қатер төндірген жоңғар
басқыншыларының үздіксіз жасаған шапқыншылықтары,
әрине, қазақ халқының Ресейден көмек сүрауына түрткі
болып, ал кейін Қазақстанның Ресей империясы қүрамына
қосылуына негіз болды.
«Қазақ даласы Ресейді Орталық Азия жэне Шығыс
мемлекеттерімен жалғастыратын көпір іспетті болды. Қазақ
даласы арқылы Еуропа мен Азия мемлекеттері бір-бірімен
59
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫ
үздіксіз сауда-экономикалық байланыстар жасап түрды.
Осының барлығы Орыс мемлекеті үшін аса маңызы еді»,
- деп жазады Б.Гуревич [54, 94 б.].
XV ғасырға дейін Ресейдің шығыс шебі Жайық
өзеніне дейін ғана созылып жатты. Орта Азияға еніп,
Үндістан мен Қытайға жол ашу үшін Ресейғе ең алдымен
Жайықтың бер жағындағы қазақ даласын басып алу керек
болды. Азияға кіру екі бағытта - батыстан, Каспий теңізінің
жағалауынан, шығыстан Ертіс өзенінен жүрді. Бүл I Петр
түсында қолға алынды. Ол жөнінде I Петрдің өзі: «Қырғыз-
қазақ даласы - Орта Азияның кілті, сондықтан да Ресей
қазақ хандығын өз қол астына алуы керек», — деғен еді [56,
134 6.].
.
Орыстардың қазақ жеріне ие болуына сол кездегі
тарихи жағдай да аз көмектеспеді. Сол кезеңде жоңғарлар-
дың үздіксіз шапқыншылығынан қорганган Кіші жүз ханы
Әбілқайыр 1731 жылы ақпанда Ресей империясының
бодандығын қабылдады. Оның артынан басқа хандар мен
сүлтандар да бодан болуға ант берді. Осылайша, 133 жылга
(1731-1864 жж.) созылған Ресейдің қазақ жерін басып алуы
басталды.
XVIII ғасырдың аяғында Орыс империясының
Қазақстандағы шекарасы Каспий теңізінің жағасынан
басталып, Омскіге, одан ары Ертіс өзенінің бойымен Алтай
тауларына дейін созылып жатты. Сібір бекініс сызығының
бойында Семей (1718 ж.), Өскемен (1718 ж.) жэне Павлодар
(1720 ж.) бекіністері салынды. Ал Орынбор бекінісі эскери
сызығының салынуы Кіші жүз бен Орта жүз территориясын
толық қамтыды [10, 213 б.].
1822 жылы Патша үкіметі Сібір қырғыздары туралы
ереже қабылдап, қазақ даласын экімшілік округтерге бөлді
[10, 235 6.].
1824-1839 жылдары Қазақстан территориясында
Көкшетау,
Қарқаралы,
Атбасар,
Көкпекті бекіністері
салынды. Осылайша Орта жүз территориясының Ресей
эскери-экімшілік аппаратының қол астына өтуі аяқталды.
XIX ғасырдың екінші жартысында орыс эскерлерінің
Жетісуға келуімен 1854 жылы Верный бекінісі салынды.
Оның артынша Қазақстанның оңтүстігі де Ресей қарамағына
өтті [10, 244 б.].
Жаңа орыс иеліктері Циндік Қытайдың иеліктерімен
6 0
жақындасуга алып келді, бұл бірқатар мемлекетаралық
мәселелерді, атап айтқанда орыс-қытай сауда қатынастарын
жэне
Орта
Азиядагы
орыс-қытай
мемлекеттік-
территориялық шектесуін шешу қажеттілігін тудырды.
Қытай мен Ресей арасында Орта Азияда шекара
сызыгын жүргізу жөніндегі бірінші ресми қүжат 1860
жылы 2 қарашадагы Пекин келісімі болды, ол кейін 1864
жылы Шэуешек хаттамасымен толықтырылды [53, 34
б.]. Пекин келісімінің екінші бабы бойынша, шекаралық
сызық Енесай басынан, Томск жэне Енисей генерал-
губернаторлықтарының шекарасындагы ескі аралық белгі
Шабин дабагадан - оңтүстік-батысқа қарай Зайсан көліне
дейін, одан Жоңгар Алатауына қарай, Іле өзенін кесіп өтіп,
Тянь-Шаньнан Қоқан иеліктеріне дейін созылды. Сондай-
ақ, 1860 жылы Пекин келісімінің екінші бабы бойынша
екі ел арасында батыста осы уақытқа дейін шекара белгісі
жүргізілгеніне қарамастан, қытай пикеттері ол жерде
бүрыннан бар екені айтылмаган. Бүл пикеттер Циндер
Жоңгар хандыгын талқандаганнан кейін, біріншіден — қазақ
көшпелілері мен осы аймақтың басқа халықтарын бақылау
жэне олардың циндерге қарсы көтерілуін алдын алу үшін;
екіншіден — Аспан асты империясының багыныштылары
болмаган қазақтарды сол территорияга көшіп-қонуга
кіргізбеу мақсатында қойылган болатын.
Екі ел арасындагы шекараны бөлісу толық түрде
1864 жылы 25 қыркүйектегі Шэуешек хаттамасы бойынша
жүргізілді. Орталық Азиядагы Ресей мен Қытайдың
территориялық-мемлекеттік шекараласуы географиялық
жагдайга байланысты жүргізілді, бүл жерде шекараны бөлуде
сол территорияда түрып жатқан халықтың экономикалық,
этнопсихологиялық, саяси жагдайлары есепке алынбады,
оны 1864 жылгы Шэуешек хаттамасының 5-ші тармагынан
көруге болады. Бүл тармақта былай делінген: «Бүл
шекараны белгілеу екі ел арасындагы достық келісімді мэңгі
бекіту мақсатында жасалды, сондықтан да екі ел арасында
белгіленген шекараның бойында түратын халықтар үшін
талас тумас үшін, осы хаттамамен белгіленген күнді негізге
алу керек, ягни, осы күнге дейін халықтар қай жерде
түрып келді, сол жерде қалулары керек және өмір сүруге
берілген мүмкіндіктерді пайдаланып, тыныш өмір сүрулері
керек, және де қай мемлекетке олардың көші-қон жерлері
61
КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫЫЫҢ
МЕМЛЕКЕТПК
ЫІЕКАРАСЫ
өтсе, сол мемлекетке жермен бірге адамдары да өтіп, сол
мемлекетпен толық басқарылуы тиіс. Осыдан кейін кімде-
кім бұрынгы тұргылықты орнынан екінші жаққа көшетін
болса, онда оларды артқа қайтарып, осымен шекарадагы
белгісіздік пен үркіншілікті тоқтату керек» [53, 38 б.].
Орта Азиядагы Қытай мен Ресей арасындагы
территориялық-мемлекеттік
шекараласу
бірнеше
рет
түзетілді. Ш әуешек хаттамасына қол қойганнан кейін
бірнеше жыл өткен соң, Шыңжандагы Цин үкіметіне қарсы
ұлт-азаттық қозгалыстың басталганын пайдаланып, Ресей
тексеру жүргізуді жэне Қытай есебінен өзіне жер қосып алу
арқылы демаркаңиялық сызықты кей жерлерде өзгертуді
талап етті. Осылайша, 1869 жылы Кобда хаттамасына,
1870 жылы Тарбагатай демаркациялық хаттамасына қол
қойылды [57].
■:
Жақыпбектің мемлекеті Іле мәселесін, сонымен
қатар, Орталық Азиядагы Қытай мен Ресей арасындагы
жерлерді толыгымен территориялық-мемлекеттік бөлуде
маңызды рөл атқарды. Нәтижесінде қазақтардың дәстүрлі
көші-қон жолдары бұзылды, олардың жайылымдары мен
суаттары
тартылып
алынды.
Шыңжаңдагы
Циндерге
жалпы Хань есімді елдерге дүнгендердің, ұйгырлардың,
қазақтардың, қыргыздардың және басқалардың ұлт-азаттық
қозгалысы элемдік жұртшылық алдында үлкен резонансқа
ие болды және Орталық Азиядагы сол кездегі тарихи
жагдайлар мен қарым-қатынастардың барысына эсерін
тигізді. Ресей эскери күшінің аздыгынан Цин үкіметіне
көмектесе алмады, өйткені ол Қазақстан мен Орта Азия
халықтарының толқуларынан сескенді. Ал Цин үкіметінің
өзі ішкі жэне сыртқы жагдайының қиындыгынан қолынан
келер еш амалы жоқ еді.
Ресей
тарихшысы
В.Дацышен:
«1865
жылы
Шыңжанда Цин үкіметі құлатылды. Қашқарда Жақыпбек
басқарган Жетішар мемлекеті, Құлжада Тараншы хандыгы
жэне Үрімшіде Дүнген сұлтандыгы құрылды. Кейіннен
Іле өңіріндегі саяси-экономикалық жагдайдың әлсіздігін
пайдаланып, 1870 жылы Ресей империясы Іле ауданына
генерал Г.А. Колпаковскийдің басшылыгындагы эскерді
кіргізді», - деп көрсетті [58, 51 б.].
Пекиндегі орыс елшісі бұл шараны Цин үкіметіне
осы
аймақта заң
мен
тэртіп орнатуга багытталган
62
Цатша үкіметінің көмегі деп мэлімдеді. Кейіннен Қытай
өзі басқаруға шамасы келген кезде Іле ауданыннан
кететіндіктерін айтты. Осы мәлімдеме бойынша, он жыл
өткен соң Ресей Іле аймагындағы жерлерден айырылды.
Негізі, Ресей империясының ойы Манчжур үкіметінің
өзіне қарсы багытталған көтерілісті басуға шамасының
келмеитінін паидаланып, Іле ауданының қүнарлы жерін
орыс саудасына пайдалылығын көздеп, басып алуға
тырысқан
болатын.
1871
жылы
22
маусымда орыс
эскері қазақ еріктілерінің көмегімен Қүлжаны соғыссыз
басып алды. Іле аймағы экімшілік жағынан Жетісу
генерал-губернаторлығына бағынды, орыс әкімшілігінің
бақылауымен жергілікті үкімет органдары қүрылды [59,
45 б.].
Қазақстандық
тарихшы
Н.Алдабек:
«шет
мемлекеттердің
көмегінің
арқасында
Цин
үкіметі
Шыңжандағы жагдайга мойын бүруға шамасы келіп,
Шыңжаңға 89 мың эскері бар генерал Дзо Цзунтан жіберілді.
1876 жылы 18 тамызда олар Үрімжіні басып алды, ал 1877
жылы сәуірдегі шайқастардан кейін Жақыпбек армиясы
талқандалды», - деп жазады [60, 220 б.]. Осы жылы Қытай
эскерлерінің жеңіске жетуінің нәтижесінде оның қол
астына Қашқар өтіп, Қытай мен Ресей арасында шекаралық
аимақ жөніндегі қарым-қатынастарын қаитадан айқындау
қажеттігін туғызды.
Орыс-кытай
келіссөздері
1879
жылдың
20
қыркүйегінде Ливадия келісіміне қол қойылуы арқылы
Іле өңірін Қытайға қайтып берумен аяқталды. Ливадия
келісімінің 1-бабы бойынша Ресей Іле территориясын
Қытайға қайтарады. Ал осы келісімнің 3 бабы бойынша
Іленің Ресейлік қүрамына кірген территориясында түратын
халық Ресей түрғындары болып табылады. Қытай Ресейге
әскери шығын жэне Іле аймағын басқарганы үшін 5 млн. сом
ақша төлейтін болды [53, 74 б.]. Бүл мәселелер келісімнің
6-шы бабында толық көрсетілген. 7-ші бап бойынша Цин
үкіметі Іленің батысындағы Қорғас өзенімен, оңтүстігінде
Текес өзенінің жазығымен шектесетін жерді, сондай-ақ
Тянь-Шань арқылы өтетін маңызды Мүзарт асуын Ресейге
берді. Ресейге осы азғантай ғана территорияны беруіне
байланысты қытай билеуші топтары арасында кел іспеушіл ік
туды. Сол кезде екі мемлекеттердің арасындағы байланысқа
63
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫ
көңілі толмайтын Англия бұны пайдалануға тырысып, қытай
билеуші топтарының арасында жер мәселесін көтеріп,
оларды екі мемлекеттің арасында жан-жал, қақтығыстар
туғызуға айтақтап отырды.
Өйтқені
ол
мемлекеттік
территориялық бөлісу жөніндегі орыс-қытай келісімін
жою, тіпті екі ел арасында әскери қимылдар тугызу арқылы
өзінің Орта Азиядағы билігін қайта нығайтуға тырысты.
Батыс Еуропа елдерінің айдап салуымен жэне
ішкі күштердің итермелеуінің нәтижесінде мемлекеттер
арасындағы байланыс күрт нашарлап, екі ел соғысқа
дайындала бастады. Бірақ Цин империясының ішкі жэне
сыртқы саяси-экономикалық жагдайының ауырлығына
байланысты
және
Ресей
империясының
саяси,
дипломатиялық жэне әскери қорқыту шараларынан кейін
Қытай 1881 жылы 21 ақпанда Петербугте орыс-қытай
келісіміне қол қоюға мэжбүр болды. Бұл екі держава
арасындағы
қазақ
жерін
бөлісудің
соңғы
нүктесін
қойды. Осы келісімнің қорытындысы бойынша Тянь-
Шаньның батысында өмір сүретін қазақтар Ресейге, ал
шығысындағылар Қытайға қарады. Келіссөздер барысында
қол жеткізген екі жақты келісімде м ы наж айлар көрсетілген:
Ресей Іле аймагында Қытай үкіметінің орнауына келіседі (1
бап), түрғындар түрғылықты орны мен бодандықты (Қытай
немесе Ресейлік) тандауға ерікті (3 бап), сондықтан да
1881 жылгы Петербург келісімінен кейін Іле аймағының
мүсылман түрғындары - қазақтар, үйғырлар, дүнгендер
Жетісуга қоныс аудара бастады. Егер 1882 жылы Жетісуда
5 мың үйгыр жэне дүнген жанүясы түрса, 1884 жылдың
басында 453777 жан бар 9572 жанүя көшіп келді. Оларды
негізінен Шелек, Іле жэне Түрген өзендерінің аңғарларына
орналастырды [53, 54 б.].
Екі жақты келісім бойынша 1883 жылы қытайлар
жаңа
шекара
сызығы
бойына
Нарынқолдан
бастап
Қоргастың жогарғы жагына дейін шекара бекеттерін қойып
шықты. Бүл шекара пункттерін Қорғастан бастап қарулы
қытай әскерлері күзетсе, ал Нарынқол жағындагы 7 пунктті
қалмақ-улюттер күзетеді деп келісілді [53, 56 б.].
Петербург келісімінің 7-ші бабы бойынша Ресей
мен Қытай иеліктері арасында мынадай шекара бекітілді:
Беджиктаудан басталып, Қоргас өзенінің агысымен оның
Ілеге қүятын жеріне дейін, сосын Ілені кесіп өтіп Қалжат
6 4
ауылының батысында қалдырып, оңтүстікте Үзынтау
тауына қарай, ол жерден 1864 жылғы қол қойылған Шәуешек
хаттамасында көрсетілген сызық бойынша оңтүстікке
кетеді. Осылайша Ресей Текес өзенінің аңғарымен Мүзарт
асуынан бас тартып, Іленің батысындағы аз жерге ие болды.
Қытай 1879 жылғы Ливадия келісімі бойынша Ресейге
Іленің батыс аймагын беруге келісті. Орыстардың Текес
өзені мен Мүзарт асуынан бас тартқаны үшін Цин үкіметі
Зайсан көлі мен Қара Ертіс өзені ауданындағы орыс-қытай
шекарасын қайта қарауға, сөйтіп қазақтардың дэстүрлі
көшіп-қонуына байланысты ыңғайсыздықтарды шешуге
келісімін берді, бүл 8-ші бапта айтылған, шекараның
бүрынғы бағытын екі
империяға тең қазақ рулары
арасында нақты бөлісу арқылы өзгерту керек делінген [53,
59 б.]. А.Бақтыбаева: «...сонымен қатар Қытай Ливадия
келісімінің 6-шы бабында белгіленген 5 млн. сом ақшаның
орнына орыстардың Іле аймагына әскер кіргізген шығыны
үшін Ресейге 9 млн сом төлейтін болды», — деп жазады
[61]. Осылайша, 1881 жылғы ГТетербург келісімі Ресейдің
Орта
Азиядағы
жағдайының
әлсіреуіне
экелгендігін
көрсетті, өйткені, Қытай пайдасына шешілген жерлер оның
тарихи иеліктері емес еді, ал патша үкіметі осы геосаяси,
экономикалық, стратегиялық жағынан маңызды аймақты өз
қарамағында үстап қала алмады. Н.Алдабек: «Қытай 1884
жылы солтүстік-батысындағы территорияларды қол астына
алысымен бір экімшілік жүйеге бағындырып, Шыңжаң
провинциясын қүрды», - деп жазады [60, 209 б.].
Ресейдің Қытайға Іле аймагын қайтарып беруімен
қазақтың Суан, Албан, Қызай жэне т.б. рулары өздерінің
маусымдық Іле, Текес өзендерінің аңгарларындағы жэне
басқа аудандардағы жайылымдарынан айырылды, бүл
қазақ жерін өзара бөлісіп алган елдердің біріне күшпен
қосылған
қазақтардың
дәстүрлі
көші-қон
жолдарын
бүзды. Іле аймағын қайтарғаннан кейін екі мемлекеттің
арасында туындаған
саяси-экономикалық
мәселелерді
шешу үшін орыс жэне қытай әкімдері өзара келісімге
келу үшін бірқатар мәселелерді талқылады. Бүл негізінен
қытай бодандығындағы қазақтарға, қырғыздарға Нарынқол
маңындағы көлден түз алуға рүқсат ету, сонымен қатар
орыс бодандығындагы қазақтар мен қырғыздар қыс кезінде
малдарын Текес жазығына апаруына мүмкіндік беру
65
ҚЛЗЛКСТЛН РЕСПУБЛИКЛСЫНЫЦ М ЕМ ЛЕКЕТП К ШЕКАРЛСЫ
жөніндегі келісім болды [53, 46-49 б.].
Ресей мен Цин империясының арасындагы кол
ж еткізілгенкелісім дердіңнэтиж есібойы нш ақазақтарҚ ы тай
территориясындагы Іле және Тарбагатай округтерінде
бұрынгы жайылымдары мен территорияларын 1892 жылга
дейін ез тұрмыстарына пайдаланды, кейін келе Қытай
үкіметі мұны біртіндеп шектей бастады.
Екі
жақ
мойындаган
шекараның
болуы
әр
түрлі
территориялық тартыстың болмауына
кепілдік
бермеді.
Арадагы
түсінбеушілік
негізінен
орныққан
шекара сызыгына келіспеушілік пен шекара аймагында
орналасқан территориялардың мэртебесіне байланысты
таластар туындап отырды. Бұл мәселелер көп жагдайда екі
мемлекеттің арасында күрделі наразылық пен қақтыгысқа
алып келді. Шыгыс Сібірдің генерал-губернаторы Д.Г.
Анунин: «Қытайдың көп уақыттан бері өзінің ішкі
өмірімен шектелмеуі, бізді осы көршімізбен қандай да бір
қақтыгыс болмайды деген ойга үйретіп, кытаймен шекарада
басқа ешбір жерде мүмкін емес адамның ойына да кіріп
шықпайтын патриархалды қатынастардың орнауына себеп
болды. Маган басқаруга берілген Қытаймен шектескен
алып шекараның бойында өзара келіскен бірде бір пункт
жоқ, керісінше шекара сызыгы бойынша даулы және мүлдем
белгіленбеген күрделі сұрақтар көптеп кездеседі. Сонымен
қатар, шекара сызыгы көптен бері қарастырмагандыктан,
екі тараптын құжаттары бойынша алшақтыктар көп жэне
табигат ландшафтары мен өзендер агысының өзгеруінен
айырмашылықтар да бар», — деп жазады [62].
Ресей-қытай
шекараларындагы
территориялық
мэселелер эр кезеңдер мемлекеттердегі оилік пен ж үиенщ
ауысуына байланысты көтеріліп, сосын белгілі бір жагдайда
екі тараптың өзара келісулері нәтижесінде шешімін тауып
отырды немесе шиеленісті одан эрі күрделендіре түсті.
1881 жылы екі жақты келісудің нәтижесінде қол
жеткен Санкт-Петербург келісімі мен оның орындалуын
қамтамасыз етуге бекітілген қосымша хаттамалар жаңа
шекаралық таласты ң тууына жол берді. Оншақты жылдың
көлемінде қазақтар көшіп жүретін Барлық тауының
территориясын Қытайга беру жөніндегі мэселе осы кезде
күн тәртібінен түспей тұрды. Жаңа келісім бойынша қазақ
жайылымдары екіге бөлініп, шыгысы Қытайга, ал батыс
6 6
брлігі Ресей жагына өткен болатын. Жетісудың әскери
губернаторы 1884 жылга берген есебінде: «... 1883 жылы
Сергиеполь уезінің шекарасына белгілер қойган кезде
шекарадагы болыстардың жайылымдарының көп бөлігі
қытай жагында қалып қойды. Қытай комиссарларын
шекараны өзгертуге көндіру мүмкін болмады, тек 1883
жылы 21 қыркүйекте келісілген Шәуешек хаттамасы
бойынша қазақтар мекендейтін Барлық тауының қытай
жагына қарайтын бөлігінде 10 жылга жэне Тарбагатай
округінің басқа жерлерінде бір жыл көлемінде пайдалануга
келісілді», — деп көрсетеді. Сонымен қатар, 1882 жылгы
шекара хаттамасы қазақтардың Қытай территориясында
жайылымдарын сақтап қана қоймай, осы келісімдерді
болашақта қайта қарауга мүмкіндік туатыны үміттендірді.
Ол хаттамада: «Барлық тауларында көшіп жүретін орыс
ведомствосының қыргыздары (қазактар) он жылдық мерзім
аяқталганнан соң, егер осы мәселе бойынша жаңа келісім
болмаса, олар Ресей жеріне шыгарылуы тиіс», — деп
көрсетілген [53, 46-49 б.].
Патшалық үкіметтің 1884 жылы Қытайга Тарбагатай
округіндегі жайылымдарды беруі нәтижесінде Барлы қж эне
Еміл болыстарының біраз қазақтары, барлыгы 697 түтін, өз
жайылымдарынан айырылып қалмас үшін қытай жагында
қалган болатын. Он жыл мерзім өткеннен кейін Барлық
тауларын мекендейтін қазақтар осы уақыт аралыгында
келісімді одан эрі қарай жалгастыратын екі тарап арасында
уагдаластық болмагандықтан, Цин империясының қол
астына өтті. Бұл кезде Ресейдің осы жерлерді өз карамагында
сақтап қалуга тырысқанымен, одан ешбір нэтиже шықпады.
1890 жылгы Дала генерал-губернаторының Мәскеуге
жасаган есебінде, егер
1893 жылы Барлық таулары
Қытайдың қарамагына өтетін болса, Ресей үлкен шыгынга
ұшырап, қосымша проблемалар табады деп көрсетілді. Ол
кезде Барлық тауларында мекендейтін халықтан жылына
қазынага 30 мың рубль түсетін, Семей облысы Зайсан уезі
мен Жетісу облысының Сергиополь уезінің 5 мың түтіннен
асатын қазақтары көшіп жүрді.
Қытай
бұл
келісімге
байланысты
табандылық
танытып, ешбір келісімге барудан бас тартып отырды. Ал
Ресейдің Пекиндегі елшісі А.П. Кассини өзінің 1892 жылы
қаңтарда жазган жауабында, келісімге келуге үміт аз, қытай
67
КАІАКСТАІ1 РЕСНУШШКЛСЬШЫҢ МЕЛШЕКЕТТІК
ШЕКАГАСЫ
басшылыгымен осы мәселеге байланысты сөйлесудің реті
келмей жаткандыгын және Памир мәселесінін сейілгенінше
күтетұруды үсынды. Пекиндегі Ресей өкілінің 1892 жылдың
күзінде кол жеткізген тек бір ісі Барлық таулары бойынша
келісімді Шәуешекке ауыстыруы болды.
Бірақ Ресей жагы бүл мэселені өз үлесіне шешуге
қанша тырысқанымен де ешбір оңды нэтиже шықпады. 1893
жылы «Барлық мәселесі» толық жабылып, 30 қыркүйекте
түтас Барлық территориясын тапсыру жөніндегі актіге
қол қойылып, 20 желтоқсанда басқа сүрақтарга қатысты
хаттамага қол қойылды. Бірақ қолайсыз шекара сызыгы
мәселесі
сол
күйінде шешімін таппады. Ол жөнінде
Дала генерал-губернаторының одан
кейін де
«орыс
мемлекеттік шекарасын батыс Қытай мен Жетісу жэне
Семей облыстарымен түзету туралы» мэселені көтеріп
отыргандыгын көреміз. Барлық мәселесініңж ойы луы Ресей
шекарасының Жоңгариямен орнауына экелді.
6 8
|