«Құс шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологиясы» пәнінен емтихан жауаптары 1-деңгей


Құс етін өндіру бағыттары және ерекшеліктерін түсіндіріңіз



бет22/43
Дата07.01.2022
өлшемі164,43 Kb.
#18688
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43
105. Құс етін өндіру бағыттары және ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Құс шаруашылығында бройлер етін өндіру, гибрид құстарды өндірістік технология жағдайында толықтай азықтандыру негізінде орындалады ( бройлер дегеніміз бес алты аптада союға дайын болатын будан балапан). Үлкен экономикалық жетістікке ірі шаруашылықтар жетеді. Бройлерлерді клеткада, еденде, торша клеткада өсіреді. Бройлерлерден алынатын 1кг құс етіне кететін азықтың шығыны 1,6-1,7 а.ө. Ол құстар 5-6 апталық мерзімінде 1,6-1,7 кг салмақ тартады.

Құс етін өндіру - өсуі тез, бұлшық еттерінің әсіресе сан және төс еттерінің жетілуі жақсы, азықты тиімді пайдаланатын, жоғары сапалы, әрі дәмді ет беруге балапандарды арнайы өсіруге негізделген. Қазіргі уақытта бройлер етін өндіруге әртүрлі интенсивті технологиялар қолданылады. Ол технологияларды пайдаланып, өндірістік бөлімнің 1 м2 ауданнан барынша мол өнім алуға мүмкіндік туғызады.

Құс етін өндіруде бройлер балапандары бірінші орында. Сондықтан соңғы жылдары бройлер балапандарын өсіретін шаруашылықтар үлкен қарқынмен дамуда. Бройлер өндірудің тиімділігі ең алдымен аналық табындағы тауықтардың тұқымдық және өнімділік сапаларына байланысты. Бройлер өсіретін құс фабрикасындағы аналық табын аталық және аналық формаларының үйлескен екі, үш немесе төрт аталық іздерін будандастырған кезде алынатын будан жұмыртқалармен инкубациялық цехтарды қамтамасыз етеді. Мұндай будандастырудан алынған балапандардың өсу қарқыны, азық қайтарымы, еттік сапалары жоғары болады себебі бұл жерде биологиялық заңдылық гетерозис өз әсерін тигізеді.

Бройлерді өсіретін фабрикаларда әтештер мен бройлер тауықтарын бірге ұстап бағып-күту технологиясы қолданылады. Бірақта әтеш бройлер тез қарқынмен өсетіні белгілі.

Өндірістік шаруашылықтарда аналық түрлерді жыл сайын жаңартып отыру керек. Себебі әр түрге жататын аналық тауықтарды будандастыру арқылы жаңа балапандарын, одан әрі жақсы қасиеттермен қамту болып табылады.

Бройлер етін өндірудің тиімділігіне бройлер балапандарының күнделікті тіршілігіне қажетті жем мөлшерін барынша азайтып, өсіру мерзімін барынша қысқарту тікелей әсер етеді.

Қазіргі таңда құс етін өндіруде алға қойылған мақсат – етті бағыттағы тауықтардың жаңа кросстарын шығару. Ол өнімді мол беріп, 7 апталығында 2,1-2,2 кг салмақ қосып, алынатын өнімнің 1 кг-на шығындалған азықтың мөлшері 1,8-2,0 а.ө. болады.

Қазіргі таңда құс шаруашылығы ауыл шаруашылығында энергияны көп қолданатын сала болып табылады. Соның ішінде бройлер өндірісі энергияның негізгі қолданушысы. Соңғы мәліметтер бойынша 1 тонна бройлер етін өндіру үшін орта есеппен 42 ГДж энергия жұмсалады. Бройлер өсіру кезінде энергияның 70 пайызы қажетті микроклимат жасауға жұмсалады. Осыған байланысты ауқымды зерттеу жұмыстары бройлер балапандарының локальді жылыту кезінде жұмсалатын энергия шығымын азайтуға бағытталған. Отандық жазушылардың мәліметтер бойынша бройлерлерді өсіруде отырғызу технологиясын қолдану энергияны 24,5-26,0, жылу 24,4-28,5 пайыз шығымын қысқартуға мүмкіндік береді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет