Ойтүрткі 1. Киімнің қандай түрлерін білесің?
2.Қазақ халқының киім киюдегі талғамы неден көрінеді?
1-тапсырма (оқулықтан) Мәтінді мұқият тыңдап, көтерілген мәселені анықта. Мәселеге қатысты өз ойыңды білдір.
Сұрақтарға жауап бер.
1.Мәтіннің бірінші абзацындағы «қандай?» деген сұраққа жауап беретін сөздерді ата. Өзіңнің тыңдау және есте сақтау қабілетіңді тексеріп көр.
2.Киім тігуде қолданылатын қолөнер түрлерін ата.
2-тапсырма Мәтіннен алынған мына сөздерден ілгерінді және кейінді ықпал түрлерін анықта.
Үлгі: жас ерекшелігі – і дауысты дыбыс әсерінен к дауыссыз дыбысы гдыбысына айналған, кейінді ықпал
Керекті сөздер:тігуде, адамның, киімі, денеге, әшекейі, жұмыстарды, жіптермен, қадаған.
5-тапсырма(оқулықтан) Қазақ халқының талғамын танытатын киім үлгілері туралы жарнама мәтінін жаз.
Керекті сөздер: тақия, қыз, келіншек, шапан, ішік, кимешек, бәйбіше, көйлек, әйел, бөрік, етік. Мұғалім түсіндірмесі Жарнама дегеніміз не? Жарнама деген - ақпараттың бір түрі. Жарнама - бұл тауар мен қызметтер туралы ақпараттарды, оларға сұранысты көбейту мақсатымен тарату болып табылады.
Қорытындылау Тест тапсырмалары 1.Дыбыс үндестігінің неше түрі бар?
А.1; В.2; С.3; Д.4; Е.5;
2.Дыбыс үндестігін қазақ тілінің қай саласы қарастырады?
А.лексика. Д.синтаксис
В.фонетика Е. стилистика
С.морфология
3.Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды тап
А. арыстанда бар. Д.қырық жігіттің
В. күші бар Е. жігіттің жүрегі
С.жігіттің күші 4.Кейінді ықпалды көрсет.
А.Көрікбай Д.Ашса.
В.Көк гүл Е.Ала көз
Е.Жан пейіс.
5.Дыбыс үндестіне тән термин:
А алдыңғы ықпал
В Артқы ықпал
С жанындағы ықпал
Д ілгерінді ықпал
Е шеткі ықпал
6. Кейінді ықпалы бар сөйлемді тап.
А Пияздың дәрулігі адамға ежелден – ақ мәлім.
В. Оны әр түрлі ісікке, жараға пайдаланып келіпті.
С. Пияз неге ащы?
Д. Пияздың түрлері көп.
Е. Шөлдің сөлін тартқан пияз, жанның жарасын сормақ.
7. Тоғыспалы ықпалды тап
А.бара қалды.
В. ала кел.
С.он бес
Д. күн кешті
Е. қабы
8. Жіктік жалғауы жалғанғанда өзгеріске ұшыраған сөз:
А) дәптер
В) үй
С) қатар
Д) бала
Е) қап
9. Сөйлем ішіндегі тоғыспалы ықпалды тап:
А) Еш адамды күндемегін.
В) Аттар жайылып жүр.
С) Адамзаттың ең абзал қасиеттерінің бірі – сөйлей білу.
Д) Оның ерлігіне қайран қалдық.
Е) Сол сүйікті анаң емес пе?
10. Дыбыстық өзгеріске ұшырамаған сөзді тап:
А) бүгін
В) қағаз – қалам
С) тастай
Д) бізше
Е) біз келдік
«Ыстық алақан» тренингі арқылы оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.
Сұрақтарға жауап береді.
Мәтінді мұқият тыңдап, көтерілген мәселені анықтайды. Мәселеге қатысты өз ойларын білдіреді.
Мәтіннен алынған мына сөздерден ілгерінді және кейінді ықпал түрлерін анықтайды
Қазақ халқының талғамын танытатын киім үлгілері туралы жарнама мәтінін жазады.