Сабақ Тақырыбы: Белоктарға түсті реакциялар


Бейорганикалық катализаторлар мен ферменттердің салыстырмалы әсері



бет10/24
Дата15.11.2023
өлшемі84,9 Kb.
#123027
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
Бейорганикалық катализаторлар мен ферменттердің салыстырмалы әсері. Полисахарид – крахмал моносахаридке бейорганикалық катализатор 10 % тұз қышқылының ерітіндісі немесе құрамында амилаза ферменті мен мальтазалары бар сілекеймен әсер еткенде ыдырайды. Амилаза крахмалды дисахарид – мальтозаға дейін ыдыратады. Ал сілекейдің ферменті әсерінен мальтозадан глюкоза түзіледі.

Ферменттер мен бейорганикалық катализаторлардың әсерін байқау үшін йод татпасын пайдаланады. Крахмал йод әсерінен көк түске, крахмал ыдырағандағы аралық өнімдер өзінің молекулалық құрылысына байланысты әртүрлі түс береді /сия – көк түстен қызыл – қоңырға дейін/. Крахмал дисахарид пен моносахаридке толық ыдырағаннан кейін йодпен қанша әсер етсек те түстер жойылады. Ерітіндіде моносахарид пен мальтозаның бар екендігін, мыстың тотықсыздану реакциясының көмегімен анықтайды.
Жұмыс барысы: Қарындашпен нөмірленген 6 пробиркаға 2 мл крахмал ерітіндісін құйып, 2 – 3 минут бірінші, үшінші, бесінші пробиркаларды 38ºC температурада термостатка қояды. Содан кейін 1 және 2 пробиркаға 0,5 мл /7 тамшы/ тұз қышқылын, 3 және 4 сілекей, ал 5 және 6 – ға 0,5 мл су қосады. Су жылытқышында пробиркаларды 15 минут, ал термостатқа 5 мин ұстайды. Уақыт өткеннен кейін пробиркаларды алып суытып, штативке нөмірімен қатарлап қояды. Реакцияның аяқталғандығын білу үшін, ақ қағаздың үстіне қойылған шыны пластинкаларына әр пробиркадан тамшылатып және йодпен әсер еткенде тамшының түсінің өзгеруінен байқайды.
Пробиркадағы ерітіндіге мыстың тотықсыздану /Троммер/ реакциясын жасайды, яғни пробиркаға 5 – 6 тамшы 10 % NaOH және 2 – 3 тамшы 1 % мыс купоросын қосып, спиртовка жалынында сұйықтықтың жоғарғы бөлімін қыздырады. Сары түсті мыстың шала тотығының гидраты түзілсе, ерітіндіде глюкоза мен мальтоза бар екені анықталады.


Тәжірибенің нобайы

Про -
бирка -
ның
№№

Қосылған заттар

Инку-
бация
темпе-
рату-
расы

Инку-
бация
уақы-
ты
/мин/

Йодпен
реакция

Мыстың
Тотықсыз –дану
реакциясы

Крах –
мал
/мл/

сілекей

H O
/мл/

HCl
/мл/

1. 2 - - 0,5 100ºC 15
2. 2 - 0,5 38ºC 5
3. 2 0,5 - - 100ºC 15
4. 2 0,5 - - 38ºC 5
5. 2 - 0,5 - 100º 15
6. 2 - 0,5 - 38ºC 5




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет