«Құс шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологиясы» пәнінен емтихан жауаптары 1-деңгей



бет39/43
Дата07.01.2022
өлшемі164,43 Kb.
#18688
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
Құс шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологиясы жауаптары

123. Суда еритін дәрумендер

Суда еритін дәрумендерге – тиамин, рибофлавин, пантотен қышқылы, никотин қышқылы, пиридоксин, кобаламин, никотинамид, аскорбин қышқылы, биотин, инозит холин, рутин, фолий қышқылы, парааминобензой қышқылы және т.б.(В1, В2, В3, В5,В6, В12, В15, РР, С, Н, Р және т.б.)енеді.

В1 – авитаминоз дерті кезінде миға және қанға кетоқышқылы жиналады, ол нерв тармақтарын ісіндіріп ауыртады, денені құрыстырып – тырыстырады, параличке, сал ауруына ұшыратады(адамда бери-бери, жануарларда полиневрит ауруы).

В2 – дегеніміз ФАД және ФМН коферменттерінің активгі болып табылады. Осы витаминнің жетіспеуінен, көз жұқпалы емес конъюктевит сырқатына ұшырайды.

В5- РР дәрумені, никотин қышқылы, антипеллагрлік витамин. Ол НАД және НАДФ коферменттердің құрамына кіруімен байланысты. Бұл коферменттер тотыққан және тотықсызданған түрлері май, амин қышқылдары, углевод алмасуының жеке кезеңдеріне, пурин және пиримидин негіздерінің биосинтезіне , тканьнің тыныстану процесіне қатысады.

В6- дәрумені (пиридоксол,пиридоксаль,пиридоксимин, адермин) 1937 жылы совет ғалымдары А.Е. Браунштейн мен М.Г. Крицман амин қышқылдарының қайта аминдену (трансаминдену) реакциясын ашты. Бұл реакцияны аминотрансфераза ферменті катализдейді, оның коферменті В6 дәруменнің фосфорланған туындысы болып табылады. Бұл дәрумен ағзада болмаған кезінде – терінің сал ауруына ғана тән қабының ауруы- дерматит кездеседі.

В12- дәрумені (цианкобаламин, антианемиялық) – авитаминозы кезінде қатерлі ( пернициоздық) анемия ауру салдарынан қанда жетілмеген және тұрақсыз көптеген эритроциттер пайда болады, эритроциттердің жалпы саны азаяды.

С витамині (аскорбин қышқылы, антицинговый)- аскорбин қышқылының жеткіліксіздігінен қан тамырларының өткізгіштігі кеміп, қан құйылу байқалады. Сүйек ұлпалары өзгеріске ұшырайды. Мұның негізінде ерекше белок коллаген мен клеткалық зат – гиалурон қышқылының биосинтезделу процесі бұзылады. Сүйек пен шеміршек үлпаларында кездесетін негізгі амин қышқылы пролиннің оксипролинге айналу процесін де тездететін осы С витамині екен. С вит. Аз болса, ағза көптеген жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті төмендейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет