Республикасы



жүктеу 0.82 Mb.

бет4/12
Дата23.02.2017
өлшемі0.82 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

6
.
1
.

КЛЗАҚСТЛН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫ
1920  жылы  25  қыркүйекте  Жанкелдин,  Әлібеков, 
Меңдешев  жэне  т.б.  қатысқан  Облбюроның  мәжілісінде 
республиканың  шекарасын  аиықтауға  қатысты  жасалған 
б аян д ам ан ы ң тези сіты ң д алд ы . М эж ілістің ш еш ім і бойынша 
Қазақ АКСР-іне қазақтардың Сырдария облысынан Торғайға 
көшкенге  дейін  мекендейтін  жерлері  қосылсын  деген 
шешім  қабылданады.  Ал  Сырдария  облысының  бөлігін 
нақты  анықтау  экімшілік  бөлу  секциясына  жүктелді  [29].
РКФСР  аймақта  барлыгына  ортақ  ақша  белгілерін 
енгізді,  бүкіл  Орталық  Азияға  ортақ  сыртқы  сауда  мен 
темір  жол  басқармасы  қүрылды,  бірыңғай  экономикалық 
жоспарлау орнатылды. Хорезм жэне Бүқара республикалары 
халықтық  республикадан  социалистік  республикага  ауыса 
қайта  қүрылып,  КСРО  қүрамына  кірді.
Орталық  Азия  республикалары  арасында  үлттық- 
территориялық  межелеуді  жүргізу  аса  күрделі  мэселе 
еді.  Мүндағы  халықтардың  тарихи  байланы старыны ң 
тереңде  жатуы  мен  үлттардың  бір-бірімен  аралас  жэне 
тығыз  орналасуы  үлттық  республикалардың  шекараларын 
анықтауда 
көптеген 
қиындықтар 
туғызды. 
Сондай- 
ақ,  экономикалық  орталықтар  мен  ірі  елді-мекендерді 
бөлу  мэселесі  көп  жағдайда  тығырыққа  тіреліп  отырды. 
Экономиканың даму  деңгейі  мен  халықтың  үлтты қ  қүрамы 
туралы 
статистикалық  мэліметтердің 
мардымсыздығы 
жагдайды  одан  эрі  қиындатты.  Осының  бәрі  көптеген 
жүмысты талап етті. Осы мақсатта РК(б)П ОК Орта Азиялық 
бюросы  жанынан  жэне  эр  үлтты қ  республикалардың  жеке 
комиссия  бөлімшелері  қүрылды.
РК(б)П-ның 
XII 
съезінен 
кейін 
Орта 
Азия 
республикаларының  партия  жэне  кеңес  органдары  РК(б)П 
ОК-нен  Орта  Азияны  үлттық  территориялық  жагынан 
межелеуді  жүргізу  мэселесін  қарауды  сүрап  тілек  білдірді. 
Қазақ  АКСР-інің  үкіметі  1924  жылы  қаңтарда  кеңестердің
IV  съезінде  берген  есебінде  Жетісу  мен  Сырдария 
облыстарындағы  казақ  аудандарын  қосу  туралы  мәселені 
орталық  партия  жэне  мемлекет  органдарының  алдына 
қойды.  Түркістан  кеңестерінің  XII  съезінің  делегаттары 
сөйлеген  сөздерінде  межелеу  жөніндегі  мэселені  тез  арада 
шешу  қажеттігін  ерекше  атап  көрсетті  [30].
1924 жылы 31  қаңтарда РК(б)П ОК-нің үжымдастыру 
бюросы  межелеу  туралы  үсынысты  қарап,  РК(б)П  ОК-нің
3 6

хатшысы 
Я . Э .
  Рудзутакқа  осы  мәселе  жөнінде  Ташкентте 
кенес  шақыруды  тапсырды.  Кеңес  1924  жылы  наурызда 
өткізілді.  Түркістанның  үлттық-территориялық  межеленуі 
туралы  Түркістан  коммунистік  партиясының  орталық 
комитетінің  хатшысы  А.Рахымбаев  баяндама  жасады  [31]. 
Кеңеске  қатысушылар  межелеудің  жүргізілуін  қолдады. 
Түрк  ОАК  тэрагасы  Айтақов  өз  сөзінде  Орта  Азияның
үлтты к-территориялықмеж еленуінж әнетүрікменхалқы ны ң
Оіртүтас  кеңес  респуоликасына  оірігуінің  қолаилы  екенін 
айтты.
Көрнекті  галым,  қогам  қайраткері  С.Асфендияров 
өз  сөзінде  Қарақыргыз  автономиялы  облысын  қүрудың 
зандылыгын  дәлелдеді.  Бүны  өз  сөзінде  Атабаев  қолдады. 
Орта  Азиялық  экономикалық  кеңестің  төрагасы  М.А. 
Пасутский  «аймақтың  экономикалық  бірлігі  қолайлы» 
дегенге  сүйеніп,  Орта  Азияның  барлық  республикаларын 
біріктіруді  талап  етті.  Ол  шындыгында  межелеуге  қарсы 
шықты.  Сүлтанбек  Қожанов  «түркі  тайпалары  бірыңғай 
түркі  тілдес халықты  қүрайды,  оны  жасанды түрде айыруға 
болмайды»,-деді. 
Кеңес 
Пасутский 
мен 
Қожановтың 
пікірлерін 
қабылдамай 
тастады. 
Ол 
Рақымбаевтың 
Орта  Азияны  межелеу  туралы  баяндамасынын  негізгі 
тезистерін  мақүлдады.  Жергілікті  үйымдардың  пікірлері 
анықталғаннан  кейін  мәселені  талқылау  РК(б)П 
ОК- 
нін  Орта  Азия  бюросы  мен  орталық  партия  органдарына
көшірілді  [31,  156-161  б.].
Сонымен  қатар, С.Қожанов  1924 жылғы  10  наурызда 
өткен 
үлттық-территориялық 
межелеуге 
байланысты 
мэжілісте  Орталық  Азияны  федерацияға, 
экономикалық 
жағынан  емес,  саяси  әкімшілік  жағынан  біріктіру  туралы
үсыныс  жасады  [32].
Ал  1924  жылы  26  тамыздағы  РК(б)П  Киробком 
Төралқасының  мәжілісінде  Меңдешев  ТүркАКСР-і  мен 
арадағы 
шекараны 
межелеуге 
байланысты 
баяндама 
жасайды.  Меңдешев  республикалар  арасындағы  шекараны 
анықтауға әр елден үш адамнан өкіл  қатысқан  комиссияның 
күрделі  жэне  келісімді  жүмыс  атқарып  жатқандығы 
жайлы  хабардар  етіп,  біраз  қарама-кайшылықтар  тудырып 
отырған  мэселелерге  ерекше  тоқталып, 
комиссияның 
үлттық-территориялық  межелеуге  қатысты  шешімдерінің 
қорытындысымен  таныстырды  [31, 
110   б.].  Ташкент

ҚДЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫ
уезінің  ұлттық  кұрамы  төрт  белбеуден  тұратын,  Біріншісі
—  Ангрен  өзені  бойында  орналасқан  8  болыстан  тұратын 
Құрамыс  рулары  мекендейтін  шығыс  белбеуі,  ол  казақ 
делегациясы ның  пікірінше,  қазақ  ұлты  өкілдері  болып 
саналады,  ал  өзбек  делегациясы,  керісінше,  олардың 
өзбектерден  тарайтындығын  дәлелдеді.  Екіншісі — Шортық 
(Чертык)  өзенінің  сол  жағалауында  қазақ  халқы  басым 
тұратын 8 болыстан құралған белбеу.  Үшіншісі — 4 болыстан 
тұратын,  халқының  құрамы  талас  тудырып  отырган,  1920 
жылғы  халық  санағына  сүйенген  өзбек жағының  пікірінше, 
мұнда өзбек халқы басым, ал қазақ өкілдерінің ойынша, бұл 
жерде  қазақ  халқы  басым  тұратын  орта  белбеу.  Төртінші 
белбеу -  тұтастай қазақ халқы  мекендейтін Ташкент уезінің 
батыс  бөлігі.  Комиссия  кұрамында  жұмыс  жасаган  қазақ 
бю росының  жобасы  бойынша,  бүкіл  Ташкент  уезі  Қырғыз 
(Қазақ)  АКСР-і  құрамына  өтуі  тиіс  болды.  Ал  Өзбек 
бю росының  жобасы  бойынша,  Қазақстанға  тек  төртінші 
белбеуді  беру  қарастырылған.  Комиссияның  қарауына 
осындай  2  жоба  ұсынылды.  Екі  жақты  пікір  алысудың 
нәтижесінде  комиссия  Ташкент  пен  оның  айналасын  30 
верст радиус көлемінде Өзбек Республикасына беру жөнінде 
шешім  шығарды.  Ташкент  уезінің  қалған  территориясын 
межелеу  жобасы  айтарлықтай  талас  тудырмады.
Е кін ш італасту д ы р ған  м э с е л е —Мырзағұл уезі болды. 
Бұл  уездің барлық территориясы  көшпелі  қазақ  елін  сулан- 
дыруға  бағытталған  бір  арнаның  жүйесімен  шектелді. 
Қазақ  делегациясы  3  өзбек  болыстарынан  басқа  уездің 
барлық 
территориясын 
Қазақстанға 
қосуды 
ұсынды, 
ал  өзбек  делегациясы,  керісінше,  мүлде  қарама-қайшы 
ұсыныстар жасады.  Комиссия  бұл  мэселені  қарастыра  келе, 
қазақ  делегациясының  ұсынысын  қабылдады  [31,  111  б.]. 
Қазақтар мен түрікмендер арасындағы шекара сол қалпында 
қалдырылды.  Экономикалық  межелеуге  қатысты  жұмыс 
бұл  кезде  элі  жүріп  жатты.  Комиссия  межелеу  бойынша 
барлық  дайы ндық  жұмыстары  15  қыркүйекке  дейін,  ал  20 
қазанда  межелеу  белгіленген  тэртіппен  толық  аяқталуы 
тиіс  деген  шешім  шығарды.  Межелеу  туралы  ереже 
қабылдау  мақсатында  қыркүйек  айында  О рталық  Азия 
республикалары  Орталық  Атқару  Комитеттерінің  кезектен 
тыс  сессиялары  шақырылсын  деген  қаулы  қабылдайды. 
РК(б)П  Киробкомы  Төралқасы  мэжілісінде  М еңдешевтің
3 8

жагаган  баяндамасы  негізге  алынсын деп,  мэжіліс  Ташкент 
қаласының  айналасы  қазақтармен  қоршалган,  сондықтан 
Орталық  комитеттен  оны  Өзбек  республикасына  жатқызу 
жөніндегі  шешімін  қайта  қарау  жөнінде  өтініш  білдіру 
керек деген  қаулы  қабылдайды  [31,  112  б.].
С.Қожанов  «Түркістан»  газетінің  1924  жылгы  18 
тамыздагы  санында  жариялаган  мақаласында  Орталық 
Азияда  сол  түста жүргізіліп  жатқан  үлттық-территориялық 
межелеу  саясатына  өз  көзқарасын  білдірді  [33,  59  б.]. 
«Біріктіру үрдістері, -  деп жазды ол, ұлттық-территориялық 
межелеудің  маңызын  төмендете  алмайды,  оның  үстіне 
олар  қайта  құрылган  республикалар  тарихында  оңтайлы 
рөл 
атқаруга 
негізделген, 
келешекте 
олар 
Кеңестік 
республикалар  одагының  толыққанды  мүшелігіне  өтетін 
болады. Мұның өзі Кеңестердің ұлт саясатының іс жүзіндегі 
шынайы  сипатын  куәландыратын  болды...».
Егер  С.Қожановтың  айтқанындай,  бірігу  үрдісі 
жүргізілсе,  онда  Ембінің  мұнайы,  Каспийдің  балыгы, 
Риддер  мен  Екібастұздың  көмірі,  алтыны,  Қазақстан  мен 
Орталық  Азияның  табиги  байлықтары  Түркістан-Сібір 
шойын  жолы  арқылы  Ресейдің  алақанына  түспес  еді.
Ал  С.Сэдуақасов  1924  жылы  «Қызыл  Қазақстан» 
журналының  №7,  8,  9  сандарына  «Қазақстанды  қалай 
құрган  жөн?  Орта  Азияда  ұлтаралық  шекара  жүргізу  жэне 
Қазақстан  Республикасының  құрылуы»  атты  мақаласын 
жариялайды [34, 81  б.]. Мақалада С.Сәдуақасов:  «Осы күнгі 
алдымызда  тұрган  мәселенің  ең  үлкені:  Орта  Азиядагы 
республикалардың  шекарасын  бөлу  туралы.  Бұл  мәселе 
жөнінде жұрттың көбі  қараңгы.  Қазақстан Республикасы да 
бұл  әңгімеге жуырда гана  кірісті.  Орта Азия деген  қай жер? 
Онда қандай  халықтар,  қандай  мемлекеттер  бар?  Қазақстан 
Республикасында  болып  жатқан  әңгіменің  қаншалықты 
қажеттілігі  бар?  Орта  Азия  ұлттарының  шекараларын 
бөлу  Қазақстан  өміріне  қандай  өзгерістер  экеледі?  Қандай 
жаңалық бар?» деген сұрақтар қойып, сол  сұрақтарга жауап 
тапқан жагдайда гана біз оны  іс жүзеге асыруга кіріскеніміз 
абзал  деп  жазады.
С.Сәдуақасов  мақаласында  сол  кезеңдегі  халық
арасындагы  сауатсыздықтың  элі  тым  жогары  екенін, 
халық,  әсіресе  кедей  өзінің  ауылынан  басқа  дүниеден 
мақұрым,  жұрттың  бәрі  жаграпия,  шаруашылық  гылымын

ҚЛЗЛКСТЛН РЕСПУЕЛИКЛСЫНЫҢ М ЕМЛЕКЕТТІК НІЕКЛРЛСЫ
оқымағандығын  баяндайды.  Сондықтан  болып  жатқан 
әңгіме  жалпы  елге  ұғымсыз,  түсініксіз  қалуы  мүмкін.  Сол 
себептен  Орта  Азия,  Қазақстанга  қатыстьі  жүріп  жатқан 
іс  шаралармен  жалпы  еңбекші  табы  мен  бүқара  халық 
танысып,  білуі  қажет.  Мақалада  автор  қазақ  жерлеріне, 
соның  ішінде  Қазақ  АКСР-іне  қосылатын  Жетісу  мен 
Сырдария облыстарына, оның ішінде олардың республикага 
қосатын 
шаруашылық-экономикалык 
пайдасына 
шолу 
жасайды.  Сонымен  С.Сэдуақасов:  «...қай  дәлелді  алсак 
та,  барлық  қазақ  жүрты  бір  республикаға  қосылу  керек 
деген  пікірге  келеміз.  Қазақ  халқы  бірігеді,  бір  республика 
туының  астына  жиналады»,  — деп  түжырымдайды.
1924  жылы  9-сәуірде  РК(б)П  ОК-нің  саяси  бюросы 
жергілікті 
үйымдардың 
ұсыныстарын 
қарап, 
үлттық 
мемлекеттік  межелеудің  жүргізілуін  негізінен  мақұлдады. 
РК(б)П  ОК-нің  Орта  Азия  бюросына  Орта  Азияның 
жаңадан  құрылатын  республикалары  мен  облыстарының 
этнографиялық,  саяси  жэне  экономикалық  карталарын 
қосып,  барлық  материалдарды  эзірлеп,  партияның орталық 
комитетінің  қарауына  беру  тапсырылды  [31,  139  б.].
1924  жылы 
сэуірдін  соңында 
РК(б)П 
ОК-нің
Орта  Азия  бюросы  мен  Түркістан  компартиясы  ОК-нің 
бірлескен  мәжілісінде Орта Азияны  межелеуді эзірлеу және 
жүргізу  жөнінде  комиссияның  мэселені  зерттеу,  жүргізу 
ж үмысы ның  барысы 
қаралды.  Орта  Азияны 
межелеуді 
эзірлеу  жэне  жүргізу  жөнінде  қазақ,  өзбек  жэне  түрікмен 
қосалқы  үш  комиссиясы  қүрылгандығын  біз  жоғарыда 
айтқан  болатынбыз.  Комиссияның  кейбір  мүшелері  Орта 
Азиялық республикалар федерациясын құруды ұсынған  еді, 
бірақ  мұқият  талқыланғаннан  кейін  межелеуді  федерация 
қүрм ай-ақж үргізу керек деп шешілді. Орта Азияны межелеу 
туралы  комиссияның  материалдарын  қарап,  РК(б)П  ОК-нін 
Орта  Азия  бюросы  1924  жылы  12  мамырда  одақтық  екі 
республика  —  Өзбек  пен  Түрікмен  жэне  автономиялы  екі 
облыс  -   Қара-қырғыз  жэне  Өзбекстан  құрамында  болатын 
Тэжік автономиялы  облыстары  құрылсын,  ал  Түркістанның 
қазақ  аудандары  Қазақ  АКСР-і  қүрамына  қосылсын  деген 
шешім  қабылдады.  Комиссияның  шешімдері  мен  РК(б)П 
ОК-нің  Орта  Азия  бюросының  шешімі  партияның  орталық 
комитетіне  тапсырылды  [31,  159  6 .].
1924  жылы  12  маусымда  РК(б)П  ОК  Орта  Азияда
4 0

ұлттық-мемлекеттік  межелеуді  ж ү р п зу   туралы  тарихи 
шешім  қабылдап,  онда  межелеудің  басты  принциптері 
мен  оны  жүзеге  асыру  жөніндегі  нақты  үсыныстарды 
мақүлдады.  Осы  қаулының  бір  тармағында  КСРО  ОАК-нің 
үлттар  кеңесі  мүшелерінің  бірінің төрағалық  етуімен  Орта 
Азияның  барлық  ірі  үлттарының  өкілдерінен  РК(б)П  ОК- 
нің  Орта  Азия  бюросы  жанынан  арнаулы  территориялық 
комиссия  қүру  көзделді  [23,  118  б.].
Территориялық  комиссия 
саяси, 
экономикалық, 
статистикалық 
жэне 
бірнеше 
үлтты қ 
қосалқы 
комиссиялардан 
түрды. 
Олар 
саяси, 
экономикалық, 
әлеуметтік,  мэдени  бағыттарда  жүмыс  жасап,  ел  жағдайын 
жандандыруға  бағытталды.
1924  жылы  27  қыркүйектегі  РК(б)П  Киробком 
Төралқасының мэжілісінде қарақалпақ халқы атынан келген 
делегацияның  өтініші  тыңдалды.  Мәжілісте  қарақалпақ 
делегациясы  өкілдері Досназаров  пен  Бекімбетов  баяндама 
жасады 
[31,  156-161  б.].  Баяндамашылар  бүрын  патша 
заманында  қаракалпақтардың  жапа  шеккенін  жэне  оның 
кеңес  өкіметі  орнаған  күннің  өзінде  тоқтамай  отырғанын 
баяндайды.  Олар  межелеу  басталганға  дейін  өкіметтің 
олармен  санаспай  келгенін  өкінішпен  еске  алып,  Орталық 
Азия  ОК  бюросы  Қарақалпақ  автономиялы  облысын  құру 
жөнінде  мәселе  көтергенін,  бірақ  оны  қай  республикаға 
бөлетіні  жайлы  нақты  шешім  қабылдамағанын  айтты. 
Делегация  өкілдерінің  негізгі  көтерген  мэселесі  жаңа 
құрылгалы  жатқан  автономиялы  облысты  оның  көрші 
өзбек 
және 
түрікмен 
республикаларындагы 
тиісті 
территорияларын  өзіне  кайтарып  алып,  географиялық, 
тілдік, 
тұрмыстық  жағынан  жақын 
Қазақ  АКСР-нің 
қүрамына  қосу  жөніндегі  өтініштері  еді.  Ягни,  олар 
Мэскеу  алдында  мэселені  көтермес  бүрын,  осы  үсынысқа 
байланысты  республика  басшылығының  пікірін  білгісі 
келді.  Бүл  үсыныстарын  мэжіліске  қатысып  отырған 
Жанкелдин,  Меңдешев,  Қожанов  жэне  т.б.  бірден  қолдап, 
оны жүзеге асыру жөнінде пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын 
жасады.  Осы  мәжілісте,  сонымен  қатар,  Бүхара  қазақтары 
делегациясы  өкілдері  де  тыңдалған  болатын.  Делегация 
өкілі  Наурызбаев  баяндама  жасады.  Олардың  үсыныстары 
Өзбек  республикасы  қүрамындағы  Бұхара  қазақтарынан 
автономиялы  облыс  кұру  жөнінде,  Орталық  Азия  межелеу

ҚЛЗАҚСТЛН РЕСПУБЛНКАСЫНЫН М ЕМ ЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫ
комиссиясында  қазақ  делегациясын  қолдау  туралы  мәселе 
көтерді.  Делегация  өкілдері  автономиялық  облыс  құрудың 
негізгі  себептерін  Бұхарадагы  қазақ  халқы  өкілдерінің 
тұрмыс-тірш ілігінің төмендігімен, олардың өзбек халқымен 
араласып  жойылып  бара  жатқандыгымен  және  ондагы 
негізгі  ұлт  өкілдері  тарапынан  қазақтарга  жасалынып 
отырган 
қысымш ылық  пен 
қугын-сүргіннен  туындап 
отырганымен  түсіндірді.  Мэжіліс  екі  делегация  өкілдері 
тарапынан жасалган баяндамаларды  қолдап, оның негізінде 
қаулы  қабылдап,  тиісті  қүзырлы  органдарга  тапсырмалар 
берді. 
і
 
"■
1924 жыл ы Орта Азия бюросы Орта Азиядагы үлттық- 
мемлекеттік  қүрылыстың  күрделі  мәселелерін  шешуге 
байланысты  межелеу  кезінде  күрделі  қиындықтармен 
кездесті.  Үлкен  қалалардың  бір  республикаға  өтуі  талас 
тудырып, республикалар мен облыстар ішінде «автономиялы 
қалалар», 
үлттық 
анклавтар 
мен 
автономиялы 
үсақ 
бөлшектер  құру  жобалары  ұсынылды.  Сонымен  қатар,  осы 
кезде  Ташкент  қаласының  айналасында  екі  республика 
комиссиялары  арасында  үлкен  талас  туды.  С.Қожанов 
бастаган топ Ташкентті  қазақ автономиясына қайтару керек 
деген ұран тастады. Ол осы қ ал ан ы ң тар и х ы н д а  Ташкенттің 
он  екі  қақпасын  қазақтар  билеген,  Төле  би  жэне  қазақтың 
басқа  да  атақты  билерінің  осында  жерленгенін  тілге  тиек 
етті. 

 ■= .--  к -льм** ‘ 
-■'
Ү лттық-территориялық  межелену  негізінде  ТАКСР- 
ның  бұрынгы  Жетісу  жэне  Сырдария  облыстарының 
көптеген  жерлері  Қазақ  АКСР-іне  қарайтын  болды.  1924 
жылы  қарашадан  бастап  бұл  облыстарды  басқару  ісін 
республика үкіметі кұрган революциялық комитет жүргізді. 
Қазақ  АКСР-іне  қосылган  жеке  уездер  мен  болыстардың 
шекарасын  анықтау  бірнеше  айга  жалғасты.  Межелеудің 
қорытындысы  бойынша  Қазақстанға  Қазалы,  Ақмешіт, 
Түркістан,  Ш ымкент  уездері  және  Әулиеата  уезінің  көбі, 
Сырдария облысындагы Т аш кентж эне Мырзашөл уездерінің 
бір  бөлігі,  Самарқанд облысы,  Ж изақ уезінің  көшпелі  алты 
болысы  өтті.  Жетісу  облысынан  Алматы,  Жаркент,  Лепсі, 
Қапал  уездері,  Бішкек  уезінен  Георгиев,  Шу,  Қарақоныс 
болыстары  қосылды  [35].  Осының  нэтижесінде  Қазак 
АКСР-інің  территориясы  797,9  мың  шаршы  шақырымға 
жуық, яғни үш тің біріне ұлғайып, 2,7 млн. шаршы шақырым
42

құрады.  Ол  Орталық  Азияның  межеленген  жерлерінің 
45,7% 
еді  (оның  ішінде  112  мың  шаршы  шақырым 
Қарақалпақ  автономиялы  облысының  жері  болды).  Ал 
халқы  1  млн  468  мың  адамга  өсіп,  оның  жалпы  саны  3  млн 
986  мыңга жетті  [36,  31  б.].  Жаңа  шекарадагы  Қазақ АКСР- 
інің  жері  Өзбек  КСР-і  жерінен  5,5  есе,  Түрікмен  КСР-і 
жерінен  4  есе  үлкен,  халқы  тиісінше  1,5  және  5  есе  көп 
еді.  «Сондықтан  да  соңгылармен  тең  дэрежеде,  тэуелсіз 
республика ретінде, келісімшарт негізінде, КСРО қүрамына 
кіруі  керек»,  — делінді  Қазобком  пленумының  каулысында. 
Пленум 
аяқталған 
күннің  ертесінде, 
29 
қыркүйекте 
ҚазОАК-тің  3  сессиясы  ашылды.  Сессияда  Қазакстанның 
Түркреспубликадағы  толық  өкілетті  өкілі  Т.Жүргенов 
баяндамаж асап, межелеу нэтижелерін, шешуі күрделі болып 
түрған  жәйттерді  түсіндірді  [24,  42-43  б.].  «Егер  Ташкент 
туралы  мәселені  шешу  кешіктірілген  жагдайда,  үкімет 
Кирреспублика  орталығын  ауыстыруға  шара  қабылдауы 
керек»,  — деген  үсыныс  айтып,  оны  жан-жақты  дәйектеді. 
С ессияны ң  қаулысымен  бүл  ретте үкіметке тиісті  тапсырма 
берілді.  «Ташкент  алқабы  мен  Ташкент  қаласының  бүкіл 
қазақ  даласы  үшін  маңызы  зор  екенін  және  елеулі  ықпал 
тиғізетін  ескере  отырып,  КСРО  орталығына  Ташкент 
қаласын  беру  БОАК-тің  2  сессиясынан  сүралсын»,  — деген 
қаулы  қабылданды.  РК(б)П  ОК  Орталық  Азия  бюросы  мен 
оның  территориялық  комиссиясындагы  дау-дамай,  пікір- 
таласты  ескергендіктен,  қаулыға:  «Өзбектердің  Ташкент 
қаласының  «Ескі  бөлігі»  жайындағы  талаптарын  эділ 
деп  таба  отырып,  оны  Өзбек  КСР-іне  беруге  болады  деп 
саналсын,  бүл  ретте  Қазақ  АКСР-іне  Ташкенттің  «Жаңа 
бөлігі» берілетін болсын», — деген шешім жазылды. Алайда, 
Қазақстанның  ең  жоғарғы  билігі  шыгарған  үкіметтік- 
партиялық  қаулыларды  Мәскеу  ескерусіз  қалдырды.
Қазақстан  жэне  Орта  Азия  республикалары  мен 
облыстарының 
партия 
үйымдары 
барлық 
үлттардың 
еңбекшілеріне  кеңес  мемлекетінің  үлттық  саясатында 
шағын  үлттарды  кемсіту,  олардың  мүдделерін  тежеу 
дегеннің 
ешқандай 
формада 
мүмкін 
емес 
екендігін 
жэне  территорияны  шамадан  тыс  бөлшектеу  үсақ-үсақ 
автономиялы  бөлшектерді  қолдан  жасау  шағын  үлттардың 
өздерін  экономикалық,  элеуметтік  жагынан  өркендеуіне 
теріс  эсерін  тигізетіндігін  түсіндірді.  ТАКСР-ін  үлттық-

КАЗАКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМ.1ЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫ
территорриялық  межелеуді  бүкіл  халық  болып  талқылау 
барысында  қарақалпақ  еңбекшілері  Хорезм  республикасы 
Ходжелі  облысының  қарақалпақтармен  қосылуға,  Қазақ 
АКСР-інің  қүрамында  Қ арақалпақ  автономиясын  құруға 
тілек  білдірді.  1924  жылы  16  қыркүйекте  ТүрОАК-тің  III 
төтенше  сессиясында  ТАКСР-ін  ұлтты қ-территориялық 
межелеу барысында, оның құрамындағы қазақ облыстарына 
ҚазақАКСР-і  құрамына  қосылу  құқық  берілді  [31,  149-151
б.}. 

^ ■.**' • •  •' 
* * * * *
1924 
жылы 
11 
қазанында 
РК(б)П 
ОК 
саяси 
бю росының  кезектен  тыс  мэжілісі  болып,  оған  барлық 
республ икалар мен облыстардың өкілдері ш ақы ры лды . Онда 
Орта  Азиялық  республикалардың  партия 
жэне 
кеңес 
органдарының баяндамалары мен РК(б)П ОК-нің комиссия- 
лық 
қосымша 
баяндамасы 
тыңдалды. 
Осы 
өкілетті 
жиында  экономикалық  межелер  жэне  мемлекет  қорлары 
мен  қаржыларын  жаңа  республикалармен  автономиялы 
облыстарға  бөлу  тэртібі  белгіленді.  Осы  РК(б)П  ОК  Саяси 
бю росы ны ңкеңейтілген мэжілісінде Ташкентті Өзбекстанға 
беруді  ұйғарды  [31,  152  б.].
1924 
жылы  27  қазанда  КСРО  Конституциясына 
сәйкес  КСРО  ОАК-нің  екінші  сессиясы  каулы  қабылдады. 
« ¥ л т т а р д ы ң   өзін-өзі  билеу  принципі»  бойынша  ТАКСР- 
і  мына  республикаларға:  құрамында  автономиялы  Тэжік 
Кеңестік  Социалистік  Республикасы  бар  Өзбек  Кеңестік 
Социалистік 
Республикасына, 
Түркімен 
Кеңестік 
Социалистік  Республикасына,  РКФСР  құрамына  енетін 
Қарақырғыз  автономиялы  облысына  бөлінетіндігі  жэне 
Түркістанның  қазақ  бөлігінің  РКФСР  құрамына  кіретін 
Қыргыз 
(Қазақ) 
Автономиялы 
Кеңестік 
Социалистік 
республикасына 
қосылуы 
туралы 
қаулысы 
бекітілді. 
Ал  қазақ-өзбек  шекарасы  мэселесіне  келетін  болсақ, 
екі  елдің  комиссия  мүшелерінің  көптеген  талас-тарты с 
мэселелерінен  кейін  шекара  анықталып,  Қазақ  КСР-і  мен 
Өзбек  КСР-і  арасындағы  шекара Ташкент жэне  М ырзашөл 
уездері  арқылы  анықталды.  Ташкент  Өзбек  КСР-інің 
құрамына  өтіп,  оның  астанасы  аталды.  Жаңа  құрылған 
автономиялы  республикалар  мен  облыстар  заң  жүзінде 
бекітілді.  Осы  мәжілісте  КСРО  Орталық  Атқару  Комитеті 
«еңбекші  халықтың  өз  еркін  білдіруі  жоғарғы  зан  болып 
табылады» деп атап көрсетіп, ОАК Төралқасына талаптарға
4 4

сай  рәсімделуін  жүзеге  асыруды  тапсырды  [37].  Жер-суы, 
халқы  бірігіп  іргесі  кеңейген  үлкен  Қазақ  РеспубликаСы 
Кеңестерінің 
съезі 
Ақмешітте 
1925 
жылы 
сәуірде 
өтті.  «Кеңестердің  Бесінші  съезі  Қазақ  Республикасы 
гүмырындагы елеулі бетбүрыс болды. Бүл съезді біз Бірінші 
съезд деп  атаймыз», — деді  съезд  делегаты,  Қазөлкекомның 
екінші  хатшысы  С.Қожанов  [33,  66  б.].
1925 
жылы  Орта  Азиядагы  үлттық-мемлекеттік 
межелеу  аяқталды.  Осы  кезде  Қазақ  АКСР-інің  қүрамына 
Сырдария  жэне  Жетісу  облысы,  Қара-қалпақ  автономиялы 
облысы, Самарқанд облысы және көптеген уездер қосылган 
болатын.  Осындай  қиын  жагдайда  қазақ  халқының  тарихи 
жерлері  өз  иелеріне  қайтарылды,  жерлердің  қосылуынан 
республика  халқының  саны  өсіп,  1926  жылгы  санақ 
бойынша  6,6  млн.  адам  болса,  оның  3,6  млн  қазақтар  еді, 
ягни,  қазақтар  республика  түргындарының  61%  орыстар
-   1,2  млн.  (18%),  украиндықтар  -   0,8  млн.  ( 12%)  қүрады 
[38,  82,  120,  149  б.].
Оңтүстік  облыстармен  біріккен  соң  Қазақ  АКСР-іне 
Ресей Федерациясы қүрамынан шыгып, Одаққа ену мәселесі 
үсынылды.Бүл үсыны сқаСталин«КСРО Конституциясы ның 
жобасы  жайлы»  қүжатында  «Автономиялы  Республикалар 
Одақ  қүрамына  ену  үшін  Республика  шет  мемлекетімен 
шекаралас  болуы  тиіс,  ондагы  республикага  өз  атын  берген 
үлттар басқа үлттарга қараганда айтарлықтай болуы  керек» 
[39]  деп  жауап  берді де, бүл  мәселе  он жылдан  кейін  барып 
шешілген  болатын.
БірақҚазақстанРеспубликасыныңоңтүстікш екарасы
осы  бір  мәселемен  толық  шешіліп  немесе  қабылданган 
қаулымен  тоқтап  қалган  жоқ.  Орталық  Азиядагы  үлттық- 
территориялық  межелеу  аяқталганымен,  одан  кейін  де 
мұндағы  республикалар  арасындағы  әкімшілік  шекаралар 
жүмыс  барысында  қайта  қаралып,  оның  шекара  сызыктары 
анықталып  отырды.  РК(б)П  Қазөлкеком  бюросының  1926 
жылгы  13  мамырдағы  мәжілісінде  Қазақ  АКСР-і  мен 
Қарақалпақ  автономиялы  облысы  арасындағы  шекараны 
анықтау мен  қазақ малшыларының жайлауга  көшу  мәселесі 
бойынша  Ташкентке  сапары  жөнінде  Голощекин  баяндама 
жасады  [40].  Мүнда  Қазақ  АКСР-і  қүрамынан  болашақта
бөлінетін  Қарақалпақ  автономиялы  облысымен  арадағы 
шекара  мэселесі  мен  Қарақалпақ  автономиялы  облысының

қ а з а қ с т а н
 РЕСІІУНЛИКАСЫНЫҢ М ЕМ Л ЕК ЕТП К  ШЕКАРАСЫ
қазақ  малш ыларының  «Су-самыр»,  «Көк-Ойрақ»  және  т.б. 
жайлауларға  баруы  үшін  төлем-ақы  төлеулері  ж өніндегі 
талаптары  қаралып,  КСРО-ның О рталы қ Азиядагы  өкілетті 
өкілінің  Қазақ  АКСР-і  туралы  қаулысы  негізге  алынсын 
деген  шешім  қабылданды.  О рталы қ  Азиядағы  үлттық- 
территориялық  межелеу  кезінде  де  мүндай  мәселелер 
көтеріліп  отырды.  1925  жылы  30  тамыздағы  РК(б)П 
Қазөлкеком  бюросы  мәжілісінде  Қарақалпақ  автономиялы 
облысының 
өкілі 
Қүдабаевтың 
өтініш 
баяндамасы 
тыңдалды.  Ол  РК(б)П  Қазөлкеком  бюросынан  Қ арақалпақ 
автономиялы  облысын  Қазақ  АКСР-і  қүрамынан  бөліп, 
Орталық  Азия  бірлестігіне  Қара-қырғыз  автономиялы 
облысы  сияқты  дәреже  берулерін  жоғарғы  инстанцияларға 
үсынуды  өтінді.  Бірақ  РК(б)П  Қазөлкекомы  бүрынғы 
мемлекеттік  шекара  жөніндегі  және  ҚАО-ның  ҚазакАКСР- 
і  қүрамындағы  қабылданған  шешімін  өзгеріссіз  қалдырды.
Ал  1925  жылғы  12  қазандағы  РК(б)П  Қазөлкеком
бю росының  мәжілісінде  Нүрмақов  қара-қырғыздармен 
шекараны  анықтау  жөнінде  баяндама  жасады  [23,  186- 
187  б.].  Мэжіліс  қабылдаған  қаулы  бойынша  Қазақ  АКСР- 
і  мен  ҚКДО  араларындағы  шекараны  түбегейлі  анықтап 
шешу  және  жайлауларды  тэртіппен  пайдалану 
үшін 
республикааралық  комиссия  қүрып,  өз  үсыныстарымен 
Орта  Азиялық  бюроға  кірулері  қажет  делінді.  Осымен 
Орталык,  Азия  республикаларында  жүргізілген  үлттық- 
территориялық  межелеу 
саясаты 
өз  мэресіне  жетіп,
аяқталган  еді.
О рталық 
Азиядағы 
трансш екаралы қ 
өзендерге 
қатысты  Қазөлкеком  бюросы  мәжілісінің  №24  13.У. 1926 
ж.  5  п.  хаттамасына  қосымша  ретінде  су  шаруашылығына 
қатысты  қарар  қабылданды  [40,  80-83  б.].  Бүл  қүжатта 
Орталық  Азия  республикалары  арасындағы 
өзендерді 
дүрыс 
пайдалану 
жөнінде  шарттар  бекітілді.  Мүнда 
экономиканы  дамыту  мен  өнеркэсіпті  отандық  шикізат 
өнімдерімен  толық  қамтамасыз  ету  мақсатында  мақта жэне 
егін  шаруаш ылықтарының  көлемін  үлғайту  көзделген, 
сол  себептен  Сырдария  өзенінің  суын  тиімді  пайдалану
қарастырылган.
М үрағат қүжаттарынан байқайтынымыздай О рталық 
Азиядағы  үлттық-территориялық  межелеу  аяқталғанына 
қарамастан,  одан  кейінгі  жылдары  да  О рталық  Азия
4 6

рзспубликалары  арасында  шекара  сызыгын  анықтауға 
қатысты  тартыстар  мен  келісімдер  ж алгаса  берді.  1926 
жылы  3  қарашадағы  Қазөлкекомы  бюросы  хатшылыгының
мәж ілісіндеҚ арақалпақавтономиялы облы сы ,Түрікменстан
және  Өзбекстан  кеңестік  республикалары  арасындағы 
шекара мәселесі  қаралып,  Авезовтың баяндамасы  негізінде 
осы  таласты  шешу  үшін  қарар  қабылданады.  Қазақ  АКСР- 
нің  бүл  мәселеге  белсенді  араласуын  оның  қүрамындағы 
Қарақалпақ автономиялы  облысының мүддесін  қорғауымен 
түсіндіруге  болады.
1925 
жылы 
аяқталған 
ұлттық-территориялық 
межелеуден  кейін  Қазақстанга  оңтүстік  өңірдегі  қазақтар 
түратын  аудандармен  қоса  Қара-қалпақ  автономиялы 
облысы  қосылғанын  жоғарыда  айтқан  болатынбыз.  Бірақ 
Мәскеу  1930  жылы  қазақ  жерінің  кеңдігіне  сілтей  отырып, 
Қазақстан  ұлттық-территориялық  межелеу  нэтижесінде 
өзіне  қосылған  аймақтарды  толығымен  игере  алмайды 
да,  басқара  да  алмайды  деген  сылтаулармен  Қарақалпақ 
автономиялы  облысын  Қазақ  АКСР-інің  қүрамынан  алып, 
Өзбек  КСР-інің  қүзырына  берді.
1928  жылы  17  қаңтардағы  Қазақ  АКСР-і  ОАК
сессиясының  алтыншы  шақырылымында  республикадағы
облы старж ойы лы п,оларды ңорны на 180аудандыбіріктірген 
13  округ  (аймақ)  құрылды.  Осы  тұста  Өзбек  КСР-індегі 
әкімшілік-территориялық 
реформалардың 
барысында 
Ташкент уезі таратылып,  оның территориясынан  Сырдария 
округінің  жаңа  8-ауданы  құрылды  [25,  29-31  б.].
1929  жылы  республика  астанасының  Қызылорда 
қаласынан 
Алматы 
қаласына 
көшірілуі, 
елді 
саяси, 
экономика-лық жэне шаруашылық тұрғыдан тиімді  басқару 
үшін  жаңа  әкімшілік-территориялық  өзгерістерді  қажет 
етті.  1930  жылы  17  желтоқсанда  БОАК-тің  қаулысымен 
Қазақстанның  округтік  бөлінісі  жойылып,  жаңа  экімшілік- 
территориялық 
өзгерістер 
енгізілді 
(соның 
ішінде 
Сырдария  округі  жойылды),  сол  кездегі  Қазақ  АКСР- 
інің  территориясындағы  180  ауданның  орнына  123  аудан 
қалдырылды  [25,  37  б.].
1932 жылы қаңтарда КОКП Орталық Комитеті мен осы 
жылы ақпан айында өткен  ҚазОАК-тің екінші  сессиясының 
VIII шақырылымы Қазақстан территориясында 6 облыс құру 
жөнінде шешім қыбылдайды. Сессияның қаулысы бойынша:

ҚАЗАКСТАН 
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ М ЕМ Л ЕК ЕТП К  ШЕКАРАСЫ
Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, 
Батыс  Қазақстан  жэне  Алматы  облыстары  қүрылады.  Осы 
жылы  9  сәуірде  РК(б)П  Қазөлкеком  мэжілісінде  Исаевтың 
Қарабүғазға  Түрікменстанмен  арадағы  шекараны  межелеу 
жүмысына 
қатысуға 
қазақ 
үкіметінің 
өкілін 
жіберу 
жөніндегі  баяндамасын  тыңдап,  бюро  межелеу  жүмысына 
қатысуға Қожамүратовты жіберуге шешім  шығарады. Бүдан 
байқайтынымыз,  республикалар  арасындағы  шекараны 
анықтау  осы  кезде  әлі  жалғасып  жатқандығы.  Сонымен 
қатар,  1933  жылы  20  қыркүйектегі  РК(б)П  Қазөлкеком 
мәжілісінде  Өзбекстан  КП  ОК  хатшысы  Икрамовтың 
Қызыл-Қүм  ауданының  Өзбекстан  территориясыны ң  біраз 
бөлігін заңсыз басып алуы туралы жазған хаты талқыланды. 
Мэжіл іс Икрамовтың хатында жазылған деректерді анықтап, 
Исаевқа  тиісті  шаралар  қабылдауды  тапсырады  [41].
1934  жылы  О рталықтың шешімімен  шаруашылықты 
тиімді  үйымдастыру  мен  ауыл  шаруашылығын  дамыту 
мақсатында 
Қазақстанның  Тамды, 
Ү ш қүдық  жерлері 
Өзбекстанға  берілді.  Бүған  қанағаттанбаған  Өзбек  КСР- 
і  осы  жылы  қосымша  орталықтан  Оңтүстік  Қазақстан 
облысының 
Бостанды қ 
ауданын 
қарамағына 
беруін 
өтінеді.  Осы  мәселеге  байланысты  1934  жылы  9  маусымда 
РК(б)П 
Қазөлкекомы  бю росының  Бостанды қ  ауданына 
байланысты  мәжілісі  өтеді.  Мэжіліс  О ңтүстік  Қазақстан 
обкомы  мен  Бостанды қ  ауданы  партия  комитеті  Бостандық 
ауданының  партия  үйымдары  арасында  Өзбекстанның 
ОК-нің  Бостандық  ауданын  Өзбекстан  қүрамына  қосу 
жөніндегі  шешімін  келеңсіздік  деп  түсіндірсін.  Ерназаров 
пен  Қүлымбетов  КСРО  Одақтық  ОАК-тіне  Калининнің 
атына  Өзбекстан  үйы мдарының  ісіне  қарсы  наразылық 
жолдасын  жэне  осы  мәселеге  қатысты  ешбір  қазақстандық 
үйымдармен  келісімсіз жасалған  Өзбекстан  ОК-нің шешімі 
заңсыз  деп  есептеліп,  РК(б)П  ОК  бүл  мэселені  қарауға 
үсыну жөнсіз деген М ирзоянның қолы қойылған  наразылық
шешімін  қабылдайды  [42].
1936 
жылы 
Қазақстанның 
автономиялы 
республикадан 
одақтық 
республикаға 
айналуы 
оның 
экімш ілік-территориялық 
бөлінісіне 
біраз 
эзгерістер
енгізді.  1938-1939  жылдары  Қазақстанда  жаңадан  Гурьев, 
Павлодар, 
Қызыл-Орда, 
Семей, 
Жамбыл 
облыстары 
қүрылды.  1944 жылы Солтүстік-Қазақстан облысынан біраз
4 8

аудандар  бөлініп  Көкшетау  жэне  Талдықорган  облыстары 
қ^рылды  [43,  42  б.].
1940-шы жылдардың бас кезінде Оңтүстік Қазақстан 
облысының  Сарыағаш  ауданына  қарасты  Бағыс  аулының 
жиырма мың гектар жері мен ол кезде Қазақстанға қарайтын 
Бостандық  ауданының  бір  бөлігі  артиллериялық  полигон 
салу  үшін  КСРО  Қорганыс  министрлігінің  жарлығымен 
уақытша  Түркістан  әскери  округының  қарауына  берілді. 
Осы  түста  Бағыс  ауылы  округтың  «Туркестанец»  қосалқы 
шаруашылыгының қүрамына еніп, әскерилер үшін мал жэне 
егін шаруашылығымен айналысты (округ  1926 жылдан  1946 
жылға  дейін  САВО-Орта  Азия  әскери  округі-деп  аталған). 
Ал  осы  Түркістан  округының  штабы  Ташкентте  болды. 
1969  жылы  Алматыға  бағынып,  Орта  Азия  әскери  округы 
шаруашылықтарының  бірсыпырасы  (Бурное,  10-шы  т.б.) 
ОАӘО-ға  өтеді  де,  «Туркестанец»  ТүркӘО-да  қалады  [44].
Екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  елдің  әскери- 
қорғаныс 
саласын 
дамыту 
мақсатында 
республика 
территориясынан  эскери  полигондар  салу  үшін  жерлер 
кесіліп  алынып  отырған.  Ол  уақытта  Қазақстан  КП  ОК 
бюросының 
келісімінсіз 
Мэскеудің 
тапсырмасымен 
белгілі  территорияны,  көрсетілген  уақытта  ауылдардан, 
малшылардан  тазартып  қоюға  тапсырма  берілетін.  Бүл 
тапсырмалар  мүлтіксіз  орындалуы  тиіс  еді.  Қазақстан 
жерінің  белгілі  бір  бөлігін  эскери  мақсатта  пайдалануга 
жеке  Сталиннің  өзі  қол  қоятын.  Осындай  мәселелерге 
байланысты  сол  кезде  сүрақ  қоюға  немесе  қарсыласуга 
ешкімнің  дәті  бармайтын.  Оның  себептері  де  белгілі. 
Жогарыда  аталған  мақсатпен  жогары  басшылык  Оңтүстік 
Қазақстан  облысының  біраз  жерлерін  сол  кезде  қүрылған 
әскери  полигонның  қүрамына  алып  қойды.
Кеңес 
дэуірінде 
«халық 
шарушылығын 
оңтайландыру»  деген  үранмен,  жоғарыда  көрсетілген 
одақтық  республикалар  арасындағы  экімшілік  шекаралар 
бірнеше рет өзгертіліп  отырған, яғни одақтық үкімет кейбір 
территорияларды бір  мемлекеттің иелігінен алып,  басқа бір 
мемлекет  иелігіне  беріп  отырды.
1956 
жылы 
Оңтүстік 
Қазақстан 
облысының 
Бостандық  ауданы  ауыл  шаруашылығын  одан  әрі  жетілдіру 
мақсатында,  соның  ішінде  мақта  шаруашылыгын  дамыту 
жолында  КОКП  ОК-нің  шешімімен  Өзбекстанга  берілді.
4 9

КЛЗЛКСТАН РЕСПУБЛНКАСЫНЫН МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫ
Осы 
кезде 
40 
жылдары 
Түркістан 
эскери 
округіне 
берілген  аумақ  тұтастай  Бостандық  ауданының  жері  деп 
жазылып  кеткен  болатын.  КСРО  Жогаргы  Кеңесінің  1956 
жылдың  10-ақпанындагы  «Қазақ  КСР-і  мен  Өзбек  КСР-і 
арасындагы  шекараны  ішінара  өзгерту  туралы»  жарлыгы 
шықты.  Жарлықта  қосалқы  келтірілген  шекараның  жаңа 
сипаттамасы 
бойынша 
шекара 
«Май» 
поселкесінен 
солтүстік  батысқа  қарай  бір  шақырым  жердегі  нүктеден 
басталады  деп  жазылган. 
Бүл 
Сарыагаш  ауданының 
Түркістан  эскери  округіне  берілген  территориясы  болатын, 
ал  Бостандық  ауданының  шекарасы  Ш ырш ық  қаласының 
солтүстігіне  қарай  орналасқан  Қоржынтау  мен  Керегетас
бойымен  жүріп  өтетін  [45].
1956  жылы  21  қаңтардагы  Қазақ  КСР  Жогаргы 
Кеңесінің  екінші  сессиясында  Төралқа  төрагасы  Ж.А. 
Тэшенов 
Оңтүстік 
Қазақстан 
облысының 
Бостандық 
ауданы  мен  басқа  қосымш а  жерлерді  Өзбек  КСР-іне  беру 
туралы  мәлімдеме  жасады.  Оңтүстік  Қазақстан  облысы 
Мақта-Арал,  Қызыл-қүм  аудандарынан  алынган  329  га 
жер  жэне  1936  жылдан  өзбек  колхоздары  мен  совхоздары 
уақытша  пайдаланып  келген  жерлер  Өзбекстанга  толық 
берілсін  деген.  Орталық  жэне  Оңтүстік  арналар  суаратын 
далалы қ  жерлерден  95  мың  га  жэне  75  мың  га.  Оңтүстік 
Қазақстан  облысы  Бостандық  ауданының  Жамбыл  және 
О ңтүстік  Қазақстан  облыстары  колхоздары  жайылым 
ретінде  пайдаланатын  жерлерінен  басқа  аумагы  берілсін 
деген  қаулыга  сол  кездегі  Қазақ  КСР-і  Жогаргы  Кеңесі 
Т өралкасы ны ңтөрагасы  Ж.Тәшенов, М инистрлер Кеңесінің 
төрагасы 
Д.Қонаев  жэне  Қазақстан  КОКП  хатшысы 
Л.Брежнев  қол  қойды  [46].
1963  жылгы  26  қаңтардагы  Қазақ  КСР  Жогаргы 
Кеңесінің 
жарлыгына 
сэйкес 
Өзбекстанга 
Оңтүстік 
Қазақстан  облысының Киров, жэне М ақта-Арал  аудандары, 
Қызыл-қүм 
ауданының  Қызыл-қүм 
жэне 
Шымқорган 
ауылдарының  кеңестері  (жалпы  жер  көлемі  959  мың  га), 
сондай-ақ  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  жайылымдық 
жерлері  (1,554  мың  га)  мен  Қызылорда  облысының  үзақ 
уақыттан  бері  Өзбек КСР-і  пайдалануындагы  1,150  мың  га.
жері  берілді  [47].
Бұл  мәселенің  қалай  өрбігендігі жөнінде  сол  кездегі 
Қазақ  КСР-і  Орталық  комитетінің  бірінші  хатшысы  Д.А.
5 0

Қонаев  өзінің  ғұмырнамалық  естеліктерінде  былай  дейді: 
«...1962  жылы  желтоқсанда  Мэскеуде  Кремльде  Қазақ 
өнер  жұлдыздары  концерт  берді.  Бұл  кезде  Мэскеуде  ҚКП 
Орталық  Комитетінің бюро  мүшелері  Бейсебаев,  Шарипов, 
Юсупов  жэне  т.б.  болды  [43,  148-151  б.].  Осы  кезде  мен 
Хрущевқа  телефон  соғып,  оны  концертке  шақырдым,  ол 
өз  келісімін  беріп,  мені  Кремльге  келіп-кетуге  шақырды. 
Мен  Хрущевтің  кабинетіне  кіргенде,  онда  Микоян  болды. 
Амандастық,  содан  кейін  Хрущев:  «Бүгін  менде  Оңтүстік 
Қазақстан 
крайкомының 
бірінші 
хатшысы 
Юсупов 
болды.  Ол  мақта  өсіретін  аудандарды  өзбектерге  беру 
жөнінде  мәселе  көтереді.  Бұл  мақтаның  өнімін  көбейтуге 
көмектеседі  деді.  Сонымен  қатар,  өзбектердің  мақта 
өсірудегі  бай  тәжірибесі  туралы  айтты.  Бірақ  мен  бүған 
эр  түрлі  мәселелерді  айтып,  ондай  мәселелерді  асықпай 
шешу  керек  екенін  айтқаныммен,  Хрущев  тыңдамады. 
КСРО-ның  1937  жылғы  қабылдаған  Конституциясында 
республикалардың  территориясы  оның  келісімінсіз  ешбір 
өзгертілмейді  деген  баптың  болганына  қарамастан  мәселе 
Орталықтың дегенімен  жүре берді.  Нэтижесінде,  жогарыда 
айтылған жерлер Өзбекстан  қүрамына өткен болатын.  Бірақ 
Хрущев  қызметтен  кеткен  соң,  менің  басқаруыммен  бұл 
жерлер  республикаға  қайта  кері  қайтарылған  болатын,  тек 
екі совхоз жэне 500 мың қой мен ерте кезде берілген жерлер 
қалып  қойды.  Осының  өзін  қайтару  көптеген  қиындықтар 
туғызып,  қажырлы  жүмысты  талап  етті»  деп  баяндайды
[43,  152  6 .].
М ұрагатқұжаттарыменғұмырнамалықестеліктерден
1960  жылдардың  бас  кезінде  КОКП  басшылығында  болган 
Н.Хрущевтың  Орталық  Азия  республикалары  арасындагы 
шекараны  жоюга,  шекаралық  жерлерді  бір  республикадан 
алып,  екіншісіне  беріп,  шекара  сызыгын  мүлде  жоюға 
тырысқан 
құйтұрқы 
саясатын 
көреміз. 
1962 
жылы 
Н.Хрущевтың 
тапсырмасымен 
республика 
аймағында 
орталығы 
Целиноград 
қаласында 
орналасқан 
егін 
шаруашылығымен  айналысатын  облыстардың  Қазақстан 
КП  ОК  бюросы  құрылды.  Біраз  уақыттан  кейін  бұл  егінді 
облыстар  Бюросын  таратып,  оның  орнына  қүрамына 
Қазақстанның  бес  облысы  кіретін,  Мәскеуге  тікелей 
бағынатын  Тың  игеру  өлкесі  (Целинный  край)  қүрылды. 
Кейінірек Хрущев бүл өлкенің қүрамына Қараганды обл ысын

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЬЩ МЕМЛЕКЕГПК ИіЕКАРАСЫ
да  қосуға  тырысқан  болатын,  тек  сол  кездегі  республика 
басш ылығының бұл  шешімнің өндірісті облысты басқаруда 
қарама-қайш ылықтар  тудырады  деген  табандылығы ның 
арқасында  өзгеріссіз  қалды.  Бірақ  қадалған  жерінен  қан 
алатын  Хрущев  мұнысымен  шектелмей  республиканы 
өлкелерге  бөліп  басқару  өте  тиімді  жэне  бұл  болашақта 
республикалар  арасындагы  шекараны  жоюға  өз  септігін 
тигізеді  деп,  Батыс-Қазақстан  жэне  Оңтүстік  Қазақстан 
өлкелерін  қүрады.  Болашақта  Ш ыгыс-Қазақстан  өлкесін 
қүру  жоспарланған  болатын.  Сонымен  қатар,  осы  кезде 
қүрамына Өзбекстан, Тэжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан 
жэне  Қазақстанның  Ш ымкент  облысының  басшылары 
кіретін  Орталық  Азия  бюросы  құрылды.  Жоғарыдағы 
Н.Хрущевтың  жүргізген  солақай  саясатының  нені  меңзеп 
тұрғанын  байқау  үлкен  қиындық  туғыза  қоймас.  Орталық 
Азия  республикаларына қатысты ұстанған  саясатының түп- 
төркінін  бүкпесіз  жеткізе  беретін  халық  көсемінің  негізгі 
мақсаты  республикалар  арасындагы  шекараны  жою  жэне 
Қазақстанда аймақтар  құру  арқылы  орыс ұлтының өкілдері 
басым  тұратын  жері  шалғай,  топырағы  құнарлы,  суы 
мол  солтүстік  бес  облыстан  құралған  тың  өлкені  түбінде
Ресейдің  құрамына  қосу  болды.
Осы тұста Қазақстан  КП ОК бірінші хатшысы болған 
Д.Қонаев  пен  Н.Хрущев  арасында  республикаға  қатысты 
мәселелер  бойынша теке-тірестер жиі  болып тұрды.  Соның 
бірі  Қазақстан  мен  Түрікменстан  арасындағы  М аңгышлақ 
өңіріне  қатысты  болган.  Хрущев  Қонаевпен  болган  бір
кездесуін д еМ аң ғы ш лақтүбегін түрікм ен дергеберу жөнінде
мэселе көтерді. Ө зін ің б ұ л  ұсынысын М аңғы ш лақбайлы ғы н 
түрікмендер  жылдам  игереді,  олардың  шөлейтті  жерлерді
игерудетэжірибелерімолжэнегеологиялықбарлауұйымдары
мықты  дамыған,  сонымен  қатар  елге  мұнай  көптеп  керек, 
сол себептен  барлау жұмыстарын үлғайтуымыз  қажет деген 
сылтаумен  дэлелдеуге  тырысады.  Бірақ  Хрущевтың  бұл 
ұсыны сына  Қонаев  үзілді-кесілді  қарсы  шығып,  геология 
министрі  Сидоренкомен  ақылдасуды  сұрайды.  Сидоренко 
Хрущевқа  берген  жауабында  Қазақстанда  геологиялық 
барлау 
қызметінің 
мықты 
екенін 
жэне 
қазақтардың 
М аңгышлақты  жылдам  игеретіндігін  айтты.  Хрущев  өзінің 
бұл мәселеде асыгыстық жасағанын түсініп, республикалар 
арасындағы  шекараны  әзірше  бұзбаймыз,  элі  ойланамыз
5 2

деп  бұл  мәселеге  қайтып  соңды  оралмаған.  Хрущевтың 
ойларының  Қазақстанда  толық  жүзеге  аспауы  жэне  оның 
ұсыныстарына 
республика 
басш ылығының 
эрдайым 
наразылық  көрсетіп  отыру  республикадағы  басшылықты 
ауыстыруға  экеп  соқты.  1962  жылы  25  желтоқсандагы  ҚКП 
ОК  Пленумының  мәжілісі  Д.Қонаевты  ҚКП  ОК  бірінші 
хатшысы  қызметінен  босатып,  оның  орнына  орталыққа 
жагымды,  олардың  айтқанын  бір  ауыздан  қолдайтын 
жағымпаз  Юсуповты  тағайындады.  Бірақ,  Хрущевтың  осы 
жоспары  ұзаққа  бармай,  оның  бұл  арам  пигылы  жүзеге 
аспай  қалды.  Ш овинистік  саясатты  жузеге  асыруда  Кеңес 
өкіметі  ақ  патшаны  айдалада  қалдырды.  Ресей  империясы 
тұсында  күштеп  қоныс  аударылғандар  үшін  қазақ  елі 
шеңберінде ұлттық автономия  құру туралы  сөз болған емес. 
Алайда,  большевиктер  мұндай  «кемшілікке»  жол  бермеуге 
тырысты,  ондай  «олқылықтың»  орнын  толтыруга  ықылас 
қойды.  Бұл  істе  белсенділік  танытты  [43,  153-155  б.].
20  гасырдың  30-40  жылдары  сталиндік  режим
уақытында  қуғын-сүргінге  ұшыраган  коптеген  халықтар, 
қазақ  жеріне  еріксіз  келген  шешендер,  ингұштар  мен 
қарашайлар  Кеңес  үкіметінің  шешімімен  1956  жылдың 
16  шілдесінде  КСРО  Ішкі  істер  министрлігінің  экімшілік 
қарауынан  құтылып,  арнаулы  тізімнен  шығарылды.  Оларга 
бостандық  берілді.  Көпшілігі  сол  кезеңде  Қазақстанда
тұрған  шешен  мен  инғұштарға  еліне  қаитуга  рұқсат  етілсе 
де,  олардың  Кавказға  жаппай  көшуін  тежеу  керек  деп 
жоғары  жақ  жасырын  нұсқау  берді.  Сол  кездегі  КСРО  Ішкі 
істер  министрі  Н.Дудоров  тіпті:  «Қазақстанда  Шешен- 
Ингұш  автономиясын  кұру  қажет»,  — деп  ұсыныс  жасады
[48].
Брежневтің  тұсында  бұл  бағыттагы  жұмыс  біраз 
бәсеңдеді.  Бірақ  соңынан  басқаша  өріс  алды.  Неміс 
диаспорасының  ұлттық  дамуын  көркейтеміз,  экономика- 
мызды  нығайтамыз  дегенді  желеу  етіп,  1979  жылы  31 
мамырда  КОКП  Орталық  Комитетінің  саяси  бюросы 
Қазақстанда 
неміс 
автономиялық 
облысын 
құрайық 
деген  қаулы  шығарады  [49,  25  б.].  Алайда,  сол  кездегі 
Целиноградтың  орталық  алаңында  жэне  басқа  жерлерде 
коптеген  адамдардың  қатысуымен  автономияға  карсы 
шерулер  өтті.  Осыган  орай  мәселенің  шешілуі  кейінге 
қалдырылды,  одан  соң  Д.Қонаевтың  тікелей  араласуымен 
бұл  мэселе  күн  тэртібінен  біржолата  алынып  тасталды.
5 3

КАЗЛҚСТЛН ГЕСІІУБДИКАСЫНЫН М £М Л£КЕТЛ К ШЕКАУЛСЫ
Сөйтіп,  Кеңес  Одагы  қалы птасуы ны ң  бастапқы 
кезеңінде  жүргізілген 
үлтты қ-терр итория л ық  межелеу 
саясаты, болган қиындықтарга қарамастан қазақ ж ер л ер ін ің  
бір  республиканың  қол  астына  топтасуы нда  қазақ  халкы 
үшін  маңызды болды. Осы түста қазақ жерлерінің шекарасы 
түңгыш рет хал ықарал ық қүкық талаптарына сай анықталып

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал