Республикасы



жүктеу 0.82 Mb.

бет6/12
Дата23.02.2017
өлшемі0.82 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


2.2  Кеңес  Одағы  мен  Қытай  қатынастарында 
шекара  мәселесінің  көтерілуі
1917 
жылы  Қазан  төңкерісінің  нэтнжесінде  Кеңес 
өкіметі 
орнап, 
бүкіл 
Қазақстан  территориясы 
оның 
қүрамына  енді.  Жетісу  мен  Сырдария  облыстары  Түркістан 
АКСР-нің  күрамында,  Қазақстанның  солтүстік-шыгыс 
облыстары:  Ақмола  мен  Семей  Сібір  олкелік  кеңесінің 
қүрамында,  Бөкей  облысы  —  Астрахань  губерниялық 
кеңесінің  қүрамында  болды.
1919 жылы  мамыр  айында  қүрамында Ә.Жанкелдин,
А.Байтүрсынүлы,  М.Түнғаншин,  Б.Қаралдин  жэне  т.б. 
болған Қазақстан делегаңиясы Мэскеуге кел іп, Қазақ АКСР- 
ін  қүру  жөнінде  орталық  кеңес  үйымдарының  өкілдерімен 
келіссөздер  жүргізді.  1919  жылы  10  шілдеде  В.И.  Ленин 
қырғыз 
(қазақ) 
өлкесін 
басқаратын 
революңиялық 
комитет  жөніндегі  қүжатқа  қол  қойып,  ол  РКФСР  Халық 
Комиссарлары  Кеңесінің  декретімен  бекітілді.  Ал  1920 
жылы  9-10  тамызда  Мәскеуде  қазақ  автономиясының 
шекарасы  түпкілікті  белгіленді  [63].
1920 жылы  26 тамызда РКФСР Халық Комиссарлары 
Кеңесінің төрағасы В.И. Ленин мен Кеңестердің Бүкілресей 
Орталық  Атқару  Комитетінің  төрағасы  М.И.  Калинин 
Қырғыз  (Қазақ)  Автономиялық  Кеңестік  Социалистік 
Республикасын  күру  туралы  декретке  қол  қойды  [12,  251- 
252  б.].  Декрет  бойынша  оның  қүрамына  мына  облыстар 
мен  уездер  кірді:
1.  Семей  облысы:  қүрамына  Павлодар,  Семей, 
Өскемен,  Зайсан  жэне  Қарқаралы  уездері  кірді;
2.  Торғай  облысы:  қүрамына  Қостанай,  Ақтөбе, 
Ырғыз  жэне  Торғай  уездері  кірді;
3.  Ақмола  облысы:  қүрамына  Атбасар,  Ақмола, 
Көкшетау,  Петропавл  уездері  мен  Омск  уезінің  бір  бөлігі 
кірді;
4.  Орал 
облысы:  қүрамына  Орал,  Үлбісін,  Темір 
жэне  Гурьев уездері  кірді;
5.  Закаспий  облысының  Маңғыстау  уезі  және  сол 
облыстың  Красноводск  уезінің  адайлар  түратын  төртінші 
жэне  бесінші  болыстары;
6.  Бүрын  Астрахань  губерниясының  қүрамында 
болган 
Бекей 
Ордасы, 
Көктеңіз 
болысы, 
сондай-ақ
69

ҚЛЗАҚСТАН  РЕСІІУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫ
қазақтар  тұратын  бірінші  және  екінші  Приморск  округінің 
болыстары.
1920 
жылы 
4-12 
қазанда 
Орынборда 
өткен 
Қазақстан  кеңестерінің  съезі  РКФСР  құрамындағы  Қазақ 
Автономиялық  Кеңестік  Социалистік  Республикасының 
құрылғанын  жария  етті.  Ресми  мәліметтер  бойынша  Қазақ 
АССР-інің  территориясы 
1.871.239  шаршы  шақырым, 
халқы  5.046.000,  оның  46,6%-ы  қазақтар  болды  [38,  82  б.].
Қазақстан Кеңесүкіметініңқұрамындаболғандықтан, 
бүрыңғы  патша  кезіндегідей  шет  елдерімен  байланыс 
Мэскеу  арқылы  жүргізілДі.
Кеңес  үкіметі  өмірінің  екінші  күні,  яғни,  1917 
жылдың  8  қараша  күні  өзінің  бірінші  заң  актісімен  барлық 
соғысушы елдерге еш аннекциясыз жэне соғыс салығынсыз 
демократиялық  бейбіт  келісім  жасауды  үсынды.  Патшалық 
Ресейдің  басқа  елдермен  жасаған  құпия  келісімдерінің 
күші  жойылсын  деп  жариялады.
Кеңес  үкіметінің  Шыгыс  елдері  жөнінде  ұстанған 
сыртқы  саясатының  негізгі  принциптерін  1917  жылы  3 
желтоқсандағы  «Халық  Комиссарлары  Кеңесінің  Ресей 
мен  Шыгыстың  барлық  еңбекші  мұсылмандарына  жасаган 
үндеуінен»  көруге  болады.
Кеңес  үкіметі  алғашқы  күндерден-ақ,  Қытаймен 
қарым-қатынас  орнатуға  тырысты.  Ресейдегі  қытай  елшісі 
Лю  Цзин-Жэнмен  келіссөз  басталды.  1896  жылғы  келісім, 
1901  жылғы  хаттама  жэне  басқа  да  Қытайға  қатысты 
1907-1916  жылдары  Ресей  мен  Жапония  арасындағы 
келісімдерді  жоққа  шығару  туралы  келіссөздер  жүргізілді. 
Патша  үкіметінің жэне  оның  басқа  елдермен  бірігіп,  қытай 
халқынан  заңсыз  тартылып  алынған  территориялардың 
барлығын толықтай  қайтару туралы ұсыныс жасалды, -  деп 
тұжырымдайды  ресей  галымы  В.Бармин  [40,  18  б.].
Бірақ  Антанта  елдерінің  ықпалымен  Дуань  Ци- 
Жуйдың  үкіметі  келіссөзді  үзіп,  1918  жылы  наурызда  өз 
елшісін  шақыртып  алды.  Қытай  халқының  Кеңес  елімен 
досты ққаұм ты лғаны на қарамастан Пекин үкіметі ешкандай 
келісімге  келмеді.
Пекиндегі үкімет Кеңес Одағын ресми түрде танудан 
бас тартқан  соң, Кеңес Одагы жөнінде «бейтарап» саясатын 
жариялаган  Ян  Цзэньсинь  Ш ыңжаңның  шекарасын  жауып, 
өлкеге 
большевиктік 
идеологияның 
таралуына 
жол
70

бермеу  мақсатымен,  Кеңес  үкіметімен  арадағы  барлық 
байланыстарға  тиым  салды.  Шекаралас  халықтардың 
арасындағы ғасырларбойы қалыптасқан саудабайланыстары 
үзілді.  Қазақстан  мен  Орталық  Азия  халықтарымен  сауда 
байланыстарының  тоқтатылуы  Шыңжаң  халқы  үшін  өте 
зор  экономикалық  зардаптарға  әкелетіндігіне  қарамастан, 
өлкені  кеңестік революциялық идеялардан аулақ үстау үшін 
Ян  Цзэньсинь  осындай  қатаң  саясат  ұстанды.  Байланыс 
тиылғаннан  кейін  аймақтагы  экономикалық  ахуал  күрт 
төмендеп  кетеді.  Екі  ел  де  экономикалық  байланыстарды 
қалпына  келтіруге  аса  мүдделі  болып,  экономикалық 
фактор  олардың  арасындагы  дипломатиялық  әрекеттерінің 
басты  мэселесіне  айналады.
1918 
жылы  көктемде  Жетісуда  Кеңес  үкіметінің 
билігі 
орнаган 
соң, 
жас 
Кеңес 
мемлекеті 
Қытай 
сияқты  мыкты  елмен  мемлекетаралық  байланыстарды 
жандандырып,  онымен  тікелей  қарым-қатынас  орнатуға 
талпынды. Кеңес үкіметінің басшылары  патшалық Ресейдің 
Қытайға  қатысты  бүрын  қол  қойылған,  оның  қүқықтары 
мен  мүмкіндіктері  шектелген  келісім-шарттарынан  бас 
тартатындығын  мэлімдейді.  Осы  саяси  мәні  зор  мәлімдеме 
Қытайдың  Кеңес  Одағымен 
шектесетін 
аймақтарына 
қатысты  бүрын  қабылданған,  Қытай  жағының  көңілі 
толмаган келісімдер мен сол кезеңде екі  мемлекет арасында 
шешімін  таппаған  мәселелерді  өз  мүддесіне  ыңгайлап 
шешуге  жақсы  мүмкіндіктер  берді.  Қытай  жағы  бүны  сол 
мезетте  пайдаланып  қалуға  тырысты.
Орталық  Азия  мен  Қазақстанда  Кеңес  үкіметі 
билігінің  ныгаюына  байланысты  кеңестік  шекаралық 
ұйымдардың  қытай  өкілдерімен  байланыстары  жандана 
бастады.  Екі  ел  арасында  туындаған  эр  түрлі  мәселелер 
талқыланып,  оны  шешу  жолдары  қарастырылып  жатты. 
Бүл  кезде  Кеңес  одағы территориясында азамат соғысының 
элі  де  күш  алып  тұрған  кезі  болатын,  сол  себептен  екі 
жақ  Қытай  аумағынан  Кеңес  жеріне  ақ  гвардияшылардың 
шабуылын  болдырмау,  ақ  гвардияшылардың  сыртқа  алып 
кеткен  бағалы  мүліктерін  Ресейге  қайтару,  шекаралық 
өзендерді пайдалану, сауда байланыстары сияқты мәселелер 
өзекті  мэнге  ие  болды.
Осы  тұста  Кеңес  Одағы  Қытаймен  ауқымды  саяси- 
экономикалық  байланыстар  орнатуға  қанша  тырысқанмен,
71

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫ
сол 
кездегі 
екі 
мемлекет 
шекарасына 
орналасқан 
ақ 
гвардияшылардың 
көрші 
Қытай 
мен 
Монғолия 
территориясына  өтіп  кетіп,  жасаған  үздіксіз  соғыстарының 
салдарынан  Кеңестердің  бұл  саясаты  оңайлықпен  жүзеге
аса  қоймады.
Қытайдың 
Қазақстанмен 
шектесетін
территориясында  ақ  гвардияшылардың  атамандары  Дутов, 
Анненков,  Бакич  өз  әскерлерімен 
Кеңестерге  қарсы 
согысып,  кейде Қытайдың Шыңжаң өңіріне өтіп  кетіп, онда 
әскерлерін  жасақтап,  кайта  шабуылга  шыгып,  екі  елдің 
жақындасуына  кедергі  жасап  отырды.  Олар  Шыңжаңдагы 
халық  арасында  Кеңес  үкіметіне  қарсы  үгіт-насихат 
жұмыстарын  үздіксіз  жүргізіп  отыруга  тырысты.  Тарихшы 
Н.Алдабек  екі  мемлекеттің  арасын  шиеленістіру  үшін 
үшінші  жақ  «Кеңес  үкіметі  Қытайдың  Ш ыңжаң  өлкесін 
жаулап  алу  үшін  Қытайга  қарсы  согысқа  әзірленуде»  деген 
қауесет  таратып,  арага  от  жагуга  тырысып  бақты  деп 
пайымдайды  [60,  299  б.].
1920 
жылдары 
Кеңес-Қытай 
шекарасының 
қазақстандық бөлігінде туындаган  шекаралық қақтыгыстар 
Қытай  мен  Кеңес  өкіметі  арасындагы 
жақындасуга  кері 
әсер  еткені  анық.
Семей  облысы  Зайсан  ауданындагы  Қызыл  Үйеңкі 
деген  жердегі  60  шақырымдай  жерді  қытайлықтардың 
басып  алуының  нәтижесінде  екі  ел  арасындагы  шекара 
маңында  шиеленіс  туындаган  болатын.  Қытай  мен  Кеңес 
үкіметі  арасында  пайда  болган  осындай 
шиеленісті 
жагдайлар  түрақты  әрі  бейбіт  байланыстарды  тез  арада
қалыпқа  келтіруді  талап  етеді  [64,  37  б.].
Кеңес  Одагында  азаматтық  согыстың  аяқталуымен 
жэне Коминтерн өкілдерінің тікелей атсалысуымен, сондай- 
ақ  Сунь  Ятсен  үкіметінің  кеңестік  өкіметке  деген  достық 
көзқарасының  нәтижесінде  екі  мемлекет  арасындагы 
байланыс  біртіндеп  жандана  бастады.  1920  жылы  28 
мамырда  Кеңес  Одагы  мен  Ш ыңжаң  экімшілігінің  өкілдері 
қол  қойган  «Іле  келісіміне»  қол  жеткізілді.  Бұл  келісім- 
шарт екі  елдің арасындагы  саяси-экономикалық мәселелер- 
ді қамтитын он баптан тұрды. Бұл құжат Қытайдың Ш ыңжаң 
өлкесі  мен  Кеңес  Одагының  Қазақ  АКСР-і  арасындагы 
көптеген  мэселелерді  қамтыды.  Келісім  екі  жақтың  сауда- 
экономикалық  байланыстарын  ныгайтуга,  согыс  жэне
72

г.б.  жағдайларга  байланысты  мемлекеттердің  бір-бірінің 
территориясына 
өтіп 
кеткен 
азаматтарды 
қайтаруға, 
шекаралық жэне кедендік бақылау органдарының жұмысын 
жандандыруга негізделді.  Он баптан тұратын Іле хаттамасы 
«тең  құқылы  жэне  өзара  пайдалы  келісім  принциптеріне 
негізделеді»  деп  көрсетілді.  Осы  кезден  бастап  РКФСР
мен  Шыңжаң  провинциясының  арасында  тату  көршілік 
қатынастар  орнады  [65].
1920 
жылы  қыркүйекте  Пекиннен  Мәскеуге  генерал 
Чжан  Сы-линнің  эскери-дипломатиялық  миссиясы  келді. 
Генерал  Чжан  Сы-линмен  кездескен  В.И.  Ленин  оның  іс- 
сапарын  қолдады,  екі  елдің  арасындағы  байланыстың 
қарқынды  дамитындығына  сенім  білдіріп,  Ресей  мен 
Қытайдың  жүрер  жолдары  эр  түрлі  болғанымен,  оларды 
империализммен  күресудін  ортак  мақсаты  біріктіреді  деп 
айтқан  болатын.  1920  жылы  27  қыркүйекте  РКФСР  Халық 
Комиссариаты  Сыртқы  істер  комитеті  қытай  елшісіне 
нота  тапсырған  болатын.  Бірақ  қандайда  бір  келісімге  қол 
жеткізбес  бұрын  олар  қараша  айында  қайтып  кетті  [66].
1921-1922  жылдары  Пекинде  РКФСР-дың  бірінші
дипломатиялық  миссиясы  болды.  Бұл  миссия  екі  ел 
арасында 
дипломатиялық 
қатынастар 
орнатуға 
қол 
жеткізбегенмен,  екі  елдің  жақындасуына  септігін  тигізді. 
Осы  жылдары  РКФСР  Пекинге  үш  дипломатиялық  миссия 
жіберді,  оларға  1919  жылғы  25  шілдедегі  үндеу  мен  1920 
жылғы  27  қыркүйектегі  нотада  көрсетілген  принциптер 
негізінде  қорытынды  келісім  жасауға  өкілдіктер  берілген 
болатын.  Сонымен  қатар,  1922 жылдың мамырында  арнайы 
кел іссөздер жүргізу үшін Мәскеуге Қытай үкіметінің арнайы 
өкілі Шэн Чжун-сюн  келді. Бірақ келіссөз мэселесі орнынан 
қозгалмады.  Оның  себебі  ықпалды  батыс  мемлекеттерінің 
Қытайдың Кеңес Одағымен байланыс орнатуына қарсылыгы
ед і  [6 7 ,  4 7 - 4 8   б .].
Кеңес  өкіметі  халықаралық  қолдауға  зэру  болып 
отырғандықтан,  Қытай  сияқты  дэстүрлі  байланыстары 
бар  ежелгі  көршісімен  қатынастың  үзілмеуін  қалап,  бар 
мүмкіндікті  пайдаланды.  Бірақ  Кеңес  өкіметінің  жасаған 
бұл  талпыныстарынан  ешбір  нәтиже  шыға  қоймады.  Қытай 
жагы  Кеңес  жағымен  байланысқа  асыға  қоймады,  оның 
өзіндік  себептері  болды.  Бұл  кезде  Пекин  Жапониямен 
бірлесіп,  Кеңес  өкіметіне  қарсы  шабуыл  жасау  жөніндегі
73

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫЫЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫ
құпия  келісімге  қол  қояды.  Қытай  Жапонияның жэне  батыс 
елдерінің  Кеңес  өкіметіне  қарсы  саясатына  қосылып,  оган 
қарсы  ұйымдастырылган  интервенцияга  қатысады.  Қытай 
Кеңес  үкіметінің  байланыс  орнатуга  жасаган  қадамдарын 
қабылдамай, 
екі 
мемлекет  арасында  ресми 
қатынас 
болмады. 
' '■ 
с у г
-.-
Екі  ел  арасындагы  келісімге  тек  1924  жылы  31 
мамырда  қол  қойылды.  Кеңес  үкіметі  патшалық  Ресейдің 
түрлі  келісімдері  арқылы  қол  жеткізген  барлық  қүқықтар 
мен  жеңілдіктерден,  «боксерлік»  согыс  салыгының  орыс 
үлесінен,  экс  территориялық  қүқыгынан  бас  тартты.  Елші 
дәрежесінде дипломатиялық өкілдіктермен алмасу келісілді
[65,  82-85  б.]. 
і. 
м-.;,
1924 
жылгы 
кеңес-қытай 
келісім 
актісі 
бойынша  тараптар  қалыптасқан  үлттық  шекараларды 
қолдайтындықтарын  мәлімдеді.  Бірақ  екі  жақ  біріккен 
келісім  арқылы  өз  шекараларын  тексеріп  шыгуга  келісті. 
Бұл  келісімнен  байқайтынымыз,  екі  жақ  та  орыс-қытай 
келісімдерін  мойындайтындыгы  және  шекараны  нақтылау 
мен  қайта  демаркациялау  мэселесі  екі  жақты  келісім 
негізінде  болатындыгы.  1924  жылы  20  қыркүйекте  КСРО 
мен  Қытай  Республикасының  Үш  Шыгыс  Автономиялы 
Провинциялары  үкіметтерінің арасындагы  шекараны  қайта 
демаркациялау,  кеме  қатынасы,  сауда  жэне  баға  жөніндегі 
келісімдерінен  осыны  анық  көреміз  [68,  146  б.].
Кеңес-қытай 
шекарасы 
дүние 
жүзі 
бойынша 
құрлықтағы  ұзындыгы  жагынан  бірінші  болып  табылды. 
Оның  жалпы  ұзындығы  7520  шақырымды  қүрады.  Ол 
бірнеше  учаскелерден  түрды.  Шығыс  учаскесі  4375 
шақырымды 
құраса 
(КСРО, 
ҚХР, 
МХР 
шекаралары 
түйіскен  Тарбаған  —  Даху  нүктесінен  КСРО,  ҚХР,  КХДР 
шекараларының  түйіскен  Тумыньцзян  өзеніне  дейін), 
батыс  учаскесі  3145  шақырымды  қамтыды  (КСРО,  МХР, 
ҚХР  шекаралары  түйіскен  Табын  Боғда-Ула  нүктесінен
-   КСРО,  ҚХР,  Ауғанстан  шекаралары  түйісетін  Повало- 
Швейковский  шыңына  дейін  жалғасты)  [69].
1927  жылы  оңшыл  гоминданшылар  іске  асырган 
контреволюциялық  төңкерістен  кейін  Қытайда  солтүстік 
милитаристік  Пекиндегі  үкімет  құлатылып, 
1928  жылы 
Чан  Кайши  басқарган  гоминьдан  партиясы  билігіндегі 
Нанкин үкіметі құрылады. Ян Цзэнсинь Чан Кайши үкіметін
74

қолдайтындығын, 
Шыңжанда 
оның 
саясатын 
жүзеге 
асыруға қызмет ететіндігін айтып, оган жеделхат жолдайды. 
Бірақ  оның  бұл  айласы  үзаққа  бармайды.  Осы  кезеңде 
Қытайдағы  ішкі  саяси  жагдай  қатты  шиеленісіп,  оның 
сыртқы  жағдайға  аса  мэн  беріп  қарауына  ішкі  тартыстар 
мен  елдегі  болып  жатқан  саяси  төңкерістер  мұрша  бермеді. 
Қытайдың  провинцияларында,  әсіресе  Кеңес  Одагымен 
шекаралас  Шыңжаңда  халық  толқулары  мен  ереуілдерінің 
ауқымы  күн  сайын  өсіп,  Алтай  мен  Іледегі  қазақтардың, 
моңғолдардың  бас  көтерулері  үлғая  түсті.
Шыңжандағы  мүсылман  халықтары  көтерілісінің 
басталуы  Кеңес  Одағы  үшін  күтпеген  жағдай  емес-тін. 
Кеңес басшылары Шыңжаңдағы КСРО-ның әр түрлі қызмет 
орындарынан  ондағы  саяси  жағдай  туралы  мэлімет  алып 
отырды,  сол  себептен  олар  ондагы  көтерілістің  болатынын 
алдын  ала  біліп  отырды.  Сонымен  қатар,  кеңес  үкіметі 
болатын  көтерілістің  сипаты,  оның  жеңісі  не  жеңілісінен 
болатын  салдары,  көтерілісті  үйымдастырушылар,  соның 
ішінде  оған  қолдау  көрсетіп,  оның  артында  түрган  шетел 
мемлекеттері  жөнінде  мүқият  талдау  жүргізіп,  өзінің 
бүл  оқиғаға  байланысты  үстанатын  саясатын  таразылай 
бастады.  Кеңес  Одағы  Орталық-Азия  шекарасындагы 
тыңыштық  пен  саяси  түрақтылыққа  мүдделі  бола  түра, 
өзінің элемдік революциялық  қозғалыстың,  оның  қүрамдас 
бөлігі 
саналатын  үлт-азаттық  қозғалыстар  жетекшісі 
ретіндегі  дэрежесін  сақтауға  ынталы  болды.  Сондықтан 
Кеңес  Одагы  Қүмылда  басталған  мүсылман  халықтарының 
Қытай  өкіметіне  қарсы  көтерілісіне  бастапқы  кезеңінде 
қолдау  көрсетіп,  Моңголия  үкіметі  арқылы  материалдык, 
жэрдем  берді.
Кеңес 
басшыларының 
мүсылман 
көтерілісінің 
жетекшілеріне  қолдау  көрсету  саясаты  бір  жағынан 
Шыңжандағы  Цзинь  Шужэннің  билігін  әлсіретіп,  оны 
Шыңжаң  басшылыгынан  кетіру  мақсатын  көздеген  сияқты. 
Сонымен  қатар,  жергілікті  халықтың  көтеріліске  жаппай 
қатысып, оның аймаққа кең таралу ынан қорытынды жасаған 
Кеңес  Одағы,  күшейіп  бара жатқан  мүсылмандар  көтерілісі 
түбінде  жеңіске  жетуі  мүмкін  деген  есеппен,  Шыңжаң 
билеушілерімен  байланысты  күшейтіп,  оны  Моңголия 
үлесіндегі елге айналдыруды көздеген тэрізді.  Кеңес Одағы 
өзінің  ықпалына  түспейтін,  одан  дербес  саясат  үстайтын
75

КАЗАКСТАН РЕСІГУБЛИКАСЫНЫЦ М ЕМ ЛЕКЕТПК ШЕКАРАСЫ
мемлекетті  қолдамайтыны  айқын  еді.
Қытайдағы  саяси  жағдайдың  бірқалыпты  болмауы 
ондағы 
кейбір 
топтардың 
екі 
жақты 
қатынастарды 
қолдамауына байланысты  еді.  Гоминдан үкіметі Кеңестерғе 
қарсы  саясатын  тоқтатпады.  Бірақ,  соған  қарамстан 
екі  мемлекеттің  ара-қатынасы  қабылданған  келісімдер 
негізінде  біртіндеп  қалыптаса  бастаған  еді.  1925  жылы  11 
наурызда  Сунь  Ятсен  КСРО  Орталык  Атқару  Комитетіне 
хат жолдап,  онда ол:  «Сіздермен  қоштаса отырып,  қүрметті 
жолдастар,  болашақта  КСРО-ны  еркін,  мықты  Қытайға 
одақтас  дос  ретінде  қарсы  алып,  екі  мемлекет  қол  ұстасып 
әлемнің жапа шеккен халықтарын босатуда бірге күреседі»,
-  деп  көрсетеді  [67,  53  б.].
1926-1929 
жылдар 
аралығында 
Чан 
Кайши
үкіметі  Кеңес  үкіметіне  қарсы  шаралар  ұйымдастырып, 
Қытайдағы  консулдық  және  шаруашылық  мекемелеріне 
қарсы  жаугершілік  іс-әрекеттерін  жалғастырды.  Кеңес 
шекарасындағы  мекендерге шабуылдар жасап,  КВЖД темір
жолын  басып  алды.
1929  жылы  17  шілдеде  Чан  Кайши  үкіметінің 
Кеңестерге  қарсы  іс-қимылдарының  нәтижесінде  Кеңес 
Одағы  мен  Қытай  арасындағы  дипломатиялық  қатынастар 
үзілді.  1930  жылы  11  қазанда  Мәскеуде  КВЖД  сауда 
байланыстарын 
жэне 
дипломатиялық 
қатынастарды 
жандандыру 
мэселелерін 
қарастырған 
кеңес-қытай 
конференциясы 
өтті. 
Нанкин  үкіметінің  кеңес-қытай 
қатынастарын  қалыптастыруға  асықпауынан,  конференция 
өз  жұмысын  бірнеше  рет  тоқтатып,  алдына  қойған
мақсатына жетпеді.
Қытай  Кеңес  Одағымен  арадағы  байланысын  толық 
тоқтатқан  кезде  оның  жалғыз  жақтас  мемлекеті  Жапония 
1931  жылы  қыркүйекте  кеңес-қытай  шекарасына  жақын 
маңда  Солтүстік-Шығыс  Қытайға  басып  кіреді.  Осы 
тұста  Кеңес  Одағы  жапон  басқыншыларына  қарсы  Қытай 
халқына  қолдау  көрсетеміз  деп,  мәселені  өз  пайдасына 
шешуге  тырысады.  Ішкі  саяси  жағдайдың  қиындығы  мен 
әскери  қарсылык  көрсетуге  қауқарсыздығынан  Гоминдан 
үкіметі  Кеңес  Одағы  тарапынан  жасалған  әскери  көмекті 
қабылдап,  1932  жылы  12  желтоқсанда  екі  ел  арасындагы
дипломатиялық қатынастарды жандандыратындарын жария
етеді.  Бұл  мәлімдемені  Қытайдың  бұкара  жұмысшы  табы
76

жақсылық нышаны ретінде қабылдайды. Қытайдың бірнеше 
қалаларында ұлттық құтқару бірлестіктері шерулер өткізіп, 
КСРО  үкіметі  мен  халқына  Шыгыс  Азияда  бейбітшілік 
орнату  үшін  КСРО  мен  Қытай  бірігулері  керек деген  үндеу 
жолдайды.  1937  жылы  шілдеде Жапонияның  қайта жасаган 
„  шабуылдары  кезінде  де  Кеңес  Одагы  Қытайга  Жапония 
басқыншыларына қарсы  көмек көрсеткен болатын. Қытайга 
қиын  қыстау  заманы  төніп  түрган  шақта  оның  сеніміне 
толық  кіріп,  оны  өзінің  аймақтық  саясатында  оңды 
пайдалану  үшін  КСРО  1937  жылы  21  тамызда  Қытайга 
шабуыл жасамау жөніндегі келісімге қол қояды.  Бүл келісім 
бойынша екі жақ қандайда бір таласты мәселені келіссөздер 
арқылы шешуге жэне бір-біріне шабуыл жасамауга, сондай- 
ақ  соғысуга  шақырган  жақты  айыптайтындықтары  туралы 
мәлімдейді  [65,  79  б.].
Кеңес  Одағы  Қытайдың  Жапония  басқыншыларына 
қарсы  соғысында  әскери,  экономикалық 
көмек  беруден 
аянбады.  1939  жылы  маусымда  КСРО  мен  Қытай  арасында 
сауда келісіміне қол қойылды. Бүл келісім бойынша Қытайға 
алган  тауарларына  төмендетілген  баға  мен  жеңілдетілген 
несиелер  беріп  отырды  [70].
Кеңес Одагының екінші дүниежүзіл ік согыста жеңіске 
жетуі Қытайдагы үлт-азаттық күштерге жаңа серпіліс берді. 
Елде  қайта  жандануға  бел  буған  қозғалыстар  кең  етек  ала 
бастады.  1945  жылы  11  ақпанда Ялта конференциясыда қол 
жеткен  келісімдер  бойынша  Кеңес  Одағы  антигитлерлік 
коалиция  елдері  алдындағы  одақтық  міндетін  орындай 
отырып,  1945  жылы  9  тамызда  Жапонияга  қарсы  соғысқа 
шығып,  Қытайға  өз  көмегін  берді.  Бес  күннен  кейін,  1945 
жылы  14  тамызда  Кеңес  Одағы  мен  Қытай  арасында  30 
жылға  арналган  достық және  одақ туралы  келісімдерге  қол
қойылды  [65,  123-124  б.].
1944  жылы  қарашада  Қытайдың  Қазақстанмен 
шектесетін 
Шыңжаң, 
Тарбағатай, 
Іле 
жэне 
Алтай 
провинцияларында 
жергілікті 
халықтардың 
Қытай 
басшылығына  қарсы  үлт-азаттық  көтерілісі  басталды. 
15  қарашада  қытай  әскерінен  Іле  округінің  астанасы 
Қүлжа 
қаласын 
азат  еткеннен 
кейін 
көтерілісшілер 
Шығыс  Түркістан  Республикасын  (ШТР)  қүрғандықтарын 
жария  етті.  1945  жылдың  жазында  ШТР  территориялық 
шекарасының  қүрамына  Тарбагатай  жэне  Алтай  округтері
77

өтті. 
1945 
жылдың  күзінде 
ШТР 
Кеңес 
Одағының 
материалдық,  эскери-техникалық  көмегінің  арқасында 
үш  округтің  территориясын  қытай  эскерінен  тазартып 
қана  қоймай,  Шыңжаңның  астанасы  Үрімші  қаласына  220 
шақырым  жақындықтағы  Манас  өзеніне  шықты.
Бірақ  жоғарыда  көрсеткеніміздей,  Кеңес  одагы 
Жапониямен  соғысқа  дайындалу  барысында  Қытаймен
досты қж энеодақкелісім інеқол қойғандықтан, Шыңжаңдағы
үстанған  саясатын  күрт  өзгертуге  мэжбүр  болды.  Кеңес 
басшылығы ШТР үкіметінің Қытайдың Орталық үкіметімен 
бейбітшілік  келісіміне  қол  қою  үшін  келіссөздерге  отыруга 
қол  жеткізеді.  Нэтижесінде  екі  жақтың  1945  жылы  қазанда 
бастаған  келісімдері  1946  жылы  2  қаңтарда  екі  жақты 
келісімге  қол  қоюмен  аяқталады.  Бүл  келісім  бойынша  екі 
жақ  әскери  қимылдарды  тоқтатып,  талас  туғызатын  саяси 
жэне  экономикалық  мэселелерді  бейбіт  түрде  шешуі  тиіс 
болды.  Осы  келісімнің  негізінде  екі  тарап  өкілдерінен 
түратын  коалициялық  үкімет  қүрылды.  1946  жылы  1 
шілдеде  Шыңжаң  үкіметі  провинциядағы  билікті  толық  өз
қолына  алды.
Екі  жақты  келіссөздерден  кейінде  Кеңес  Одағы  мен
Шыңжаң провинциясы арасындағы байланыс наразылықтар 
мен  қарама-қайшылықтарға  толы  болды.  Оның  объективті 
жэне  субъективті  себептері  болды.  Бірақ  Кеңес  Одағы 
арадағы  қиыншылықтарға  қарамастан  аймақтағы  саяси 
жэне  экономикалык  ықпалын  сақтауға  тырысты.  Кеңес 
Одағының көздеген багалы жэне қажетті  қазба байлықтары 
жоғарыда  аталған  үш  аймақтың  жерінде  болды,  екіншіден 
азамат  соғысы  кезінде  кеңестер  үздіксіз  көмек  көрсетіп 
отырған  ҚКП  бастаған  күштердің  гоминданға  қарсы 
соғыстарында жеңіске жету  ықтималдығы  жоғары  еді,  олар 
жеңіске жеткен  жағдайда  кеңестердің бүрынғы  ықпалының 
аймақта  қайта  орнайтындығына  сенді.  Бүл  сол  түстағы 
КСРО-ның 
Шыңжаңмен 
байланыстарындағы 
негізгі 
мақсаттарының бірі  болды.  КСРО  көршілес  аймақтарда кен 
орындарын  игеруге  кірісе  бастады.  Бүл  аймақта  кеңестік 
мамандар  мүнай,  түсті  жэне  сирек  кездесетін  металдарды 
өндірумен  қатар  белсенді  түрде  геологиялық  зерртеу 
жүмыстарын  жүргізді.  Нәтижесінде  1946-1948  жылдары 
аймақтан  алмас,  алтын,  висмут,  асбест,  гипс,  күкірт  жэне 
пайдалы  қазбалардың  кен  орындары  табылды.  Бүдан  біз
ҚАЗЛҚСТАН 
РЕСІГУБЛИКЛСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК 
ШЕКАРЛСЫ
78

кеңес  оасшыларының  осы  ауданға  байланысты  ауқымды 
және  нақты  жоспарларының  болғандағын  байқаймыз.  Осы 
аталған  жоспарды  жүзеге  асыру  үшін  әр  түрлі  деңгейде  іс 
шаралар  атқарылып,  жүмыс  қарқынды  жүріп  жатты.
1947  жылы  ақпан  айында  Қазақстан  БК(б)П  ОК 
(КП(б)  ОК)  хатшысы  Ж.Шаяхметовтың  БК(б)П  ОК-іне 
Н.С.Патоличев  жолдасқа  Қазақ  КСР-і  құрамында  Ұйғыр 
автономиялық  облысын  құру  туралы  жазған  хатынан 
кеңестердің  көрші  Шыңжаң  өлкесінде  болып  жатқан 
ұлт-азаттық 
қозғалысты 
өз 
мақсатында 
пайдалануға 
тырысқандығын  байқаймыз  [71].  Бұл  үсыныста  Қазақ 
КСР-нің  құрамында  қүрылатын  ¥ й ғ ы р   автономиялық 
облысының қарамағына Талдықорған облысының Панфилов 
және  Октябрь  аудандары  мен  Алматы  облысының  Шелек, 
Еңбекшіқазақ,  ¥ й ғ ы р ,  Кеген  және  Нарынқол  аудандарын 
беру  көзделді.  Шаяхметов  хатында  ¥ й ғ ы р   автономиялық 
облысын  құрудың  Кеңес  үкіметіне  қаншалықты  қажет 
екенін,  Қазақстанда тұратын  ұйғырлардың  үлттық  бірлікке 
жэне  ұлттық  мәдениетті  дамытуға  деген  құлшынысы 
өте  жоғары  екенін  атап  өтті.  ¥ й ғ ы р   облысын  құру  кеңес 
органдарына  ұлттық  кадр  даярлауға,  сонымен  қатар  елдегі 
кеңестерге  қарсы  уағыздарды  азайтуға  мүмкіндік беретінін 
айтты.  Жоспарланған  облыс  аудандарының  экономикасы 
бірден жақсарады,  оған Шыңжаңмен көршілігі  ықпал  етеді, 
ал  ең  бастысы  ¥ й ғ ы р   автономиялық  облысының  құрылуы 
Шыңжаңдағы  3  млн.  ұйғыр  арасында  жағымды  пікір 
қалыптастырып,  ұлт-азаттық  көтерілісте  белсенділіктерін 
арттырып,  Кеңес  Одағына  деген  сенімдерін  арттырады 
деп 
түсіндірді. 
Біз 
бұдан 
кеңестердің 
Қазақстан 
территориясында  ¥ й ғ ы р   автономиялық  облысын  құру 
арқылы  Қытайдың  Шыңжаң  мен  көршілес  аймақтарда  сол 
кезеңде болып жатқан ұлт-азаттық көтерілісті өз пайдасына 
ұтымды  пайдаланып,  көтерілісші  мұсылмандар  жеңіске 
жеткен  жағдайда  ұйғырлар  мен  қазақтар  мекендейтін 
Ш ыңжаң  мен  басқа  көршілес  аймақтарды  өз  құрамына 
қосу  немесе  ол  жерде  өз  билігін  орнатуды  көздеген  сыртқы 
саясатын  жүзеге  асыруға  тырысқанын  көреміз.
Ал  1947  жылы  29  маусымда  БК(б)П  ОК-іне  А.А. 
Ждановтың  атына  жазған  хатында  Ж.Шаяхметов  аталмыш 
мәселені тағы да көтеріп, Шыңжаңның солтүстік округіндегі 
қытайларға  қарсы  бас  көтерген  мұсылмандардың  саяси-
79

КЛЗЛКСТЛІІ  РЕСПУБЛИКЛСЫІ1ЫЦ МЕМЛЕКЕТТІК ЦІЕКЛРЛСЫ
экономикалық 
жағынан 
нығаюы 
мақсатында 
жэне 
провинцияда  ұлт-азаттық  қозғалыстың  қаркынды  дамуы 
үшін  бірқатар  ұсыныстар  жасаған  болатын.  Ол  кытайларға 
қарсы  шыққан  мұсылман  елдері  мен  ұлттык  жанданған 
топтар  арасында  бағдарламасы  мен  жарғысын  БК(б)П  ОК 
бекіткен  коммунистік  «Шыңжаң  халық  партиясын»  құру 
қажеттігін  және  оны  тұрақты  саяси  басқаруды  БК(б)П 
ОК-іне  қалдыруды  ұсынды.  Сонымен  қатар,  Қазакстан, 
Өзбекстан,  Қырғызстан  жэне  Тәжікстан  К(б)П  ОК  өз 
округтерінде  ІІІыңжаң  халықтық  партиясымен  (ШХП) 
бірігіп,  тиісті  жұмыстар  жүргізуге  тапсырмалар  беру 
қажеттігін,  территориясы  Қазақстанмен  шекаралас  Іле, 
Тарбағатай,  Алтай  округтерінде  белсенділік  танытудың 
қажеттігін 
көрсетті. 
ШХП 
ОК 
Шыңжаңда 
танымал 
прогрессивті  бағыт  ұстаған  15  беделділерден  құруды  және 
Іле,  Тарбағатай  жэне  Алтай  округтерінде  ШХП  аймақтық 
комитеттерін  құруды,  кейіннен  Ш ыңжаңның  басқа  да 
аймақтарында  жалгастыруды  ұсынды.  Солтүстік  Шыңжаң
округіндем екендегенбарлы қхалы қтарарасы ндабұры ндары
кең  тараган  және  саяси  ықпалы  зор  ұлттық  мэдени- 
ағарту  қоғамдарының  жұмысын  жандандыру  қажеттігін, 
оның  жұмысын  ұйымдастыруды  ШХП  тиісті  басқару 
органдарына  тапсырылуы  тиіс.  Шыңжаңдағы  халықтың 
көңілін  аулау  үшін  жэне  онда  саяси  жұмысты  тұрақты 
түрде  жүргізіп  отыру  үшін  көбінде  қазақтар  орналасқан 
Іле,  Тарбағатай,  Алтай,  Үрімші  округтеріндегі  адамдардан 
КСРО-ның  Құлжадағы,  Шэуешектегі,  Шарасумдағы  жэне 
Үрімшідегі 
консулдықтарында 
2-ші 
хатшы 
қызметін 
тагайындап,  оған  қазақтарды  тарту  қажет.  Ш ыңжаң  жастар 
комитеттерімен  үздіксіз  жұмыс  жасап,  олардың  қатарынан 
болашақ  басшыларды  дайындау  қажет.  Сонымен  қатар, 
Қазақстанда  шығып  тұрған  Ш ыңжаң  тұрғындарының 
арасында  беделді  «Қазақ  елі»  газетінің  жұмысын  жэне 
бұрынғы  ШТР  аумағында  кеңестік  радионың  таралуын 
қайта  жандандырып,  оны  саяси  мақсаттарда  пайдалану 
қажет.  Ш ыңжаң  халкына  арнап  Алматыда  арнайы  қазақ, 
ұйғыр тілдерінде саяси, ғылыми-танымдық,  көркем, тарихи 
жэне арнайы кітаптар басып  шығару мен ондағы балаларды 
оқытуға  көмек  көрсету  қажет  деп  атап  көрсетті  [71,  61-65

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал